Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша өтініштерді қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығымен «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы стандарт бекітілген.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрін алуға 32 өтініш тіркеліп, барлығы қанағаттандырылды. Білім беру мекемелерінің құжаттарына қызмет көрсетіліп, бару елдері бойынша 13–Оңтүстік Корея еліне, 2 - Польша, 8- Турция, 6- Италия, 1- Литва, 1- Германия, 1-Австрия мемлекеттеріне кеткен.