28.02.2024 ж. күні Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Ақтау қаласындағы No 28 орта мектептің акт залында қыркүйек-желтоқсан айларында мемлекеттік аттестаттаудан өтетін 46(15 балабақша, 31 мектеп) білім беру ұйымдарының басшыларымен семинар-кеңес өтті.

28.02.2024 ж. күні Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Ақтау қаласындағы No 28 орта мектептің акт залында қыркүйек-желтоқсан айларында мемлекеттік аттестаттаудан өтетін 46(15 балабақша, 31 мектеп) білім беру ұйымдарының басшыларымен семинар-кеңес өткізді. Семинар кеңесті кіріспе сөзбен департамент басшысы Е. Өмірзақ ашып, мемлекеттік аттестаттаудың жаңа форматының ерекшеліктерін, осыған дейінгі аттестаттау кезіндегі кездескен кемшіліктер, академиялық адалдық принциптерін сақтау, аттестаттауға байланысты сұрақтар, мәселелер болса, кез-келген уақытта департамент қызметкерлеріне хабарласу, т.б туралы айтып өтті. Департаменттің білім беру қызметін сырттай бағалау бөлімінің басшысы С. Чуйшбаева мемлекеттік аттестаттау кезінде басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттар, аттестаттауды өткізу, құжаттарды сайтқа орналастыру, т.б. талаптарды түсіндірді, сұрақтарға жауап берді, нақты кездесетін жағдайларды талқылады. Қатысушылар семинар-кеңестің пайдалы болғандығын айтып, алғыс білдірді.