Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің  2023 жылдың тоғыз айында атқарған жұмыстарының есебі

2023-2024 оқу жылында Қызылорда облысындағы білім беру ұйымдарының желісі 1046 құрады, оның ішінде  686 мектепке дейінгі, 331 жалпы орта, 29 техникалық және кәсіптік білім беру қызметін жүзеге асырады.

  1. Білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар.

Ағымдағы жылы мемлекеттік аттестаттау жоспарланған 198 білім беру ұйымының 116-на аттестаттау жүргізіліп, әдістемелік ұсынымдар жасалды.

Қорытындысы облыс әкімдігіне, облыстық білім басқармасына жолданды. 2023 жылғы мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша 1 жеке колледж жабылды. Сонымен қатар, 2024 жылғы мемлекеттік аттестаттау тізбесінің жобасына енгізіліп отырған 2 кешкі мектеп жабылды.

Мемлекеттік аттестаттау барысында жүргізілген кешенді тестілеу нәтижелеріне талдау жасалып, білім сапасы анықталып, төмен нәтиже көрсеткен пәндер мен жекелеген оқушылармен нақты жұмыстар жүргізу туралы облыстық білім басқармасына ұсыныстар берілді.

Білім сапасына кері әсер ететін факторлардың бірі – біліктілік талаптарға сәйкес келмейтін бастауыш мектептердің болуы. Бастауыш мектепті бітірген оқушылар негізгі мектепке келгенде өте төмен білім сапасын көрсететіндігі педагогтар тарапынан айтылуда.

Осы орайда 2023 жылы – 3 бастауыш мектеп Департамент ұсынысымен таратылып, оқушылар орта мектеп жанындағы интернаттарға орналастырылды.

2023 жылы мектебі жоқ  елді мекендердегі 8 бастауыш білім беретін қосымша ғимараттары жабылып, балалары мектеп-интернаттарға орналастырылды.

 Аталған мәселені Департамент 2020-шы жылдан бері көтерген болатын.

Білім сапасына әсер ететін негізгі факторлар:

 білім беру ұйымы басшысының потенциалы, педагогтердің біліктілігі,

материалдық-техникалық базасының деңгейі,

ата-аналармен бірлескен іс-әрекеттер болып есептеледі деп санаймыз.

Департамент тарапынан облыстағы барлық педагогтердің аудандар бойынша біліктілік санаттарына талдау жасалып, облыстық білім басқармасына педагогтердің біліктілігін арттыру туралы нақты ұсыныстар берілді. Мысалы, мониторинг қорытындысымен облыс бойынша мектепке дейінгі педагогтардың 12% - ғана педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы біліктілік санаттары бар екендігі анықталып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының біліктілігін арттыру мақсатында біліктілік санатын көтеру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.

 Мектептердің стандартқа сәйкес білім беруі, зертханалық жұмыстарды сапалы өткізуі үшін пән кабинеттерімен жасақталуына да талдау жүргізіліп, қорытындысы облыстық білім басқармасына жолданып отырады. Өз кезегінде облыстық білім басқармасы кабинеті жоқ мектептерді кезең-кезеңмен жабдықтау жұмыстарын жүргізуде.

Білім беру ұйымдарына жүргізілетін сыртқы бағалау қорытындылары да талданып, білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелері бойынша да нақты жұмыстар жүргізілуде.

2022 жылғы МОДО қорытындысымен Қызылорда облысының көрсеткіші 4-сыныптар бойынша – 21,88 (республика - 20,50), 9-сыныптар бойынша – 52,60 (республика - 47,32). Сонымен қатар, 2023 жылы ҰБТ-ға қатысқан  7504 мектеп бітірушілердің 59,3% дұрыс жауап беріп, республикалық көрсеткіш бойынша 1-ші орында.

Департамент бірнеше жылдан бері білім сапасын арттырудың негізгі факторларының бірі ретінде мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыру қажеттігін көтеріп, осы бағытта білім беру ұйымдарын зерделеп, бірқатар ұсыныстар берген болатын.

Атап айтқанда, мониторинг қорытындысымен мектеп әкімшілігі тарапынан Бөлім бойынша жиынтық бағалау/тоқсан бойынша жиынтық бағалау (БЖБ/ТЖБ) педагогтардың толтырған нысаны бойынша жинақталғанымен, талдау жүргізілмейтіндігі анықталды, яғни жиынтық бағалау балдарының пайыздық мазмұны, сапа, үлгерім, қол жеткізілген мақсаттар, қиындық тудырылған мақсаттар бойынша талданбаған, туындаған қиындықтардың тізбесі мен себептері айқындалмаған.

 Осы тұрғыда арнайы мектепішілік бақылау бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірлеу қажеттігі туралы Комитетке ұсыныс берілген болатын. Биылғы оқу жылында осы әдістемелік нұсқаулықтың шыққаны білім беру ұйымдары үшін жұмыстарын жүйелеуге, білім сапасын арттыруға оң ықпалын тигізетіндігіне сенімдіміз.

Осы орайда Департаменттің бастамасымен Облыстық оқу-әдістемелік орталықпен бірге «Әдістемелік бір күн» шарасы өткізіліп, барлық 7 аудан мен Қызылорда қаласының мектеп директорлары мен орынбасарлары қатысып, нәтижесінде мектепішілік бақылау жұмысын жолға қойған мектептер базасында бірнеше облыстық семинарлар өткізілетін болып шешілді. Департамент тарапынан Облыстық оқу-әдістемелік орталықтың ұйымдастыратын әдістемелік іс-шараларына бақылау жүргізілетін болады.

Қызылорда облысы бойынша білім сапасын арттыру бағытындағы негізгі жұмыстар Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсенбаев пен Облыс әкімі Н.Нәлібаевтің бекіткен «Білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған жол картасы» аясында жүргізілуде.

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет. Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) екі бағыт бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» және «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу».

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру бойынша өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы «arm.elicense.kz» жүйесі арқылы жүзеге  асырылады.  

2023 жылдың тоғыз айында  «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіне білім беру ұйымдарынан барлығы – 39 өтініш тіркелді. Сонымен қатар, есеп комитетінің сұранысына сәйкес   2020-2022 жылдар аралығындағы «Е-лицензия» порталындағы ақпаратқа зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша өтініштерді қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  арқылы жүргізіледі.

2023 жылдың тоғыз айы бойынша «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрін алуға  295 өтініш тіркеліп, барлығы қанағаттандырылды. 

3.Мемлекеттік бақылау шаралары. Мемлекеттік аттестаттау 2023 жылдың тоғыз айында 116 білім беру ұйымында жүргізілді, қорытындысымен 38 (32,7%) білім беру ұйымы аттестатталды, 78 (67,3%) білім беру ұйымы аттестатталмады. 15 техникалық және кәсіптік білім білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау өткізілді, нәтижесінде 15 (100%) білім беру ұйымы аттестатталмады. Сонымен қатар, 43 жалпы орта білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау қорытындысымен 30 (69,7%)  білім беру ұйымы аттестатталмаса, 13 (30,2%)  жалпы орта білім беру ұйымы аттестаттаудан өтті. 58 балабақшаның 33-і (56,7%)   аттестатталмаса, 25-і (43,1%) аттестатталды. Мемлекеттік аттестаттау қорытындысымен білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсынымдар жасалды.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың қаңтар айында 15 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау жүргізілді, нәтижесінде 15 білім беру ұйымында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеген. (И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде 2 мамандық, «Болашақ» Университетінің жоғары колледжінде 29 мамандық, Қызылорда инженерлік техникалық колледжінде 5 мамандық, Қызылорда гуманитарлық – экономикалық колледжінде 11 мамандық, Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде 27 мамандық, С.Ысқақов  атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес  колледжінде 16 мамандық, Қазалы гуманитарлық – техникалық колледжінде 9 мамандық, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі 5 мамандық, Арал көпсалалы колледжінде 14 мамандық, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 2 мамандық, Orda жоғары колледжінде 32 мамандық, Сырдария аграрлы-техникалық колледжі 12 мамандық, Қызылорда көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінде 12 мамандық, Шиелі индустриалды – аграрлық колледжінде 3 мамандық, спорт мектеп-колледжі – 1 мамандық).

Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары аясында бұзушылық сипаты және саны бойынша:

  • оқу жылына арналған жұмыс жоспары-11,
  • білім беру бағдарламалары-13,
  • оқу жоспарының моделі негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарлары-11,
  • 1, 2-қосымшаларына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндері және (немесе) модульдері бойынша ТжКОКкБ бекіткен жұмыс оқу бағдарламалары-8,
  • ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар үшін жеке оқу жоспарын және арнайы оқу бағдарламасы-3,
  • міндетті жалпы білім беретін пәндердің, сондай-ақ тереңдетілген және стандартты оқыту деңгейлеріндегі пәндердің тізбесі мен көлемі-8,
  • бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының жекелеген модульдерін немесе пәндерін енгізе отырып, модульдерге интеграцияланған білім беру бағдарламаларын зерделеу-1,
  • жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық пәндерді немесе базалық модульдерді, сондай-ақ кәсіптік модульдерді оқыту-2,
  • өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы жүзеге асыру және одан өту-5,
  • үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу-10,
  • ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқыту үшін әзірленген арнайы оқу бағдарламалар-2,
  • ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқыту үшін әзірленген жеке оқу бағдарламалары мен жоспарлары-4,
  • білім алушылардың аптадағы оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар-6,
  • міндетті оқытуға арналған оқу уақытының көлемін сақтау-4,
  • білім алушының оқу жүктемесінің көлемін сақтау-7,
  • кешкі оқыту нысаны үшін 70%-дан төмен емес және сырттай оқу нысаны үшін 30%-дан төмен емес міндетті оқу сабақтары уақыты көлемі-2,
  • дескрипторларымен айқындалалатын білім алушылардың дайындық деңгейі-6,
  • білім беру бағдарламаларын меңгеру мерзімдерінің сақталуы-2.

Сонымен қатар, наурыз айынан бастап мектептер мемлекеттік аттестаттаудан өткізілуде. Осы орайда, атап өтетін мәселе бағалау өлшемшарттарына сәйкес кейбір мектептер бағалау кезеңіне мектептің есебін толық ұсынбай педагогтер пайдаланған немесе жүргізген білім беру қызметтеріне қатысты ақпараттарды шектеп келеді. Мысалы, Қазалы ауданындағы №100 орта мектеп мектепалды даярлық сынып бойынша 9 өлшемшарт бойынша ешқандай құжат ұсынбаса, 1-11-сыныптар бойынша 19 өлшемшарттың 10 өлшемшартына есеп ұсынбаған. Сол сияқты, біліктілік талабы бойынша     2021 жылы edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атау алу  қажеттігі жөнінде хатпен барлық білім бөлімдері мен білім беру ұйымдары ақпараттандырылғанымен Қазалы ауданындағы №93, №95  орта мектептерде   2 жылдан аса уақытта домендік атау алынбаған. Қармақшы ауданындағы №80 мектеп-гимназия 9- қосымшада көрсетілуі тиісті техникалық оқыту құралдарының, оқу және оқу-зертханалық жабдықтардың тізбесіне химия пәнінен басқа жабдықтар мен жиһаздарды жазбай, өзге пәнде (19 пән) оқытуға қажетті құралдар пайдаланылмаған етіп ақпарат орналастырған.

Сонымен бірге, сыртқа тәуелді мерзімді талап ететін жабдықтаулар, педагогтер мен білім беру ұйымдары басшыларын аттестаттау және біліктілік арттыру курсы мерзімін өткізіп алу, өрт кауіпсіздік шаралары сияқты мерзімінде атқарылмаған талаптар кемшіліктер санын арттырып отыр.

Бұған дейін өңірдегі барлық білімге қатысушыларға әдістемелік нұсқау таратылып, желтоқсан айында бірнеше рет түсіндірме жұмыстары жүргізілген, нұсқаулықта түгендеу тізімдемесі бар (жабдықтар мен жиһаздар). Бірақ, бүгінгі күнге дейін мектептерден Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандары бойынша білім бөлімдерінің тізбені келісу бойынша ақпараты ұсынылмады. Мемлекеттік аттестаттаудан өткізілген білім беру ұйымдары бойынша қорытынды, кемшіліктер көрсетіле отырып мектептерге жіберілді.

Осыған орай, бұзушылықтарды болдырмау мақсатында облыстық білім басқармасына хат жолданды.

        4.Педагогикалық әдеп және педагогтердің құқықтарын қорғау жөніндегі консультациялық-кеңесші орган жұмысы.

        2023 жылғы 7 ақпан күні  «Қазақстандық салалық білім және ғылым  қызметкерлері кәсіптік одағының  Қызылорда облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі - облыстық кәсіподақ комитеті), Қызылорда облысының білім басқармасы, «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі арасында Білім беру ұйымдарында Білім саласының заңнамаларың, педагог  құқығы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және сала қызметкерлерінің әлеуметтік экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында үш жақты келісім шарт жасалып, Меморандумға қол қойылды.

        Қазіргі таңда 3 Кеңес отырысы өткізілді.  Нәтижесімен, Кеңес отырысының хаттамалық шешімінде көрсетілген ұсыныстарға сәйкес, білім басқару органдарына хат жолданып,  1 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары атқаратын қызметінен босатылды, 1 мектеп директорына  - «қатаң сөгіс», 1 мектеп  директорына - «сөгіс»,  1 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына - «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

        4.Мониторинг қорытындылары. Департаментпен тұрақты түрде әлеуметтік желідегі білім саласына қатысты мәселелерге зерделеу жүргізіліп отырады.

        2023 жылдың 1-тоқсанында  «Алтын белгі» белгісіне үміткерлердің үлгеріміне зерделеу жүргізілді. Облыс бойынша барлығы 272 білім беру ұйымында 596 үміткер бар. Үміткерлердің барлығының үлгерімі сәйкес келетіндігі зерделеу қорытындысымен нақтыланды.

        «Жайлы мектеп» жобасы бойынша Қызылорда облысының білім басқармасына ұсыныстар берілді. Нәтижесінде 21 мектеп салу қарастырылуда. Департамент тарапынан әрбір мектеп бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп, зерделенді.

        Қызылорда облысының білім басқармасы, Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы, Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бірлескен бұйрығы негізінде мектептердегі оқушыларға берілетін ыстық тамақ сапасына, асханалардың жай-күйіне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, түсіндірме жұмыстары жасалды.

        Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында үкіметтік емес ұйымдар, Бала құқығы жөніндегі уәкіл, облыстық білім басқармасымен бірлесіп білім беру ұйымдарының бейнебақылау камералары мен турникеттермен қамтамасыз етілуіне, дабыл түймесінің жұмыс жасауына, арнайы күзетпен қамтамасыз етілуіне зерделеу жүргізілді.

        Аймақтағы барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйесімен 100% қамтылған.  Қала, аудан орталықтарындағы 288 мектептің бейнебақылау жүйесі жедел басқару орталығына және полицияның кезекші бөлімдеріне қосылған. 

Жалпы, білім нысандарын инженерлік-техникалық қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдан бастап жергілікті бюджеттен бұл мақсатқа тиісті қаржы бөлініп, білім беру ұйымдарының бейнабақылау жүйесін жаңарту бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69 бұйрығына сәйкестендірілуде.

        Биылғы жылға да 35 мектептің бейнебақылау жүйесін талапқа сәйкестендіру үшін 252 млн.теңге, Қызылорда қаласындағы 28 балабақшаның бейнебақылау жүйесіне жергілікті бюджеттен 201,6 млн.тг бөлінді. 

Қызылорда қаласы және аудан, кенттерде орналасқан 170 мектепке полиция бөлімшелеріне қосылатын дабыл түймесін орнату үшін облыстық бюджеттен 97,1 млн.теңгеге бөлінді. Нәтижесінде барлық білім беру ұйымдарының дабыл түймесі мәселесі толықтай шешімін тапты.

Министрліктің №117 бұйрығына сәйкес, өңірдегі бала және персонал саны 700-ден асатын және облыс орталығында орналасқан білім беру ұйымдары турникетпен,  қамтылған.

        2023 жылдың қаңтар айында Комитет төрағасының тапсырмасына сәйкес білім беру ұйымдарына жүргізілген мемлекеттік бақылау шараларының картасы әзірленіп, Комитетке жолданды. Қорытындысы барлық мемлекеттік білім беру ұйымдары толық бақылаумен қамтылғанын көрсетті.

        2023 жылдың қаңтар айында мемлекеттік бақылау шараларына қатысатын эксперттер тізімі жаңартылып, Республикалық эксперттер тізіміне енгізу үшін Комитетке 122 педагогтің тізімі жолданды.

        Комитет төрағасының аппараттық жиналыстарда берген тапсырмалары орындалып, ресми хатпен Комитетке жолданды. (13.04.2023 ж. №17-18/01-16/239 хаты).

        Қазіргі таңда мектепішілік бақылау, ұлттық білім беру деректер көзінің нақтылығына, интернет желісінің жылдамдығына, «Оқуға кұштар мектеп» жобасының орындалуына зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

        5.Көшпелі алқа отырыстары. Департамент басшысы                        Ғ. Дәулетова 2023 жылғы 9-13 ақпан аралығында Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған ауданы мен Қызылорда қаласында өткізілген облыстық білім басқармасының көшпелі алқа мәжілісіне қатысып, педагогикалық әдеп қағидалары, педагогтердің қызметтік және қызметтен тыс уақыттағы мәдениетіне, мемлекеттік бақылау шараларының қорытындыларына, мемлекеттік көрсетілетін қызмет, білім сапасын арттыру мәселелеріне, білім саласын реттейтін заңнамалық актілерге және осы аудандардың білім беру ұйымдарының проблемалық мәселелеріне тоқталды. Ақпараттық-түсіндірме жұмыстарымен 4907 педагог қамтылды.

        6.Балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар. Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында мониторингтік топ 2023 жылға бекітілген жоспарға сәйкес  облыстық білім басқармасымен бірлесіп «Қызылорда облысының білім басқармасының «Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернаты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қызылорда облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, балалардың құқықтарын қорғау бағытында бірқатар ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, Қызылорда қаласында орналасқан «Ақмешіт» Қожа Ахмет Яссауи» қайырымдылық мекемесінің жұмысымен танысып, бағыт-бағдар берілді.

        Департамент басшысының орынбасары кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияға, Қызылорда қаласы әкімі орынбасары жанындағы қалалық комиссия жұмыстарына қатысып, ұсыныстар берілді.

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. 2023 жылдың тоғыз айында жеке және заңды тұлғалардан 71 өтініш Барлық қаралғаны 51 өтініш, оның ішінде, қолайлы әкімшілік акт қабылданғаны 31, түсіндірілгені – 17,  қысқартылғаны – 3. 20 өтініш бойынша басқа органның қарауына жіберілген.

        8.Ақпараттық-түсіндірме жұмыстары. 2023 жылдың тоғыз айында білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, ата-аналар чаты, қамқоршылық кеңес жұмыстары, білім саласындағы жетістіктер, білім саласындағы заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер, білім саласына қатысты мәселелер және т.б. бағыттар бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

        15-16 ақпан күндері Департаментте Комитеттен келген қызметкерлермен тәжірибе алмасу семинары өткізілді. Семинар барысында Департамент қызметкерлері жұмыс бағыттарымен таныстырып, бірқатар ақпараттар берді.

        Сонымен қатар, 2023 жылдың 28 ақпан күні Департамент басшысы педагогтердің біліктілік санатын арттыру, аттестациядан өткізу бойынша сұрақтарға «Фэйсбук» әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып, түсіндірме жасап, педагогтердің сауалдарына жауап берді.

        Департамент басшысының орынбасары облыстық қоғамдық кеңес отырысының жұмысына қатысып, білім саласы бойынша сұрақтарға жауап берді.

        Жыл басынан бері, облыс тұрғындары, педагог қауымы мен ата-аналар үшін Департамент басшылығы түрлі интернет ресурстары арқылы білім саласына қатысты қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге, келіп түскен түрлі сауалдарға түсіндірмені тұрақты жүргізіп отырады.

        Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарынан білім саласына қатысты сауалдар көптеп түсуде.

        Департамент тарапынан онлайн-кездесу, брифингтер, тікелей эфир мен түрлі форматтағы іс-шараларды тұрақты жүргізуі нәтижесімен облыс тұрғындарының мемлекеттік органға қатысты сенім деңгейі артты. Қазіргі уақытта білім беру саласы, бала құқығы, педагог құқығы, т.б. мәселелер бойынша облыс аумағындағы ата-аналар, педагогтар тікелей Департаментке жүгінуде.

        Департамент басшысының, орынбасарының телефондарына, ватсап қосымшасына шығып, барлық сұрақтар мен сауалдарын тікелей жеткізуде. Осы уақытқа дейін Департаменттің Фейсбуктегі мессенджеріне облыс тұрғындарынан 29 сауал түсіп, қойылған сұрақтары шешімін тапты. Жалпы 2023 жылдың бес айында Департаментке  261 сауал түсіп, оның 209-і бойынша түсіндірме жасалды, 52 сұрақ бойынша мәселе шешімін тапты. 

        Сауалдардың басым бөлігі – жалпы білім беру ұйымдарының қызметі, жалақы мәселесі, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қатысты болды. Келіп түскен сауалдарға Департамент тарапынан сараптама жасалып, уақытылы тиісті жұмыстар жүргізілуде. Департамент қызметкерлері, мемлекеттік аттестаттау, мониторинг жүргізу барысында, түрлі комиссия құрамында облыс тұрғындарына білім саласына қатысты түсіндірмелерді тұрақты жүргізуде.

        Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында «ДЕПАРТАМЕНТ ТҮСІНДІРЕДІ» айдарында педагогикалық әдеп нормалары мен олардың құқықтарына қатысты түсіндірмелер берілуде. Мысалы,  ақпанның 13 күні «Мұғалімдерді кезекшілікке қоюдың белгіленген тәртібі бар ма? Жұмыс уақытынан тыс мезгілде кезекшілікке тұруға міндеттеуге жұмыс берушінің қаншалықты құқығы бар»? деген сауалға кеңінен түсіндірме жасалды.

        Сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы қойылған сауалдарға дер кезінде жауап беріліп, түсіндірмелер жасалуда.

        Департамент тарапынан «ZOOM» платформасы арқылы педагогтердің әдеп нормалары, педагогтердің теріс қылығы үшін қолданылатын тәртіптік жаза түрлері мен білім беру ұйымдарындағы педагогикалық кеңестің әлеуетін толыққанды пайдалану, жұмысын жандандыру, психологиялық қызметтің жұмысын жетілдіру, оның тиісті деңгейде жүргізілуі туралы үнемі түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

        Есепті кезеңде «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығының 2-тарау, 1 – параграф, 29-тармағына сәйкес Қызылорда облысының аумағындағы білім беру ұйымдарында бос лауазымға өткізілген конкурстарға қатысушы үміркерлерге қатысты педагогикалық әдептің бұзылуы туралы  43 сұранысқа жауап берілді.

        Ағымдағы жылы департамент басшысының орынбасары, білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы жеке балабақша меңгерушілерімен Қызылорда қаласындағы №264 мектеп-лицей базасында 2 рет кездесу өткізіп, мемлекеттік аттестаттау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

        Мектепішілік бақылау бойынша түсіндірме жұмыстары «Әдістемелік күн» аясында барлық аудандар мен Қызылорда қаласы білім беру ұйымдары басшылары мен орынбасарларына зум арқылы семинар-кеңес өткізіліп, түсіндірілді.

        9.Департаменттің  жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстары.

        2023 жылғы 7 ақпан күні Департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша» құқықтық оқыту жүргізілді. Сонымен қатар, Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен білім саласына  жүргізілген сыртқы талдау жұмыстарына қатысып, бірқатар ұсыныстар берілді.

        Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуге қатысатын сарапшылар тізімі жасақталып, олармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.   2023 жылы ақпан күні Департаменттің 17-18/01-16/86 хатымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетіне «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына ұсыныстар берілді.

        2023 жылғы тамыз айында Қызылорда қаласындағы және Тараз қаласындағы семинар-кеңесте Департамент басшысы мен орынбасары баяндама жасап, мемлекеттік аттестаттау жұмыстарына түсіндірме жүргізді.

        Сонымен қатар, мектептердегі ыстық тамақтың ұйымдастырлуына, ұлттық білім беру деректер қорының толтырылуына, мектепішілік бақылау жұмыстарына мониторинг жүргізіліп, қорытындысы Комитетке жолданды.

        2023 жылдың 9 айының қорытындысымен 24 әкімшілік іс қозғалып, лауазымды тұлғаларға әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде Жалағаш ауданының 20 мектеп директорына,             1 тынығу лагері басшысына, 1 жеке мектеп басшысына (Зияткер), 1 Қызылорда педагогикалық жоғары колледж басшысының орынбасарына.

       

Дата публикации
09 октября 2023