1.Кадрмен қамтамасыз етілуі.Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде (бұдан әрі-Департамент) Штат бойынша 9 мемлекеттік әкімшілік қызметші жұмыс жасайды.
Департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалында біліктілігін уақытылы арттырып отырады.
2025 жылдың 9айында «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіне білім беру ұйымдарынан барлығы – 377 өтініш тіркелді. Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру - 18 мектеп. 8 мектепке бас лицензия,10 мектепке лицензияға қосымша берілді. 4 мектепке лицензияға қосымша беруге бас тартылды.
Рұқсаттық бақылау 13 мектепке жүргізілді.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу – 359 (32 колледж, 327 мектеп).
2025 жылдың ақпан айында облыстағы барлық 28 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының лицензиялары мамандық бойынша берілуіне байланысты қайта рәсімделді.
Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша өтініштерді қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүргізіледі.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығымен «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы стандарт бекітілген.
2025жылдың 9 айында"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрін алуға 102 өтініш тіркеліп, 91 қанағаттандырылды, 11 - бас тартылды. Білім беру мекемелерінің құжаттарына қызмет көрсетіліп, бару елдері бойынша18 –Оңтүстік Корея еліне, 16 – Польша, 12 – Австрия, 14 - Италия, 7- Словакия, 12 – Чехия, 1- Қытай, 11 – Түркия мемлекеттеріне кеткен.
3.Мемлекеттік бақылау шаралары.Мемлекеттік аттестаттау 2025 жылдың 9 айында 97 мектепке дейінгібілім беру ұйымында жүргізілді, оның ішінде 17 (17,7%) білім беру ұйымы аттестатталды, 79 (82,3%) білім беру ұйымы аттестатталмады, 9 білім беру ұйымыжабылды.
Мемлекеттік аттестаттау аясында жүргізілген кешенді тестілеуге 48 жалпы орта білім беру ұйымдарынан 3696 білім алушы қатысты, білім сапасы - 39%, үлгермеуші – 18,6% көрсетті.
Төрт мектеп шекті деңгейден өте алмады: Сырдария ауданындағы №191 мектеп, Шиелі ауданындағы №40 мектеп, «Жуантөбе» бастауыш мектебі және Қызылорда қаласындағы «Аңсар-Кәусар-2020» жеке мектебі.
Шекті деңгейден өткенімен келесі мектептерде үлгермеушілер пайызы төмендегі нәтижені көрсетті: Арал ауданының №72 мектебінде – 55,6%, №76 мектебінде - 33,4%,Қармақшы ауданының №113 мектебінде - 33,3%, Сырдария ауданының №129 мектебінде – 40,3%, №137 мектебінде – 47,4%, №174 мектебінде – 35,3%, Қызылорда қаласының №282 мектебінде - 35%, №197 мектебінде - 29%, Шиелі ауданының №157 мектебінде -36,1%.
2025 жылдың24 ақпан – 3 наурызаралығында"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімі" коммуналдық мемлекетік мекемесіне, БСН 990240001534 жоспарлы тексеру жүргізілді.Қорытындысымен ұсыныстар берілді.
2025 жылдың 21-30 сәуір аралығында "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қызылорда қалсы бойынша білім бөлімі" коммуналдық мемлекетік мекемесіне,БСН 060140014083 жоспарлы тексеру жүргізілді. Қорытындысымен ұсыныстар берілді.
4.Әкімшілік істер.
2025 жылдың 9 айында Білім беру қызметіне лицензия немесе лицензияға қосымша алмай жұмыс жүргізгені үшін 3 мемлекеттік мектепке (№115, №287, «Зейін» жеке мектебі) ҚР ӘҚБтК-нің 463- бабының 2- бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, Қызылорда қаласының Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына және Жаңақорған, Жалағаш аудандық соттарына жолданды.Қорытындысымен №287 мектепке 50 АЕК көлемінде, №115 – 25 АЕК, «Зейін» жеке мектебіне – 25 АЕК әкімшілік айппұл салынды.
2025 жылғы 31 наурызда Облыстық полиция басқармасының хатына сәйкес Қызылорда қаласы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының ұсынысы негізінде Қызылорда жоғары медициналық колледжінің 3курс студенті Айхожа Диана Маратқызының заңды өкіліне, яғни мамасы Қылышова Зәурешке ҚР ӘҚБтК-ның 409-бабының 2-тармағы бойынша «Ескерту» туріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
2025 жылғы 23 сәуірде Қызылорда қаласындағы Ә.Мүсілімов атындағы № 101 мектеп-лицейінің 9Д сынып оқушысы Найля Қасымқызының денсаулығына жеңіл зиян келтірілуіне қатысты мектеп директорына – лауазымды тұлғағаҚР ӘҚБтК-ның 409-бабының 3-тармағы бойынша 50 АЕК әкімшілік айыппұл салынды.
2025 жылғы 28 мамырда Қызылорда қаласындағы «Зияткер-Қызылорда» мемлекеттік емес білім беру мекемесінің тәрбиеленушісі Алтынбек Малика Ақылбекқызына денсаулығына жеңіл зиян келтірілуіне қатысты балабақша меңгеруші– лауазымды тұлғаға ҚР ӘҚБтК-ның 409-бабының 3-тармағы бойынша 50 АЕК әкімшілік айыппұл салынды.
Қызылорда облысының білім басқармасының Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің №174 орта мектебі директорына білім беру ұйымындағы педагогтерді өзіне тән емес жұмыстарға тартқаны үшін әкімшілік іс қозғалып, «ескерту» түрінде әкімшілік шара көрілді.
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім
бөлімінің "Ж.Нұрсейтов атындағы №233 орта мектебі" КММ-нің директоры білім беру ұйымындағы педагогтерді өзіне тән емес жұмыстарға тартқаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің .409 бабы 7-3 тармағы бойыншаәкімшілік іс қозғалып, «ескерту» түрінде әкімшілік шара көрілді.
Сот отырысына қатысу - 5 (№287, №197, №253, №113, №135).
|
№ |
Барлық түскен өтініштер |
Барлық қаралғаны |
Басқа органға жіберілгені |
Келесі айға қалдырылды |
|
|
1 |
183 |
33 |
149 |
1 |
|
6.Ақпараттық-түсіндірме жұмыстары.
2025 жылы беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, білім саласындағы жаңалықтар, білім саласындағы заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер, білім саласына қатысты мәселелер және т.б. бағыттар бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
7.Мониторинг қорытындылары.Департаментпен тұрақты түрдеәлеуметтік желідегі білім саласына қатысты мәселелерге зерделеу жүргізіп отырады.
2025 жылдың қаңтар айындабілім саласындағы жобаларға қатысты тақырыптық мониторинг жүргізілді.Мониторингпен 22 мектеп, 6 балабақша қамтылды, оның ішінде,3 балабақшаның консультациялық пунктіне, 3 балабақшаның құзыреттілік орталығына, 20 мақсатты мектепке, 1 «В» деңгейіндегі мектепке, 1 «А» деңгейіндегі мектепке мониторинг жүргізілді. Нәтижесі Комитетке жолданды.
Сонымен қатар, бекітілген кестеге сәйкес 2025 жылдың 9 айында мектептерге «Жыл сайынғы шағын қалалар мен ауылдардағы 1000 мектепті жаңғырту» жобасының іске асырылуы, мектепішілік бақылау (ВШК), ішкі санитарлық тораптар, мектептердегі педагогикалық әдеп кеңестерінің қызметі, балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру сапасы» бағыттары бойынша жүргізілген мониторинг қорытындылары Комитетке жолданды.
8.Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысы.
Департамент жанынан педагогикалық әдеп жөніндегі облыстық консультациялық-кеңесші орган 2021 жылғы 21 қаңтарда №5/н бұйрығымен құрылды.
Осы кезеңге дейін Департамент жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысында Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын 28 педагогтың педагогикалық әдеп нормаларын бұзуға қатысты іс –әрекеттері қаралды.
Соның ішінде 5 мектеп директоры, 3 мектеп директорының орынбасары, 20 педагог.
Педагогикалық әдеп нормаларының бұзу Қағидалардың 1-қосымшасымен бекітілген педагогикалық әдеп қағидалары талаптарын сақтамау салдарынан орын алып жатады.
Мысалы, басшы мен ұжымның немесе екі педагогтың арасында туындаған түсінбеушілік дауға, кикілжіңге әкеп соқтыруда. Сонымен бірге, педагогикалық әдеп нормаларын бұзу бойынша орын алған іс-әрекеттердің басым бөлігі «Академиялық адалдық принциптерін сақтамау» болып табылады.
Кеңес тарапынан жоғарыда аталған педагогтердің педагогикалық әдеп нормаларын бұзу фактісіне қатысты білім басқару органдарына тиісті ұсыныстар беріліп, оларға тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылы Кеңес отырыстарында Жаңақорған, Қармақшы, Сырдария аудандары бойынша білім бөлімінің басшыларының есептері тыңдалып, бірқатар ұсыныстар берілді.
2025 жылдың 31 наурызында Департаментте Кеңестің отырысы өткізілді. Кеңесте Жаңақорған аудандық білім бөлімінің жұмысы қаралып, ұсыныстар берілді.
2025 жылғы 18 маусым күні Департаментте Әдеп кеңесінің 2-ші отырысы өткізілді. Әдеп кеңесінде Қармақшы ауданы білім бөлімі басшысының есебі тыңдалды. Бірқатар ұсыныстар берілді.
2025 жылғы 23 қыркүйек күні Департаментте Әдеп кеңесінің 3-ші отырысы өткізілді. Әдеп кеңесінде Сырдария ауданы білім бөлімі басшысының есебі тыңдалды. Бірқатар ұсыныстар берілді.
9.Департаменттің жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстары.
Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне келісуге хат жолданып, 2025 жылғы 6 наурыз күні Департамент қызметкерлеріне мекеме жұмысымен танысу ұйымдастырылды.
Білім алушылардың білімін бағалау және халықаралық зерттеуге дайындық жұмыстары жүргізілді.
2025 жылғы 27 ақпан – 27 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілді.
2025 жылғы 8 сәуір күні Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі А.Мырзагалиева Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істері департаменті жанындағы Әдеп кеңесіне қатысып, «Әдеп жөніндегі уәкілдің 2024 жылы атқарған жұмыстары және 2025 жылға арналған міндеттер туралы» есеп берді.
2025 жылдың тамыз айында Департамент басшысы Г.Даулетова брифинг өткізіп, атқарылған жұмыстардың есебін берді.
2025 жылдың 9 айында қаржының игерілуі 100% құрады.