Мемлекеттік аттестаттау 2026 жылдың бірінші тоқсанында 13 мектепке дейінгі білім беру ұйымына жүргізілді, оның 4-і аттестатталды (30,7%) (1 мем., 3- жеке балабақша), 9 (69,3%) жеке балабақша аттестатталмады.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 55-1-бабына (Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау) сәйкес білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған, білім берудің сапасы мен қолжетімділігін кешенді түрде бағалау рәсімі болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 114-НҚ бұйрығымен «Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу» қағидалары бекітілді.
Департаментте жаңа форматта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау жұмыстары жүргізіліп, 2026 жылдың мамыр, маусым айларына жоспарланған 26 жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 22-не өткізілді, 4-і балабақша құрылтайшыларының шешімімен жабылды. 22 балабақшаның 3-і мемлекеттік аттестаттаудан өтті, 19-на орын алған кемшіліктерді заңңама талаптарына сәйкестендіру үшін үш айға дейінгі мерзім берілді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 59-1-бабына сәйкес білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін 2 білім бөліміне жоспарлы тексеру жүргізілді.
Қазалы аудандық білім бөліміне 2026 жылғы 28 мамыр – 10 маусым аралығында жоспарлы тексеру жүргізіліп, қорытындысымен 9 бағыт бойынша кемшіліктер анықталып, заңңама талаптарына сәйкестендіруге 6 айға дейінгі мерзім берілді.
Арал аудандық білім бөліміне 2026 жылғы 15 – 26 маусым аралығында жоспарлы тексеру жүргізіліп, қорытындысымен 12 бағыт бойынша кемшіліктер анықталып, заңңама талаптарына сәйкестендіруге 6 айға дейінгі мерзім берілді.