Мемлекеттік бақылау шаралары 2025 жылдың 9 айына

Мемлекеттік аттестаттау 2025 жылдың 9 айында 97 мектепке дейінгібілім беру ұйымында жүргізілді, оның ішінде 17 (17,7%) білім беру ұйымы аттестатталды, 79 (82,3%) білім беру ұйымы аттестатталмады, 9 білім беру ұйымыжабылды.

Мемлекеттік аттестаттау аясында жүргізілген кешенді тестілеуге 48 жалпы орта білім беру ұйымдарынан 3696 білім алушы қатысты, білім сапасы - 39%, үлгермеуші – 18,6% көрсетті.

Төрт мектеп шекті деңгейден өте алмады: Сырдария ауданындағы №191 мектеп, Шиелі ауданындағы №40 мектеп, «Жуантөбе» бастауыш мектебі және Қызылорда қаласындағы «Аңсар-Кәусар-2020» жеке мектебі.

Шекті деңгейден өткенімен келесі мектептерде үлгермеушілер пайызы төмендегі нәтижені көрсетті: Арал ауданының №72 мектебінде – 55,6%, №76 мектебінде - 33,4%,Қармақшы ауданының №113 мектебінде - 33,3%, Сырдария ауданының  №129 мектебінде – 40,3%, №137 мектебінде – 47,4%, №174 мектебінде – 35,3%,  Қызылорда қаласының №282 мектебінде - 35%, №197 мектебінде - 29%, Шиелі ауданының №157 мектебінде -36,1%.

2025 жылдың24 ақпан – 3 наурызаралығында"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімі" коммуналдық мемлекетік мекемесіне, БСН 990240001534 жоспарлы тексеру жүргізілді.Қорытындысымен ұсыныстар берілді.

2025 жылдың 21-30 сәуір аралығында "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қызылорда қалсы бойынша білім бөлімі" коммуналдық мемлекетік мекемесіне,БСН 060140014083 жоспарлы тексеру жүргізілді. Қорытындысымен ұсыныстар берілді.

Дата публикации
04 октября 2025