Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) екі бағыт бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» және «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу».
2026 жылғы 9 ай бойынша лицензиялау мәселелері бойынша 70 өтініш келіп түсті. Оның қанағаттандырылғаны – 56 өтініш (80 %), бас тартылғаны – 14 (20 %).
Білім беру ұйымдарына лицензия және (немесе) лицензия қосымшасының берілген жалпы саны – 28. Оның ішінде:
2026 жылғы 9 айында 21 рұқсаттық бақылау жүргізіліп, білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның 10 отырысы өткізілді.
Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша өтініштерді қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығымен «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы стандарт бекітілген.
2026 жылдың 9 айында өтініштер саны - 90, апостильденген құжаттар саны -76, апостильдеуден бас тартылғандар саны -14 өтініш. Бару елдері бойынша 34 – Корея, Түркия – 14, Италия – 12, Австрия – 2, Германия – 1, Словакия – 1, Кытай – 4, білім деңгейі бойынша – 21 орта білім туралы табелі, анықтама – 4, 51 - жалпы орта білім туралы аттестат.