Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінде Қызылорда облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Кеңес (бұдан әрі-Кеңес) 2021 жылы құрылған.
Департаменттің әлеуметтік (Facebook, Instagram, Телеграмм) желілердегі парақшасында аталған Кеңестің құрылғаны жайлы жарияланым беріліп, қоғам өкілдеріне осы желілер арқылы аталған бағыттарда жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат беріліп отырады.
Жыл басынан бері Кеңестің 3 отырысы өткізілді. Аталған отырыстарда облыстағы барлық білім беру ұйымдарына «Педагогикалық әдеп қағидаларын» көрнекті жерге орналастыру, барлық білім беру ұйымдарының басшыларына педагогтердің әлеуметтік желілердегі мәдениетін қалыптастыру, әдеп нормаларын сақтау және педагог мәртебесін арттыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты жүргізу, педагог қызметкерлерінің аттестаттау кезінде жалған немесе күмәнді құжат ұсынуы, Ұлттық біліктілік тестілеу кезінде теріс мінез-құлық фактілерінің орын алуы (шпаргалка пайдалану, ұялы телефон, т.б.) педагогтік әдеп нормаларының бұзылуы болып сараланып, аталған педагогтердің «тәртіптік жауапкершілігі» қарау мәселелерімен қатар, басқа да көптеген мәселелер қамтылып отыруда.
Сондай-ақ, білім бөлімдері басшылары аталған бағыт бойынша тұрақты түрде есеп беріп отырады.
Жыл басынан бері аталған Кеңесте оқушылар арасында өткізілген «ауыл олимпиадасында» академиялық адалдықты сақтамаған Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын 11 педагогтың және педагогикалық әдеп қағидалары талаптарын сақтамаған 1 педагогтың іс –әрекеті қаралып, тиісті ұсыныстар білім беру ұйымдарына жолданып, нәтижесімен аталған 12 педагог тиісті тәртіптік жазаға тартылды.
Сонымен қатар, Департамент тарапынан қазіргі таңда «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығының 5-параграф, 101-тармағының талаптарына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша педагогтердің бос лауазымына жарияланған конкурстар бойынша 257 педагогке қатысты ақпарат жолданды.