Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қорытындылары 24-31 қаңтар 2023ж

2023 жылғы 24-31 қаңтар аралығында аралығында 2 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығына сәйкес мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.

Нәтижесімен, «Қызылорда инженерлік техникалық колледж» Мекемесі, «Қызылорда көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі» мекемесі қызметіндегі жекелеген бағыттар мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келмеді, осыған орай аттестатталмады.

Аталған білім беру ұйымдары қорытындыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бір жылдан аспайтын мерзімдерді көрсете отырып, бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы ақпаратты беруі қажет.

Анықталған бұзушылықтар қорытынды тапсырылған күннен бастап кемінде күнтізбелік он күннен бір жылдан аспайтын мерзімде орындалған жағдайда қайта аттестаттаудан өтуге мүмкіндік беріледі.

Дата публикации
10 апреля 2023