Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары бойынша отырыс өткізілді

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары бойынша отырыс өткізілді

Департаментте сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында қызметтік отырыс өткізілді. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, адалдық қағидаттарын сақтау және этикалық талаптарды бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері талқыланып, қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

 

Департамент ұжымы алдағы уақытта да сыбайлас жемқолықтың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыратын болады.