АЙМАҚТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫ Қызылорда облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша 2024 жылдың 2 тоқсан есебі

 

АЙМАҚТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫ

Қызылорда облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша

№

Іс-шаралар

Орындау мерзімі

Жауаптылар

Орындалуы туралы ақпарат

1.

Кезектіліктің ұлғаюын ескере отырып, жекеменшік балабақшаларда 28 238 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру:

2023 жыл - 3 221 орын;

2024 жыл - 6 931 орын;

2025 жыл - 8 221 орын;

2026 жыл - 2 675 орын;

2027 жыл - 2 740 орын;

2028 жыл - 2 100 орын;

2029 жыл - 2 350 орын

 

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті (келісім бойынша)

 

Қызылорда облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша аймақтық жол картасына сәйкес, 2024 жылы облыс бойынша 6391 орындық 21  балабақша  ашылу жоспарланған.

Бүгінгі күні облыс бойынша 1222 орындық 13 балабақша ашылды, оның 9-ы (717 орын) ауылдық  жерден, 4-і (505 орын) қаладан.

 

2.

Мектепке дейінгі білім берудің 12 нысанына күрделі жөндеу жүргізу:

2024 жыл - 2 бірлік;

2025 жыл - 2 бірлік;

2026 жыл - 2 бірлік;

2027 жыл - 2 бірлік;

2028 жыл -2 бірлік;

2029 жыл - 2 бірлік

2024 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы

Жоспарға сәйкес жүзеге асырылатын болады

3.

Мектепке дейінгі білім берудің 160 нысанына ағымдағы жөндеу жүргізу:

2023 жыл - 10 объект;

2024 жыл - 25 объект;

2025 жыл - 25 объект;

2026 жыл - 25 объект;

2027 жыл - 25 объект;

2028 жыл - 25 объект;

2029 жыл - 25 объект

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы

 

2023 жылы облыс бойынша мектепке дейінгі білім беру бойынша 10 объектіге жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылға жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

4.

Мектепке дейінгі білім беру объектілерін бейнебақылау жүйелерімен қосымша жарақтандыру:

2023 жыл - 28 балабақша;

2024 жыл - 15 балабақша;

2025 жыл - 15 балабақша;

2026 жыл - 15 балабақша;

2027 жыл - 15 балабақша;

2028 жыл - 14 балабақша;

2029 жыл - 14 балабақша

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысы әкімі аппаратының Цифрлық технологиялар бөлімі;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті (келісім бойынша)

 

Қызылорда қаласындағы 28 балабақшаның бейнебақылау жүйесіне жергілікті бюджеттен 201,6 млн.тг бөлініп, бейнекамера орнатылды.

 

5.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің қатысу табелін толтыруды автоматтандыру (цифрландыру платформаларын енгізу арқылы, «Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығы)

2023 - 2025 жылдар

Қызылорда облысы әкімі аппаратының Цифрлық технологиялар бөлімі;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті (келісім бойынша) 

Мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою және жолдама беру бойынша мектепке дейінгі  ұйымдардың қызметін  автоматтандыру барлық  678 мектепке дейінгі  білім  беру  ұйымдарына   енгізілді. 2024 жылдың  тамыз  айынан  бастап  қызметті  көрсету «SmartNation Balabaqsha» қосымшасына көшірілген.

 

 

 

 

 

6.

Жоғары оқу орындарының базасында мектепке дейінгі білім беру педагогтерін қайта даярлау:

2023 жыл - 75 педагог;

2024 жыл - 108 педагог;

2025 жыл - 112 педагог;

2026 жыл - 115 педагог;

2027 жыл - 128 педагог;

2028 жыл - 135 педагог;

2029 жыл - 120 педагог

2023 - 2029 жылдар

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті (келісім бойынша);

 

Қызылорда Ашық универсиеті

(келісім бойынша);

 

Қызылорда облысының білім басқармасы

2024 жылы  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқыту  мамандығы  бойынша   қайта  даярлау  курсынан   облыс  бойынша  468  педагог  өткен.

 

7.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарымен қамту:

2023 жыл - 2006 педагог;

2024 жыл - 2007 педагог;

2025 жыл - 2007 педагог;

2026 жыл - 2006 педагог;

2027 жыл - 2007 педагог;

2028 жыл - 2007 педагог;

2029 жыл - 2006 педагог

2023 - 2029 жылдар

«Өрлеу» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
(келісім бойынша);

 

«Назарбаев» зияткерлік мектебі

(келісім бойынша);

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті (келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институты (келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы (келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты
(келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы (келісім бойынша)

2024 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 1385 («Өрлеу» БҰАО АҚ - 1035 педагог, ҚР ОАМ, Ерте дамыту институты – 250 педагог, Ұлттық ғылыми-практикалық дене трбиесі орталығы -20 педагог, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КЕАҚ – 80 педагог)  педагогтің біліктілігін арттыру жоспарланған.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 939 педагог біліктілігін арттырды («Өрлеу» БҰАО АҚ - 752 педагог, ҚР ОАМ, Ерте дамыту институты – 112 педагог, Ұлттық ғылыми-практикалық дене трбиесі орталығы -20 педагог, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КЕАҚ – 55 педагог).

 

 

 

8.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

2023 жыл - 87,8 %;

2024 жыл - 91 %;

2025 жыл - 97 %;

2026 жыл - 100 %;

2027 жыл - 100 %;

2028 жыл - 100 %;

2029 жыл - 100 %.

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті (келісім бойынша)

 

Облыс бойынша  678 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасап, онда 49880 бала  тәрбиеленуде. Бүгінгі күнгі  мәлімет  бойынша облыс бойынша 2-6 жастағы  бала саны – 47415, 2-6 жастан  кезекте  тұрған бала саны - 8944. МАД сыныбындағы бала саны – 4671. 2-6 жастағы балалардың қамтылуы  - 90,2 %   құрап  отыр.

9.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету үшін әдістемелік кабинеттердің жанынан мобильді топтар құру

2023 жыл - 9 топ (әр ауданнан 1 топ)

2023 жыл

Қызылорда облысының білім басқармасы;

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті (келісім бойынша) 

Облыстық 1 мобильдік  топ, сонымен бірге 7 аудан және Қызылорда қаласының білім бөлімі жанынан құрылған 7 , барлығы 15 мобильдік топ жұмыс жасайды.

15 топқа –116 педагог қамтылған. Әрбір топ жоспар бойынша жұмыстар жүргізеді.

10.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру мақсатында
30 мемлекеттік балабақшадағы заттық дамытушы ортасын жаңарту

2024 жыл - 5 бірлік;

2025 жыл - 5 бірлік;

2026 жыл - 5 бірлік;

2027 жыл - 5 бірлік;

2028 жыл - 5 бірлік;

2029 жыл - 5 бірлік

2024 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті (келісім бойынша)

 

Жоспарға сәйкес жүзеге асырылатын болады

11.

80 мектепке дейінгі ұйымдарды компьютерлік техникамен және интерактивті панельдермен жарақтандыру

2024 жыл - 10;

2025 жыл - 10;

2026 жыл - 10;

2027 жыл - 10;

2028 жыл - 20;

2029 жыл - 20

2024 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті (келісім бойынша)

Жоспарға сәйкес жүзеге асырылатын болады    

12.

40 мектепке дейінгі ұйымның ойын алаңдарын жарақтандыру, шағын сәулет нысандарын жаңарту

2024 жыл - 5;

2025 жыл - 5;

2026 жыл - 5;

2027 жыл - 5;

2028 жыл - 10;

2029 жыл - 10

2024 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті (келісім бойынша) 

Жоспарға сәйкес жүзеге асырылатын болады

ОРТА БІЛІМ БЕРУ

13.

Үш ауысымдылық және орын тапшылығы мәселелерін шешу:

- 2023 жылы мектептерге 2 қосымша ғимараттың құрылысын аяқтау:

Бюджеттік инвестициялық жоба шеңберінде:

1) Қызылорда қаласы Түркістан көшесі № 54 мекенжайындағы
Абай мектебіне бастауыш сыныптарға арналған 550 орындық оқу ғимаратының құрылысы;

2) Қызылорда қаласы Н. Назарбаев даңғылы №60 мекенжайындағы № 101 мектепке бастауыш сыныптарға арналған 375 орындық оқу ғимаратының құрылысы.

- 2023 жылы мектептерге 2 қосымша ғимараттың құрылысын бастау:

Бюджеттік инвестициялық жоба шеңберінде:

1) Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі
№ 5 мекенжайынан 550 орынға арналған бастауыш оқу ғимаратының құрылысы;

2) Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жаңқожа батыр көшесі
№ 5 мекенжайынан 375 орынға арналған бастауыш оқу ғимаратының құрылысы.

- 2023 жылы мектеп құрылыстарын аяқтау:

Бюджеттік инвестициялық жоба шеңберінде:

1) Қызылорда қаласы Жезқазған трассасы бойында 600 орындық мектеп;

2) Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінде 300 орындық мектеп;

3) Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде 250 орындық мектеп;

4) Шиелі ауданы Байсын елді мекенінде 250 орындық мектеп

 

2023 жыл

Қызылорда облысының құрылыс,
сәулет және қала құрылысы басқармасы;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (келісім бойынша)

 

2023 жылы 4 мектеп пен 4 мектепке қосымша ғимарат құрылысы жоспарланып, 2 мектеп (Қызылорда қаласы 600 орындық, Шиелі ауданы, Байсын ауылында 250 орындық) пен                4 мектептің (Қызылорда қаласы №2 – 550 орын, №3 - 375 орын, №101 – 375 орын, №264 – 550 орын) жанынан қосымша ғимарат құрылыстары пайдалануға берілді. 2 мектептің құрылысы (Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 250 орындық, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі 300 орындық мектеп) ағымдағы қаңтар айында ел игілігіне табысталды.

 

 

 

14.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 15 100 орындық 21 мектеп салу.

2023-2024 жылдары 10 мектеп;

- Қызылорда қаласы 5 мектеп;

- Арал ауданы 2 мектеп;

- Қазалы ауданы 1 мектеп;

- Жаңақорған ауданы 2 мектеп;

 

2024-2025 жылдары 11 меткеп;

- Қызылорда қаласы 3 мектеп;

- Арал ауданы 2 мектеп;

- Қазалы ауданы 1 мектеп;

- Қармақшы ауданы 2 мектеп;

- Жалағаш ауданы 1 мектеп;

- Сырдария ауданы 1 мектеп;

- Шиелі ауданы 1 мектеп

2023 - 2025 жылдар

Қызылорда облысының құрылыс,
сәулет және қала құрылысы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (келісім бойынша)

 

Жалпы облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 86,2 млрд. теңгеге 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу бекітілген.

2024 жылы 10 мектеп (6900 орын), 2025 жылы 11 мектеп (5400 орын) пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Анықтама: Қызылорда қаласында - 8, Арал ауданында - 4, Қазалы ауданында - 2, Қармақшы ауданында - 2, Жалағаш ауданында - 1, Сырдария ауданында - 1, Шиелі ауданында - 1, Жаңақорған ауданында - 2  мектеп.

Биыл тапсырылатын 10 мектептің мердігері анықталып, құрылысы басталды.

 

15.

Апатты және орын тапшылығы мәселелерін шешу:

Жеке инвестор есебінен:

2023 жыл - Арал ауданы Тоқабай елді мекенінде 100 орындық мектеп;

Бюджеттік инвестициялық жоба шеңберінде:

2024 жыл - Қазалы ауданы Жаңқожа батыр ауылында 300 орындық мектеп;

2025 жыл - Қармақшы ауданы III Интернационал ауылында 300 орындық мектеп;

2025 жыл - Қармақшы ауданы Жосалы кентінде 600 орындық мектеп;

2025 жыл - Шиелі ауданы Шиелі кентінде 900 орындық мектеп;

2025 жыл - Шиелі ауданы Жансейіт елді мекеніде 100 орындық мектеп;

2025 жыл - Арал ауданы Қамыстыбас ауылдық округiндегi № 21 орта мектебiне 100 орындық oқу корпусын салу;

2025 жыл - Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Сейфуллин көшесі № 4 бойында 375 орындық бастауыш сынып оқу корпусының құрылысы;

2025 жыл - Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылы М. Кенебаев көшесі № 34 мекенжайынан 375 орынға арналған бастауыш оқу ғимаратының құрылысы;

2025 жыл - Қызылорда қаласындағы № 171 орта мектеп ғимаратын реконструкциялау және оған қосымша құрылыс салу 

2023 - 2025 жылдар

Қызылорда облысының құрылыс,
сәулет және қала құрылысы басқармасы;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (келісім бойынша)

 

Қызылорда облысы Арал ауданы, Тоқабай елді мекеніндегі №248 апатты мектептің орнына жеке инвестор есебінен 100 орындық жаңа мектеп құрылысы жүргізілуде. Мектеп 2024 жылдың жаңа оқу жылында пайдалануға берілуі жоспарлануда.

 

16.

Білім беру инфрақұрылымын дамыту қоры есебінен салынатын мектептер

Бюджеттік инвестициялық жоба шеңберінде:

1) 2024 жыл - Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылындағы 150 орындық мектептің құрылысы;

2) 2024 жыл - Қызылорда қаласы, Иса Тоқтыбаев тұйығы 2,
ғимарат 8 мекен-жайынан 550 орынға арналған бастауыш оқу ғимаратының құрылысы;

3) 2025 жыл - Жаңақорған ауданы, Қожакент елді мекенінде
300 орындық № 168 мектептің құрылысы;

4) 2025 жыл - Қазалы ауданы, Ғ.Мұратбаев ауылында № 91 мектепке
100 орындық оқу корпусының құрылысы;

5) 2025 жыл - Қызылорда қаласындағы С. Сейфуллин атындағы
№ 4 мектептің апаттық жағдайдағы спорт залы мен шеберханасын бұзумен бірге мектепке қосымша ғимарат салу;

6) 2026 жыл - Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр атындағы № 70 орта мектепке 200 орындық оқу корпусының құрылысы;

7) 2026 жыл - Арал ауданы, Сапақ елді мекенінде 100 орындық мектеп құрылысы;

8) 2027 жыл - Арал ауданы, Мергенсай елді мекенінде 150 орындық мектеп құрылысы 

2023 - 2027 жылдар

Қызылорда облысының құрылыс,
сәулет және қала құрылысы басқармасы;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (келісім бойынша)

Ағымдағы жылы Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылындағы 150 орындық мектептің құрылысы жергілікті бюджеттен пайдалануға берілуі жоспарлануда. Сонымен қатар, Шиелі ауданы Жансейт елді мекенінде 100 орындық        №133 мектеп құрылысы, Қызылорда облысы Шиелі кентіндегі №252 мектепке 375 орындық қосымша құрылыс, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық ауылындағы №54 мектепке 375 орындық қосымша құрылыс жобалары «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен қолдау тауып, 2024 жылы құрылысы басталуда.

 

17.

Білім беру ұйымдарына спорт зал құрылысы

1) 2024 жыл - Қызылорда қаласы, Қызылөзек ауылында;
№ 175 орта мектеп ғимаратына спорт зал құрылысы;

2) 2024 жыл - Қызылорда қаласы, Қызылөзек ауылдық округі;
№ 128 орта мектеп ғимаратына спорт зал құрылысы;

3) 2024 жыл - Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі № 284 мектеп лицей-интернат ғимаратына спорт зал құрылысы;

4) 2025 жыл - Қызылорда қаласында № 15 мектеп-лицей ғимаратына спорт зал құрылысы;

5) 2026 жыл Арал ауданы Райым елді мекенінде № 72 орта мектеп ғимаратына спорт зал құрылысы;

6) 2026 жыл Арал ауданы Арал қаласында № 2 мектеп-интернат ғимаратына спорт зал құрылысы 

2024 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының құрылыс,
сәулет және қала құрылысы басқармасы;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (келісім бойынша)

Қармақшы ауданындағы №285 мектептердің спорт зал  мәселесін шешу бойынша қосымша спорт зал құрылысына ағымдағы 2023 жылы қаржы бөлініп, құрылысы жүргізілуде. Жаңа оқу жылына пайдалануға берілуі жоспарлануда.

 

18.

Қызылорда қаласының сол жағалауында физика-математикаға бейімделген 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық
мектеп-интернатының құрылысы

2023 - 2024 жылдар

Қызылорда облысының құрылыс,
сәулет және қала құрылысы басқармасы;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (келісім бойынша)

Қызылорда қаласының сол жағалауында физика-математикаға бейімделген 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық
мектеп-интернатының құрылысы  «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен қаржыландыруға ұсынылып, 7,9 млрд. теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстары басталды. 2024 жылы пайдалануға берілуі жоспарлануда.

 

19.

19 білім беру объектісіне күрделі жөндеу жүргізу арқылы реновациялау жүргізу:

2023 жыл - 1 объект;

2024 жыл - 3 объект;

2025 жыл - 3 объект;

2026 жыл - 3 объект;

2027 жыл - 3 объект;

2028 жыл - 3 объект;

2029 жыл - 3 объект

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы

Күрделі жөндеу жүргізу бойынша бекітілген бюджетпен  7 мектепке  2,8 млрд. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілді. Бүгінгі күні 6 мектеп (Қызылорда қаласы №211, 212, 217, 222, 253, Жаңақорған №163 мектептер) бойынша мердігер анықталды. Ауыл ел бесігі жобасы аясында күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған 1 мектеп (Қазалы №234) бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

 

20.

67 білім беру объектісінде ағымдағы жөндеу жүргізу:

2023 жыл - 7 объект;

2024 жыл - 10 объект;

2025 жыл - 10 объект;

2026 жыл - 10 объект;

2027 жыл - 10 объект;

2028 жыл - 10 объект;

2029 жыл - 10 объект

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы

2024 жылы бюджет 10 білім беру объектілеріне ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда.

21.

Шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда мектептерді заманауи стандарттар бойынша жаңғырту (141 мектеп)

2023 жыл - 47 мектеп;

2024 жыл - 47 мектеп;

2025 жыл - 47 мектеп

2023 - 2025 жылдар

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті (келісім бойынша)

Жалпы облыс бойынша 2021-2025 жылдары 236 мектеп жаңғыртудан өткізілу жоспарланған. (2021ж.- 48, 2022-2025 жж. - 47)

2022 жылы 47 мектепті жаңғыртудан өткізуге 1564,0 млн. теңге ,2023 жылы 47 мектеп жаңғыртудан өткізуге 529,5 млн. теңге бөлінді.

2024 жылы жоспарланған 47 мектепті (9 негізгі және 38 орта мектеп) жаңғырту жұмыстарына 828,2 млн. теңге жоспарлануда.

Анықтама;

1 мектепке күрделі жөндеу жүргізу (586,8 млн.тг.)

46 мектепке ағымдағы жөндеу жүргізу (69,0 млн.тг.),

47 мектептің жихаздарын (оқушы парталары) ішінара жаңарту (82,2 млн.тг.),

47 мектептің кітапханасын жаңғырту (көркем әдебиет алу, стенділер әзірлеу, жихаздар алу) (47,0 млн.тг.),

6 мектептің қауіпсіздігін қамтамасыз ету (6 мектеп бейнебақылау жүйесімен, 43,2 млн.тг.)

Мектеп асханалары жалға алушы кәсіпкерлер есебінен жаңғыртудан өткізілді.

Жаңғырту жұмыстары жаңа оқу жылына дейін аяқталатын болады.

22.

Мектептерде 343 робототехника, химия, биология физика, математика, STEM пәндік кабинеттерін сатып алу:

2023 жыл - 63 (20 химия, 17 физика, 14 биология, 6 STEM,
6 робототехника);

2024 жыл - 27 (6 робототехника, 6  STEM, 5 химия, 5 физика, 5 биология);

2025 жыл - 25 (5 робототехника, 5 STEM, 5 химия, 5 физика, 5 биология);

2026 жыл - 25 (5 робототехника, 5 STEM, 5 химия, 5 физика, 5 биология)

2027 жыл - 43 (6 робототехника, 7 STEM, 10 химия, 10 физика,
10 биология);

2028 жыл - 80 (10 робототехника ,10 STEM, 20 химия, 20 физика,
20 биология);

2029 жыл - 80 (10 робототехника ,10 STEM, 20 химия, 20 физика,
20 биология)

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының
мемлекеттік сатып алу басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті (келісім бойынша)

Ағымдағы жылы 56 пәндік кабинет алу жоспарлануда. 2024 жылғы қаңтар айындағы бюджетті нақтылау барысында 3 пәндік кабинетке 24,0 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілуде. Жыл көлеміндегі бюджетті нақтылау барысында қалған кабинет қаржысы бөлінеді деп күтілуде.

 

 

23.

100 Мбит/с және одан жоғары интернет жылдамдығы бар облыс  мектептерінің үлесі (ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұсынымдарына сәйкес)

2023 жыл - 40 %;

2024 жыл - 50 %;

2025 жыл - 60 %;

2026 жыл - 70 %;

2027 жыл - 80 %;

2028 жыл - 90 %;

2029 жыл - 100 %

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысы әкімі аппаратының Цифрлық технологиялар бөлімі;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы

Облыстағы білім беру ұйымдарында кемінде 20 мб/с одан жоғары интернет жылдамдығы бар облыс мектептерінің үлесі 2024 жылға 89% құрайды.     

 

 

 

24.

Білім беру объектілерін бейнебақылау жүйелерімен қосымша жарақтандыру:

2023 жыл - 35 мектеп;

2024 жыл - 59 мектеп;

2025 жыл - 35 мектеп

2023 - 2025 жылдар

Қызылорда облысы әкімі аппаратының Цифрлық технологиялар бөлімі;

 

Қызылорда облысының

Полиция департаменті (келісім бойынша);

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (келісім бойынша) 

Аймақтағы барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйесімен 100% қамтылған. Қала, аудан орталықтарындағы білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелері жедел басқару орталығына және полицияның кезекші бөлімдеріне қосылған.  2020 жылдан бастап жергілікті бюджеттен қала орталығы мен кенттердегі 181 мектептің бейнебақылау жүйесі № 69 бұйрыққа сәйкестендірілді. 2024 жылға мектеп мен балабақшалардың бейнекамераларын талапқа сәйкестендіруге жергілікті бюджеттен 456 млн. тг. қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, барлық мектепке орнатылды.

25.

Мектептерге әдістемелік көмек көрсету үшін «Назарбаев» зияткерлік мектебімен бірлесіп «Жетекші мектептер» жобасын іске асыру
(30 жетекші мектеп және 60 серіктес мектеп)

2023 - 2025 жылдар

«Назарбаев» зияткерлік мектебі

(келісім бойынша)

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлескен «Инновациялық мектептер (жетекші мектептер)» жобасы аясында облыста 58 инновациялық мектептер жұмыс жасайды.  Олар аудандар мен қала бойынша облыстың қалған мектептеріне (серіктес-магниттік мектептерге) әдістемелік көмек көрсетеді. 

26.

Қ. Сәтбаев атындағы инженерлік, О. Жәутіков атындағы ІТ мектептер желісінің қызметін қамтамасыз ету;

2026 жыл - Қ. Сәтбаев атындағы инженерлік мектеп;

2027 жыл - О.Жәутіков атындағы ІТ мектеп

2026 - 2027 жылдар

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті (келісім бойынша) 

Жоспарға сәйкес жүзеге асырылатын болады

27.

Ғылым күніне орай жас ғалымдармен «Мектепте оқыды» акциясы аясында Қызылорда қаласындағы мектептерде шебер-сыныптар, дәрістер мен квиздер өткізу

2024 жыл

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті (келісім бойынша);

 

Қызылорда Ашық универсиеті

(келісім бойынша)

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

Жоспарға сәйкес жүзеге асырылатын болады

28.

Республиканың мамандандырылған мектептерінде білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, дарынды балаларды, оның ішінде ауылдық жерлердегі балаларды анықтау және қолдау:

2023 жыл - 25 оқушы;

2024 жыл - 25 оқушы;

2025 жыл -25 оқушы

2023 - 2025 жылдар

«Дарын» Республикалық
ғылыми-практикалық орталығы
(келісім бойынша)

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті (келісім бойынша);

 

Қызылорда Ашық универсиеті

(келісім бойынша);

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

 

«Мың бала»-ұлттық ауқымдағы бірегей жоба. Ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығын анықтау мен қолдау мақсатында «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы  жыл сайын өткізіледі.

«Мың бала» Ұлттық олимпиадасына үш жылда (2021-2023ж) 453  бала жеңімпаз атанды. Мамандандырылған мектептерге Арал ауданынан-6, Қазалы ауданынан - 29, Қармақшы ауданынан-15,  Жалағаш ауданынан-8, Сырдария ауданынан – 5 оқушы,  Жаңақорған ауданынан - 11, Шиелі - 9 , Қызылорда қаласынан - 7 ,  барлығы 90 оқушы орналасты.

Қызылорда облысы жеңімпаздар санымен алғашқы үштікте.

Мамандандырылған мектептерге орналасуы :

2021 жылы-27 оқушы,

2022 жылы-28 оқушы,

2023 жылы 35 оқушы,

2024 жылы 25 оқушы,

2025 жылы 25 оқушы

29.

Білім беру ұйымдары педагогтерін біліктілікті арттыру курстарымен қамту:

2023 жыл - 8 862;

2024 жыл - 4 422;

2025 жыл - 3 331;

2026 жыл - 8 541;

2027 жыл - 4 212;

2028 жыл - 7 415;

2029 жыл - 7 895

2023-2025 жж.

 

«Өрлеу» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
(келісім бойынша);

 

«Назарбаев» Зияткерлік мектебі

(келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті (келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Бюджетті жоспарлау департаменті (келісім бойынша);

 

«Дене шынықтыру» орталығы
(келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институты (келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық
ғылыми-практикалық орталығы
(келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты
(келісім бойынша);

 

«Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

 

Қызылорда облысының білім басқармасы; 

2024 жылы білім беру ұйымдарында 6942 («Өрлеу» БҰАО АҚ - 5193 педагог,  «НЗМ» ДББҰ-ның ПШО-208, ҚР ОАМ, Ерте дамыту институты – 250 педагог, Ұлттық ғылыми-практикалық дене трбиесі орталығы -520 педагог, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КЕАҚ – 746 педагог, «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық-ғылыми практикалық орталығы» – 15 педагог,)  педагогтің біліктілігін арттыру жоспарланған.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 3740 педагог біліктілігін арттырды («Өрлеу» БҰАО АҚ - 3278 педагог,  «НЗМ» ДББҰ-ның ПШО-157, ҚР ОАМ, Ерте дамыту институты – 112 педагог, Ұлттық ғылыми-практикалық дене трбиесі орталығы -20 педагог, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КЕАҚ – 165 педагог, «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық-ғылыми практикалық орталығы» – 8 педагог,)  

30.

Менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарында кадр резервіне кірген жалпы білім беретін мектептер басшыларының 45 орынбасарын оқыту:

2023 жыл - 10 орынбасар;

2024 жыл - 10 орынбасар;

2025 жыл - 5 орынбасар;

2026 жыл - 5 орынбасар;

2027 жыл - 5 орынбасар;

2028 жыл - 5 орынбасар;

2029 жыл - 5 орынбасар 

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

 

Факт - 11 педагог біліктілік арттырды. Оның ішінде: «Білім беруді өзгертудегі 1000 көшбасшы» респуликалық кадрлық резерві аясында Қызылорда қаласындағы ПШО базасында – 11 орынбасар оқытылуда. Оған қосымша: «Менеджмент» бойынша директорлар мен орынбасарлар: «Өрлеу»  - 100 педагог, НЗМ, ПШО – 94 педагог оқытылды.

БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУ

31.

Жыл сайын мектептер мен колледждердің іріктеуге сәйкес
Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингіне қатысуын қамтамасыз ету

2023 - 2029 жылдар

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті

(келісім бойынша);

 

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
«Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау» орталығы (келісім бойынша);

 

Қызылорда облысының білім басқармасы

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау» орталығы 2023 жылы Қызылорда облысы бойынша Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингіне  -  53 білім беру ұйымдарын іріктеп, мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА мамандары бақылаушы ретінде қатысты. Мониторингке 2576 білім алушы қатысты.

32.

Қызылорда облысы мектептерінің халықаралық зерттеулерге қатысу

2023 - 2029 жылдар

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті

(келісім бойынша);

 

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
«Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау» орталығы (келісім бойынша);

 

Қызылорда облысының білім басқармасы

2023 жылы Қызылорда облысы бойынша 50 мектеп пен 1 колледж PBTS-2023 зерттеуіне қатысты. Оған «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау» орталығының өкілі бақылаушы ретінде қатысты.  Зерттеуге 1618 білім алушы қатысты.

 

33.

Қызылорда облысының білім беру қызметін кешенді зерттеу

2024 жыл

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті

(келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті

(келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (келісім бойынша);

 

Қызылорда облысының білім басқармасы

Жоспарға сәйкес жүзеге асырылатын болады

34.

Әдіскерлер мен педагогтер арасынан көшпелі мобильді топтардың жұмысы (білім беру ұйымдары мен педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында)

2023 жыл - 8 топ (әр ауданнан 1 топ) 

2023 - 2025 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері

Облыстағы 8 білім бөлімдері: әдіскерлер мен педагогтерден құралған көшпелі мобильді топтарға жетекшілік етеді. Негізгі пәндер бойынша бірлестіктер аясында білім беру ұйымдары базасында әдістемелік іс-шаралар өткізіп, көмек көрсетеді.

35.

Ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ете отырып түрлі дәрежедегі олимпиадаларды ұйымдастыру

2023 -2029 жылдар

«Дарын» Республикалық
ғылыми-практикалық орталығы
(келісім бойынша)

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

3

 

«Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар электронды форматта «1 оқушы, 1 компьютер, 1 камера» қағидасы бойынша «Ел үміті» платформасы арқылы жүргізіліп келеді.  

Олимпиадада ашықтық пен академиялық адалдық қамтамасыз етіліп отырады. Атап айтсақ, олимпиада өткізілетін аудиторияға, әділқазылар жұмыс орындарына камералар орнатылып, YouTube видео хостингтік жүйесі арқылы олимпиаданың жүргізілуі бақыланды. Жазбалар орталық базасында сақталынады.

 Бақылау жасау үшін қоғамдық емес ұйымдардан, антикордан және ата-аналардың қадағалауымен шаралар өткізіледі.

            Олимпиадада оқушылардың жауап парақтары сканерленіп, шифрланып сайтқа салынды.  Қорытынды хаттамалары ұпай санымен жарияланады. Осы ақпарат барысында апелляцияға оқушылар қатыса алады. Олимпиаданың ашықтық өтуінің нәтижесінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден облыс оқушылары ІІ командалық орын иеленсе, қоғамдық-гуманитарлық бағытта жыл сайын ІІІ орын иеленіп келеді.

Қосымша білім беру бөлімінің шығармашылық шаралары да осы жүйе бойынша жүргізіледі.

36.

«Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсын өткізу және конкурс нәтижесімен үздік ұйым тәжірибесін тарату, үздік ұйымдардың
ауыл мектебіне (бір үздік ұйым - бір шағын жинақты мектеп) жетекшілік жасауын ұйымдастыру

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті

(келісім бойынша)

 

2023 жылы «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсы өткізілді. Конкурс нәтижесімен Қызылорда қаласындағы №101 Ә.Мүсілімов атындағы мектеп-лицей «жеңімпаз» деп танылды. Облыс әкімдігі тарапынан – 34 млн.теңге көлемінде грант берілді. «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсының бірнеше жылғы жеңімпаздарына ШЖМ-тер бекіту кестесі жасалып, жұмыс жүргізілуде.

37.

Оқушылар мен тәрбиеленушілердің ерте жастан экологиялық білім алуын қалыптастыру мақсатында «Жасыл балабақша - Жасыл мектеп» облыстық жобаларының ендірілуін қамтамасыз ету, желісін ұлғайту

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті

(келісім бойынша)

 

Қызылорда облыстық білім басқармасының бұйрығымен: «Сыр бөбегі» балабақшасы – «Жасыл балабақша» жобасы бойынша және Қызылорда қаласындағы №101 Ә.Мүсілімов атындағы мектеп-лицейі – «Жасыл мектеп» жобасы бойынша «тірек білім беру ұйымдары» ретінде бекітілген.  «Тірек білім беру ұйымдары» қалған білім беру ұйымдарына ерте жастан экологиялық білім беру бағыты бойынша тәжірибе бөлісуде.

Облыс бойынша 35 білім беру ұйымдарында жылыжай ұйымдастырылған.

38.

Оқушылар мен тәрбиеленушілердің ерте жастан ІТ - білім алуын қалыптастыру мақсатында «ІТ балабақша - ІТ мектеп - ІТ қосымша білім беру» облыстық жобаларының ендірілуін қамтамасыз ету,
желісін ұлғайту

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті

(келісім бойынша)

 

Қызылорда облыстық білім басқармасының бұйрығымен: «Алтын ұя» мен «Сыр шуағы» балабақшалары – «ІТ-балабақша» жобасы бойынша және Қызылорда қаласындағы №3 ІТ-мектеп-лицейі – «ІТ-мектеп(бағдарламалау мектебі)» жобасы бойынша, Қызылорда қаласындағы Оқушылар Үйі – «IT-IMag-ORDA» балалар технопаркі» жобасы бойынша «тірек білім беру ұйымдары» ретінде бекітілген.  Оларға қосымша 5 «ІТ-мектеп-лицей» ұйымдастырылған.

39.

«Үздік педагог» конкурсын өткізу және конкурс нәтижесімен үздік педагогтар тәжірибесін тарату, Қызылорда облысының
үздік педагогтарына Қызылорда облысы әкімінің бір реттік сыйақысын тағайындау

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті

(келісім бойынша)

 

2023 жылы «Үздік педагог» конкурсының Облыстық кезеңіне ҚР ОАМ-нің электрондық порталы арқылы 28 педагогтің құжаты ұсынылған (аудандық кезеңдерді есептемегенде). Облыстық кезеңнің қорытындысымен 10 педагогтің құжаты республикалық кезеңге ұсынылды.

«Педагог мәртебесі туралы» ҚР заңының талаптарына сәйкес облыстық кезеңнің жеңімпаздарына Қызылорда облысы әкімінің бір реттік сыйақысы облыстық бюджет есебінен қаралған. Қазіргі уақытта республикалық кезең қорытындысы күтілуде.

40.

Үздік педагогтардың және «педагог-шебер» санатты мұғалімдердің  қатысуымен «Шеберлер шеберханасы» облыстық жобасын жүзеге асыру

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті

(келісім бойынша)

 

«Шеберлер шеберханасы» облыстық жобасы аясында Үздік педагогтардың және «педагог-шебер» санатты мұғалімдердің  ашық бейнесабақтары жыл сайын түсірілуде.

Бейнесабақтар Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет)  youtube желісіндегі «учтв-кызылорда» бейнесабақтар арнасына жинақталып, қолжетімділік қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, түсірілген бейнесабақтар Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның  «Үздіктен үйрен» жобасы аясында да насихатталуда.

41.

Әрбір пән және бағыт бойынша «тірек мектептерінің» желісін қалыптастыру, тұрақты әдістемелік қолдау (ІТ-математика, Ғылыми бағдар беру онлайн-шеберханасы, Балабақша театры, балабақшадағы «Өсу нүктесі» құзіреттілік орталығы, «Отбасылық тәрбие мектебі»және тағы басқа облыстық жобалар)

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті

(келісім бойынша)

 

Осы жылға дейінгі әрбір пән және бағыт бойынша «тірек мектептерінің» желісіне  2023 жылы: «ІТ-математика»жобасы -№187 ІТ-мектеп-лицейі, «Ғылыми бағдар беру онлайн-шеберханасы» жобасы -№140 орта мектеп, «Балабақша театры» жобасы – Қызылорда қаласындағы «Алпамыс» балабақшасы, «Өсу нүктесі» құзіреттілік орталығы» жобасы - «Бегім ана» балабақшасы, «Отбасылық тәрбие мектебі» жобасы - №235 мектеп-гимназиясы бекітілген. Бекітілген білім беру ұйымдары бағыт бойынша  сынақ алаңы ретінде тәжірибе таратуда.

42.

«Оқуға құштар мектеп», «Балалар театры», «Мектеп парламенті» Республикалық жобаларының облыс көлемінде жүзеге асырылуы мен мазмұндық толықтырылуын үйлестіру

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті

(келісім бойынша)

 

«Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында облыс көлемінде  «Ақпараттық тайм» жобасына 50 кітапханашы, «Әдістемелік вернисаж» семинарына 11 кітапхана жұмысына жауапты білім бөлімінің маманы, «Кітапхана жұмысы: жаңа ізденіс, жаңа талап» семинарына 30 кітапханашы, «Үздік кітапханашы-2023» байқауына 8 аудандық кезең жеңімпазы, «Кітапхана - озық тәжірибе зертханасы» тақырыбындағы тәжірибе алаңына 50 кітапханашы қатысты.

Барлық іс-шаралар саны: 5, қатысқан мамандар саны - 149 кітапханашы.

43.

«Техникалық және кәсіптік білім беретін үздік ұйым» конкурсын өткізу және конкурс нәтижесімен үздік ұйым тәжірибесін тарату

2024 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (келісім бойынша)

 

2024 жылға  «Техникалық және кәсіптік білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсын өткізу және конкурс нәтижесімен марапаттау үшін  Облыстық экономика және қаржы басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.

44.

Республикалық конкурстарға педагогтардың қатысуын қамтамасыз ету  және «Педагог-шебер» санатын алуға дейін тұрақты әдістемелік қолдау көрсету

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті

(келісім бойынша)

 

Облыстық деңгейдегі тұрақты әдістемелік қолдау көрсету нәтижесінде,  2023 жылы «Педагог-шебер» санатын Қызылорда облысы бойынша 6 педагог иеленді.

Сонымен қатар, «Педагогикалық идеялар фестивалі-2023» байқауының Республикалық кезеңінен – 8 педагог, «Дарынды балаға –талантты ұстаз»  байқауының Республикалық кезеңінен – 3 педагог және т.б. педагогтар «жеңімпаз» атанды

45.

«Сыр дарыны» білімділер академиясы жобасы аясында 2 940 оқушыны дайындықтан өткізу

2023 жыл - 980 оқушы;

2024 жыл - 980 оқушы;

2025 жыл - 980 оқушы

2023 - 2025 жылдар

«Дарын» Республикалық
ғылыми-практикалық орталығы
(келісім бойынша)

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

 

«Сыр дарыны» оқу-жаттығу жиынына 7-10 сынып оқушылары арасында «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген іріктеу олимпиадасында үздік нәтиже көрсеткен 960 оқушы он күндік дайындық сабақтарына қатыстырылады. «Сыр дарыны» оқу-жаттығу жиыны жобасы аясында 2023-2024 оқу жылында 960 оқушы дайындық курстарынан өтуде.

            «Талдысу» және Қамбаш олимпиадалар және қосымша білім беру орталық базасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы (математика, физика, химия, биология, география, информатика) пәндері бойынша әр сыныптан 120 оқушыдан алты кезең бойынша ақпан, наурыз, сәуір, мамыр айларында жұмыс жүргізілуде.

            Таңдау пәндері бойынша дарынды оқушылармен арнайы сабақ кестесі жасалынды. Лагерьдегі оқу-жаттығу жиынында шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы мұғалімдер сабақ жүргізеді. Кіру және шығу тесттері және сауланамалар алынып, мониторинг жасалынып отыр.

Қазіргі заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен, интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген кабинеттерде сабақтар жүргізіледі.

 

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ 

46.

Қызылорда қаласында ерекше мүмкіндіктері бар балалар үшін
1 психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация ашу
(50 мың балаға 1 есебінен)

2023 жыл

Қызылорда қаласының әкімдігі;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігінің
Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы (келісім бойынша)

Қызылорда қаласында ерекше мүмкіндіктері бар балалар үшін
1 психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация ашу
(50 мың балаға 1 есебінен). Ағымдағы жылы жоспарға сәйкес Қызылорда қаласы бойынша 1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ашылды. Жергілікті бюджет есебінен.

 

47.

Инклюзияны қолдайтын 14 кабинет ашу:

2023 жыл - 2 кабинет;

2024 жыл - 2 кабинет;

2025 жыл - 2 кабинет;

2026 жыл - 2 кабинет;

2027 жыл - 2 кабинет;

2028 жыл - 2 кабинет;

2029 жыл - 2 кабинет

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігінің
Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы (келісім бойынша)

Инклюзияны қолдайтын 14 кабинет ашу: 2023 жыл - 2 кабинет; Ағымдағы жылы жоспарға сәйкес Қызылорда қаласы бойынша 2 инклюзивтік қолдау кабинет ашылды.

 

48.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге мемлекеттік білім беру тапсырысын 2 900 орынға орналастыру:

2023 жыл - 100 орын;

2024 жыл - 300 орын;

2025 жыл - 350 орын;

2026 жыл - 400 орын;

2027 жыл - 450 орын;

2028 жыл - 500 орын;

2029 жыл - 550 орын

 

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

 

Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігінің
Бюджеттік жоспарлау департаменті (келісім бойынша)

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге мемлекеттік білім беру тапсырысын            2 900 орынға орналастыру: 2023 жыл - 100 орын.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 26 маусымдағы қабылданған №56-VII Заңына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы  №  532 бұйрығы қолданысқа енгізілді. Аталған бұйрықта 1 балаға шығындарын есептеу формуласына өзгерістер енгізу қажеттілігіне орай қаржы орталығым және ҚР Оқу-ағарту министрлігімен келісім алу жұмыстары жүргізілуде. Аталған мәселе қолдау тапқан жағдайда жүзеге асырылатын болады.

 

БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ 

49.

Білім беру ұйымдарын жарақтандыру лицензияланған күзет, бейнекамералар және оларды жедел басқару орталықтарына қосу,
дабыл түймесі, турникеттер:

2023 жыл - 100%;

2024 жыл - 100%;

2025 жыл - 100%;

2026 жыл - 100%;

2027 жыл - 100%;

2028 жыл - 100%;

2029 жыл - 100%

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының
полиция департаменті (келісім бойынша);

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

 

Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігінің
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
(келісім бойынша)

 

2023 жылы облыстағы 170 мектепке полиция бөлімшелеріне қосылатын дабыл түймесін орнату үшін облыстық бюджеттен 97,1 млн.теңге бөлін, білім беру ұйымдарына орнатылды. Министрліктің №117 бұйрығына сәйкес, аудандардағы бала және персонал саны 700-ден асатын және қаладағы білім беру ұйымдары турникетпен толық қамтылған. Ал аудан, кент орталықтарында, Қызылорда қаласындағы орналасқан бала және персонал саны 700-ден асатын  мектептер лицензияланған күзетпен қамтамасыз етілді.

50.

Балалардың құқықтық қорғалу деңгейі:

2023 жыл - 87%;

2024 жыл - 89%;

2025 жыл - 91%;

2026 жыл - 93%;

2027 жыл - 94%;

2028 жыл - 95%;

2029 жыл - 96%

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігінің
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
(келісім бойынша)

Балалардың құқықтық қорғалу деңгейін анықтау мақсатында жыл сайын саулнама жүргізіледі. Ағымдағы жылы саулнама оқушылардың арасында жүргізілмеген.

 

51.

Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету:

2023 жыл - 100 %;

2024 жыл - 100 %;

2025 жыл - 100 %;

2026 жыл 100 %;

2027 жыл - 100 %;

2028 жыл - 100 %;

2029 жыл - 100 %

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігінің
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (келісім бойынша)

Әлеуметтік осал отбасындағы мектеп жасына дейінгі балалар саны нақтыланып, яғни облыс бойынша әлеуметтік осал отбасындағы мектеп жасына дейінгі 8258 бала  анықталды. Осы әлеуметтік осал отбасындағы мектеп жасына дейінгі балаларды тегін  ыстық тамақпен қамту үшін облыс әкімдігінің 2023 жылғы  3 қарашадағы  № 190 қаулы  бекітілді.

Аталған қаулы 2024 жылдың қаңтарынан бастап жүзеге асырылатын болады.

 

52.

Барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету:

2023 жыл - 100 %;

2024 жыл -100 %;

2025 жыл -100 %;

2026 жыл -100 %;

2027 жыл -100 %;

2028 жыл -100 %;

2029 жыл -100 %

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігінің
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (келісім бойынша)

Барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету:

2024 жыл - 100 %;

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бастауыш сынып оқушыларын және әлеуметтік осал топтағы 87 331  баланы  тегін тамақпен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен қосымша 9  млрд.тг бөлінді.  

53.

Көрсеткіштердің төмендеуі:

«Кәмелетке толмағандар арасындағы суицид фактілерінің саны»
(2022 жыл - 8);

«Өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері фактілерінің саны» (2022 жыл - 5);

«Кәмелетке толмағандар арасындағы қатынастардағы қылмыстар
саны - 38»);

«Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар саны» (2022 жыл - 14);

«Жол көлік оқиғасында қаза тапқан балалар саны» (2022 жыл - 10);

«Жол көлік оқиғасында жараланған балалар саны» (2022 жыл - 37);

«Ішкі істер органдарында есепте тұрған балалар саны» (2022 жыл - 22);

«Қолайсыз отбасынан шыққан балалар саны» (2022 жыл - 95);

«Мектепішілік есепте тұрған балалар саны» (2022 жыл - 275)

2023 - 2025 жылдар

Қызылорда облысының полиция департаменті (келісім бойынша);

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігінің

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасының
Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті (келісім бойынша)

2023 жыл кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған  қылмыстар саны өскен /Қараша айындағы талдау бойынша 58 баланың 10-ы мектеп оқушысы, 27-і  колледж және 9-ы университет студенті 2-і басқа облыстың колледжінде оқитын студенттер, 1-і сырттай бөлімнің студенті, 2-і арнаулы білім беру ұйымына жіберілгендер, 7-ы орналаспағандар (1-і колледж және  2-і мектеп бітірген, 4-і оқуда/жұмыста жоқтар/.

            Қылмыс жасаған оқушылар мен студенттер  білім беру ұйымдарының ішкі есебіне алынды. Әрбір балаға кейс ашылып, психологиялық, әлеуметтік көмек беру жұмыстары жүргізілуде. Жасөспірімдерді әлеуметтік-педагогикалық оңалту бойынша тәжірибелі мұғалімдер қатарынан тәлімгерлер бекітілді. Қылмыстық деректер ата-аналар мен жасөспірімдердің қатысуымен мектеп, колледж директорлары жанындағы  кеңестерде қаралуда.

            2023 жыл қорытындысымен балалардың қатысуымен  52 жол көлік оқиғасы тіркеліп (2022 ж. 47), 48 бала жарақат алған (2022 ж. 37 бала), қайтыс болған бала саны 6 (2022ж.  10 бала).

Кәмелетке толмағандар арасында суицид оқиғалары бір қалыпты, зорлық –зомбылық саны  6 пайызға өсті.  Суицид, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында облыстық психологиялық орталық ашылды. Мақсаты- облыс деңгейінде студенттердің, оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың (заңды өкілдердің) психологиялық салауаттылығын сақтауға және нығайтуға бағытталған психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесін құру 

54.

Қызылорда облысының жалпы білім беретін мектептерінің
«Жол қозғалысының жас инспекторлары» қалалық слеті

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының полиция департаменті (келісім бойынша)

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

Облыстық «Жол қозғалысының жас инспекторлары» слеті 2023 жылғы 9 желтоқсан күні №278 мектеп-лицейде өтті.

55.

Балабақшалардың, жалпы білім беретін мектептердің тәрбиеленушілері арасында тұрақты негізде жолда жүру қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған өткізуді ұйымдастыру (дәрістер, конкурстар, викториналар, слеттер)

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының полиция департаменті (келісім бойынша);

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қызылорда қаласы мен аудандық білім бөлімдері

 

2024 жылғы 5 тамыз – 30 қыркүйек аралығында жасөспірімдер мен балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, олардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын нығайту мақсатында «Жолда жүру ережесін бірге сақтаймыз» тақырыбында профилактикалық іс-шарасы өтуде.

56.

Бұқаралық ақпарат құралдарында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу бойынша кең ауқымды түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының полиция департаменті (келісім бойынша);

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (келісім бойынша)

Азаматтардың жаппай баратын және демалатын орындарында «Баланың жолдағы қауіпсіздігі – барлық құндылықтардан жоғару» атты бейнероликтер көрсетілімін және жадынама мен буклеттер, балаларға арналған шағылыстыратын элементтерді тарату акциясы өткізу жоспарлануда.

57.

Оқу жылы басталар алдында білім алушылар мен педагогтерге өрт қауіпсіздігі аясында онлайн тестілеу өткізу

 

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
(келісім бойынша);

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қызылорда қаласы мен аудандық білім бөлімдері

Оқу жылы басталар алдында білім алушылар мен педагогтерге өрт қауіпсіздігі аясында жұмыстар жүргізілген

58.

Тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан балаларды, ішкі істер органдарында есепте тұрған балаларды қосымша біліммен қамту

2023 жыл - 100 %;

2024 жыл - 100 %;

2025 жыл - 100 %.

2026 жыл - 100 %.

2027 жыл - 100 %.

2028 жыл - 100 %.

2029 жыл - 100 %

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының мәдениет және  спорт басқармасы;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

 

Қызылорда облысының полиция департаменті (келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті

(келісім бойынша)

2022-2023 оқу жылында 415 бала (қолайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан  96, мектепішілік бақылаудағы 280, полиция органдарының есебіндегі 39 бала) есепке алынды. Олардың 131-і үйірмеге, 284-і спорттық секцияға тартылды. Жазғы маусымда есептегі  155 бала мектеп жанындағы лагерьге, 69 бала қала сыртындағы лагерьге, 40 бала саяхатқа, 80 бала аула клубына, 3 бала ақылы еңбекке, 21 бала мектеп жанындағы көгалдандыру-құрылыс бригадаларына қамтылды. Барлық есептегілерге мекенжайлық әлеуметтік-психологиялық көмектер ұйымдастырылды. Ата-аналар мен балаларға кеңестер берілді.

59.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар тәрбиеленушілерінің үлесін төмендету

2023 жыл - 18 %;

2024 жыл - 17,8 %;

2025 жыл - 17,5 %;

2026 жыл - 17,2 %;

2027 жыл - 17 %;

2028 жыл - 16,8 %;

2029 жыл -16,5 %

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (келісім бойынша)

Облыста 0-18 жас аралығында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 764 бала бар. Оның ішінде 681 бала отбасында тәрбие алса (қорғаншылық пен қамқоршылықта 627 бала, патронаттық тәрбиеде 54 бала),  83 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында тәрбиеленуде. 2023 жылға пайыздық үлесі – 10,8 %. 

60.

Балалар үйінің түлектері  жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету:

2023 жыл - 20 %;

2024 жыл - 20 %;

2025 жыл - 20 %;

2026 жыл - 20 %;

2027 жыл - 20 %;

2028 жыл - 20 %;

2029 жыл - 20 %

 

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері;

 

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (келісім бойынша) 

Балалар үйінің түлектері  жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету:

2023 жыл - 20 %; 2023 жылы облыста халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына берілген 445 пәтердің 100-і (22%) жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына берілге (Арал -20, Қазалы ауданы – 21, Қармақшы -9, Жалағаш -11,  Шиелі ауданы – 14, Жаңақорған ауданы – 10, Қызылорда қаласы-15).

 

61.

Қызылорда қаласы мен аудандық білім бөлімдерінің қорғаншылық органдары мамандарының штаттық санынан 3 бірлік бөлу

2024 жыл

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері

Облыс бойынша қамқоршылық және қорғаншылық органның функциясын жүзеге асыратын 21 маман жұмыс жасайды. Қосымша 4 бірлікке бюджеттік өтінім ұсынылды.

62.

Қызылорда қаласы мен аудандық білім бөлімдерінің ережесіне және қорғаншылық органдары мамандарының лауазымдық нұсқаулықтарына өзгерістер енгізу

 

2023 жыл

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қызылорда қаласы мен аудандық білім бөлімдері

 

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін 8 білім бөлімдері жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын  20 маман (мемлекеттік қызметкер - 7, мамандар – 13) жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы                    № 382 Қаулысына сәйкес лауазымдық нұсқаулықтары бекітілген.

 

63.

Қорғаншылық органдарының сот талқылауларына қатысу жөніндегі функцияларын беру, шығару кезінде сот актілерін орындау, шарттар жасасу арқылы бәсекелестік ортаға қарым-қатынас жасау тәртібі

 

2023 жыл

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қызылорда қаласы мен аудандық білім бөлімдері

 

ҚР Үкіметінің № 382 Қаулысына сәйкес қамқоршылық және қорғаншылық органдар ата –аналардың  құқықтарынан айыру, шектеу, баланың тұрғылықты мекен-жайын анықтау, баланың құқығын қорғау мәселелер бойынша сот процессіне қатысады.

Осы орайда, мамандар ата –аналардың өз міндеттерін орындау бойынша ата-аналық құқығынан айыру,  ата-аналық құқығынан шектеу мәселелер бойынша болса,сот процестеріне қатысып жұмыстар жүргізуде.

Ата-аналық міндетін қалпына келтіру бойынша мәселе қаңағаттандырылған.

Сот отырысына қорытынды дайындау үшін әр отбасынының тұрмыстық жағдайы тексеріліп, акт жасалынады. Жоғарыда аталған сот отырысына қатысу үшін акт жасалған.

 

64.

Баланы қабылдайтын отбасылары мен өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды сүйемелдеу бойынша отбасыларды қолдау Орталықтарының ресурстарын тарту

 

2023 жыл

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері

 

Қызылорда облысының білім басқармасы

 

2023 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелер және «Ана үйі» қоғамдық қоры арасында «Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттігі» жобаларын іске асыру шеңберінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасына орналастыру, оларды күтіп-бағу және баладан бас тарту қауіпі бар отбасыларға әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асырады.

Сондай-ақ, ата-ана болуға ниет білдірген (бала асырап алушы) үміткер ата-аналарға әдістемелік оқулар ұйымдастырылып, кеңес беру кабинеттері жұмыс жасайды. 

 

65.

Өмірлік қиын жағдайдағы және баланы қабылдайтын отбасыларын сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету мақсатында еріктілер мен үкіметтік емес ұйымдарды тарту

2023 жыл

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Волонтерлер (келісім бойынша);

 

үкіметтік емес ұйымдар (келісім бойынша)

 

«Өмірдің қиын жағдайында қалған  отбасыларға арнайы мамандардың сүйемелдеуіне қиын кейстер алынып, олардың  салааралық байланыс арқылы қиын жағдайдан шығарылды (мәселе толық шешілген немесе қанағаттандырарлық  деңгейге шығарылды).

            Мұқтаж отбасылар әлеуметтік-психологиялық; әлеуметтік-медициналық; әлеуметтік-құқықтық; әлеуметтік және басқа да тиісті көмектерді алды.

            арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету барысында  әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында ерте кезден бастап қолайсыздықты анықтау; қиын жағдайында қалған отбасындағы баланың мұқтаждығы мен қажетілігінің негізін анықтау; әр анықталған отбасына сүйемелдеу жасау барысында жеке дербес жоспар құру; қиын жағдайынан шығару үшін сақтандыру шаралар емес, тиімді және тұрақты жүйені қалыптастыруға мүмкіндік берді.

 

66.

«Такси» немесе жеке автокөлікті жалдау қызметтерін тарту

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы

 

Қажеттілігіне қарай такси немесе қызметтік көлік пайдалануда.

67.

Мектептің психологиялық қызметінің тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасау (кабинет жұмысшыларын материалдық-техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету, педагог-психологтар кабинеттерін, психологиялық релаксация кабинеттерін ашу):

2025 жылға қарай - мектептерді 100% қамту

2023 - 2025 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (келісім бойынша)

 

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері;

 

Білім беру ұйымдарының педагог-психологтарды кабинетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні психологтардың материалдық-техникалық базасы мен әдістемелік құрылғыларына мониторинг жүргізілуде. 2024-2025  жылдары қажеттілігі кезең-кезеңімен шешу жоспарлануда.

68.

Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, ата-аналарға, педагогтерге психологиялық-педагогикалық білім берудің бірыңғай жүйесін енгізу (бірыңғай нысандар мен белсенді әдістер). Психологиялық ағартумен қамтылған білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, ата-аналардың, мектеп педагогтердің үлесі (тренингтер, курстар, конференциялар, семинарлар және тағы басқа):

2023 жыл - оқушы-30%, ата-ана- 10%, педагог-40%;

2024 жыл - оқушы-40%, ата-ана-20%, педагог-50%;

2025 жыл - оқушы-50%, ата-ана-30%, педагог-60%;

2026 жыл - оқушы-60%, ата-ана-40%, педагог-70%;

2027 жыл - оқушы-70%, ата-ана-50%, педагог-80%;

2028 жыл - оқушы-80%, ата-ана-60%, педагог-90%;

2029 жыл - оқушы-90%, ата-ана-70%, педагог-100%

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (келісім бойынша);

 

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері

 

 

Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, ата-аналарға, педагогтерге психологиялық-педагогикалық білім берудің бірыңғай жүйесін енгізу  және психологиялық ағартумен қамтылған білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, ата-аналардың, мектеп педагогтердің үлесі 2023 жыл - оқушы-30%, ата-ана- 10%, педагог-40% құрайды.

Оқу жылы бойы психологиялық қызметтің жылдық жұмыс жоспарына ағартуға бағытталған жұмыстар жоспарланды.

 Педагог-психологтар инклюзивтілік қағидатын іске асыруға жәрдемдеседі және 2022 жылғы12 қаңтардағы №6 бұйрығына сәйкес  психологиялық педагогикалық қолдау қызметінің ережесіне сәйкес ерекше білімді қажет ететін оқушылардың психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді (консультациялар, тренингтер,  жеке және топтық дамыту сабақтары нысанында психологиялық көмек көрсетеді)

            Дарынды оқушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады.

Буллинг, кибербуллингтің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Диагностикалық жұмыстар барысында анықталған жағдайларға байланысты сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанда  ағарту жұмыстарына оқушылардың 10 пайызы, ата-аналардың 8 пайызы, педагогтардың 27 пайызы қамтылды.

69.

Ата-аналардың оқу-тәрбие процесіне қатысу деңгейін және ата-аналар жиналыстарына қатысу белсенділігін айқындау (2027 жылға дейін
жыл сайын 10% -ға ұлғайту,

2028-2029 жылдары - 100%):

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (келісім бойынша);

 

Ата-аналардың оқу-тәрбие процесіне қатысу деңгейін және ата-аналар жиналыстарына қатысу белсенділігін айқындау жұмыстары жүйелі түрде жоспарға сай жүргізілуде.

70.

Балаларға қауіп төндіретін орындарды және ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған жасөспірімдерді анықтау мақсатында рейд жұмыстарын жүргізу (жарықтандырылмаған көшелер, аллеялар, су айдындары, ашық люктер, құдықтар, құрылыс объектілері, өнеркәсіптік аймақтар, темір жолдары, электр станциялары, қаңғыбас иттер жиналатын орындар және тағы басқа)

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының

төтенше жағдайлар департаменті
(келісім бойынша);

 

Қызылорда облысының
полиция департаменті (келісім бойынша)

 

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері;

 

Ағымдағы жылдың қараша айында қалада орналасқан ашық люктер, құдықтарға полиция қызметкерлердің қатысуымен рейцдтер жүргізілді.

Сонымен қатар, облыс әкімі орынбасарларының басшылығымен барлық білім беру ұйымдарының басшыларына бала қауіпсіздігі жөнінде жиналыстар өткізілді.

            Жыл бойына ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

71.

Шаралар қабылдау:

көліктердің жылдамдық режиміне табиғи шектеулер қалыптастыру (балалар көп жүретін жерлерде бағдаршамдар, ескерту белгілерін орнату, көшелерді жарықтандыру);

қоғамдық шомылу орындарын, арықтар мен көшелерді (кәріз) қауіпсіздендіру

2023 - 2025 жылдар

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері;

 

Қызылорда облысының
полиция департаменті (келісім бойынша);

Қызылорда облысының
төтенше жағдайлар департаменті
(келісім бойынша)

 

Көліктердің жылдамдық режиміне табиғи шектеулер қалыптастыру (балалар көп жүретін жерлерде бағдаршамдар, ескерту белгілерін орнату, көшелерді жарықтандыру);

қоғамдық шомылу орындарын, арықтар мен көшелерді (кәріз) қауіпсіздендіру жұмыстары күн тәртібіне сай жұмыстар жасалуда

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ 

72.

Білім беру ұйымдарында «Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы» тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру:

2024 жыл - 100%;

2025 жыл - 100%;

2026 жыл - 100%;

2027 жыл - 100%;

2028 жыл - 100%;

2029 жыл - 100%

2024 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қызылорда қаласы мен аудандық білім бөлімдері және әдістемелік кабинеттер;

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті (келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарина атындағы ұлттық білім академиясы (келісім бойынша)

Жоспарға сәйкес жүзеге асырылатын болады

73.

«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру шеңберінде мектеп кітапханалары оқырмандарының санын арттыру

2023 жыл - 145 мың оқырман;

2024 жыл - 155 мың оқырман;

2025 жыл - 170 мың оқырман

2023 - 2025 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қызылорда қаласы мен аудандық білім бөлімдері және әдістемелік кабинеттер;

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті
(келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық

ғылыми-педагогикалық библиотека (келісім бойынша)

 

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау бойынша қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №44 бұйрығына сәйкес және білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективті дамытудың «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асырудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатында 2021жылы 36 397 792 млн.тг. 21 205 дана, 2023 жылы 628,1 млн.тг. 184269 дана көркем әдебиет сатып алынды.

Қазіргі таңда облыстағы білім беру ұйымдарындағы кітапханалар қорында барлығы 1 863 625 көркем әдебиеттер қоры қалыптасқан. Оның 1 585 196 данасы (85%) қазақ тіліндегі, 251 992 данасы (14,2 %) орыс тіліндегі, 14 851 данасы (0,8 %) өзге тілдегі әдебиеттер.

Облыстағы 286 мектеп кітапханаларына тіркелген оқырмандар саны 102 594 ,бір оқу жылындағы келушілер саны 787 649 оқырман, 1 487 303 әдебиет берілген.

         Жылдан жылға оқырман санының ұлғаюына сәйкес алдағы жылдары білім беру ұйымдарындағы кітапхана қорларын жаңа әдеби оқулықтармен одан әрі толықтыру ету жоспарлануда.

         Бұл мақсатта,  2024 жылы 85 000, 2025 жылы 95 000 дана қосымша көркем әдебиеттер сатып алу көзделген.

 

74.

Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру бойынша жобаны іске асыру (көркем, ғылыми-фантастикалық әдебиеттер сатып алу):

2023 жыл - 25 мың дана;

2024 жыл - 40 мың дана;

2025 жыл - 50 мың дана;

2026 жыл - 50 мың дана;

2027 жыл - 50 мың дана

2023 - 2027 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қызылорда қаласы мен аудандық білім бөлімдері және әдістемелік кабинеттер;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті
(келісім бойынша)

Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру бойынша жобаны іске асыру (көркем, ғылыми-фантастикалық әдебиеттер сатып алу):

2023 жыл- 184 268 дана

75.

Қосымша білім беру мемлекеттік тапсырысын орналастыру:

2023 жыл - 5 000 орын;

2024 жыл - 5 250 орын;

2025 жыл - 5 500 орын;

2026 жыл - 5 750 орын;

2027 жыл - 6 000 орын

2023 - 2027 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қызылорда қаласы мен аудандық білім бөлімдері;

 

Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті
(келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы (келісім бойынша)

2021 жылғы мамыр айынан бастап балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына қарыжыландыру бағдарламасы жұмыс жасауда. 2023 жылға жергілікті бюджеттен мемлекеттік спорттық тапсырыс пен шығармашылық үйірмеге 4011,6 млн.теңге қаржы бөлінді. Жалпы 30228 оқушы тегін шығармашылық үйірме және спорттық секциямен қамтылды.

 

 

76.

Балаларды қосымша біліммен қамту

2023 жыл - 85 %;

2024 жыл - 93,8 %;

2025 жыл - 95,6 %;

2026 жыл - 98,5 %;

2027 жыл - 100 %

2023 - 2027 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қызылорда қаласы мен аудандық білім бөлімдері;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті
(келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы (келісім бойынша)

 

Өңірде 62 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы (8 оқушылар Үйі,  1 қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы,13 өнер мектебі, 23 спорт мектебі, 7 лагері, 5 мектеп жанындағы орталық, 5 жеке жұмыс жасайды), онда 58 848 бала қамтылған. Мектептерде спорттық секциялар мен үйірмелерге 156 764  (89%) оқушы тегін қатысады.  Анықтама үшін: Мектеп жанындағы үйірмелердегі бағыттар: көркем-эстетикалық бағытта, қолданбалы қолөнер бағыты, техникалық, қоршаған орта, туристік және өлкетану, әлеуметтік және гуманитарлық, жаратылыстану-математика, тіл, спорт және басқа да бағыттар.  295 мектеп жанынан (баскетбол, волейбол, футбол, қолдобы, шахмат, шағын футбол, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, ұлттық спорт түрлерінен) 1 877 спорттық секциялары жұмыс жасайды. Оған 93 796 бала қамтылған. 1877 дене шынықтыру мұғалімдеріне қосымша сабақтан тыс секция жұмыстарын жүргізуге базалық лауазымдық жалақы төленуде. 

77.

Балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін жаңа ірі объектілер салу (өнер мектептері мен инноваициялық шығармашылық орталығы):

2024 жыл - Қызылорда қаласынан инноваициялық шығармашылық орталығы құрылысы (Жергілікті бюджет);

2025 жыл - Қызылорда қаласынан инновациялық шығармашылық орталығы және Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентіне өнер мектебінің құрылысы (Республикалық бюджет);

2026 жыл - Қызылорда қаласы және Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінен өнер мектебінің құрылысы;

2027 жыл - Қызылорда қаласы және Шиелі ауданы, Шиелі кентінен, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен өнер мектебінің құрылысы.

2024 - 2027 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының құрылыс,
сәулет және қала құрылысы басқармасы;

 

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері;

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті

(келісім бойынша)

 

Жеке инвестор есебінен («Қазгермұнай» БК ЖШС) 2023 жылы Қызылорда қаласының сол жағалауына 350 орындық (2 млрд. 371 мың тг) оқушылар сарайының құрылысы басталып, 2024 жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 2024-2026 жылдары (Шиелі, Жаңақорған аудандары) 200 орындық 2 оқушылар үйі мен 50 орындық 2 өнер мектебін пайдалануға берілу жоспарлануда. Сондай-ақ, кешенді жоспарға сәйкес аймақтан маусымдық тынығу орталығы 2027 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 

 

78.

Азаматтық-патриоттық таным деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылатын қоғамдық шаралар оның ішінде  оқушылардың өзін–өзі басқару және дебат қозғалысына тартылған білім алушылардың үлесі

2023 жыл - 60 мың оқырман;

2024 жыл - 65 мың оқырман;

2025 жыл - 70 мың оқырман;

2026 жыл - 75 мың оқырман;

2027 жыл - 80 мың оқырман

2023 - 2027 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қызылорда қаласы мен аудандық білім бөлімдері;

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті
(келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы (келісім бойынша)

 

«Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы және Ұлттық пікірсайыс  дебаттық клубтарының жұмысын жүзеге асыру мақсатында бүгінде  Қызылорда облысы бойынша жалпы  (қазақ лигасы, орыс лигасы, ағылшын лигасы) белсенді жұмыс жасауда. Оның ішінде негізгі, орта білім беретін 286 мектепте 307 клуб және 28 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 28 дебаттық клубтары бар. Пікірсайыс қозғалысы ағымдағы оқу жылында мектептерде 8390 оқушыны, колледжде 613 студентті қамтиды.

79.

Қосымша білім беру педагогтарының біліктілігін арттыру курсымен қамту:

2023 жыл - 185 тыңдаушы;

2024 жыл - 250 тыңдаушы;

2025 жыл - 265 тыңдаушы

2023 - 2025 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті (келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің  Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы
(келісім бойынша)

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығынан -186 педагог курстан өткен

 

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ 

80.

Мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім берумен қамтамасыз ету:

2023 жыл - 4 668 орын (86,4%);

2024 жыл - 4 708 орын (94,7%);

2025 жыл - 5 308 орын (100%)

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (келісім бойынша);

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (келісім бойынша)

2023-2024 оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға бюджеттен 4668 (жергілікті - 3108, республикалық – 1560) орын мемлекеттік тапсырыс бөлініп, 9 сыныпты бітірушілердің 86,0 пайызы кәсіптік біліммен қамтылды.                             2024-2025 оқу жылына 4608 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптасыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

 

81.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналыстыру:

2023 жыл - 250 орын;

2024 жыл - 300 орын;

2025 жыл - 350 орын;

2026 жыл - 400 орын;

2027 жыл - 450 орын;

2028 жыл - 500 орын;

2029 жыл - 550 орын

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (келісім бойынша)

2023-2024 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 350 орын педагогикалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс бөлініп, орналастырылды.

2024-2025 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптасыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Педагогикалық мамандықтарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жоспарға сәйкес жүргізіледі

 

82.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде кәсіпорындардың өтінімдері бойынша колледждерде кадрларды мақсатты түрде даярлау:

2023 ж. – 200 орын;

2024 ж. – 250 орын;

2025 ж. – 300 орын;

2026 ж. – 350 орын;

2027 ж. – 400 орын;

2028 ж. – 450 орын;

2029 ж. – 500 орын.

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (келісім бойынша);

 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкер палатасының қызылорда облыстық филиалы
(келісім бойынша)

 

Кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша колледждерге  2023 жылы - 251 талапкер әңгімелесу арқылы оқуға қабылданды.

 

 

83.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесін арттыру:

2023 жыл - 65%;

2024 жыл - 85%;

2025 жыл - 100%

2023 - 2025 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (келісім бойынша)

 

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған.

 

84.

Арал, Қазалы аудандарында 175 орындық студенттік
2 жатақхана салу (Арал индустриалды-техникалық колледжі - 75 орын, Қазалы аграрлы-техникалық колледжі - 100 орын)

2024 жыл - 1 объект;

2025 жыл - 1 объект

2024 - 2025 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Жеке инвестиция

2023 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жеке кәсіпкер «Байболатов Е» 75 орынға арналған жатақхана құрылысын аяқтап, Арал индустриалды-техникалық колледжінің білім алушылары үшін пайдалануға берді.

 

85.

1 колледжге 300 орынды жатақханасы бар 450 орынды жаңа оқу ғимараты құрылысын салу:

(Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі)

2025 жыл - 1 объект

2025 жыл

Қызылорда облысының құрылыс,
сәулет және қала құрылысы басқармасы;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы

 

Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі ғимаратының тасы қаланып, құрылысы басталуда

86.

1 колледжге қосымша ғимарат құрылысын жүргізу:

(М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжіне спорт зал, акт зал, шеберхана)

2025 жыл - 1 объект

2025 жыл

Қызылорда облысының құрылыс,
сәулет және қала құрылысы басқармасы;

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы,

 

Қызылорда облысының білім басқармасы

 

Қосымша ғимараттың ПСД-ы бюджетке ұсынылды.

87.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын, оның ішінде бизнес қаражаты есебінен нығайту:

2024 жыл - 1 колледж;

2025 жыл - 1 колледж;

2026 жыл - 1 колледж;

2027 жыл - 1 колледж;

2028 жыл - 1 колледж;

2029 жыл - 1 колледж

2024 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (келісім бойынша);

 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкер палатасының қызылорда облыстық филиалы
(келісім бойынша) 

Жоспарға сәйкес жүзеге асырылатын болады

88.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, оның ішінде жергілікті атқарушы орган қаражаты есебінен:

2024 жыл - 1 колледж

2024 жыл

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

ҚР Оқу-ағарту министрлігіне хат жолданды. 2024 жылы 1 колледжге  (М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі) жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлінетін болады.

89.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен пилоттық жоба режимінде іске асырылатын жалпы білім беретін мектептердің
10-11 сыныптары білім алушылары үшін жұмысшы біліктілігі бойынша білім беру бағдарламаларын енгізу:

2023 жыл - 30 білім алушы;

2024 жыл - 40 білім алушы;

2025 жыл - 50 білім алушы;

2026 жыл - 60 білім алушы;

2027 жыл - 70 білім алушы;

2028 жыл - 80 білім алушы;

2029 жыл - 90 білім алушы

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (келісім бойынша);

 

«Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

Қазалы және Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі базаларында жалпы орта мектептердің 10-11 сыныптарындағы 46 оқушы (Қазалы – 25, Жаңақорған - 21) жұмысшы біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламалары бойынша оқытылуда.

 

90.

WorldSkills бағалау жүйесін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу процесіне 100% дейін енгізу:

2023 жыл - 62 %;

2024 жыл - 78 %;

2025 жыл - 100 %.

2023 - 2025 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (келісім бойынша);

 

«Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

Халықаралық талаптарға сай кадрлар даярлауда білім беру бағдарламаларына «WorldSkills» бағалау жүйесінің 62%-ы енгізілді.

 

91.

Жергілікті атқарушы органдарда көзделген қаражат шеңберінде колледждерде білім алушылардың академиялық ұтқырлығын енгізу:

2025 жыл - 10 білім алушы;

2026 жыл - 25 білім алушы;

2027 жыл - 35 білім алушы;

2028 жыл - 50 білім алушы;

2029 жыл - 70 білім алушы

2025 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (келісім бойынша);

 

«Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (келісім бойынша) 

Жоспарға сәйкес жүзеге асырылатын болады

92.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтарын біліктілік арттыру курстарымен қамту:

2023 жыл - 832 педагог;

2024 жыл - 200 педагог;

2025 жыл - 200 педагог;

2026 жыл - 800 педагог;

2027 жыл - 200 педагог;

2028 жыл - 200 педагог;

2029 жыл - 800 педагог

2023-2029 жж.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (келісім бойынша);

 

«Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (келісім бойынша);

 

Қызылорда облысының білім басқармасы 

Факт – 916  педагог біліктілік арттырды. Оның ішінде: НЗМ,ПШО – 289 педагог, «Талап» КЕАҚ – 597 педагог,Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы - 30 педагог.

 

 

 

93.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарларын менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқыту:

2023 жыл - 60 адам;

2024 жыл - 14 адам;

2025 жыл - 14 адам;

2026 жыл - 60 адам;

2027 жыл - 14 адам;

2028 жыл - 14 адам;

2029 жыл - 60 адам

2024-2029 жылдар

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (келісім бойынша);

 

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

«Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

2023 жылы менеджмент бойынша 65 педагог біліктілік арттырды. Оның ішінде: «Талап» КЕАҚ – 15 директор, 50 орынбасар мен әдіскер.

 

 

94.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кадр резервін қалыптастыру:

2023 жыл - 2;

2024 жыл - 2;

2025 жыл - 2;

2026 жыл - 2;

2027 жыл - 2;

2028 жыл - 2;

2029 жыл – 3

2023-2029 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (келісім бойынша);

 

«Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

2023 жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кадр резервін қалыптастыру мақсатында

2 ұйым тіркелді.

 

95.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істеу үшін өндірістен мамандарды тарту:

2023 жыл - 42 (10%);

2024 жыл -50 (11%);

2025 жыл - 54 (12%);

2026 жыл - 58 (13%);

2027 жыл - 62 (14%);

2028 жыл - 66 (15%);

2029 жыл - 70 (16%)

 

 

2023-2029 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (келісім бойынша);

 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкер палатасының қызылорда облыстық филиалы
(келісім бойынша)

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істеу үшін             42  маман өндірістен тартылып, жұмыс атқаруда.

 

 

96.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыспен білім алушы студенттердің дуальды оқытумен қамтылу үлесі:

2023 жыл - 25% ;

2024 жыл - 28%;

2025 жыл - 35%;

2026 жыл - 38%;

2027 жыл - 40%;

2028 жыл - 41%;

2029 жыл - 42%

2023-2029 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (келісім бойынша);

 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкер палатасының қызылорда облыстық филиалы
(келісім бойынша)

2023-2024 оқу жылында 24 колледжде 87 мамандық бойынша 3228 студент дуалды оқыту негізінде білім алуда

 

 

97.

Халықаралық салалық талаптарға (стандарттарға) сәйкес келетін құзыреттілік орталықтарын құру (бірлік):

2025 жыл - 1 (И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжі).

2025 жыл

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (келісім бойынша);

 

«Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

 

 

 

        Облыс орталығындағы                                         И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжі «Электрмен қамтамасыз ету» (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша тірек колледжі болуы бағытында халықаралық аккредитациядан өтуге бағытталды.                         Қазіргі уақытта колледж халықаралық аккредитациядан өту  үшін Атырау қаласындағы «APEC тренинг орталығымен» 24,0 млн. теңгеге келісім-шартқа отырып, кезең-кезеңімен жұмыстарды ұйымдастыруда. Қаржы колледждің бюджеттен тыс тапқан табысының есебінен іске асырылуда.

98.

Студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жанынан бизнес-инкубаторларын құру:

2023 жыл - 1;

2024 жыл - 1;

2025 жыл - 1;

2026 жыл - 1;

2027 жыл – 1

 

 

2023 - 2027 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкер палатасының қызылорда облыстық филиалы
(келісім бойынша)

2023 жылы И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжі жанынан бизнес-инкубатор құрылып, жұмыс жасалуда.

 

99.

Білім беру шаруашылықтары мен шағын кәсіпорындарды құру арқылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын коммерцияландыруды дамыту:

2023 жыл - 1;

2024 жыл - 1;

2025 жыл - 1;

2026 жыл - 2;

2027 жыл – 2

2023 - 2027 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкер палатасының қызылорда облыстық филиалы
(келісім бойынша)

«Ветеринария» мамандығы бойынша И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжі жанынан ветеринарлық пункт ашылып, ақылы негізде қызмет көрсетуде.

2024 жылы – Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде шағын кәсіпорын ашу жоспарлануда.

 

100.

Өз жеке ісін ашқан студенттер саны:

2023 жыл - 5;

2024 жыл - 10;

2025 жыл - 15;

2026 жыл - 20;

2027 жыл - 25;

2028 жыл - 35;

2029 жыл – 50

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы;

 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкер палатасының қызылорда облыстық филиалы
(келісім бойынша)

2023 жылы 5 студент өз кәсібін ашу бойынша жұмыстарды қолға алды.

101.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі:

2023 жыл - 70%;

2024 жыл - 72%;

2025 жыл - 75%;

2026 жыл - 76%;

2027 жыл - 77%;

2028 жыл - 78%;

2029 жыл - 80%

2023 - 2029 жылдар

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;

 

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы;

 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкер палатасының қызылорда облыстық филиалы
(келісім бойынша)

 

Қызылорда облысының білім басқармасы; 

2023 жылы 6059 түлек оқуды аяқтады, оның 3386-ы тұрақты жұмысқа орналасқан, яғни 76,4 %

 

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ 

102.

«Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықты және оның негізгі детерминанттарын тану» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізу

2023 жыл

Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті
(келісім бойынша)

 

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы;

 

Қызылорда облысының білім басқармасы 

Орта білім беру ұйымдарында жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

103.

Білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтерінің ата-аналар ұжымы алдында, оның ішінде білім беру ұйымын ұстауға бюджеттен бөлінген қаржы қаражатын жұмсау бойынша есепті кездесулерін өткізу

2023 - 2025 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті

(келісім бойынша)

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы 

Білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтерінің ата-аналар ұжымы алдында, оның ішінде білім беру ұйымын ұстауға бюджеттен бөлінген қаржы қаражатын жұмсау бойынша жұмыстар жүргізілуде

104.

Үлгілік базалық бағыт шеңберінде «Парасаттылық сағаты» сыныптан тыс сабағын өткізу

2023 - 2025 жылдар

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті

(келісім бойынша)

2023 жылғы  13 қыркүйекте облыстағы барлық орта білім беру ұйымдары оқушыларының қатысуымен Ә.Нұрпейісовтың ғұмыры туралы «Адалдық сағаты» акциясы өтті.

105.

«Жемқорлыққа жол жоқ» - жалпы білім беру ұйымдары арасында бейнероликтер байқауы

2023 жыл

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қызылорда облысының полиция департаменті
(келісім бойынша);

 

 

Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті

(келісім бойынша)

2023 жылғы қараша айында бейнероликтер байқауының аудандық, қалалық кезеңі өтті. Облыстық кезеңі ұйымдастырылған.

 

106.

«Саналы ұрпақ» жобасы аясында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар өткізу

2023 жыл

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті

(келісім бойынша)

 

 

Білім беру ұйымдарында «Саналы ұрпақ» жобасы аясында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде

 

107.

«Адал Ұрпақ» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлықсыз ел» білім беру ұйымдары арасында эссе байқауын өткізу

2024 жыл

Қызылорда облысының білім басқармасы;

 

Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті

(келісім бойынша)

 

Жоспарға сәйкес жүзеге асырылатын болады

Дата публикации
17 сентября 2024