Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2025 жылдың 3 тоқсаны бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпаратты жолдайды.
Департамент екі бағыт бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» және «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу».
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру бойыншаөтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы «arm.elicense.kz» жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30қарашадағы №483 бұйрығымен «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларын бекіту туралы стандарт бекітілген.
2025 жылдың ІІІ тоқсанында «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі бойынша білім беру ұйымдарынан барлығы - 87 өтініш тіркелген. Оның ішінде, лицензия және лицензияға қосымшасын алуға 5 өтініш, лицензия және лицензияға қосымшасын қайта ресімдеуге 82 өтініш берілген. ІІІ тоқсанда тіркелген 87 өтініштің 86-сы қанағаттандырылып,1 өтініш бойынша мелекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.
Лицензия және лицензия қосымшасын алуға берілген 1 өтініштің Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығыныңбастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін қойылатын талаптардың 1,2,2-1,5,6,6-1,7-1 тармақтарына сәйкес келмеуіне байланыстыҚазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы 32-бабының, 1-тармағы, 3-тармақшасына сәйкес лицензия және лицензияға қосымшаны беруден бас тарту жүзеге асырылды.
Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша өтініштерді қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №209 бұйрығымен "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу"мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы стандарты бекітілген.
2025 жылдың ІІIтоқсанында 61 өтініш тіркеліп, 56өтініші қанағаттандырылған,5 өтініш бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған.
Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша 5 өтініштің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №209 бұйрығымен "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу"мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы стандарты қосымшасының 9 тармағына сәйкес келмеуіне байланысты бас тарту жүзеге асырылды.
Жалпы жоғарыда көрсетілген 2 бағытпен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша –148 өтініш тіркелген, оның 142 өтініші қанағаттандырылып, 6өтінішке мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартылған.
2025 жылдың ІІІ тоқсанында Департаментке 2 бағытпен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тіркелген өтініштерді қараудамемлекеттік қызметтер көрсету мерзімі бойынша бұзушылықтар болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша жеке және заңды тұлғалардан арыз-шағымдар тіркелмеді.