Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2024 жылы атқарған жұмыстарының есебі

Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің  2024 жылы атқарған жұмыстарының есебі

 

  1. Кадрмен қамтамасыз етілуі. Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі - Департамент) штаттық кестесіне сәйкес - 9 мемлекеттік әкімшілік қызметші. Департамент басшысы-1 (С-О-1),  бөлім басшысы-2  (С-О-4), бас маман – 6 (С-О-5).

Департаментте 2 бөлім жұмыс атқарады: білім сапасын сырттай бағалау бөлімі, штаттық кестеге сәйкес 1-бөлім басшысы, 3-бас маман, білім беру қызметін лицензиялау бөлімі, штаттық кестеге сәйкес 1-бөлім басшысы, 3-бас маман.

Жасы бойынша:   30-39 жас аралығында – 2, 40 - 49-жас  аралығында - 2, 50 жас - одан жоғары - 5. Барлық қызметшілер жоғары білімді.                                

Ағымдағы жылдың ақпан, маусым айларында конкурс арқылы екі мемлекеттік қызметші қабылданды.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет. Департамент екі бағыт бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» және «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу».

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру бойынша өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы «arm.elicense.kz» жүйесі арқылы жүзеге  асырылады.  Мемлекеттік қызмет көрсету «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрығы  және «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

2024 жылы «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіне білім беру ұйымдарынан барлығы – 51  өтініш тіркелді, оның ішінде лицензия алуға 9 мектеп, лицензияға қосымша алуға 3 колледж, 27 мектеп, қайта рәсімдеуге 2 колледж және 10 мектептен келіп түскен. Білім беру қызметімен айналысуға лицензия 7 мектепке берілді, лицензияға қосымша 3 өтініш 1 колледжге, 18 мектепке қосымша берілді. Лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу – 12 (2 колледж, 10 мектеп). 11 өтінішке (мектеп) лицензия және лицензияға қосымша беруден бас тартылды.

Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша өтініштерді қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  арқылы жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығымен «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы стандарт бекітілген.

2024 жылы "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрін алуға 119 өтініш тіркеліп, барлығы қанағаттандырылды.  Білім беру мекемелерінің құжаттарына қызмет көрсетіліп, бару елдері бойынша 40 – Оңтүстік Корея еліне, 4 - Польша, 48 - Турция, 18 - Италия, 1 - Литва, 1 - Германия, 1 - Австрия, 6 құжат басқа мемлекеттерге кеткен.

  1. Мемлекеттік бақылау шаралары. Мемлекеттік аттестаттау 2024 жылы 234 білім беру ұйымында жүргізілді, оның ішінде 68 (29,3%) білім беру ұйымы аттестатталды, 164 (70,7%) білім беру ұйымы аттестатталмады.

96 мектепке дейінгі білім білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау өткізілді, нәтижесінде 68 (70,9%) білім беру ұйымы аттестатталмады, 28 (29,1%) - аттестатталды.

Сонымен қатар, 138 жалпы орта білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау қорытындысымен 96 (70,6%)  білім беру ұйымы аттестатталмаса, 40 (29,4%)  жалпы орта білім беру ұйымы аттестаттаудан өтті. 5 мектеп және 1 жеке балабақша  жабылды.

Мемлекеттік аттестаттау қорытындысымен білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсынымдар жасалып, қорытындысы бойынша облыс әкімдігіне хат жолданды.Мемлекеттік аттестаттау барысында 138 мектептің 4, 9-сынып оқушылары кешенді тестілеуден өткізілді, оған Департамент мамандары бақылаушы ретінде қатысты.

  1. Жоспардан тыс тексеру. Арал ауданындағы №73 мектепке, Қызылорда қаласындағы №178, №253 мектептерге, Қармақшы ауданындағы №121, №113, №80 мектептерге, Жаңақорған ауданындағы №3, №209, №254, №247, №239 мектептерге жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, педагогтерді жұмысқа қабылдау ережелерін сақтамағаны үшін нұсқамалар берілді. Нұсқамалар орындалып, конкурстар қайта өткізілді. Барлығы 11 мектепке жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

2024 жылы Қызылорда қаласының полиция департаментінің ұсыныстарына сәйкес ӘҚБтК-тің 409-3 бабына Қызылорда қаласындағы «Аяла жан» мектепке дейінгі білім беру мекемесіне, №50 «Жұлдыз» балабақша меңгерушілеріне тәрбиеленушілердің «жеңіл» дене жарақатын алуына байланысты, Қызылорда қаласындағы №43, №261 мектеп директорларына  50 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.  «Нұр әлемі» жеке балабақша меңгеруішіне ӘҚБтК-тің 409-4-1 бабына сәйкес 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды (барлығы 210 АЕК).

 Жалағаш аудандық полиция бөлімінің ұсынысымен «Ақтерек» жазғы сауықтыру лагері директорына 50 АЕК көлемінде әкімшілік айппұл салынды.

Ұлттық білім беру деректер қорындағы мәліметтердің дұрыс толтырылмауына байланысты 2024 жылғы 18 желтоқсанда Жаңақорған ауданындағы №184, №168  мектеп директорларына 10 АЕК көлемінде әкімшілік айппұл салынды. (Барлығы 70 АЕК).

Прокуратура органдарымен бірлесіп сәйкес 148 білім беру ұйымына тексеру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 80 балабақша, 68 мектеп болды.

2024 жылдың ақпан айында төмендегі мектептерге әкімшілік хаттама толтырылып, ӘҚБтК-нің 409-бабы 7-2 -тармағымен (Білім беру ұйымдарының балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратқа қол жеткізуін шектеуге арналған байланыс операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, Интернет желісіне білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамауы)  әкімшілік іс қозғалып, 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды: Арал ауданындағы 4 мектепке (№№73, 82, 75, 262), Қазалы ауданындағы №226 мектеп-гимназияға, Қармақшы ауданындағы 7 мектепке (№№279, 99, 277, 274, 80, 269, 85), Жалағаш ауданындағы № 31 мектебі, Сырдария ауданындағы 12 мектепке (№№135, 42, 191, 44, 147, 37, 132, 137, 139, 130, 129, 126) Қызылорда қаласындағы  24 мектепке  (№№7, 278, Абай мектебі, 280, 271, 257, 253, 211, 197, 189, 120, 179, 178, 176, 175, 173, 172, 171, 145, 143, 138, 128, 120, кешкі мектеп). Барлығы 49 мектепке 490 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қызылорда облыстық, Қызылорда қалалық  және Жаңақорған ауданы прокуратураларының  ұсынысымен 2024 жылдың мамыр, маусым айларында 8 жеке мектепке біліктілік талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты 45 АЕК көлемінде, 11 жеке мектепке үлгілік қағида талаптары орындалмауына орай 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Барлығы 19 жеке мектепке 470 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. 

Сонымен қатар, Жалағаш аудандық прокуратурасының ұсынысымен 2024 жылдың мамыр айында 17 мектепке дейінгі білім беру ұйымына әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Қызылорда қаласындағы 13 мектепке дейінгі білім беру ұйымына әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.  Барлығы 30  балабақшаға – 300 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Прокурорлық тексеру қорытындысымен әкімшілік айыппұл барлығы 98 білім беру ұйымына салынды, оның ішінде 68 мектеп, 30 балабақша. Барлығы 1260 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

  1. Біліктілік талаптарына тексеру.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 8 білім беру ұйымына біліктілік талаптарына тексеру жүргізілді, оның ішінде 7 білім беру ұйымының басшысына (№№33, 74, 193, 58, 93, 178, 9) лауазымдық тұлғаға 45 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Барлығы 315 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

  1. Бару арқылы профилактикалық бақылау. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 2 білім беру ұйымына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді. Қорытындысымен бұзушылықтар анықталып, Арал ауданындағы №75 орта мектебіне және Жалаңтөс Бахадүр атындағы спорт-мектеп-интернат-колледжіне нұсқама берілді. Бару арқылы профилактикалық бақылауда осы білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттау барысында орын алған кемшіліктерінің орындалуы қаралды. Нәтижесімен Арал ауданындағы №75 орта мектепте орындалғаны анықталып, «аттестатталды» деген шешім шығарылды. Қызылорда қаласындағы Жалаңтөс Бахадүр атындағы спорт-мектеп-интернат-колледжінде мемлекеттік аттестаттау барысында орын алған кемшіліктердің орындалмағандығы анықталып, «аттестатталмады» деген шешім шығарылды.
  2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. 2024 жылы жеке және заңды тұлғалардан 186 өтініш тіркелген.

 

№

Барлық түскен өтініштер

Барлық қаралғаны

Әкімшілік рәсім тәртібімен

Оның ішінде

Басқа органға жіберілгені

 Келесі айға қалдырылды

Қолайлы әкімшілік акт қабылданғаны

тоқтатылғаны

Ауыртпалық қабылданған әкімшілік акт

1

186

89

26

24

34

4

97

0

Барлық қаралғаны 89 өтініш, оның ішінде, қолайлы әкімшілік акт қабылданғаны 24, тоқтатылғаны – 34, ауыртпалық қабылданған әкімшілік акт – 4. 

97 өтініш бойынша басқа органның қарауына жіберілген (Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің 65 - бабының 1 – бөлігі).

  1. Ақпараттық-түсіндірме жұмыстары.

2024 жылдың 12 айында білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, білім саласындағы жаңалықтар, білім саласындағы заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер, білім саласына қатысты мәселелер және т.б. бағыттар бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жыл басынан бері, облыс тұрғындары, педагог қауымы мен ата-аналар үшін Департамент басшылығы түрлі интернет ресурстары арқылы білім саласына қатысты қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге, келіп түскен түрлі сауалдарға түсіндірмені тұрақты жүргізіп отырады.

Департамент тарапынан онлайн-кездесу, тікелей эфир мен түрлі форматтағы іс-шараларды тұрақты жүргізуі нәтижесімен облыс тұрғындарының мемлекеттік органға сенім деңгейі артты. Қазіргі уақытта білім беру саласы, педагогикалық әдеп нормалары, т.б. мәселелер бойынша облыс аумағындағы ата-аналар, педагогтар тікелей Департаментке жүгінуде.

2024 жылғы 09 ақпанда өткізілген «Білім саласындағы жаңалықтар мен енгізілген өзгерістер» тақырыбындағы брифингте Департамент басшысы білім саласын реттейтін нормативтік – құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, мемлекеттік аттестаттау барысы, т.б. мәселелерге тоқталды. Брифинг барысында тұрғындар мен педагогтардан көптеген сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

Ағымдағы жылдың 24 ақпаны күні Департамент басшысы Қызылорда облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген онлайн-жиынға қатысып, педагогтарды толғандырып жүрген мәселелерге жауап берді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында құрылған педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысына талдау жасады.

Сонымен қатар Департамент басшысы Г.Даулетова облыстық маслихаттың отырыстарына қатысып, білім беру қызметін лицензиялау, атап айтқанда жеке мектептерді ашуға байланысты түсіндірме жасады.

2024 жылдың 16 наурызында облыстық білім басқармасының алқа мәжілісінде Департамент басшысы Г.Даулетова техникалық және кәсіптік білім беру  ұйымдарындағы білім алушылардың білім жетістіктерінің нәтижелеріне сараптама жасап, білім басқармасына, колледж басшыларына білім сапасын арттыру бағытында бірқатар ұсыныстар берді.

2024 жылғы 25 сәуір күні Департамент басшысы Г. Даулетова Департаменттің әлеуметтік желідегі «Фейсбук» парақшасында «Білім саласының кейбір мәселелері» тақырыбында тікелей эфир өткізді. (https://www.facebook.com/DepartamentKyzylorda). Эфирге қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, нақты жауаптар берілді.

Ағымдағы жылдың 12 мамырында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің  «Педагог құқықтарының бұзылуына жол бермеу туралы»  2022 жылғы 27 сәуірде № 172 бұйрығымен бекітілген  талаптарға түсіндірме жасау мақсатында өткізілген брифингте Департамент басшысы Г. Даулетова педагогтың құқығы, мәртебесін арттыру бағытындағы жұмыстар, лауазымдық нұсқаулықтарында көзделмеген жұмыс түрлеріне тартуға тыйым салынғандығы жөнінде, т.б. мәселелерге тоқталды. Брифинг барысында тұрғындар мен педагогтардан көптеген сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.

2024 жылғы қараша айында Департамент тарапынан мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымы басшыларына «ZOOM» платформасы арқылы онлайн семинар өткізіліп, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Семинар барысында мемлекеттік аттестаттауға қатысты нормативтік-құқықтық актілердің қолданылуы, өзін-өзі бағалауды жүргізу рәсімдері, тәртібі туралы кеңінен түсіндірме жасалды.

Департамент тарапынан онлайн-кездесу, брифингтер, тікелей эфир мен түрлі форматтағы іс-шараларды тұрақты жүргізуі нәтижесімен облыс тұрғындарының мемлекеттік органға қатысты сенім деңгейі артты. Қазіргі уақытта білім беру саласы, педагог құқығы, т.б. мәселелер бойынша облыс аумағындағы ата-аналар, педагогтар тікелей Департаментке жүгінуде.

Басшының телефонына, ватсап қосымшасына тікелей шығып, барлық сұрақтар мен сауалдарын тікелей жеткізуде.

Облыс әкімдігінің ғимаратында жүйелі түрде тұрғындармен кездесу жүргізіліп, сауалдарына жауап беріледі.

Басшының телефонына, ватсап қосымшасына тікелей шығып, барлық сұрақтар мен сауалдарын тікелей жеткізуде. Жалпы ағымдағы жылы Департаментке 279 сауал түсіп, оның 213-і бойынша түсіндірме жасалды, 66 сұрақ бойынша мәселе шешімін тапты. Сауалдардың басым бөлігі – жалпы білім беру ұйымдарының қызметі, айлықақы мәселесі, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қатысты болды. Келіп түскен сауалдарға Департамент тарапынан сараптама жасалынып, уақытылы тиісті жұмыстар жүргізілуде. Департамент қызметкерлері, мемлекеттік аттестаттау, мониторинг жүргізу барысында, түрлі комиссия құрамында облыс тұрғындарына білім саласына қатысты түсіндірмелерді тұрақты жүргізуде. Департаменттің білім саласына, балалар мен педагог құқығына қатысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

2024 жылғы 17-20 желтоқсан күндері Департамент басшысы Г.Даулетова, бас маман Г.Ауезов Жаңақорған, Шиелі, Қармақшы, Жалағаш аудандарында болып, білім беру ұйымы басшыларымен кездесіп, бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістермен таныстырып, мемлекеттік аттестаттау қорытындыларына тоқталып, өзін-өзі бағалау құжаттарын дайындау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда Департаменттің әлеуметтік желідегі парақшаларында (Фейсбук, Инстаграмм, Телеграмм) білім саласына қатысты бейнематериалдар мен мақалалар, Департаменттің білім саласында сапаны қамтамасыз ету бағытында жүргізіп отырған қызметі кеңінен ақпараттандырылып, күнделікті жарияланып отыр.

  1. Мониторинг қорытындылары. Департаментпен тұрақты түрде әлеуметтік желідегі білім саласына қатысты мәселелерге зерделеу жүргізіліп отырады.

2024 жылы ауыл мектептерін модернизациялау, педагогтерді қабылдау, оқулықпен қамтылуына мониторинг жүргізілді.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша 7 жазғы тынығу лагерьлеріне мониторинг жүргізіліп, қорытындысы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментіне 27.05.2024 жылы №17-18/01-16/532 хаты жолданды.

Сонымен қатар, Департамент тарапынан мектебі жоқ елді мекендердегі мектеп «филиалдарына», бастауыш мектептерге, кешкі мектептерге мониторинг жүргізіліп, қорытындысымен бірқатар облыс әкімдігіне, облыстық білім басқармасына 17.09.2023 жылы №17-18/01-16/338,  15.05.2024 жылы №17-18/01-16/534 хаттар жолданды. Нәтижесімен білім беру қызметіне сәйкес келмейтін 14 «филиал», 5 бастауыш мектеп, 7 кешкі мектептер жабылды.

  1. Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысы.

         Департаментте 2021 жылғы қаңтар айынан бастап педагогикалық әдеп жөніндегі облыстық консультациялық-кеңесші орган құрылған.  

2024 жылы жалпы 4 Кеңес отырысы өткізілді.

Кеңестің 1 отырысында 1 мектеп басшысының орынбасары мен 10 педагогтың мәселесі қаралып, Кеңес отырысының хаттамалық шешімінде көрсетілген ұсыныстарға сәйкес, білім басқару органдарына хат жолданып, аталған мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына «ескерту», 11 педагогке академиялық адалдық сақтамағаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс берілді. Тиісті ақпарат, Ұлттық білім беру деректер қорына енгізілді.

Дәл осындай бұзушылық, атап айтқанда, «Ауыл мектептері оқушыларының арасында өткізілген олимпиада» кезінде «Академиялық адалдық қағидаттарын сақтамау» дерегі бойынша Қызылорда облысы бойынша анықталған 9 педагогтың мәселесі Кеңес отырысында қаралып, тиісті ұсыныстар білім басқару органдарына жолданды. Педагогтер туралы ақпарат ҰБбДҚ-ң тиісті модуліне енгізілді.

         Департаменттің 03.05.2024 жылғы №243/н  бұйрығымен Кеңестің құрамына өзгерістер енгізіліп, Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары бекітілді. Осыған сәйкес, 2024 жылдың 20 маусымында Кеңес отырысы өткізіліп, Педагогикалық әдеп кеңесінің өзгертілген құрамы мен Үлгілік қағидалары танысыстырылды.

2024 жылғы 11 желтоқсан күні Кеңес отырысында «Замануи педагог» жобасы талқыланып, Кеңестің 2025 жылға арналған Жұмыс жоспары бекітілді.

          Әрбір өткізілген отырыс қорытындысымен білім беру ұйымдары педагогтік әдеп  мәселелері жөніндегі Кеңес тарапынан ұсыныстар мен тапсырмалар берілуде.

Кеңес отырысының хаттамалық шешімінде көрсетілген ұсыныстарға сәйкес, 2024 жылы білім басқару органдарына хат жолданып, 1 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына «ескерту», 20 педагогке академиялық адалдық сақтамағаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс берілген.

         Есепті кезеңде «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығының 2-тарау, 1 – параграф, 29-тармағына сәйкес Қызылорда облысының аумағындағы білім беру ұйымдарында бос лауазымға өткізілген конкурстарға қатысушы үміркерлерге қатысты педагогикалық әдептің бұзылуы туралы  110 сұраныс хатқа жауап берілді.

  1. Департаменттің жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстары.

         Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен білім саласына  жүргізілген сыртқы талдау жұмыстарына қатысып, бірқатар ұсыныстар берілді.

         Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуге қатысатын сарапшылар тізімі жасақталып, олармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.   

         Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуге бақылаушы ретінде қатысқан педагогтердің құжаттары жинақталды. 2024 жылы 160 мектепке Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу жүргізілді, оған департамент қызметкерлері бақылаушы ретінде қатысты.

         Балалардың жазғы тынығу лагерьлеріне мониторинг жүргізіліп, қорытындысы Комитетке жолданды.

         Департаментте 2024 жылдың 18-21 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар берілді.

Департаментте 2024 жылғы 6 желтоқсан күні Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен оқыту семинары өткізіліп, бірқатар нормативтік-құқықтық актілер талқыланды.

2024 жылы Департамент қызметкерлері 25 сот істеріне қатысты, оның 17 -  негізгі қызмет бойынша,  8 - еңбек дауы. Негізгі қызмет бойынша №9 мектеп педагогикалық әдеп кеңесінің хаттамасы бойынша, №113, №3, №197 педагогтерді жұмысқа қабылдау конкурс нәтижелері бойынша, №133, №193, №287, №288 мектептер лицензиясыз қызмет атқарғаны бойынша сот істері өтті.

2024 жылы мемлекеттік бақылаудың барлық түрі бойынша білім беру ұйымдарына 1855 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Департаменттің 2024 жылғы қорытындысы бойынша қаржы игеру жоспары 100 пайыз орындалды.

Дата публикации
26 декабря 2024