Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қаматамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Департаментпен «23» қазан 2024 жылы бекітілген 2025 жылға арналған білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау тізбесі негізінде аттестаттау жүргізді.
2025 жылдың есепті мерзімінде 81 білім беру (71 балабақша /43 мемлекеттік, 28 жекеменшік балабақша/, 10 мемлекеттік мектеп) ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізді. Мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде 71 балабақшаның 46-ы аттестатталмады (22 мемлекеттік, 24 жекеменшік). 10 мектептің 10-ы да аттестатталмады. Мемлекеттік аттестаттауға білім беру ұйымдарынан білікті, тәжірибелі педагогтерді сарапшылыққа тартылды. Әрбір мемлекеттік аттестаттау алдында Департамент басшысы мен Әдеп жөніндегі уәкілдің басшылығымен мемлекеттік қызметшілер мен сарапшыларға кеңес өткізілді. Онда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және барлық қызметті адал атқару түсіндірілді және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуге жауапты тұлғалардың әдеп нормалары ережесімен танысқандығы туралы қолдары қойылды. Мемлекеттік аттестаттау кезінде Департамент қызметшілері мен сарапшылар тарапынан әдеп нормаларын бұзу, сыбайластық тәуекелдерге бару фактілері орын алған жоқ.
Департаментке тікелей және e-otinish арқылы 74 арыз-шағым түсті, оның 22-сі әртүрлі мәселелер бойынша сұрақтар болса 10-ы еңбек қатынастарына қатысты болды. 42 арыз Департаменттің құзіретіне жатпайтындықтан басқа мемлекеттік органдарға жолданды. Департамент тарапынан 5 арыз бойынша тексеру жүргізілді.