2024 жылдың 24 қыркүйек, 8 қазан күндері Депаратаментте азаматтарды жеке қабылдау жүргізілді.
Департамент басшысы Г.Даулетова жеке қабылдауға келген азаматтардың «Жеке мектептің мекен-жайының өзгеруіне байланысты лицензияға қосымша алу», «Негізгі орта білім беру деңгейіне лицензия қосымшасын алу» жағдайында қандай құжаттар талап етілетіндігі туралы сұрақтарына жауап беріліп, түсіндірме жасады.
Сонымен қатар, 2024 жылғы 18 қазан күні Азаматтарды қабылдау орталығында Департаменттің Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Н. Жуманов азаматтарды жеке қабылдау жүргізді. Қабылдауға келген азаматтар тарапынан «Жеке білім беру ұйымына лицензияға қосымша алу», «Жеке мәдени орталық ашу» жөнінде сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.