2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Департаменттің жанында педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің қызметі

Педагогикалық қызметтегі әдеп қағидалары 2019 жылғы                                               27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы                                №190 бұйрығында айқындалған.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы                      23 ақпандағы № 64-VIII ҚРЗ заңына сәйкес Білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріндегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) өңделіп, бекітілді.Үлгілік қағидаларға сәйкес Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттеріндегі (бұдан әрі - Департамент) педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың қағидалары бекітілген.

Департамент жанынан 2021 жылғы қаңтар айынан бастап педагогикалық әдеп жөніндегі облыстық консультациялық-кеңесші орган жұмыс жасауда.

Департамент жанынан педагогикалық әдеп жөніндегі облыстық консультациялық-кеңесші орган 2021 жылғы  21 қаңтарда №5/н бұйрығымен құрылған. Қазіргі таңда Департамент басшысының өзгеруіне байланысты,  аталған Кеңестің құрамына өзгерістер енгізіліп, 10.03.2026 жылғы №61-н бұйрығымен бекітілді.

Қазіргі таңда Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментіндегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) құрамы қалыптастырылған.

Аталған Кеңес педагогтердің педагогтік әдепті сақтау мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылады.  Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

Осы кезеңге дейін Департамент жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысында Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын 28 педагогтың педагогикалық әдеп нормаларын бұзуға қатысты іс –әрекеттері қаралды. Соның ішінде 5 мектеп директоры, 3 мектеп директорының орынбасары, 20 педагог. Кеңінен жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесімен, 2026 жылдың 1-тоқсанында педагогтердің әдеп нормаларын бұзу бойынша шағым түспеген.

2026 жылғы 17 наурыз күні Департаменттің педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңесінің 1 отырысы өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/DV_IQxVEYHw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.facebook.com/share/v/17yiov88U7/

Кеңес отырысының бекітілген күн тәртібіне сәйкес, отырыста  конституциялық өзгерістердің педагогтердің мәртебесін арттырудағы рөлі туралы Департамент басшысы М.Б. Бекмағанбетов кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар, отырыста Департаменттің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің жаңа құрамы таныстырылып, Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімі басшысының                                         есебі тыңдалды.

Отырыс қорытындысымен Департаменттегі педагогикалық әдеп  жөніндегі Кеңес тарапынан бірқатар ұсыныстар берілді.

Атап айтқанда, Қызылорда облысының білім басқармасына Департаментпен бірлесе отырып, облыстағы білім беру ұйымдарында педагогикалық әдеп нормалары мәселелері туындағанда, резонансты жағдайларда, арыз-шағым көп түсетін білім беру ұйымындағы ахуалды (педагогикалық әдеп нормаларына қатысты) зерделеу, қалпына келтіру мақсатында Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі семинарын, кездесулерін бірлесе өткізу, жергілікте жердегі білім саласының ардагер-ұстаздарын білім беру ұйымдарындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің құрамына енгізе отырып,  түрлі шараларға тарту ұсынылды.

Сондай-ақ, Жаңақорған ауданы бойынша білім бөліміне:

-  аудандағы білім беру ұйымдарында құрылған «Педагогикалық әдеп жөніндегі» комиссия құрамын «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығының 2-қосымшасымен бекітілген талаптарға сәйкестігін зерделеу, комиссия жұмысы жандандыру;

- педагогтер тарапынан ауыл олимпиадасы кезінде «академиялық адалдық» принциптерінің сақталуы қамтамасыз ету;

- Жаңақорған ауданында «Педагогтардың этикалық бейнесін қалыптастыру» бағытында іс-шаралар өткізу;

- аудандағы білім беру ұйымдарында резонансты мәселелер туындамау үшін, білім беру ұйымдарында орын алған проблемалық мәселелерге уақытылы ден беріп, шешілуін қамтамасыз ету;

- Жаңақорған ауданы бойынша білім саласының ардагер-ұстаздарын білім беру ұйымдарындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің құрамына енгізе отырып,  түрлі шараларға тарту ұсынылды.

2026 жылғы 29 сәуірінде өткізілген Педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің     2-ші отырысы  Жаңа Конституцияны ілгерлетуге бағытталды.

Біртұтас Қазақстан халқының барлық мақсат-мүддесі қамтылған – халықтық Конституция еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Бірлік пен әділдік, заң мен тәртіп сияқты құндылықтарды орнықтырып, еліміздің ұзақ мерзімді даму бағдарын айқындайды.

Адам капиталының, ғылым мен инновацияның, цифрлық ортаның сапалы дамуына, мәдениетіміздің жаңаша өсіп-өркендеуіне, экологиялық қауіпсіздіктің сақталуына кепілдік береді.

Білім беру жүйесінің басты тірегі – ұстаздар қауымы.

Педагог мәртебесін арттыру, олардың еңбегін құрметтеу және тұрақты қолдау көрсету – қоғамның дамуына тікелей әсер етеді.

Осы тұрғыдан алғанда, білім беру саласының Конституцияда нақты көрініс табуы ұстаз мамандығының маңызын арттырып, кадрлық тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.

Сапалы білім алған ұрпақ – елдің интеллектуалдық әлеуетін арттырып, мемлекетіміздің тұрақты дамуына негіз болады.

Конституцияның 33-бабында әркімнің білім алуға құқығы, орта білім беру саласында барлық білім мекемелеріне (мемлекеттік және жекеменшік) бірыңғай талаптар қойылды.

Осы арқылы білім беру сапасын арттыру және орта білімді қолжетімді ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жаңа Конституцияға сәйкес, орта білім беру саласында барлық білім мекемелеріне (мемлекеттік және жекеменшік) бірыңғай талаптар қою, білім беру сапасын арттыру және орта білімді қолжетімді ету мәселелеріне ерекше назар аударылғандығын тағы да айта кету керек.Конституциялық деңгейде мемлекет білім беру саласын тұрақты қаржыландыру міндеттілігі бекітілді. Бұл осы саладағы стратегиялық бастамалар үшін берік құқықтық негіз қалыптастырады.

Қызылорда қаласы мен аудандық білім бөлімі басшылары:

- білім бөліміндегі жауапты қызметкерлердің өз саласы бойынша педагогтер туралы қажетті ақпараттарды толық жинақтап, білім беру ұйымдары бойынша  деректер қорын жасақтауды, оны тұрақты жаңартып отыруды;

- меншік нысанына қарамастан, білім беру ұйымдарына түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді;

- академиялық адалдық принциптің меншік нысанына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарында сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Қармақшы ауданында барлық білім беру ұйымдарындағы, соның  ішінде балабақша, мектеп, арнайы білім беру ұйымы, қосымша білім беру ұйымдарындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі комиссия құрылады.

Осы комиссия құрамын  «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығының 2-қосымшасымен бекітілген талаптарға сәйкестігін тағы бір зерделеп, жұмысын жандандыру қажет.

Педагогтерді жұмысқа қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының бекітілген нормативтік - құқықтық актілерінің сақталуын, шешім қабылдау кезінде адалдық принциптерінің сақталуын қамтамасыз ету қажет.

Педагогтерді міндетіне кірмейтін жұмыстарға тарту фактілері барлық білім беру орындарында орын алмауы қажет.

Түрлі мәселелерге қатысты әлеуметтік желілерде азаматтар тарапынан посттар жарияланып, телеграмм чаттар мен түрлі ақпарат көздері арқылы Департаментке өтініштер мен шағымдар түсіп жатады.

 Қармақшы ауданы бойынша резонансты мәселелер туындамау үшін, білім беру ұйымдарында орын алған проблемалық мәселелерге уақытылы ден беріп, шешілуін қамтамасыз

Дата публикации
01 июля 2026