2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралары

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындауы мүмкін факторлардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының талаптары аппарат отырыстарында талқыланып, профилактикалық бақылау, арыз-шағымдарды қарау кезінде (жоспардан тыс тексеру), мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін орындау барысында  заңды және жеке тұлғаларға қатысты заң талаптарына негізделген хаттар, құқықтық акті шығару керегі ескертіліп отырды. Жыл сайын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары» әзірленіп, Департаменттің интернет-ресурсына орналастырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларын, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарын бұзу фактілерін хабарлау үшін сенім телефоны: 27-05-47 орнатылған.

         Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне келісуге хат жолданып, Департамент қызметкерлеріне мекеме жұмысымен танысу ұйымдастырылды.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Департаментте тұрақты түрде құқықтық оқытулар өткізілуде.

https://www.facebook.com/share/r/1AmZb1Mm5w/?mibextid=wwXIfr

https://www.facebook.com/share/p/1BjpGb235N/?mibextid=wwXIfr

https://www.facebook.com/share/p/177kps5Lxy/?mibextid=wwXIfr

         Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісінің қатысуымен құқықтық оқыту өткізілді. Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызмет өткеру тәртібіне қатысты мәселелер талқыланды.

         19.02.2026 жылғы құқықтық оқыту семинарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының бас маманы қатысып, түсіндірме жасады.

https://www.instagram.com/p/DU8Gs4dDJyH/?igsh=MXBpbG03dGhqbHh2dw==

         Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындауы мүмкін факторлардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының талаптары Департаменттің аппарат отырыстарында талқыланып, профилактикалық бақылау, арыз-шағымдарды қарау кезінде (жоспардан тыс тексеру), мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін орындау барысында  заңды және жеке тұлғаларға қатысты заң талаптарына негізделген хаттар, құқықтық акті шығару керегі ескертіліп отырады.

         Мемлекеттік қызметшілер кірістері мен мүлкі туралы декларацияны уақытылы тапсырады, заң бұзушылықтар анықталмады.

         Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі тарапынан үлгілік жоспарда көзделген шаралар белгіленген мерзім бойынша атқарылуда, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына мақала жариялау бойынша 2026 жылғы 1 тоқсанында Департаменттің ресми әлеуметтік парақшаларында «Мемлекеттік қызметшінің әдебі – кәсіби мәдениеттің айнасы» тақырыбында мақала орналастырылды.

https://www.facebook.com/share/1FdVprXSFq/?mibextid=wwXIfr

https://t.me/c/1494428146/2278

         Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына, департаменттің ресми сайтына жарияланған. Азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдау жәшігі орналастырылған. 

Дата публикации
01 июля 2026