Аттестаттау нәтижесі 20-29.03.2023 жыл

2023 жылғы 20-29 наурыз аралығында аралығында 6 жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығына сәйкес мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.

Нәтижесімен, Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің «№109 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аттестатталса, Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 28 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің «№33 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,  Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің «Әбдрашит Бердаулетов атындағы №34 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің «Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің «№114 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі жекелеген бағыттар мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келмеді, осыған орай аттестатталмады.

Аталған білім беру ұйымына қорытындыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бір жылдан аспайтын мерзімдерді көрсете отырып, бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы ақпаратты беруі қажет.

Анықталған бұзушылықтар қорытынды тапсырылған күннен бастап кемінде күнтізбелік он күннен бір жылдан аспайтын мерзімде орындалған жағдайда қайта аттестаттаудан өтуге мүмкіндік беріледі.

Дата публикации
21 апреля 2023