
Білім беру ұйымдарының басшыларымен семинар өткізілді.
Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде 5 қаңтар күні 2024жылдың бірінші жарты жылдығында бару арқылы профилактикалық бақылау өткізілетін білім беру ұйымдарының басшыларымен семинар өткізілді. Департамент басшысы Е.Өмірзақ профилактикалық бақылау жүргізу кезінде басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілер туралы түсіндіріп,қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.