Есепті кезеңде білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, лицензиялау, апостильдеу, білім саласындағы жетістіктер, білім саласындағы заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер, білім саласына қатысты мәселелер және т.б. бағыттар бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда Департаменттің әлеуметтік желідегі парақшаларында (Фейсбук, Инстаграмм, Телеграмм) білім саласына қатысты бейнематериалдар мен мақалалар, Департаменттің білім саласында сапаны қамтамасыз ету бағытында жүргізіп отырған қызметі кеңінен ақпараттандырылып, күнделікті жарияланып отыр.
Департаменттің әлеуметтік желілерінде «Департамент түсіндіреді», «Қоғам сұрауы» айдарларында білім саласына қатысты қабылданған заңнамалық актілер, лицензиялау, апостильдеу, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттесттаттау, педагог мәртебесі, басқа да білім саласына қатысты туындаған мәселелер бойынша түсіндірмелер тұрақты жасалуда.
2026 жылдың есепті кезеңінде облыс тұрғындары, педагог қауымы мен ата-аналар үшін Департамент басшылығы түрлі интернет ресурстары арқылы білім саласына қатысты қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге, келіп түскен түрлі сауалдарға түсіндірмені тұрақты жүргізіп отырды.
Облыс әкімдігінің ғимаратында жүйелі түрде тұрғындармен кездесу жүргізіліп, сауалдарына жауап берілуде.
2026 жылдың есепті кезеңінде Департаментке 45 сауал түсіп, түсіндірме жасалды. Сауалдардың басым бөлігі – жалпы орта білім беру ұйымдарының, мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың қызметіне қатысты болды. Келіп түскен сауалдарға Департамент тарапынан сараптама жасалынып, уақытылы тиісті жұмыстар жүргізілуде. Департамент қызметкерлері, мемлекеттік аттестаттау, мониторинг жүргізу барысында, түрлі комиссия құрамында облыс тұрғындарына білім саласына қатысты түсіндірмелерді тұрақты жүргізуде. Департаменттің білім саласына қатысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.