Департамент жанынан 2021 жылғы қаңтар айынан бастап педагогикалық әдеп жөніндегі облыстық консультациялық-кеңесші орган құрылған.
Әрбір өткізілген отырыс қорытындысымен білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Кеңес тарапынан (бұдан әрі-Кеңес) бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар берілуде.
Биылғы жылдың 6 ақпан 2024 жылы 1 тоқсанында 1 Кеңес отырысы өткізілді.
Нәтижесімен, Кеңес отырысының хаттамалық шешімінде көрсетілген ұсыныстарға сәйкес, білім басқару органдарына хат жолданып, 1 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына «ескерту», 11 педагогке академиялық адалдық сақтамағаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс берілді.
2024 жылдың 20 маусымында 2 отырыс өткізіліп, Педагогикалық әдеп кеңесінің өзгертілген құраммен таныстырылды.
Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында «ДЕПАРТАМЕНТ ТҮСІНДІРЕДІ» айдарында педагогикалық әдеп нормалары мен олардың құқықтарына қатысты түсіндірмелер берілуде. Мысалы, ақпанның 13 күні «Мұғалімдерді кезекшілікке қоюдың белгіленген тәртібі бар ма? Жұмыс уақытынан тыс мезгілде кезекшілікке тұруға міндеттеуге жұмыс берушінің қаншалықты құқығы бар»? деген сауалға кеңінен түсіндірме жасалды.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы қойылған сауалдарға дер кезінде жауап беріліп, түсіндірмелер жасалуда.
Департамент тарапынан «ZOOM» платформасы арқылы педагогтердің әдеп нормалары, педагогтердің теріс қылығы үшін қолданылатын тәртіптік жаза түрлері мен білім беру ұйымдарындағы педагогикалық кеңестің әлеуетін толыққанды пайдалану, жұмысын жандандыру, психологиялық қызметтің жұмысын жетілдіру, оның тиісті деңгейде жүргізілуі туралы үнемі түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Есепті кезеңде «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығының 2-тарау, 1 – параграф, 29-тармағына сәйкес Қызылорда облысының аумағындағы білім беру ұйымдарында бос лауазымға өткізілген конкурстарға қатысушы үміркерлерге қатысты педагогикалық әдептің бұзылуы туралы 43 сұранысқа жауап берілді.