Ант қабылдады

Ант қабылдады

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік қызметке кірген қызметкерлер ант қабылдауға міндетті. Ант қабылдау рәсімі Қазақстан Республикасының Президентінің 16.08.2017 жылғы №532 жарлығына сәйкес өткізіледі. 28.02.2025ж. күні Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Қ.Н.Сабыров ант қабылдады. Департамент басшысы қызметтік куәлік табыстады және мемлекеттік қызметтің жауаптылығын айта отырып қызметті сапалы атқару қажеттігін ескертіп, жұмыста табыс тіледі. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Т.Қ.Жұмағұлов, Маңғыстау облысы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі Ф.Ж.Исмағұлова қатысып, ант қабылдаған мемлекеттік қызметшіге сәттілік тілеп, құттықтады.