2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Департаменттің Ұйымдастырушылық, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары

Есепті кезеңде білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, лицензиялау, апостильдеу, білім саласындағы жетістіктер, білім саласындағы заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер, білім саласына қатысты мәселелер және т.б. бағыттар бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

         Қазіргі таңда Департаменттің әлеуметтік желідегі парақшаларында (Фейсбук, Инстаграмм, Телеграмм) білім саласына қатысты бейнематериалдар мен мақалалар, Департаменттің білім саласында сапаны қамтамасыз ету бағытында жүргізіп отырған қызметі кеңінен ақпараттандырылып, күнделікті жарияланып отыр.

         Департамент басшысы 2026 жылғы 19 наурызда  Қызылорда облысы әкімдігінің мәжіліс залында білім басқармасы өкілдері, білім ұйымдары басшыларының қатысуымен кездесу өткізіліп, білім саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілер талқыланды.

         Департаменттің әлеуметтік желілерінде «Департамент түсіндіреді», «Қоғам сұрауы» айдарларында білім саласына қатысты қабылданған заңнамалық актілер, лицензиялау, апостильдеу, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттесттаттау, педагог мәртебесі, басқа да білім саласына қатысты туындаған мәселелер бойынша түсіндірмелер тұрақты жасалуда.

         Мысалы, 2026 жылғы 30 қаңтарда «Қоғам сұрауы» айдарында «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру - сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алушылар үшін түсіндірме жасалды.

         Есепті кезеңде Департамент тарапынан білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптар бойынша енгізілген өзгерістер туралы 37 азаматқа түсіндірме жасалды.

         2026 жылдың есепті кезеңінде облыс тұрғындары, педагог қауымы мен ата-аналар үшін Департамент басшылығы түрлі интернет ресурстары арқылы білім саласына қатысты қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге, келіп түскен түрлі сауалдарға түсіндірмені тұрақты жүргізіп отырды.

         Облыс әкімдігінің ғимаратында жүйелі түрде тұрғындармен кездесу жүргізіліп, сауалдарына жауап берілуде.

         Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарынан білім саласына қатысты сауалдар көптеп түсуде. Департамент тарапынан онлайн-кездесу, брифингтер, тікелей эфир мен түрлі форматтағы іс-шараларды тұрақты жүргізуі нәтижесімен облыс тұрғындарының мемлекеттік органға қатысты сенім деңгейі артты. Қазіргі уақытта білім беру саласы, педагог құқығы, т.б. мәселелер бойынша облыс аумағындағы ата-аналар, педагогтар тікелей Департаментке жүгінуде. Басшының телефонына, ватсап қосымшасына тікелей шығып, барлық сұрақтар мен сауалдарын тікелей жеткізуде.

         2026 жылдың 18 наурызында облыс әкімдігінде жазғы тыңыгу лагерьлерін лицензиялауға қатысты жиын өткізіліп, біліктілік талаптары түсіндірілді.

         2026 жылдың 9-21 сәуір аралығында барлық 7 аудан мен Қызылорда қаласындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізіліп, мектепке дейінгі ұйымның қызметін лицензиялауға қатысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

         2026 жылдың мамыр айында білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың жаңа форматын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерге ақпараттар орналастырылды, жасанды интелект пайдалана отырып, роликтер шығарылды.

         2026 жылдың есепті кезеңінде Департаментке  193 сауал түсіп, оның барлығына түсіндірме жасалды.  Сауалдардың басым бөлігі – жалпы орта білім беру ұйымдарының, мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың қызметіне қатысты болды. Келіп түскен сауалдарға Департамент тарапынан сараптама жасалынып, уақытылы тиісті жұмыстар жүргізілуде. Департамент қызметкерлері, мемлекеттік аттестаттау, мониторинг жүргізу барысында, түрлі комиссия құрамында облыс тұрғындарына білім саласына қатысты түсіндірмелерді тұрақты жүргізуде. Департаменттің білім саласына қатысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Дата публикации
01 июля 2026