GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Департамент туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Все материалы
16 октября 2026
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті

15.10.2026 жылы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Жиын барысында білім беру үдерісінде педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, мұғалімдер мен қызметкерлердің кәсіби этикасы, сондай-ақ туындаған мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар Түпқараған, Қарақия,Мұнайлы аудандық білім бөлімі басшыларының «Педагог мәртебесі туралы» ҚР заңының нормалары мен Педагогикалық әдеп ережелерін сақтау туралы атқарылған жұмыстарының  есебі тыңдалды.
Жиын соңында педагогикалық әдеп кеңесінің мүшесі  Тлеубаева Қаламқас  Қалиқызын «ҚР Еңбек сіңірген ұстаз» құрметті атағын алуымен құттықтап, оған толағай табыс пен шығармашылық жетістіктер тіледі.

24 сентября 2026
Бірыңғай есеп беру күні

Маңғыстау облысында Бірыңғай есеп беру күні аясында кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың қатысуымен ақпараттық кездесу өтті.

Шараның басты бағыты – кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау-қадағалау жұмыстарының жүргізілу тәртібін түсіндіру, бизнес өкілдерінің құқықтарын қорғау және мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлер арасындағы өзара байланысты одан әрі жетілдіру.

Кездесуге облыстық мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатар, кәсіпкерлер, бизнес-қоғамдастық мүшелері, қаржы ұйымдарының өкілдері, аудандық және қалалық әкімдіктер басшыларының орынбасарлары және кәсіпкерлік саласына жауапты бөлімдердің жетекшілері қатысты.

Жиын барысында түрлі салалардағы бақылау шараларының жүзеге асырылуы, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттері және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Өз кезегінде Департамент басшысы Светлана Дүмбайқызы білім беру ұйымдарындағы бақылау іс-шараларының барысы жөнінде баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Іс-шараның соңында кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттарын талқылады.

Мұндай кездесулер кәсіпкерлік орта өкілдерінің мемлекеттік органдармен тікелей байланысын қамтамасыз етіп, саладағы мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік береді.

21 августа 2026
Қоғамдық кеңесте білім саласының мәселелері талқыланды

20 тамыз күні Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста 2026–2027 оқу жылына дайындық барысы талқыланды. Күн тәртібінде білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайы, оқушыларды оқулықтармен және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, мектептердегі қауіпсіздік, кадр мәселесі және техникалық-кәсіптік білім беру саласының жай-күйі қаралды.

Жаңа оқу жылында облыста 742 білім беру ұйымы жұмысын бастайды. Оның ішінде 214 мектепте 200 мыңға жуық оқушы білім алады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар мектептерді жөндеу, жылу маусымына дайындық, мектепке дейінгі ұйымдарда қосымша орындар ашу және оқушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Отырыс қорытындысы бойынша білім беру саласын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар айтылды.

11 августа 2026
Білім беру-сауықтыру орталықтарының қызметін міндетті лицензиялау

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен биылғы жылы алғаш рет еліміздегі балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтарының қызметін міндетті лицензиялау тәртібі енгізілді.

Жаңа талаптарға сәйкес, лицензия алу барысында балаларға көрсетілетін медициналық қызметтің ұйымдастырылуы, қауіпсіздік жүйелерінің қамтамасыз етілуі, бекітілген білім беру-сауықтыру бағдарламаларының жүзеге асырылуы, санитариялық нормалардың сақталуы, сондай-ақ балалардың қауіпсіз әрі жайлы демалуына қажетті инфрақұрылымның болуы ескеріледі.

Лицензиялау талаптары жыл бойы және маусымдық режимде жұмыс істейтін, балаларға білім беру және сауықтыру қызметтерін көрсететін мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарға бірдей қолданылады.

Осы бағытта Маңғыстау облысы бойынша департамент тарапынан қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес 6 мемлекеттік маусымдық балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталығына лицензия берілді.

Жазғы сауықтыру маусымы барысында аталған орталықтарда барлығы 11030 бала қамтылды. Сонымен қатар балалар қосымша білім беру бағдарламаларына, шығармашылық және танымдық бағыттағы түрлі үйірмелер мен іс-шараларға тартылуда.

Бұл шаралардың барлығы балалардың жазғы демалысын көңілді, қауіпсіз әрі пайдалы ұйымдастыру мақсатында қабылданған.

https://www.facebook.com/share/v/1DGALr7U9f/?mibextid=wwXIfr   

13 июля 2026
"Маңғыстау" облыстық қоғамдық-саяси газеті

 

 

30 июня 2026
Маңғыстау энергетикалық колледжі түлектерге диплом табыстады

Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде «Түлектер – жаңа өмірдің табалдырығында» атты диплом табыстау салтанатты рәсімі өтті.
Биыл колледжді 712 студент сәтті аяқтап, кәсіби білім туралы диплом алды. Осы көрсеткіш бойынша оқу орны Маңғыстау облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында ең көп түлек даярлаған көшбасшы атанды.

29 июня 2026
Маңғыстауда жаңа жоба бастау алды….

2026 жылғы 29 маусымда Ақтау қаласындағы «Достық» үйінде «Жасанды интеллектіні оқыту мен білім беру процесіне енгізу, институционалдық құзыреттерді дамыту және білім беру жүйесіне AI, 5G және AIoT технологияларын енгізудің негізгі қағидалары» тақырыбында халықаралық семинар өтті.

Іс-шара Қазақстанда жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, әлемдік білім беру көшбасшыларының бірі – Singapore Polytechnic International (SPI) ұйымымен бірлескен жобаның бастамасы болды. Жоба білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізумен қатар, өндіріс пен экономиканың цифрлық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Шара барысында Singapore Polytechnic сарапшылары жасанды интеллект (AI), 5G және AIoT технологияларын білім беру процесіне енгізудің озық тәжірибелерімен бөлісіп, цифрлық трансформацияның негізгі бағыттарын таныстырды.
Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі Маңғыстау облысы білім басқармасының қолдауымен аталған халықаралық жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асырып, өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің цифрлық әлеуетін дамытуға үлес қоспақ.

29 июня 2026
Жұлдыз Сүлейменова Ақтаудағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмысымен танысты

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ақтау қаласындағы Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі мен Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжіне барды.

Министр колледждердің оқу-өндірістік базасымен, заманауи зертханаларымен және өндірістік оқыту шеберханаларымен танысып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар колледж студенттері мен оқытушылары жүзеге асырып жатқан инновациялық және өндірістік жобалар таныстырылды.

Сапар барысында Жұлдыз Сүлейменова колледж ұжымдарымен және студенттермен пікір алмасып, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының сұранысына бейімдеу және жұмыс берушілермен әріптестікті одан әрі нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.

29 июня 2026
📝Жұлдыз Сүлейменова Әбіш Кекілбаев білім алған тарихи мектепке барды

▫️Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келіп, Түпқараған ауданындағы Таушық ауылында орналасқан Шахта жалпы білім беретін мектебіне барды.

▫️Министр облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбаймен бірге мектептің материалдық-техникалық базасын, тарихи музейін аралап, білім беру ұйымдастырылуымен танысты.

📍Шахта жалпы білім беретін мектебі - Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев мектеп табалдырығын аттап, орта мектептегі жоғары сыныптарын оқып, тәмамдаған тарихи білім ордасы. Бүгінде мұнда жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған музей жұмыс істейді.

▫️Іс-сапар барысында министр мен облыс әкімі ауыл тұрғындарымен және педагогикалық қауымдастық өкілдерімен кездесіп, өңірдегі білім беру жүйесін дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

✉️Кездесу барысында Жұлдыз Сүлейменова білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарына тоқталып, Маңғыстау облысында соңғы жылдары қол жеткізілген нәтижелерді атап өтті.

▫️Тарихи білім ордасына жасалған сапар барысында мектептің бүгінгі тыныс-тіршілігімен, білім беру үдерісімен және қалыптасқан тәжірибесімен танысуға ерекше назар аударылды. Мектеп ұжымымен өткен кездесу өңірдегі білім беру жүйесін одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді

18 июня 2026
МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА

Жиналыс барысында мемлекеттік аттестаттау рәсімін ұйымдастыру және өткізу кезінде басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық актілер кеңінен түсіндірілді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 55-1-бабы және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №114-нқ бұйрығы талаптары негізінде сарапшылар Маңғыстау облысындағы төрт мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына тексеру жұмыстарын бастады.

Сарапшылардың құқықтары мен міндеттері, кәсіби этика қағидаттары, объективтілік пен ашықтықты сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы