Департаментпен тұрақты түрде әлеуметтік желідегі білім саласына қатысты мәселелерге зерделеу жүргізіп отырады.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында ауыл мектептерін модернизациялау, мектепішілік бақылау жұмыстарына мониторинг жүргізілді.
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша 7 жазғы тынығу лагерьлеріне мониторинг жүргізіліп, қорытындысы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментіне 27.05.2024 жылы №17-18/01-16/532 хаты жолданды.
Сонымен қатар, Департамент тарапынан мектебі жоқ елді мекендердегі мектеп «филиалдарына», бастауыш мектептерге, кешкі мектептерге мониторинг жүргізіліп, қорытындысымен бірқатар облыс әкімдігіне, облыстық білім басқармасына 17.09.2023 жылы №17-18/01-16/338, 15.05.2024 жылы №17-18/01-16/534 хаттар жолданды. Нәтижесімен білім беру қызметіне сәйкес келмейтін 8 «филиал», 5 бастауыш мектеп, 7 кешкі мектептер жабылды