АРАЛАС МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ

АРАЛАС МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ

Қазақ тілін оқыту сапасы – тек бір пәннің көрсеткіші емес, ол ұлттық құндылықтарымызды, бірлігімізді, болашағымызды айқындайтын стратегиялық бағыт. Осыған орай бүгін Маңғыстау облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті облыстық әдістемелік орталықпен бірлесіп аралас мектептерінде қазақ тілін оқытуды ұйымдастырудың сапасын арттыру мақсатында іс-шара өткізілді.
Іс-шараға білім беру ұйымдарының директорлары мен әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлар, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Кездесуде:
✅ педагогтердің тәжірибелері мен пікірлері ортаға салынды
✅ нақты ұсыныстар әзірленді.
✅ қазақ тілін оқытудың сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді
✅ оқутыдың сапасы төмен мектептердің жұмысы зерделенді.