DIGITAL KAZAKHSTAN: АСТАНАДА ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ САММИТІ ӨТТІ
Астана қаласында Педагогтердің республикалық дәстүрлі Тамыз Саммитіне Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департамент басшысы Есболат Өмірзақ Кенғанұлы қатысты. 2024-2025 оқу жылында тамыз конференциясының тұжырымдамасына сәйкес, білім берудегі цифрлық инновациялар және цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу жағдайында білім беру жүйесін дамытудың бірыңғай ұстанымдарын қалыптастыру мәселелері талқыланды.Сонымен қатар, жұмыспен қамтудың цифрлық экожүйесі Enbek.kz және оның мүмкіндіктері, ТжКБ басқарудың тиімділігін арттырудағы «Talap» КЕАҚ ақпараттық жүйелерінің рөлі, цифрлық трансформация жағдайында IT Hub қалыптастыру мүмкіндіктері, метағалам - дәстурлі оқыту әдістерін жаңғырту, ҚР Білім беру ұйымдарында “SCAFFOLD” карточкаларын енгізу бойынша мәселелер қаралды. Елімізде алдағы уақытта, ТжКБ беру жүйесіндегі цифрландырудың заманауи тенденциялары бойынша жақсы жаңалықтар күтілуде.