ДАҒДАРЫСТЫ ЖАҒДАЙЫНДА КӨМЕКТЕСУ МӘДЕНИЕТІ:САЛААРАЛЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫҚ” ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

ДАҒДАРЫСТЫ ЖАҒДАЙЫНДА КӨМЕКТЕСУ МӘДЕНИЕТІ:САЛААРАЛЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫҚ” ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Департамент басшысы М.Сулейменов 18 маусым күні Психологиялық қолдау орталығының 1 жылдығына орай “Дағдарысты жағдайында көмектесу мәдениеті: салааралық ықпалдастық” тақырыбындағы облыстық психологиялық форумының жұмысына қатыстым
Шара аясында аудан, қала педагог-психологтарымен жәрменке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде білім алушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру, стресске төзімділікті арттыру және психикалық денсаулықты нығайтуға арналған көрнекі құралдар, интерактивті әдістемелер мен психологияның белсенді әдістері ұсынылды.

Форум спикерлері – Е. Мырзабаев, Е. Куанышбекова және С. Садуакасов – онлайн платформалар арқылы психологиялық қолдауда цифрлық құралдарды тиімді пайдаланудың тәсілдерімен бөлісті.

Іс-шара соңында 2024–2025 оқу жылында дағдарыстық жағдайларда жедел көмек көрсетуде белсенділік танытқан педагог-психологтар марапатталды.