БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА ЛИЦЕНЗИЯ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМШАНЫ ҚАЙТА РЕСІМДЕУ

            Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қатамасыз ету департаменті Қазақстан  Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру –сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы 2022 жылғы 30 қарашадағы №483 бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес облыстағы барлық білім беру ұйымдарының білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларына қайта ресімдеу жұмыстарын жүргізуде.

            2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Департамент 28 техникалық және кәсіптік білім беру, 267 жалпы орта білім беру ұйымдарының лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларына қайта ресімдеуді жүргізді.

            Бүгінгі күні жалпы орта білім беру ұйымдарының білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу жұмыстары жалғасуда.

Дата публикации
18 июля 2025