Департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалында біліктілігін уақытылы арттырып отырады. 1-қызметші ҚР ОАМ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінен тағылымдамадан өтті.
Есепті кезеңде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі бойынша білім беру ұйымдарынан барлығы - 36 өтініш тіркелген, оның ішінде, лицензия және лицензияға қосымшасын алуға 26 өтініш, лицензия және лицензияға қосымшасын қайта ресімдеуге 10 өтініш берілген.
Алты айда тіркелген 36 өтініштің 24-і қанағаттандырылып, 10 өтініш бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған.
Екі бас лицензия берілген (№295, №296).
14 лицензияға қосымша берілген (№15, №284, №293, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжі - 5, Шиелі индустриалдық-аграрлық колледжі, «Орда» халықаралық жоғары колледжі -4, Академик С.А.Джиенкулов атындағы «Байқоныр» колледжі).
8 лицензия және лицензияға қосымша қайта рәсімделген.
Рұқсаттық бақылау 24 өтініш бойынша жүргізілген.
Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша өтініштерді қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығымен «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы стандарт бекітілген.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өтініштер саны - 48, апостильденген құжаттар саны -38, апостильдеуден бас тартылғандар саны -10 өтініш. Бару елдері бойынша 25 – Корея, Түркия – 4, Италия – 4, Австрия – 2, Германия – 1, Словакия – 1, Кытай – 1, білім деңгейі бойынша – 21 орта білім туралы табелі, анықтама – 4, 13 - жалпы орта білім туралы аттестат.
Мемлекеттік аттестаттау 2026 жылдың бірінші тоқсанында 13 мектепке дейінгі білім беру ұйымына жүргізілді, оның 4-і аттестатталды (30,7%) (1 мем., 3- жеке балабақша), 9 (69,3%) жеке балабақша аттестатталмады.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 55-1-бабына (Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау) сәйкес білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған, білім берудің сапасы мен қолжетімділігін кешенді түрде бағалау рәсімі болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 114-НҚ бұйрығымен «Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу» қағидалары бекітілді.
Департаментте жаңа форматта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау жұмыстары жүргізіліп, 2026 жылдың мамыр, маусым айларына жоспарланған 26 жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 22-не өткізілді, 4-і балабақша құрылтайшыларының шешімімен жабылды. 22 балабақшаның 3-і мемлекеттік аттестаттаудан өтті, 19-на орын алған кемшіліктерді заңңама талаптарына сәйкестендіру үшін үш айға дейінгі мерзім берілді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 59-1-бабына сәйкес білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін 2 білім бөліміне жоспарлы тексеру жүргізілді.
Қазалы аудандық білім бөліміне 2026 жылғы 28 мамыр – 10 маусым аралығында жоспарлы тексеру жүргізіліп, қорытындысымен 9 бағыт бойынша кемшіліктер анықталып, заңңама талаптарына сәйкестендіруге 6 айға дейінгі мерзім берілді.
Арал аудандық білім бөліміне 2026 жылғы 15 – 26 маусым аралығында жоспарлы тексеру жүргізіліп, қорытындысымен 12 бағыт бойынша кемшіліктер анықталып, заңңама талаптарына сәйкестендіруге 6 айға дейінгі мерзім берілді.
Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жеке тұлғалардың жолданымдары бойынша 13 жоспардан тыс тексеру (№101 - 3, №290, №266, №253, №261, «Болашақ ілім лига» көптілді мектебі, кешкі мектеп, С. Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс жəне бизнес колледжі, М. Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету жəне сервис колледжі, «М. Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық - IT жоғары колледжі, «Балбөбек» балабақшасы) тағайындалды, тексеру қорытындыларымен лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 30 (оның ішінде 3 – полиция ұсынымы, 12 - Прокуратура талабы бойынша, 13 – Департаментте қаралған арыздар бойынша, лицензиясыз қызмет атқарғаны бойынша - 2) әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік іс ашылып, тексеру қорытындыларымен лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура ұсынымы:
1) Қармақшы ауданы білім бөлімінің №99 орта мектебінің лауазымды тұлғасына 10 АЕК айыппұл салынған.
2) Қармақшы ауданы білім бөлімінің №275 орта мектебінің лауазымды тұлғасына 10 АЕК айыппұл салынған.
3) Қармақшы ауданы білім бөлімінің №85 орта мектебінің лауазымды тұлғасына 10 АЕК айыппұл салынған.
Департаментпен ашылған жоспардан тыс тексеруі:
1) Қызылорда қаласы бойынша № 101 мектеп-лицейінің лауазымды тұлғасына – 10 АЕК айыппұл салынған.
2) Қызылорда қаласы бойынша № 290 орта мектебінің лауазымды тұлғасына 10 АЕК айыппұл салынған.
3) Қызылорда қаласы бойынша № 253 орта мектебінің лауазымды тұлғасына 10 АЕК айыппұл салынған.
4) Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің №266 мектеп-лицейінің лауазымды тұлғасына 10 АЕК айыппұл салынған.
5) Қармақшы ауданы білім бөлімінің №13 «Балбөбек» балабақшасының лауазымды тұлғасына 10 АЕК айыппұл салынған.
2.ҚР ӘҚБтК 409 бабының 7-3 тармағы 1) бөлігі (педагогті кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту) 2 (екі) мектептің лауазымды тұлғасына «Ескерту» түрінде әкімшілік жаза тағайындалған.
3.ҚР ӘҚБтК 409 бабының 7-2 тармағы (Білім беру ұйымдарының балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратқа қол жеткізуін шектеуге арналған байланыс операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, Интернет желісіне білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамауы) 3 (үш) мектептің лауазымды тұлғасына 10 АЕК айыппұл салынды (Прокуратура ұсынымы).
1) Қармақшы ауданы білім бөлімінің №85 орта мектебінің лауазымды тұлғасына 10 АЕК айыппұл салынған.
2) Қармақшы ауданы білім бөлімінің №273 орта мектебінің лауазымды тұлғасына 10 АЕК айыппұл салынған.
3) Қармақшы ауданы білім бөлімінің №274 орта мектебінің лауазымды тұлғасына 10 АЕК айыппұл салынған.
4.ҚР ӘҚБтК 409 бабының 3 - тармағы бойынша 3 әкімшілік іс қозғалып, лауазымды тұлғаға 50 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды (полицияұсынымы):
5.ҚР ӘҚБтК 409 бабының 4-1 тармағымен үлгілік қағидаларды сақтамауға қатысты 2 мектептің және 3 колледждің лауазымды тұлғаларына 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды:
6.Департаменттің заң бұзушылықты жою туралы Нұсқамасын лауазымды тұлғамен орындамауға байланысты № 101 мектеп-лицей директорына Қызылорда қаласы әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтК 462 бабының 3 – тармағымен 45 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
7.Қызылорда облысының прокуратурасының ұсыным хатына сәйкес Қызылорда қаласындағы «Ziyatker» Инновациялық мектеп-лицей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде аталған білім беру ұйымдарына Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 464-бабы, 1-тармағы бойынша лауазымды тұлғаға 45 АЕК және 409-бап, 7-тармақ, 2-тармақшасы бойынша 10 АЕК айыппұл салынған.
8.ҚР ӘҚБтК 464 бабының 1 тармағымен Қызылорда облыстық прокуратурасының ұсынысымен 1 жеке мектепке ("YBYRAI ULTTYQ MEKTEBI QYZYLORDA) біліктілік талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты 45 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
9.Лицензия және лицензияға қосымшасыз қызмет атқарған 2 мемлекеттік мектепке:
Сот отырысына қатысу - 6 (№197, №253, №264, №101, №284, «Облыстық физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты).
|
№ |
Барлық түскен өтініштер |
Барлық қаралғаны |
Басқа органға жіберілгені |
Келесі айға қалдырылды |
|
1 |
129 |
42 |
83 |
5 |
Педагогикалық қызметтегі әдеп қағидалары 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығында айқындалған.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 23 ақпандағы № 64-VIII ҚРЗ заңына сәйкес Білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріндегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) өңделіп, бекітілді.Үлгілік қағидаларға сәйкес Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттеріндегі (бұдан әрі - Департамент) педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың қағидалары бекітілген.
Департамент жанынан 2021 жылғы қаңтар айынан бастап педагогикалық әдеп жөніндегі облыстық консультациялық-кеңесші орган жұмыс жасауда.
Департамент жанынан педагогикалық әдеп жөніндегі облыстық консультациялық-кеңесші орган 2021 жылғы 21 қаңтарда №5/н бұйрығымен құрылған. Қазіргі таңда Департамент басшысының өзгеруіне байланысты, аталған Кеңестің құрамына өзгерістер енгізіліп, 10.03.2026 жылғы №61-н бұйрығымен бекітілді.
Қазіргі таңда Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментіндегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) құрамы қалыптастырылған.
Аталған Кеңес педагогтердің педагогтік әдепті сақтау мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылады. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
Осы кезеңге дейін Департамент жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысында Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын 28 педагогтың педагогикалық әдеп нормаларын бұзуға қатысты іс –әрекеттері қаралды. Соның ішінде 5 мектеп директоры, 3 мектеп директорының орынбасары, 20 педагог. Кеңінен жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесімен, 2026 жылдың 1-тоқсанында педагогтердің әдеп нормаларын бұзу бойынша шағым түспеген.
2026 жылғы 17 наурыз күні Департаменттің педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңесінің 1 отырысы өткізілді.
https://www.instagram.com/reel/DV_IQxVEYHw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.facebook.com/share/v/17yiov88U7/
Кеңес отырысының бекітілген күн тәртібіне сәйкес, отырыста конституциялық өзгерістердің педагогтердің мәртебесін арттырудағы рөлі туралы Департамент басшысы М.Б. Бекмағанбетов кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар, отырыста Департаменттің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің жаңа құрамы таныстырылып, Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімі басшысының есебі тыңдалды.
Отырыс қорытындысымен Департаменттегі педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңес тарапынан бірқатар ұсыныстар берілді.
Атап айтқанда, Қызылорда облысының білім басқармасына Департаментпен бірлесе отырып, облыстағы білім беру ұйымдарында педагогикалық әдеп нормалары мәселелері туындағанда, резонансты жағдайларда, арыз-шағым көп түсетін білім беру ұйымындағы ахуалды (педагогикалық әдеп нормаларына қатысты) зерделеу, қалпына келтіру мақсатында Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі семинарын, кездесулерін бірлесе өткізу, жергілікте жердегі білім саласының ардагер-ұстаздарын білім беру ұйымдарындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің құрамына енгізе отырып, түрлі шараларға тарту ұсынылды.
Сондай-ақ, Жаңақорған ауданы бойынша білім бөліміне:
- аудандағы білім беру ұйымдарында құрылған «Педагогикалық әдеп жөніндегі» комиссия құрамын «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығының 2-қосымшасымен бекітілген талаптарға сәйкестігін зерделеу, комиссия жұмысы жандандыру;
- педагогтер тарапынан ауыл олимпиадасы кезінде «академиялық адалдық» принциптерінің сақталуы қамтамасыз ету;
- Жаңақорған ауданында «Педагогтардың этикалық бейнесін қалыптастыру» бағытында іс-шаралар өткізу;
- аудандағы білім беру ұйымдарында резонансты мәселелер туындамау үшін, білім беру ұйымдарында орын алған проблемалық мәселелерге уақытылы ден беріп, шешілуін қамтамасыз ету;
- Жаңақорған ауданы бойынша білім саласының ардагер-ұстаздарын білім беру ұйымдарындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің құрамына енгізе отырып, түрлі шараларға тарту ұсынылды.
2026 жылғы 29 сәуірінде өткізілген Педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің 2-ші отырысы Жаңа Конституцияны ілгерлетуге бағытталды.
Біртұтас Қазақстан халқының барлық мақсат-мүддесі қамтылған – халықтық Конституция еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Бірлік пен әділдік, заң мен тәртіп сияқты құндылықтарды орнықтырып, еліміздің ұзақ мерзімді даму бағдарын айқындайды.
Адам капиталының, ғылым мен инновацияның, цифрлық ортаның сапалы дамуына, мәдениетіміздің жаңаша өсіп-өркендеуіне, экологиялық қауіпсіздіктің сақталуына кепілдік береді.
Білім беру жүйесінің басты тірегі – ұстаздар қауымы.
Педагог мәртебесін арттыру, олардың еңбегін құрметтеу және тұрақты қолдау көрсету – қоғамның дамуына тікелей әсер етеді.
Осы тұрғыдан алғанда, білім беру саласының Конституцияда нақты көрініс табуы ұстаз мамандығының маңызын арттырып, кадрлық тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.
Сапалы білім алған ұрпақ – елдің интеллектуалдық әлеуетін арттырып, мемлекетіміздің тұрақты дамуына негіз болады.
Конституцияның 33-бабында әркімнің білім алуға құқығы, орта білім беру саласында барлық білім мекемелеріне (мемлекеттік және жекеменшік) бірыңғай талаптар қойылды.
Осы арқылы білім беру сапасын арттыру және орта білімді қолжетімді ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жаңа Конституцияға сәйкес, орта білім беру саласында барлық білім мекемелеріне (мемлекеттік және жекеменшік) бірыңғай талаптар қою, білім беру сапасын арттыру және орта білімді қолжетімді ету мәселелеріне ерекше назар аударылғандығын тағы да айта кету керек.Конституциялық деңгейде мемлекет білім беру саласын тұрақты қаржыландыру міндеттілігі бекітілді. Бұл осы саладағы стратегиялық бастамалар үшін берік құқықтық негіз қалыптастырады.
Қызылорда қаласы мен аудандық білім бөлімі басшылары:
- білім бөліміндегі жауапты қызметкерлердің өз саласы бойынша педагогтер туралы қажетті ақпараттарды толық жинақтап, білім беру ұйымдары бойынша деректер қорын жасақтауды, оны тұрақты жаңартып отыруды;
- меншік нысанына қарамастан, білім беру ұйымдарына түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді;
- академиялық адалдық принциптің меншік нысанына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарында сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Қармақшы ауданында барлық білім беру ұйымдарындағы, соның ішінде балабақша, мектеп, арнайы білім беру ұйымы, қосымша білім беру ұйымдарындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі комиссия құрылады.
Осы комиссия құрамын «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығының 2-қосымшасымен бекітілген талаптарға сәйкестігін тағы бір зерделеп, жұмысын жандандыру қажет.
Педагогтерді жұмысқа қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының бекітілген нормативтік - құқықтық актілерінің сақталуын, шешім қабылдау кезінде адалдық принциптерінің сақталуын қамтамасыз ету қажет.
Педагогтерді міндетіне кірмейтін жұмыстарға тарту фактілері барлық білім беру орындарында орын алмауы қажет.
Түрлі мәселелерге қатысты әлеуметтік желілерде азаматтар тарапынан посттар жарияланып, телеграмм чаттар мен түрлі ақпарат көздері арқылы Департаментке өтініштер мен шағымдар түсіп жатады.
Қармақшы ауданы бойынша резонансты мәселелер туындамау үшін, білім беру ұйымдарында орын алған проблемалық мәселелерге уақытылы ден беріп, шешілуін қамтамасыз
Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебі» туралы Заңының 6-бабына сәйкес жұмыс беруші педагогке ол кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін жағдайды қамтамасыз етеді, кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.
Алайда, Департаметте осы баптың бұзушылықтарына қатысты 2 арыз тіркелді: біреуі мектеп директорына қатысты ұжымдық арыз, екіншісі жеке мектеп басшысына қатысты педагог арызы.
Жоғарыда көрсетілген арыздар Департаментте қаралып, ҚР ӘҚБтК 409 бабының 7-3 тармағы 1) бөлігі (педагогті кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту) 2 (екі) мектептің лауазымды тұлғасына «Ескерту» түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.
1)Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің №101 орта мектебінің лауазымды тұлғасына.
2)«Болашақ ілім лига» көптілді мектебінің лауазымды тұлғасына.
Департаменттегі педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің, Кеңес мүшелерінің тұрақты түрде жүргізіп отырған ақпаратты-насихаттық жұмыстары нәтижесімен, есепті кезеңде Департаментке педагогтер тарапынан педагогикалық әдеп қағидаларын бұзу фактілеріне қатысты арыз-шағымдар түспеген.
Департаментте құрылған педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңес Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында Педагогикалық әдеп қағидалардың сақталуын қамтамасыз ету және педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында білім басқару органдарына тарату үшін электрондық брошюра жолданды.
8.Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі.
Департаментте моралдық-психологиялық ахуалды тұрақты түрде ұстау мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызметшілер арасында сауалнама жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Департаментте тұрақты түрде құқықтық оқытулар өткізілді.
https://www.facebook.com/share/r/1AmZb1Mm5w/?mibextid=wwXIfr
https://www.facebook.com/share/p/1BjpGb235N/?mibextid=wwXIfr
https://www.facebook.com/share/p/177kps5Lxy/?mibextid=wwXIfr
Жыл бойы, әрбір Департамент тарапынан өткізілетін кездесулерде, көпшілік алдында сөз сөйлеулерде, тағы да басқа іс-шараларда білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «жемқорлыққа төзімсіздік саясатын» (zero tolerance) жүзеге асыру, заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары тұрақты жүзеге асырылуда.
Департамент қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының заңңамалары мен Әдеп нормаларын сақтау бойынша семинар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Соңымен қатар, департаменттің мемлекеттік қызметшілерімен анонимдік сауалнама жүргізілді және жеке және заңды тұлғалардың сауалдарына уақытылы жауап берілді.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы қойылған сауалдарға дер кезінде жауап беріліп, түсіндірмелер жасалуда. Сұрақтардың басым бөлігі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын аттестаттау, қосымша білім беруде хабарлама тәртібін жүзеге асыруға қатысты болды.
Департамент тарапынан «ZOOM» платформасы арқылы педагогтердің әдеп нормалары, педагогтердің теріс қылығы үшін қолданылатын тәртіптік жаза түрлері мен білім беру ұйымдарындағы педагогикалық кеңестің әлеуетін толыққанды пайдалану, жұмысын жандандыру, психологиялық қызметтің жұмысын жетілдіру, оның тиісті деңгейде жүргізілуі туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Департаменттегі психологиялық ахуалды қалыпты жағдайда ұстау мақсатында бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылды.
https://www.facebook.com/share/p/1CW5CYCmAW/?mibextid=wwXIfr
https://www.facebook.com/share/r/1DZ1fyQb7H/?mibextid=wwXIfr
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында департаменттің бас мамандары К.Нурекешова, Н.Жансугурова, А.Утеналиева Қызылорда облысы әкімінің «Алғыс хатымен», Н.Жансугурова Комитеттің «Алғыс хатымен», бас маман Г.Ауезов, бөлім басшысы А.Мырзагалиева «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Департамент қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының заңңамалары мен Әдеп нормаларын сақтау бойынша семинар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Есепті кезеңде білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, лицензиялау, апостильдеу, білім саласындағы жетістіктер, білім саласындағы заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер, білім саласына қатысты мәселелер және т.б. бағыттар бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда Департаменттің әлеуметтік желідегі парақшаларында (Фейсбук, Инстаграмм, Телеграмм) білім саласына қатысты бейнематериалдар мен мақалалар, Департаменттің білім саласында сапаны қамтамасыз ету бағытында жүргізіп отырған қызметі кеңінен ақпараттандырылып, күнделікті жарияланып отыр.
Департамент басшысы 2026 жылғы 19 наурызда Қызылорда облысы әкімдігінің мәжіліс залында білім басқармасы өкілдері, білім ұйымдары басшыларының қатысуымен кездесу өткізіліп, білім саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілер талқыланды.
Департаменттің әлеуметтік желілерінде «Департамент түсіндіреді», «Қоғам сұрауы» айдарларында білім саласына қатысты қабылданған заңнамалық актілер, лицензиялау, апостильдеу, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттесттаттау, педагог мәртебесі, басқа да білім саласына қатысты туындаған мәселелер бойынша түсіндірмелер тұрақты жасалуда.
Мысалы, 2026 жылғы 30 қаңтарда «Қоғам сұрауы» айдарында «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру - сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алушылар үшін түсіндірме жасалды.
Есепті кезеңде Департамент тарапынан білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптар бойынша енгізілген өзгерістер туралы 37 азаматқа түсіндірме жасалды.
2026 жылдың есепті кезеңінде облыс тұрғындары, педагог қауымы мен ата-аналар үшін Департамент басшылығы түрлі интернет ресурстары арқылы білім саласына қатысты қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге, келіп түскен түрлі сауалдарға түсіндірмені тұрақты жүргізіп отырды.
Облыс әкімдігінің ғимаратында жүйелі түрде тұрғындармен кездесу жүргізіліп, сауалдарына жауап берілуде.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарынан білім саласына қатысты сауалдар көптеп түсуде. Департамент тарапынан онлайн-кездесу, брифингтер, тікелей эфир мен түрлі форматтағы іс-шараларды тұрақты жүргізуі нәтижесімен облыс тұрғындарының мемлекеттік органға қатысты сенім деңгейі артты. Қазіргі уақытта білім беру саласы, педагог құқығы, т.б. мәселелер бойынша облыс аумағындағы ата-аналар, педагогтар тікелей Департаментке жүгінуде. Басшының телефонына, ватсап қосымшасына тікелей шығып, барлық сұрақтар мен сауалдарын тікелей жеткізуде.
2026 жылдың 18 наурызында облыс әкімдігінде жазғы тыңыгу лагерьлерін лицензиялауға қатысты жиын өткізіліп, біліктілік талаптары түсіндірілді.
2026 жылдың 9-21 сәуір аралығында барлық 7 аудан мен Қызылорда қаласындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізіліп, мектепке дейінгі ұйымның қызметін лицензиялауға қатысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2026 жылдың мамыр айында білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың жаңа форматын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерге ақпараттар орналастырылды, жасанды интелект пайдалана отырып, роликтер шығарылды.
2026 жылдың есепті кезеңінде Департаментке 193 сауал түсіп, оның барлығына түсіндірме жасалды. Сауалдардың басым бөлігі – жалпы орта білім беру ұйымдарының, мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың қызметіне қатысты болды. Келіп түскен сауалдарға Департамент тарапынан сараптама жасалынып, уақытылы тиісті жұмыстар жүргізілуде. Департамент қызметкерлері, мемлекеттік аттестаттау, мониторинг жүргізу барысында, түрлі комиссия құрамында облыс тұрғындарына білім саласына қатысты түсіндірмелерді тұрақты жүргізуде. Департаменттің білім саласына қатысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
10.Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытындағы жұмыстар.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындауы мүмкін факторлардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының талаптары аппарат отырыстарында талқыланып, профилактикалық бақылау, арыз-шағымдарды қарау кезінде (жоспардан тыс тексеру), мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін орындау барысында заңды және жеке тұлғаларға қатысты заң талаптарына негізделген хаттар, құқықтық акті шығару керегі ескертіліп отырды. Жыл сайын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары» әзірленіп, Департаменттің интернет-ресурсына орналастырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларын, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарын бұзу фактілерін хабарлау үшін сенім телефоны: 27-05-47 орнатылған.
Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне келісуге хат жолданып, Департамент қызметкерлеріне мекеме жұмысымен танысу ұйымдастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Департаментте тұрақты түрде құқықтық оқытулар өткізілуде.
https://www.facebook.com/share/r/1AmZb1Mm5w/?mibextid=wwXIfr
https://www.facebook.com/share/p/1BjpGb235N/?mibextid=wwXIfr
https://www.facebook.com/share/p/177kps5Lxy/?mibextid=wwXIfr
Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісінің қатысуымен құқықтық оқыту өткізілді. Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызмет өткеру тәртібіне қатысты мәселелер талқыланды.
19.02.2026 жылғы құқықтық оқыту семинарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының бас маманы қатысып, түсіндірме жасады.
https://www.instagram.com/p/DU8Gs4dDJyH/?igsh=MXBpbG03dGhqbHh2dw==
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындауы мүмкін факторлардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының талаптары Департаменттің аппарат отырыстарында талқыланып, профилактикалық бақылау, арыз-шағымдарды қарау кезінде (жоспардан тыс тексеру), мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін орындау барысында заңды және жеке тұлғаларға қатысты заң талаптарына негізделген хаттар, құқықтық акті шығару керегі ескертіліп отырады.
Мемлекеттік қызметшілер кірістері мен мүлкі туралы декларацияны уақытылы тапсырады, заң бұзушылықтар анықталмады.
Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі тарапынан үлгілік жоспарда көзделген шаралар белгіленген мерзім бойынша атқарылуда, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына мақала жариялау бойынша 2026 жылғы 1 тоқсанында Департаменттің ресми әлеуметтік парақшаларында «Мемлекеттік қызметшінің әдебі – кәсіби мәдениеттің айнасы» тақырыбында мақала орналастырылды.
https://www.facebook.com/share/1FdVprXSFq/?mibextid=wwXIfr
https://t.me/c/1494428146/2278
Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына, департаменттің ресми сайтына жарияланған. Азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдау жәшігі орналастырылған.
Мониторинг барысында келешек мектептерде келесі мәселелер анықталды: Қызылорда облысындағы келешек мектептер өз қызметін жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес жүргізуде. Сонымен қатар, инновациялық жобаларғен жұмыс жасауда. Нәтижесі Комитетке жолданды.
2026 жылдың маусым айында Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш аудандарындағы 24 жалпы орта білім беру ұйымының мектепішілік бақылауы зерделенді. Қорытындысы Комитетке жолданды.
12.Жергілікті атқарушы органдармен байланыс. Департамент жергілікті атқарушы органдармен тұрақты қарым-қатынас жасайды. Департамент қызметкерлері Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастырған шараларына, оның ішінде қайырымдылық акциясына қатысты. Сонымен қатар, облыс әкімдігінің, білім басқармасының, қоғамдық кеңестің, мәслихат отырыстарына қатысып, ұсыныс-пікірлерін береді. Құзырлы органдардың талабына сәйкес жұмысшы тобының құрамында тексеру жұмыстарын жүргізеді.
13.Азаматтарды жеке қабылдау.
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі жасалған. Кестеге сәйкес қабылдауға келген азаматтар өз сауалдарына жауап алып, сұрақтарының шешіміне қаңағаттанған.
Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне 001 «Оқу-ағарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру» бағдарламасы бойынша 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығында 56063,0 мың теңге қаржы қаралып, 100 пайыз игерілді.