Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындауы мүмкін факторлардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының талаптары аппарат отырыстарында талқыланып, профилактикалық бақылау, арыз-шағымдарды қарау кезінде (жоспардан тыс тексеру), мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін орындау барысында заңды және жеке тұлғаларға қатысты заң талаптарына негізделген хаттар, құқықтық акті шығару керегі ескертіліп отырды. Жыл сайын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары» әзірленіп, Департаменттің интернет-ресурсына орналастырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларын, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарын бұзу фактілерін хабарлау үшін сенім телефоны: 27-05-47 орнатылған.
Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына, департаменттің ресми сайтына жарияланған. Азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдау жәшігі орналастырылған.
Департамент қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының заңңамалары мен Әдеп нормаларын сақтау бойынша семинар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Соңымен қатар, департаменттің мемлекеттік қызметшілерімен анонимдік сауалнама жүргізілді және жеке және заңды тұлғалардың сауалдарына уақытылы жауап берілді.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы қойылған сауалдарға дер кезінде жауап беріліп, түсіндірмелер жасалуда. Сұрақтардың басым бөлігі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мамандарынан аттестацияға қатысты болды.
Департамент тарапынан «ZOOM» платформасы арқылы педагогтердің әдеп нормалары, педагогтердің теріс қылығы үшін қолданылатын тәртіптік жаза түрлері мен білім беру ұйымдарындағы педагогикалық кеңестің әлеуетін толыққанды пайдалану, жұмысын жандандыру, психологиялық қызметтің жұмысын жетілдіру, оның тиісті деңгейде жүргізілуі туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Департаменттегі психологиялық ахуалды қалыпты жағдайда ұстау мақсатында бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылды.
https://www.facebook.com/share/p/1CW5CYCmAW/?mibextid=wwXIfr
https://www.facebook.com/share/r/1DZ1fyQb7H/?mibextid=wwXIfr
2026 жылдың екінші тоқсанында департаменттің бас мамандары Н.Жансугурова Комитеттің «Алғыс хатымен», Г.Ауезов «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.