Мемлекеттік бақылау шаралары

Мемлекеттік аттестаттау 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 96 білім беру ұйымында жүргізілді, оның ішінде 23 (20,2%) білім беру ұйымы аттестатталды, 73 (79,8%) білім беру ұйымы аттестатталмады. 66 мектепке дейінгі білім білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау өткізілді, нәтижесінде 49 (79,6%) білім беру ұйымы аттестатталмады, 17 (20,4%) - аттестатталды. Сонымен қатар, 30 жалпы орта білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау қорытындысымен 24 (80%) білім беру ұйымы аттестатталмаса, 6 (20%) жалпы орта білім беру ұйымы аттестаттаудан өтті. Мемлекеттік аттестаттау қорытындысымен білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсынымдар жасалды.
Мемлекеттік аттестаттау жүргізілетін 30 мектептің 4, 9-сыныптарындағы тест жұмыстарына Департамент мамандары бақылаушы ретінде қатысты.
Мемлекеттік аттестаттауға қатысты 30 мектептің 57 сыныбынан тест жұмыстары 2734 оқушы қатысқан, бұл қатысуға тиісті оқушылардың 96,7% құрайды. «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығына сәйкес компьютерлік тестілеуге білім алушылардың төменінде 90%-ы қатысуға тиісті. Шиелі ауданындағы кешкі мектептен 6 білім алушының 83,3%, Жаңақорған ауданындағы кешкі мектептен 10 білім алушының 70% қатысып, тиісті 90% жетпеген.
Бағалар бойынша "5" бағасын - 90 оқушы, "4" бағасын - 729 оқушы, "3" бағасын - 1470 оқушы, "2" бағасын - 453 оқушы алған. Мұнда үлгермеуші оқушы 100%, яғни 30 мектепте де орын алған (қосымша кесте тіркелді).
Сонымен қатар, Шиелі (5 білім алушы) және Жаңақорған (7 білім алушы) ауданындағы кешкі мектепте 100% оқушылар "2" бағасын алған, яғни үлгермейді, ал, Қармақшы (12 білім алушы) ауданындағы кешкі мектепте 80% оқушылар "2" бағасын алып отыр.
Сол сияқты, 4, 9-сыныптарда Арал ауданындағы №227 мектепте, 4-сыныпта Қазалы ауданындағы №225 мектепте, Арал ауданындағы №200 мектепте білім сапасы 0% құраған. Жалпы мектептердің (30) білім сапасы 29,9% болып отыр.
Күндізгі білім беретін мектептер бойынша 9-сыныпта Шиелі ауданындағы №214 мектепте 51% оқушы, Қазалы ауданындағы №225 мектепте 50% оқушы, Қармақшы ауданындағы №183 мектепте 44% оқушы, Шиелі ауданындағы №219 мектепте 41% оқушы, Арал ауданындағы №83 мектеп, Шиелі ауданындағы №159 мектеп, Жалағаш ауданындағы №119 мектепте 33% оқушы, 4-сыныпта Арал ауданындағы №227 мектепте 57% оқушы, Арал ауданындағы №83 мектеп пен №200 мектепте 33% оқушы "2" алған, яғни бағдарламаны үлгермегендігін көрсетті.

Дата публикации
17 сентября 2024