«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру бойынша өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы «arm.elicense.kz» жүйесі арқылы жүзеге  асырылады.  Мемлекеттік қызмет көрсету «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрығы  және «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

2024 жылдың  6 айында «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіне білім беру ұйымдарынан барлығы – 20  өтініш тіркелді. Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру - 13 мектеп.  Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу – 4 (2 колледж, 2 мектеп). Оның ішінде - 11 қанағаттандырылды (3-мектепке бас лицензия ("YBYRAI ULTTYQ MEKTEBI QYZYLORDA", Рақымжан Әлиарыстанұлы атындағы мектеп, 9 HIGH School), 4 мектепке лицензияға қосымша берілді ("Oрда School" жеке мектебі – 3 рет, «Daryn school» білім беру»), 4-қайта рәсімделді ("Zangar Интеллектуалдық мектебі", «Байтерек» School.kz, Сейхун колледжі, «Абылай хан» жоғарғы колледжі), 9-өтініш бойынша дәлелді бас тартылды (мектепке қосымша беруге).

Дата публикации
17 сентября 2024