Маңғыстау облысының
2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша
АЙМАҚТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ
2024 ж. 1 тоқсан
|
№ |
Іс-шара |
Орындау мерзімі |
Жауапты |
Орындалысы |
|
||||||||||
|
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ |
|
|
|||||||||||||
|
1. |
Кезектіліктің ұлғаюын ескере отырып, жекеменшік балабақшаларда 21 445 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру: 2023 ж. – 2 970 орын; 2024 ж. – 4 265 орын; 2025 ж. – 4 410 орын; 2026 ж. – 2 300 орын; 2027 ж. – 2 400 орын; 2028 ж. – 2 500 орын; 2029 ж. – 2 600 орын. |
2023-2029 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру, Бюджеттік жоспарлау департаменттері |
Маңғыстау облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша аймақтық жол картасына сәйкес, өткен жылы 3 135 орын іске қосылды: - 2 656 орындық 30 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашу есебінен; - 479 орын жасап тұрған балабақшаларды кеңейту есебінен.
|
|
||||||||||
|
2. |
Жекеменшік балабақша санын арттыру: 2023 ж. – 15; 2024 ж. – 16; 2025 ж. – 17; 2026 ж. – 18; 2027 ж. – 19. |
2023-2027 жж. |
Аудан, қала әкімдіктері Білім басқармасы Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша) |
Ағымдағы жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша 150 орындық 2 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылды. (Ақтау қаласы, Шығыс ш/а, Padishah Aktau балабақшасы, Ақтау қаласы, Толқын-2 ш/а, Шах village garden балабақшасы)
|
|
||||||||||
|
3. |
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 2023 ж. – 87,8%; 2024 ж. – 90%; 2025 ж. – 97%; 2026 ж. – 98%; 2027 ж. – 99%; 2028 ж. – 100%. |
2023-2028 жж. |
Білім басқармасы Аудан, қала әкімдіктері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру, Бюджеттік жоспарлау департаменттері |
Маңғыстау облысында 44 812 баланы қамтитын 376 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік 140 бірлік (24 392 бала), жеке меншік 236 бірлік (20 420 бала). Мектепке дейінгі ұйымдармен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 2-6 жаста барлығы 44 134 бала қамтылған. Сондай-ақ, мектептердің мектепалды даярлық сыныптарында 9 309 оқушы білім алады. Барлығы 53 443 бала мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мен қамтылды. Кезекте 6 102 бала тіркелген. Қазіргі таңда 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту көрсеткіші 89,5%-ды құрайды. |
|
||||||||||
|
4. |
11 мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымына күрделі жөндеу жүргізу (реновация): экономика Сәуле б.б. 2023 ж. – 1 нысан; 2024 ж. – 1 нысан; 2025 ж. – 1 нысан; 2026 ж. – 1 нысан; 2027 ж. – 1 нысан; 2028 ж. – 1 нысан; 2029 ж. – 1 нысан. |
2023-2029 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы Аудан, қала әкімдіктері Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Бейнеу ауданының «Атамекен» бөбекжайының жоспарланған күрделі жөндеуі МО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қорытындысынан кейін жүргізілетін болады. |
|
||||||||||
|
5. |
Мектепке дейінгі ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету: 50 мемлекеттік балабақшада пәндік-кеңістіктік дамытушы ортаны жабдықтау және балабақша аумағын абаттандыру: 2023 ж. – 5 бб; 2024 ж. – 5 бб; 2025 ж. – 5 бб; 2026 ж. – 5 бб; 2027 ж. – 10 бб; 2028 ж. – 10 бб; 2029 ж. – 10 бб. |
2023-2029 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы Аудан, қала әкімдіктері
|
|
|
||||||||||
|
6. |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету үшін өңірлердің әдістемелік кабинеттерінің жанынан 8 мобильдік топ құру |
2023ж. |
Білім басқармасы |
ОРЫНДАЛДЫ «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысының 37 тармағына сәйкес Маңғыстау облысында оқу-әдістемелік орталығының сондай-ақ, білім бөлімдері әдістемелік орталықтарының жанында балаларды ерте дамыту мәселелері жөніндегі барлығы 8 мобильді топ құрылды. Педагогтерге әдістемелік көмек көрсету және қолдау мақсатында білікті меңгерушілер, әдіскерлер, тәрбиешілер, педагог-психологтер мобильдік топ құрамына кірді. Мобильді топтардың қызметі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын, мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын және қызметті ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын талап ете отырып жүзеге асырылады. |
|
||||||||||
|
7. |
Мектепке дейінгі білім беру объектілерін қосымша бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру: 2023 ж. – 280 дана; 2024 ж. – 280 дана; 2025 ж. – 280 дана; 2026 ж. – 280 дана; 2027 ж. – 280 дана; 2028 ж. – 280 дана; 2029ж. – 280 дана. |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Аудан, қала әкімдіктері Цифрлық технологиялар басқармасы Полиция департаменті |
2023 жылы 40 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 1548 бейнебақылау камерасымен жаңартылды. Бұл жұмыстарды 2024 жылы жалғастыру жоспарлануда. |
|
||||||||||
|
8. |
Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының, әдіскерлерінің, тәрбиешілерінің жалпы санынан бейінді білімі бар педагогтердің үлесі: 2023 ж. – 56%; 2024 ж. – 58%; 2025 ж. – 60%; 2026 ж. – 62%; 2027 ж. – 64%; 2028 ж. – 67%; 2029 ж. – 70%. |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (келісім бойынша)
|
Мектепке дейінгі ұйымдарда 4865 педагог жұмыс істейді. Оның ішінде: 57 педагог-зерттеуші (1,2%), 114 педагог-сарапшы (2,3%), 807 педагог-модератор (16,6%). |
|
||||||||||
|
9. |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарымен қамту: 2023 ж. – 855 педагог; 2024 ж. – 800 педагог; 2025 ж. – 800 педагог; 2026 ж. – 800 педагог; 2027 ж. – 850 педагог; 2028 ж. – 900 педагог; 2029 ж. – 900 педагог.
|
2023-2029 жж. |
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Балаларды ерте дамыту институты Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті |
Ағымдағы жылы «Назарбаев Зияеткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында 24 педагог, «Өрлеу» БАҰО Маңғыстау облысы АҚ филиалы кәсіби даму институтында 460 педагог, «Адамның үйлесімді дамуы» ұлттық институтында 25 педагог, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығында 20 педагог, Балаларды ерте дамыту институтынан 250 педагог біліктілік арттыру курстарынан өтті. Барлығы 779 педагог біліктілігін арттыру жоспарлануда |
|
||||||||||
|
10. |
«Маңғыстау облысының үздік мектепке дейінгі ұйымдар желісі» жобасын жүзеге асыру |
2024-2029 жж. |
Білім басқармасы |
Жоспарға сәйкес «Маңғыстау облысының үздік мектепке дейінгі ұйымдар желісі» жобасы 2024 жылы жүзеге асыралатын болады.
|
|
||||||||||
|
ОРТА БІЛІМ БЕРУ
|
|
||||||||||||||
|
11. 2 |
15 үш ауысымды мектепте 4000 орын тапшылығын толық жою үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 21 мектеп (22900 орын) құрылысын салу: - 2024 жылы 13 мектеп құрылысы, - 2025 жылы 8 мектеп құрылысын пайдалануға беру. |
2023-2025 жж.
|
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Жер қатынастары басқармасы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті |
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 600 орындық 13 мектептің құрылысы жүргізілуде (Ақтау қаласы-6, Жаңаөзен қаласы-1, Бейнеу ауданы-2, Мұнайлы ауданы – 3, Маңғыстау ауданы-1) |
|
||||||||||
|
12. |
Мектептерде орын тапшылығын азайту үшін 6460 орындық 7 мектеп құрылысын және 1225 орындық 5 мектепке қосымша құрылысты пайдалануға беру: 2024 жылы: - 425 орындық 2 қосымша құрылыс (Түпқараған ауданы М.Әбдіхалықов мектебі - 300 орындық, М. Горький мектебі - 125 орын); - 3600 орындық 3 мектеп (Ақтау қаласы 18 ш/а, 19 «а» ш/а, Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылы «Алау» ш/а)
- 200 орындық 1 қосымша құрылыс (Маңғыстау ауданы А.Меңдалыұлы мектебі - 200 орын); - 1200 орындық 1 мектеп (Мұнайлы ауданы Қызылтөбе-2 ауылы).
2025 жылы: - 1660 орындық 3 мектеп (Маңғыстау ауданы Бекі ауылы, Тұщыбек ауылы, Түпқараған ауданы С.Шапағатов ауылы); - 600 орындық 2 қосымша құрылыс (Жаңаөзен қаласы №№ 18, 21).
|
2023-2027 жж.
|
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Жер қатынастары басқармасы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті |
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 125 орындық 1 қосымша құрылыс пайдалануға берілді (Баутино ауылында М.Горький атындағы мектеп-лицейі), Түпқараған ауданы М.Әбдіхалықов ат. орта мектеп және Маңғыстау ауданы Алшын Меңдалыұлы ат. орта мектептердердің қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілуде (жапсаржай). Сондай-ақ, 4 мектептің құрылысы жалғасуда (Ақтау қаласы 18 ш/а, 19 «а» ш/а, Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылы «Алау» ш/а және Қызылтөбе-2 ауылы).
|
|
||||||||||
|
13. |
30 мектептің спорт алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу: 2023 ж. – 6 мектеп; 2024 ж. – 6 мектеп; 2025 ж. – 6 мектеп; 2026 ж. – 6 мектеп; 2027 ж. – 6 мектеп. |
2023-2027 жж. |
Білім басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
|
2024 жылдың соңына дейін мектеп спорт алаңдарына ағымдағыы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. |
|
||||||||||
|
14. |
29 мектептің спорт алаңдарына жаңарту: 2023 ж. – 5 мектеп; 2024 ж. – 6 мектеп; 2025 ж. – 6 мектеп; 2026 ж. – 6 мектеп; 2027 ж. – 6 мектеп. |
2023-2027 жж. |
Білім басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы |
2024 жылдың соңына дейін мектеп спорт алаңдарын жаңарту жоспарлануда. |
|
||||||||||
|
15. |
Шағын қалалар мен ауылдардағы жалпы білім беретін мектептерді жаңғырту (жөндеу жұмыстарын жүргізу, материалдық-техникалық базасын нығайту және пәндік кабинеттермен қамту): 2023 ж. – 20 мектеп; 2024 ж. – 20 мектеп; 2025 ж. – 20 мектеп. |
2023-2025 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы
|
2024 жылы 476 млн.теңге көлемінде 20 мектепті (Жаңаөзен қаласы Кендірлі ауылы – 2, Бейнеу ауданы-7, Қарақия ауданы-4, Маңғыстау ауданы-1, Мұнайлы ауданы-4, Түпқараған ауданы-2) жаңғырту жоспарланды (оның ішінде: ағымдағы жөндеу – 340 млн. тг, пәндік кабинеттерді сатып алу (физика, химия, биология) – 136 млн.тг.). Конкурстық рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. |
|
||||||||||
|
16. |
Мектептерде 275 робототехника, химия, биология физикасы, STEAM пәндік кабинеттерін сатып алу: 2023 ж. – 70 (5 робототехника, 20 химия, 20 физика, 20 биология, 5 STEM); 2024 ж. - 22 (8 робототехника, 2 химия, 2 физика, 2 биология, 8 STEM); 2025 ж. - 27 (7 робототехника, 4 химия, 4 физика, 4 биология, 8 STEM); 2026 ж. – 32 (8 робототехника, 5 химия, 5 физика, 5 биология, 9 STEM); 2027 ж. – 35 (7 робототехника, 7 химия, 7 физика, 7 биология, 7 STEM); 2028 ж. - 36 (15 робототехника, 2 химия, 2 физика, 2 биология, 15 STEM); 2029 ж. - 53 (15 робототехника, 8 химия, 8 физика, 7 биология, 15 STEM). |
2023-2029 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы |
2024 жылы 22 физика, химия, биология, робототехника, STEАM пәндік кабинеттерін сатып алу жоспарланды. Оған 151 млн. теңге қарастырылды. Конкурстық рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. |
|
||||||||||
|
17. |
106 мектепті бейнебақылау жүйелерімен қосымша жарақтандыру: 2023 ж. – 14 мектеп; 2024 ж. – 14 мектеп; 2025 ж. – 15 мектеп; 2026 ж. – 15 мектеп; 2027 ж. – 16 мектеп; 2028 ж. – 16 мектеп; 2029 ж. – 16 мектеп |
2023-2029 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы Цифрлық технологиялар басқармасы Полиция департаменті
|
2023 жылы 77 білім беру ұйымына 2399 қосымша бейнебақылау жүйелері сатып алынды. Бұл жұмыстар 2024 жылы жалғасады. |
|
||||||||||
|
18. |
100 мб/с төмен емес интернетпен қамтамасыз етілген, жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен қамтылған орта білім беру ұйымдарының санын арттыру: 2023 ж. – 30 мектеп; 2024 ж. – 40 мектеп; 2025 ж. – 50 мектеп; 2026 ж. – 60 мектеп; 2027 ж. – 70 мектеп; 2028 ж. – 80 мектеп; 2029 ж. – 90 мектеп. |
2023-2029 жж. |
Цифрлық технологиялар басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы
|
Облыс бойынша ағымдағы жылы 103 білім беру ұйымдарында 100 мб/с төмен емес интернетпен қамтамасыз етілген. |
|
||||||||||
|
19. |
Педагог кадрлардың орын тапшылығын төмендету: 2023 ж. – 25 орын; 2024 ж. – 19 орын; 2025 ж. – 10 орын.
|
2023-2025 жж. |
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің Педагог кадрлармен жұмыс басқармасы Білім басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (келісім бойынша) |
2023-2024 оқу жылында 868 жас маман жұмысқа қабылданды. Кадр тапшылығы 33 педагогты құрайды (Ақтау-25, Жаңаөзен-5, Түпқараған-3), олар негізінен орыс сыныптарының мұғалімдеріне. 2023 жылында арнаулы бағдарлама бойынша өткізілген конкурс барысында Маңғыстау облысына жұмысқа орналасуға өтініш білдірген педагогтар болмады. Басқа өңірден Маңғыстау облысына келуге тілек білдіруші педагогтар жоқ. |
|
||||||||||
|
20. |
Облыстың білім беру ұйымдары педагогтерін біліктілікті арттыру курстарымен қамту: 2023 ж. – 6 699; 2024 ж. – 7 000 ; 2025 ж. – 7 100; 2026 ж. – 7 200; 2027 ж. – 7 400; 2028 ж. – 7 500; 2029 ж. – 8 000. |
2023-2029 жж. |
«Өрлеу» ҚР БАҰО АҚ «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО Білім басқармасы |
Маңғыстау облысы бойынша жалпы білім беретін мектеп және мектепке дейінгі білім беретін ұйым, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтер саны – 20523. 2024 жылында 4426 педагог біліктілік арттыру курстарынан өту жоспарланды. Қазіргі таңда 610 педагог біліктілік курстарынан өтті. |
|
||||||||||
|
21. |
Менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарында кадр резервіндегі жалпы білім беретін мектеп басшыларының 250 орынбасарын оқыту: 2023 ж. – 20 орынбасар; 2024 ж. – 30 орынбасар; 2025 ж. – 40 орынбасар; 2026 ж. – 50 орынбасар; 2027 ж. – 60 орынбасар; 2028 ж. – 20 орынбасар; 2029 ж. – 30 орынбасар. |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
|
Білім беруде көшбасшылардың кадр резервін құру мақсатында «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервін қалыптастыру іс-шарасы аясында Маңғыстау облысынан 8 педагог тесттен өтіп, Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласына біліктілік арттыру курсынан өтуге жіберілді. Оның ішінде 3 педагог өз еркімен отбасы жағдайына байланысты курстан бас тартты. |
|
||||||||||
|
22. |
Білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Құқықтық сауаттылық» жобасын жүзеге асыру |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы |
2024 жылы Аймақтағы мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарындағы кадрлардың біліктілігін арттыруға Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарға 11 млн. теңге қарастырылды. Жоба аясында, 300-ден астам басшыға құқықтық оқыту жүргізіледі. Бүгінгі таңда Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы тарапынан конкурстық рәсімдер жұмыстары жүргізілуде. |
|
||||||||||
|
23. |
Жалпы білім беретін мектептердің директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, мұғалімдеріне, психологтарына жас мамандарына жетекшілік етуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру .(Бағдарламалар бойынша қосымша білім беру курстары: «Ұйымдағы зорлық зомбылықтың алдын алу», «Қолайлы білім беруді қамтамасыз ету» |
2023-2025 жж.. |
Білім басқармасы |
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесі бекітіліп, аймақтағы оқушылар мен олардың ата-аналарының бойында отбасылық-құндылықтарды қалыптастыру, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қалыптастыру және дамыту бағытында жүргізілетін жұмыстарға 29 млн теңге бөлінді. Жобалар аясында мемлекеттік білім беру ұйымдарының кемінде 198 әлеуметтік педагогы мен 251 психолог маманына арналған халықаралық және республикалық деңгейдегі суицидология және психология саласының сарапшыларының кемінде 3 модульдік оқытуын ұйымдастыру жоспарланды. |
|
||||||||||
|
24. |
Білім беру ұйым басшыларның кадрлық резервін қалыптастыру. |
үнемі |
Білім басқармасы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылы 28 наурыздағы №249 қаулысымен бекітілген Қазақтан Республикасының мектепке дейінгі, орта техникалық жіне кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасын Іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында білім беруде көшбасшылардың кадр резервін құру қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау үшін «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті» «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервін қалыптастыру іс-шарасын ұйымдастыру мақсатында Маңғыстау облысынан 200 педагог құжаттарын тапсырып, тіркеуден өтті.
|
|
||||||||||
|
25. |
«Позитивтік мәдениетке тәрбиелеу» тақырыбында педагог тәрбиешілерге арналған вебинарлар және аймақтық семинарлар өткізу. |
2023-2024 жж. |
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академия Білім басқармасы |
|
|
||||||||||
|
26. |
Ата- аналар академиясы жобасын жүзеге асыру |
2023-2025 жж. |
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академия Білім басқармасы |
Облыстағы 145 білім беру ұйымында ата-аналармен өзара қарым қатынасты күшейтуде «Ата-аналарды қолдау орталығы» ашылды. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы аясында білім беру ұйымдарында аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға жәрдемдесу мақсатында «Даналық мектебі» клубы құрылды. «Даналық мектебі» клубы негізінде «Әкелер мектебі», «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Ағалар мектебі», «Жеңгелер мектебі» секциялары (5762 ата-ана тартылды) ашылып, арнайы жоспар бойынша бағдарламаға сәйкес берілген тақырыптарда тоқсанына бір рет іс-шаралар ұйымдастырылуда. Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдарында 134 ата-аналар кеңесі құрылып, жұмысын ұйымдастыру, қызметін жүзеге асыру туралы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде. Білім басқармасының бұйрығымен құрамында 11 адамнан құралған облыстық ата-аналар кеңесі құрылды (03.02.2023 ж. № 22 нқ). |
|
||||||||||
|
27. |
«Жасөспірімдердің психологиялық тұрақтылығы» тақырыбында ғылыми –педагогикалық зеттеулер жүргізу. |
2023-2025 жж. |
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім басқармасы |
Білім беру ұйымдарының педагог-психологтері жасөспірімдердің психологиялық тұрақтылығын анықтау мақсатында (білім алушылардың сыныпқа бейімделуі және олардың бойындағы мазасыздықты, үрей, стресстік жағдайларды анықтау) диагностикалар жүргізді. Жүргізілген диагностика қорытындысында оқушылардың бойындағы қобалжу, мазасыздану сезімдерінен арылуына, психикалық денсаулық және дағдарыс жағдайындағы білім алушыларға көмек көрсету, бойларында сенімділік пен тұрақтылықты орнатуға бағыт бағдар беру, уақыттың маңыздылығын ұғындыру мақсатында ақпараттық ағарту іс-шаралары, тренингтер, дәрістер, спорттық ойындар, дөңгелек үстел, суреттер байқауы, ата – аналарға ашық есік күні ұйымдастырылды. Сонымен бірге барлық оқушылармен «Көңіл-күйіңді көтеріп, қуана біл» тақырыбында дәріс сабақ өткізілді.
|
|
||||||||||
|
БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУ |
|
||||||||||||||
|
28. |
Облыстың білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне қатысуы (ББЖМ) |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы «Білімді зерттеу және бағалаудың ұлттық орталығы» АҚ Білім басқармасы |
«ББЖМ-2024» 2024 жылғы 15 сәуір күні өткізіледі. Сол бойынша пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек беріліп, жоспар құрылып дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. |
|
||||||||||
|
29. |
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын кешенді дамыту |
2023 ж. |
«Білімді зерттеу және бағалаудың ұлттық орталығы» АҚ Білім басқармасы |
2024 жылғы 8 ақпан күні өткен Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының «Математика сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбындағы өтті. Вебинар жаңа типтегі тапсырмалар және оларды орындау, оқушыларды дайындауда кедергілерді анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Семинарға жалпы білім беру мекемелерінен 70-ке жуық 8-9 сыныпқа сабақ беретін математика пәні мұғалімдері қатысты.
|
|
||||||||||
|
30. |
Жоғарғы сыныптарда жаратылыстану-математикалық циклы пәндері мен ағылшын тілін оқыту қарқындылығын, сапасын күшейту |
2024-2029 жж. |
Білім басқармасы «Білімді зерттеу және бағалаудың ұлттық орталығы» АҚ |
2024 |
|
||||||||||
|
31. |
Маңғыстау облысының білім беру қызметін кешенді зерттеу |
2024-2025 жж. |
«Білімді зерттеу және бағалаудың ұлттық орталығы» АҚ Білім басқармасы |
2024 |
|
||||||||||
|
32. |
Жаңаөзен қаласының 6 мектебінде «Білім-инновация» лицейлерінің оқу-әдістемелік, кәсіптік бағдар беру тәжірибесін енгізу |
2023-2025 жж. |
Жаңаөзен қаласы әкімдігі «Өзенмұнайгаз» АҚ Білім басқармасы |
2023-2024 оқу жылына жобаға 5 мектеп (№8, №9, №19, №5 мектеп-гимназия, №23) енгізілді. Жобаға қатысты мұғалімдерді біліктілік арттыру курстары мен семинарлардан өтті. Оның ішінде жаратылыстану бағыты бойынша (физика, биология, химия және математика) мұғалімдері және мектеп әкімшілігі, жалпы 404 мұғалім, 196 сағаттық курстан өтті. Кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша мектеп профориентаторларына шебер сағаттар, 511 жеке кездесу және 50 семинар өтті. Құндылықтар бойынша ата-аналармен 7 ай бойы қызу жұмыстар жүргізілді. Әр айдың құндылық атауы бойынша, сынып ата-аналары әр түрлі тақырыпта сынып жетекшімен бірлікте тәрбиелік іс-шаралар атқарылды. |
|
||||||||||
|
33. |
Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалара үшін «Цифрлық мұғалім» жобасын апробациядан өткізу |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы |
Облыс бойынша «Цифрлық ұстаз» жобасына тұрмысы төмен отбасыдан шыққан 1100 бала тізімі және жобаға қатысатын мектептер саны анықталды. Жол картаға сәйкес педагогтерді цифрлық форматта жұмыс жасауға біліктілікті арттыру жұмыстары жүргізілуде. Облыс мектептерінің барлығы 100% жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді. Аталған жоба аясында білім беру ұйымдарында компьютерлік техникамен қамтамасыз етілетін болады. Бұл бағыттағы жұмыстар бұдан әрі жалғасады. |
|
||||||||||
|
34. |
«Маңғыстау облысының тұлғалар есімі берілген атаулы мектептері» жобасын жүзеге асыру |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы |
«Маңғыстау облысының тұлғалар есімі берілген атаулы мектептері» жобасын жүзеге асыруда атауы берілген тұлғалардың есімін ұлықтау мақсатында 2023 жылы Бейнеу ауданы Жұмағали Қалдықараев атындағы мектепте «Ерлікпен өткен жас ғұмыр» атты композициялық әдеби-сазды кеш, Жаңаөзен қаласы Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 мектепте «Қатепті қара нары Маңғыстаудың» облыстық теориялық, әдеби-композициялық конференция, Түпқараған ауданы Маршал Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясында аталмыш мектеп-гимназияның 80 жылдығы және мектепке Маршал Әбдіхалықовтың есімі берілгеніне 30 жыл толуына орай «Тереңге тартқан тамырын, Киелі білім ордасы» атты облыстық шара өтті. |
|
||||||||||
|
35. |
Пән мұғалімдерінің білім сапасын арттыру бағытындағы «Үздік педагог» қауымдастығының, пән мұғалімдері қауымдастықтарының жобаларын жүзеге асыру |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы
|
«Эверест» жобасы 2022 жылдың қаңтар айынан бастап жүргізіліп келеді. Жоба авторы- Байназаров Қуат Кенгесұлы, география пәні мұғалімі, «Үздік педагог – 2020» иегері, педагог-шебер. Жоба аясында географиялық есептер мен логикалық және олимпиадалық тапсырмалар орындалады. 2024 жылдың қаңтар айының каникулында 3-4 турлары, наурыз айының каникулында 5-6 турлары өткізілді. |
|
||||||||||
|
36. |
Математика пәні мұғалімдерінің білім сапасын арттыру бағытындағы «Математикалық прогрессия» жобасын жүзеге асыру |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы |
Математика пәні мұғалімдері арасында 2024 жылы наурыз айында «Математикалық прогрессия» облыстық байқауы үшінші рет өткізілді, байқауға облыстың 61 математика пән мұғалімі қатысты, 37 жеңімпаз мұғалім дипломдармен марапатталды. Жоба авторы - Ақтілеуов Абай Аманбергенұлы, математика пәні мұғалімі, «Үздік педагог – 2022» иегері, педагог-шебер.
|
|
||||||||||
|
37. |
«Маңғыстау облысындағы ауыл және қала мектептерінің білім сапасындағы алшақтықты қысқарту» облыстың 30 мектебін даму стратегиясын менторлық қолдау бойынша жобаны жалғастыру |
2023-2025 жж. |
Білім басқармасы
|
Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты болдырмау мақсатында 15 қала және 15 ауыл мектептеріне «Серіктес топтардың: қала-ауыл мектептерінің даму стратегиясын қалыптастыру» менторлық жобасы енгізілді. Жоба аясында мектеп мұғалімдерінің әлеуметтік көңіл-күй индексі анықталды, «Скиллфолио» цифрлық платформасы арқылы жоба командаларына диагностика жасалып, менторлық жұмыстың нәтижесі бойынша қала, ауыл мектептерінің даму стратегиясы әзірленді. |
|
||||||||||
|
38. |
«Мектептерді қолдаудың ашық алаңдары» аудандар мен қалалардың мектептерінде Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің әдістемелік және практикалық қолдау жобасын жүзеге асыру |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (келісім бойынша) |
Маңғыстау ауданы, Н.Жұбаев атындағы мектеп, Қарақия ауданы, №1 мектебі, Бейнеу ауданы, Күйкен мектебінің мұғалімдері Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасты, бірігіп командалық сабақтар ұйымдастырды, кері байланыс алды. 2023-2024 оқу жылында сабақты жоспарлау және бағалау, дарынды оқушылармен жұмыс, тәрбие жұмысы бойынша тәжірибе тарату, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу мақсатында семинар-тренинг, шеберлік сағаттар, ашық сабақтар ұйымдастырылды. Bookcrossing жобасы аясында мектеп кітапханасына жиналған кітаптар тірек мектептерге табысталды. Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі 2024 жылдың 15 наурыз күні «Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді. Семинар-практикум оқу-тәрбие үдерісіндегі көшбасшылықтың рөлі, көшбасшылық қызметіндегі кедергілерді жою жолдары туралы пікір алмасу, оқытушылар мен тәрбиешілер арасында біріккен іс-әрекет ұйымдастыру, қарым-қатынас іскерлігін орнату, кәсіби пікір алмасу мақысатында өтті. Семинар-практикумға Ақтау қаласының №2, №3, №6 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері қатысты. |
|
||||||||||
|
39. |
«Өрлеу» БАҰО АҚ Маңғыстау филиалының облыс педагогтеріне әдістемелік-практикалық көмек көрсетуін және «Тәлімгерлік мектебі» педагогикалық шеберлік зертханасы» жобасын жүзеге асыру |
2023-2029 жж. |
«Өрлеу» БАҰО АҚ МФ Маңғыстау филиалы Білім басқармасы |
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Ақтау қаласы № 3, № 9, Қарақия ауданы № 6, Маңғыстау ауданы Жармыш жалпы білім беретін мектептерімен тәжірибе алмасу мақсатында «Тәлімгерлік мектебі – педагогикалық шеберлік зертханасы» жобасы жүргізілді. |
|
||||||||||
|
40. |
Ақтау қаласының ІТ-лицейінде және IT мектеп-лицейінде «Медиана» ІТ компаниясымен цифрлық құзыреттіліктер мен бағдарламалау тілдерін дамыту жөніндегі жобаны іске асыру |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы «Медиана» ЖШС (келісім бойынша) |
Білім саласындағы IT жобаларды жетілдіру бойынша «Mediana Ltd» ЖШС Ақтау қаласындағы ІТ мектеп-лицейі және ІТ лицейімен тәжірибе алмасу мақсатында ынтымақтастық алаңы құрылды. Жоба аясында Маңғыстау облысының білім басқармасы мен «Mediana Ltd» ЖШС арасында ІТ-білім беруді жетілдіру бойынша меморандумға қол қойылып, жобаның жұмыс жоспары жасақталды. Жоба шеңберінде мұғалімдер мен оқушыларға бағдарламалау жасауға үйретеді. Оқушылар арасында стартап жобалар мен хакатондар ұйымдастырылады. |
|
||||||||||
|
41. |
«Маңғыстау облысының кәсіптер атласы» жобасын іске асыру (колледждердің оқу бағдарламаларын бейімдеу бойынша жобасын жасақтау, жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың кәсіби бағдар мен диагностикасын жүргізу) |
2023-2025 жж. |
Білім басқармасы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (келісім бойынша) |
Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру аясында Маңғыстау облысының әкімдігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, өңірде «Мамандығым-болашағым» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмысты жасауда. 2022 жылдың қыркүйек-қараша айларында университет базасында үш басым сектор – туризм, білім және педагогика, мұнай-химия және химия өнеркәсібі бойынша форсайттық зерттеу жүргізілді. Зерттеуге облыстан 700-ден астам сала мамандары қатысты. 3 сала бойынша барлығы 39 келешегі зор мамандық анықталды, облыстың кадрлық қамтамасыз етілуіне әсер ететін 41 негізгі тенденция анықталды, осы салалардағы ТжКБ ұйымдары мен облыстың жоғары оқу орындары жүзеге асырып жатқан бірқатар білім беру бағдарламалары жан-жақты талданды. Олардың негізінде осы кәсіптер бойынша кадрлар даярлаудың жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу жоспарлануда. |
|
||||||||||
|
42. |
«Маңғыстау» облыстық телеарнасындағы 11 сынып оқушыларына арналған «Жүзден жүйрік» зияткерлік телеойынын жалғастыру |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Ішкі саясат басқармасы «Маңғыстау» облыстық телеарнасы (келісім бойынша) |
Жоба тоқтатылды |
|
||||||||||
|
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ |
|
||||||||||||||
|
43. |
Ерекше мүмкіндіктері бар балалар үшін ПМПК желісін 50 мың балаға 1 есебінен 2 бірлікке кеңейту: 2025 ж. – 1 дана; 2028 ж. – 1 дана.
|
2025-2028 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы |
2025 |
|
||||||||||
|
44. |
Ерекше мүмкіндіктері бар балаларға арналған арнайы педагогтер үшін ресурстық орталық ашу: 2026 ж. – 1 дана; 2027 ж. – 1 дана; 2029 ж. – 1 дана. |
2026-2029 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы
|
2026 |
|
||||||||||
|
45. |
Ерекше мүмкіндіктері бар балалар үшін психологиялық-педагогикалық түзетудің кабинеттер (ППТК) желісін кеңейту: 2023 ж. – 1 кабинет; 2024 ж. – 1 кабинет;
|
2023-2024 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы |
Бейнеу ауданы Боранқұл ауылында психологиялық-педагогикалық түзетудің кабинетін желтоқсан айында ашу жоспарланды. |
|
||||||||||
|
46. |
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру: 2023 ж. – 100 орын; 2024 ж. – 170 орын; 2025 ж. – 200 орын; 2026 ж. – 250 орын; 2027 ж. – 300 орын; 2028 ж. – 350 орын; 2029 ж. – 400 орын. |
2023-2029 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті |
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.12.2022ж. №532 бұйрығына мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін есептеу әдістемесі бойынша толықтыру мен өзгертулер енгізілуіне орай ( «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» (тек преамбула) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 300 бұйрығына, бүгінгі таңда құқықтық сараптамалық жұмыстар жүргізілуде. |
|
||||||||||
|
47. |
Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған білім беру ұйымдарының үлесі:
|
2023-2026 жж. |
Аудан, қала әкімдіктері Білім басқармасы Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы
|
- 132 мемлекеттік балабақшаның 100-інде (76%) инклюзивті білім беруге жағдай жасалған. - 141 мемлекеттік мектептің 127-сінде (90%) инклюзивті білім беруге жағдай жасалған.
|
|
||||||||||
|
БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ |
|
||||||||||||||
|
48. |
Балалардың хал-ахуал индексіндегі көрсеткішті көтеру: 2023 ж. – 51 балл; 2024 ж. – 51,5 балл; 2025 ж. – 52 балл; 2026 ж. – 52,5 балл; 2027 ж. – 53 балл; 2028 ж. – 53,5 балл; 2029 ж. – 54 балл. |
2023-2029 жж. |
Аудан, қала әкімдіктері Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті |
Балалардың хал-ахуал индексінің 2022 жылғы қорытындылары бойынша облыс бойынша орташа пайыздық көрсеткіш 52,2 % құрады. (республика бойынша 55,3%) Ағымдағы жылдың қорытындысы 2024 жылы шығады. |
|
||||||||||
|
49. |
Балалардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыру: 2023 ж. – 85%; 2024 ж. – 88,3%; 2025 ж. – 90,3%; 2026 ж. – 92,3%; 2027 ж. – 93,7%; 2028 ж. – 94%; 2029 ж. – 95,3%. |
|
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жыл сайын балалардың құқықтық қорғалу деңгейін айқындау бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізеді. 2024 жылдың аяғында қорытындындылады |
|
||||||||||
|
50. |
Барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету: 2023 ж. – 100%; 2024 ж. – 100%; 2025 ж. – 100%; 2026 ж. – 100%; 2027 ж. – 100%; 2028 ж. – 100%; 2029 ж. – 100%. |
2023-2029 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті |
2023-2024 оқу жылында 139 мектепте 1-4 сыныптың 70678 оқушысы (100%), 5-11 сыныптың 16789 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Ол үшін жергілікті бюджеттен 6,6 млрд теңге қаржы қарастырылды. |
|
||||||||||
|
51. |
Жұмысты бақылау мен есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізу: оқушылардың мектеп ғимаратына кіруін қамтамасыз ету, тіркеу жүйелері және баланың тамақтануын бақылау |
2023-2024 жж. |
Білім басқармасы Цифрлық технологиялар басқармасы
|
Оқу материалдарына қол жеткізу, мектеп ғимаратына кіру, сонымен қатар тамақтануға ақы төлеу үшін сәйкестендіру карталары облыстағы 50 мектепке енгізілді. Ағымдағы жылы 48 мектепке қондыру үшін қаржы қарастырылды. Оның ішінде, талапқа сәйкестігі анықталған 35 мекемеге орнату үшін конкурс рәсімдері жүргізілуде. |
|
||||||||||
|
52. |
Білім беру ұйымдарын (мектептерді, колледждерді, мектепке дейінгі ұйымдарды) білім және ғылым саласында қызмет атқаратын террористік - осал объектілерден терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі ҚР Білім министрлігінің талаптарына сәйкес тиісті қауіпсіздік құралдарымен жарақтандыру (ҚР БҒМ 2022.03.30 № 117 бұйрығы - лицензияланған күзет, бейнекамералар және оларды қауіпсіздік жүйесіне қосу, дабыл түймесі): 2023 ж. – 100%; 2024 ж. – 100%; 2025 ж. – 100%; 2026 ж. – 100%; 2027 ж. – 100%; 2028 ж. – 100%; 2029 ж. – 100%. |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Цифрлық технологиялар басқармасы Полиция департаменті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті |
Облыста 376 балабақша (мемлекеттік-140, жекеменшік-236), 193 мектеп (мемлекеттік-154, жекеменшік-39), 25 колледж (мемлекеттік -14, жекеменшік -11) жұмыс жасайды. Барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау камераларымен қамтылған және олардың 486-ы (83%) (балабақша-275, мектеп-187, колледж-24) Полиция департаментінің жедел басқару орталығына (бұдан әрі – ЖБО) қосылған. Ағымдағы жылы 1531 бейнекамера жаңартылады, бөлінген қаражат 227 млн.830 тн. Барлық білім беру ұйымдарында дабыл түймелері орнатылды, олардың 367-і Ішкі істер органдарының кезекші бөлімдері мен ЖБО-ға, ал қалған 219-ы күзет ұйымдарының пультіне қосылған. Бүгінгі таңда 246 мемлекеттік (90 балабақша, 143 мектеп, 13 колледж) және 70 жеке меншік білім беру ұйымында (42 балабақша, 19 мектеп, 9 колледж) күзет мекемелерімен келісім шарттар жасақталған. Турникеттер 153 білім беру ұйымында бар (6 балабақша, 126 мектеп, 21 колледж), оның ішінде 120-і мемлекеттік (111 мектеп, 9 колледж), 33-і жеке меншік ұйымдарда (6 балабақша, 15 мектеп, 12 колледж). Ағымдағы жылы Бейнеу ауданының 24 мектебіне турникет орналастыру жоспарланды. Оған жергілікті бюджеттен 241 млн. тг. бөлінді.
|
|
||||||||||
|
53. |
Білім беру ұйымдарында төтенше жағдайларға байланысты оқу-жаттығуды өткізу: - терроризмге қарсы; - жер сілкінісі, өрт және т.б. |
2023-2029 жж. |
Төтенше жағдайлар департаменті Полиция департаменті Білім басқармасы |
Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда, қауіпсіздігін қамтамасыз етуде «Білім беру ұйымдарында оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары» жасақталып, мүдделері органдармен бірлесе жұмыстар атқарылып, қатаң бақылауда ұсталынып отыр. Білім беру ұйымдарында (мемлекеттік және жекеменшік) оқу-жаттығу шараларын өткізіліп, мектеп персоналына, оның ішінде күзет ұйымдарына алгоритмдерге (іс-қимылдар мен міндеттерге) сәйкес нұсқама беру, алгоритмдерге сәйкес мектеп оқушыларына нұсқау беру, қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялауды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Шараларға 3 мыңнан астам оқушы, 2 мыңнан астам педагог және персонал қатысты. |
|
||||||||||
|
54. |
Білім беру ұйымдарында «Қауіпсіз білім беру ұйымы» апталығын өткізу (тоқсан сайын) |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Төтенше жағдайлар департаменті Полиция департаменті |
Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселесін қамтамасыз етуде наурысәуір айларында «Қауіпсіз білім беру ұйымы» онкүндігі ұйымдастырылды.
|
|
||||||||||
|
55. |
Бағыттар бойынша үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру: - кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу; - кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу; - әскери-патриоттық тәрбие; -экологиялық тәрбие
|
2023-2025 жж. |
Білім басқармасы Ішкі саясат басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті |
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесі бекітіліп, аймақтағы оқушылар мен олардың ата-аналарының бойында отбасылық-құндылықтарды қалыптастыру, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қалыптастыру және дамыту бағытында жүргізілетін жұмыстарға 29 млн теңге бөлінді. |
|
||||||||||
|
56. |
Білім саласы тәрбиеленушілері арасында тұрақты негізде жолда жүру қауіпсіздігін насихаттау (дәрістер, конкурстар, викториналар, слеттер) |
2023-2029 жж. |
Полиция департаменті Білім басқармасы |
Маңғыстау облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 87-тармағына сәйкес облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен полиция департаменті білім беру ұйымдарына іргелес жатқан жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірлескен балаларға арналған жол инфрақұрылымының талапқа сай сәйкестендіруде 2024-2025 жылдарға арналған жоспар жасақталып бекітілді. Білім беру ұйымдарында «Жол-көлік апатының алдын алу», «Жол жүру ережесі», «Жолдағы қауіпсіздік», «Жол қауіпсіздігі», «Жол ережесін сақтайық!», «Сақтықта қорлық жоқ!» т.б. тақырыптарында тоқсан сайын 500-ден аса сынып сағаты, 100-ге жуық дәріс, әлеуметтік желіде челлендж, 200-ден аса ата-аналар жиналысы өткізілді. Оларға 85948 оқушы, 47500 ата-ана қатысты. |
|
||||||||||
|
57. |
Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан және ішкі істер органдарында есепте тұрған балаларды қосымша біліммен қамту 2023-2029 жж. – 100%
|
2023-2025 жж. |
Білім басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Дене шынықтыру және спорт басқармасы Полиция департаменті |
Ағымдағы жылы облыс бойынша тұрмысы төмен отбасылардан шыққан және ішкі істер органдарында есепте тұрған балалар 100 % қосымша біліммен қамтылды |
|
||||||||||
|
58. |
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілердің үлесін төмендету 2023 ж. – 9,8%; 2024 ж. – 9,4%; 2025 ж. – 8,9%; 2026 ж. – 8,5%; 2027 ж. – 8,3%; 2028 ж. – 8,1%; 2029 ж. – 7,9%. |
2023-2029 жж. |
Аудан, қала әкімдіктері Полиция департаменті Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті |
Облыста 0-18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың саны 314 мыңнан астам баланы құрайды. Оның ішінде бүгінгі таңда әлеуметтік мәртебесі анықталған 487 бала бар. Оның ішінде: қорғаншылық пен қамқоршылықта 426 бала, патронаттық тәрбиеде 11 бала, интернаттық мекемелерде 50 бала тәрбиеленуде. ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және балаларды өз отбасыларында тәрбиелеуге тілек білдірген азаматтарға арналған Республикалық деректер қорына әлеуметтік мәртебесі анықталған 487 бала толық енгізілді. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын, әлеуметтік көмек көрсетуде жергілікті атқарушы орган тарапынан қорғаншылық, қамқоршылық функцияларды жүзеге асыратын аудандық, қалалық білім бөлімдерінде 11 маман (8 маман, 3 әдіскер) қызмет көрсетеді. |
|
||||||||||
|
59. |
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету: 2023 -2029 жж. – жаңа тұрғын үйлердің жалпы санының кемінде 20% - ы; жұмысқа орналастыру - 100%.
|
2023-2029 жж. |
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Аудан, қала әкімдіктері Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті |
01.03.2024 ж. 4 бала тұрғын үймен қамтылды (2023 ж.-11 бала, 2022 ж.-25 бала, 2021ж.-46 бала). Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ауылының 31 түлегі «Ақтау тұрғын үй» жатақханасына орналастырылды (оның ішінде: 29 жасқа дейінгі – 27 түлек, 29 жастан асқаны – 4 түлек). Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік кешенді жоспар жасақталды, 318 (Ақтау- 200, Жаңаөзен-59, Бейнеу-18, Маңғыстау -3, Мұнайлы-23, Қарақия-10,Түпқараған-5) бала тұрғын үймен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Бүгінгі таңда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1053 бала тұрғын үй кезегінде тұр ( кәмелет жасқа толмаған – 348, кәмелет жаста – 705), оның ішінде 170 интернаттық мекеменің түлектері мен тәрбиеленушілері. |
|
||||||||||
|
60. |
Оқушы, ата-ана, мектеп байланысы арқылы тәрбие жұмыстарын үйлестіру және нығайту («Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әжелер кеңесі» және т.б.) |
2023-2029 жж.
|
Білім басқармасы Ішкі саясат басқармасы Жастар саясаты мәселелері басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті |
145 мектепте ата-аналармен өзара қарым қатынасты күшейтуде «Ата-аналарды қолдау орталығы» ашылды. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы аясында білім беру ұйымдарында аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға жәрдемдесу мақсатында «Даналық мектебі» клубы құрылды. «Даналық мектебі» клубы негізінде «Әкелер мектебі», «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Ағалар мектебі», «Жеңгелер мектебі» секциялары (5762 ата-ана тартылды) ашылып, арнайы жоспар бойынша бағдарламаға сәйкес берілген тақырыптарда тоқсанына бір рет іс-шаралар ұйымдастырылуда. Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдарында 134 ата-аналар кеңесі құрылып, жұмысын ұйымдастыру, қызметін жүзеге асыру туралы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде. Білім басқармасының бұйрығымен құрамында 11 адамнан құралған облыстық ата-аналар кеңесі құрылды (03.02.2023 ж. № 22 нқ). |
|
||||||||||
|
61. |
Балаларға қауіп төндіретін орындарды анықтау және түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүрген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді анықтау мақсатында кешкі рейдтік мониторинг жүргізу (жарықтандырылмаған аллеялар, су айдындары, ашық люктер, құдықтар, құрылыс объектілері, өнеркәсіптік аймақтар, темір жолдары, электр станциялары, қаңғыбас иттер жиналатын орындар және т. б.) |
2023-2025 жж. |
Аудан, қала әкімдіктері Полиция департаменті Білім басқармасы |
Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер арасында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жергілікті полиция басқармасымен 8 жедел профилактикалық іс-шара («Абайлаңыз балалар», «Қауіпсіз жол», «Қауіпсіз білім беру ұйымы», «Жасөспірім», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Түнгі қаладағы балалар», «Сабақ», «Демалыс кезеңі») ұйымдастырылды. |
|
||||||||||
|
62. |
Білім ұйымдары жанындағы жаяу жүргіншілер өткелі, бағдаршамдар, жол белгілері, көшелердің жарықтандырылуы, жаяу жүргіншілердің аяқжолдарының талаптарға сәйкестілігі: 2023 ж. – 60%, 2024 ж. – 80%, 2025 ж. – 100%.
|
2023-2025 жж. |
Аудан, қала әкімдіктері Полиция департаменті Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Төтенше жағдайлар департаменті Білім басқармасы |
Облыс бойынша полиция басқармасымен Білім ұйымдары жанындағы жаяу жүргіншілер өткелі, бағдаршамдар, жол белгілері, көшелердің жарықтандырылуы, жаяу жүргіншілердің аяқжолдарының талаптарға сәйкестілі бойынша зерделеу жүргізілуде. |
|
||||||||||
|
|
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ |
||||||||||||||
|
63. |
Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру: 2024 ж. – 100%; 2025 ж. – 100%; 2026 ж. – 100%; 2027 ж. – 100%; 2028 ж. – 100%, 2029 ж. – 100%;
|
2024-2029 жж. |
Аудан, қала әкімдіктері Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академися
|
Облыстағы білім беру ұйымдарына «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізілді. Атаулы бағдарламаның мазмұны ұлттық тәрбиеге негізделген. Бағдарламаның діңгегі ретінде мемлекет, қоғам мен отбасы, оқушы тұлғасы үшін маңызды болып табылатын Ұлттық мүдде, Ар-ұят және Талап құндылықтары іріктелген. Бағдарламаны іске асыру мақсатында 10 000-ға жуық шара ұйымдастырылды, 130 мың бала қамтылды, 400 мұғалім курстан өтті. |
|
||||||||||
|
64. |
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көркем әдебиет сатып алу (жергілікті бюджет есебінен): 2023 ж. – 150 000 дана; 2024 ж. – 160 000 дана; 2025 ж. – 180 000 дана; 2026 ж. – 180 000 дана; 2027 ж. – 200 000 дана. |
2023-2027 жж. |
Білім басқармасы «Ұлттық зерттеу және білімді бағалау орталығы» АҚ |
Облыстағы жалпы білім беретін мектептерде барлығы 272 кітапханашы жұмыс жасайды. Ағымдағы 2023-2024 оқу жылында мектеп кітапханалары 150 000 дана көркем және қосымша әдебиеттермен толықтырылды. Оның ішінде, қазақ тілінде – 134 567 дана, орыс тілінде - 3 632 дана, ағылшын тілінде - 11 801 дана. |
|
||||||||||
|
65. |
Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру бойынша жобаны іске асыру. Көркем және ғылыми-фантастикалық әдебиеттің 100 мың данасын сатып алу: 2023 ж. – 25 000 дана; 2024 ж. – 40 000 дана; 2025 ж. – 50 000 дана; 2026 ж. – 50 000 дана; 2027 ж. – 50 000 дана. |
|
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы «Ұлттық зерттеу және білімді бағалау орталығы» АҚ |
2023-2024 оқу жылында сатып алынған көркем және қосымша әдебиеттер негізінен қазақ және әлем әдебиеттерінен (69%), ғылыми-көпшілік, ғылыми-танымдық (16%), анықтамалық басылымдардан (1%), қосымша оқу-әдістемелік әдебиеттерден (14%) құралған. Оның ішінде, 1-4 сынып оқушылары үшін 39 439 әдебиет, 5-9 сынып оқушылары үшін – 61 646 әдебиет, 10-11 сынып оқушылары үшін 48 915 әдебиет сатып алынды. |
|
||||||||||
|
66. |
Балаларды қосымша білім берумен қамтуды арттыру: 2023 ж. – 80,0%, 2024 ж. – 83,0%, 2025 ж. – 88,0%, 2026 ж. – 92,0%, 2027 ж. – 93,0%. |
2023-2027 жж. |
Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Дене шынықтыру және спорт басқармасы Білім басқармасы |
Бүгінде облыста 529 түрлі бағыттағы үйірмелер бойынша қызмет көрсететін 12 мектептен тыс ұйым жұмыс жасайды. Онда жалпы 23 100 (13,7%) бала қамтылған. 2 695 мектеп үйірмесі мен спорт секцияларында 69 515 бала (41,4%) бар. Сондай-ақ, балалардың бос уақыттарында және жаз мезгілінде бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында облыста 59 аулалық клубтар жұмыс жасайды, онда 12 287 (7,3%) бала қамтылды. Ағымдағы жылы Оқушылар сарайы ашылып, оған 3076 бала қамтылды. 2024 жылы Балаларды 84,0% қосымша білім берумен қамту жоспарланып отыр. |
|
||||||||||
|
67. |
Спортпен айналысу үшін жағдай (спорт залдары және спорттық жабдықтар) жасаған ЖАО-ға ведомстволық бағынысты күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының үлесін артыру: 2023 ж. – 97 %, 2024 ж. – 98 %, 2025 ж. – 99 %; 2026 ж. – 100% |
2023-2026 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы |
Облыс бойынша 145 мемлекеттік мектеп, оның 136-да (96%) спортзал бар. Олардың барлығы құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. |
|
||||||||||
|
68. |
Қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру: 2023 ж. – 5 000 орын; 2024 ж. – 5 050 орын; 2025 ж. – 5 075 орын; 2026 ж. – 5 100 орын; 2027 ж. – 5 150 орын; 2028 ж. – 5 200 орын. 2029 ж. – 5 250 орын. |
2023-2029 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті |
2024 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5500 балаға қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік тапсырысты орналастыруда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік тапсырыс конкурсына қатысуға тілек білдіруші ұйымдардан құжат қабылдау жұмыстары және балаларды қабылдау электрондық жүйеде жүзеге асырылады. |
|
||||||||||
|
69. |
Азаматтық пен патриотизм деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған қоғамдық қызметке, оның ішінде оқушылардың өзін-өзі басқаруы және пікірталас қозғалысы арқылы тартылған білім алушылардың үлесі: 2023 ж. – 35 000 оқушы; 2024 ж. – 40 000 оқушы; 2025 ж. – 45 000 оқушы; 2026 ж. – 50 000 оқушы; 2027 ж. – 55 000 оқушы;
|
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Жастар саясаты мәселелері басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті |
Қазіргі таңда 139 мектебінде Мектеп парламенті жұмыс жасап тұр. Қамтылған бала саны –27086. Білім беру ұйымдарында Мектеп парламенті білім алушылардың өзін – өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы негізінде жұмыс жасайды. Ақтау қаласында Исатай Сүйеубаев атындағы №8 мектепте «Үміт қанаты» парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 19 ақпан күні республикалық «ДОСБОЛLIKE: Достық қолын ұсын» акциясы аясында «Менің жауапкершілігім – біздің болашағымыз» тақырыбында қалалық мектеп президенттерінің семинары өтті. Семинарға Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты 28 мектептің президенттері, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, тәлімгерлер, дебат жетекшілері және жас мамандар қатысты. Жаңаөзен қаласында Қаңтар айында «Кең болсаң, кем болмайсың» қайырымдылық акциясы өтті барлық мектепте. Жоспар бойынша мектеп парламенттері және мектеп оқушылары белсене қатысты. Облыста қазіргі таңда 140 дебат клубы жұмыс жасап тұр. Желтоқсан-ақпан айлары бойынша 3 дебат турнирі және 1 әдістемелік отырысы өткізілді. |
|
||||||||||
|
70. |
Қосымша білім беру педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарымен қамту: 2023 ж. – 175 қатысушы 2024 ж. – 200 қатысушы; 2025 ж. – 225 қатысушы. |
2023-2025 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті |
Маңғыстау облысында 12 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Қосымша білім беру ұйымдарында 646 педагог қызмет атқарады. Олардың 156-сы Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен бюджет есебінен өткізілген республикалық біліктілік арттыру курстарына қатысты. Алдағы уақытта курстан өту үшін 2024 жылға – 54, 2025 жылға – 60 педагог жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жыл сайын біліктілік арттыру курстарынан өткен педагогтермен кері байланыс жұмыстары жүргізіліп, вебинарлар өткізіледі.
|
|
||||||||||
|
71. |
Ұлттық өнерді насихаттауда мектептерде «Домбыра – дастан» жобасын іске асыру (әр білім алушы кемінде 10 күйді меңгеріп шығу) 2023 ж. - 14 мың оқушы; 2024 ж. - 15 мың оқушы; 2025 ж. - 16 мың оқушы; 2026 ж. - 17 мың оқушы; 2027 ж. - 18 мың оқушы; 2028 ж. - 19 мың оқушы; 2029 ж. - 20 мың оқушы. |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы |
Ұлттық өнерді қастерлеу, қазақтың ұлттық аспабы – домбыра арқылы орындалатын ән-күйлерді тыңдай отырып, өнер адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыруды оқушыларға насихаттау мақсатында Маңғыстау облысының 62 білім беру ұйымында «Домбыра-дастан» жобасы жүзеге асырылды. Оған 1739 бала тартылған. Әр білім алушы 7-8 күйден меңгерген. Алдағы әр оқу жылында тағы 500 бала тарту жоспарлануда. |
|
||||||||||
|
|
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ |
|
|||||||||||||
|
72. |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен жастарды талап етілетін мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамту (9-сынып бітірушілері): 2023 ж. – 5575 орын (90%); 2024 ж. – 5625 орын (94%); 2025 ж. – 5700 орын (100%).
|
2023-2025 жж. |
Білім басқармасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім, Бюджеттік жоспарлау департаменттері |
2023-2024 жаңа оқу жылында сұранысқа ие білікті мамандар дайындау мақсатында 5587 мемлекеттік тапсырыс (ЖБ – 2587 орын, РБ – 3000 орын) бөлініп, 100 % орындалды. |
|
||||||||||
|
73. |
ТжКБ ұйымдарында педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру: 2023 ж. – 1000 орын; 2024 ж. – 1050 орын; 2025 ж. – 1100 орын; 2026 ж. – 1150 орын; 2027 ж. – 1200 орын; 2028 ж. – 1250 орын; 2029 ж. – 1300 орын. |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім, Бюджеттік жоспарлау департаменттері |
2023-2024 оқу жылында педагогикалық мамандыққа 1000 студент мемлекеттік тапсырыспен оқуға қабылданды |
|
||||||||||
|
74. |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде кәсіпорындардың өтінімдері бойынша колледждерде кадрларды мақсатты даярлау: 2023 ж. – 550 орын; 2024 ж. – 580 орын; 2025 ж. - 601 орын; 2025 ж. – 630 орын; 2026 ж. – 650 орын; 2027 ж. – 680 орын; 2028 ж. – 700 орын; 2029 ж. - 730 орын. |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша) |
2023-2024 оқу жылында жұмыс беруші кәсіпорындардың сұранысы негізінде мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 578 студент оқуға қабылданды. |
|
||||||||||
|
75. |
Ақтау қаласында 500 орындық демеушілік есебінен 1 студенттік жатақхана салу
|
2023 ж. |
Ақтау қаласының әкімдігі Білім басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы |
Жатақхана құрылысы аяқталып, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі балансына берілді. Студенттерді орналастыру жұмыстары жүргізілуде. |
|
||||||||||
|
76. |
6 колледжде ағымдағы жөндеу жүргізу: 2023 ж. - 2 нысан; 2024 ж. - 2 нысан; 2025 ж. – 2 нысан.
|
2023-2025 жж. |
Білім басқармасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
|
2023 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары Ақтау қалалық қызмет көрсету колледжі, Маңғыстау өнер колледжі, Маңғыстау туризм колледжі, Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі, Маңғыстау техникалық колледжінде 98632877,59 теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді |
|
||||||||||
|
77. |
ТжКБ ұйымдардың материалдық-техникалық базасын, оның ішінде жеке меншік инвестиция есебінен нығайту: 2023 ж. - 1 колледж; 2024 ж. - 1 колледж; 2025 ж. - 1 колледж; 2026 ж. - 1 колледж; 2027 ж. - 1 колледж; 2028 ж. - 1 колледж; 2029 ж. - 1 колледж.
|
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша) |
Түпқараған кәсіптік техникалық колледжінің студенттердің кәсіптік тәжірибеден өтуі мен материалдық- техникалық базаны жаңартуға байланысты «Қаражанбас» АҚ кенорнының базасында 8 студент ақылы тәжірибеден өтті. 26 млн 416мың 529 теңгеге колледждің материалдық - техникалық базасын нығайтуға құрал жабдықтар алынды. |
|
||||||||||
|
78. |
Пилоттық жоба режимінде жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының білім алушылары үшін ТжКБ ұйымдарындағы жұмысшы біліктілігі бойынша білім беру бағдарламаларын енгізу: 2023-2025 ж.ж - 75 білім алушы; 2026-2029 ж.ж - 150 білім алушы.
|
2023-2029 жж. |
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
Білім басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ |
Ағымдағы жылы бұл жоба негізінде Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі «Тігінші» мамандығы - 45 студент, Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі «Электргазбен дәнекерлеуші», «Автокөлік жөндеу слесары» мамандықтарына - 30 студент оқуға қабылданды. |
|
||||||||||
|
79. |
ТжКБ ұйымдарының оқу процесіне WorldSkills бағалау жүйесін енгізген колледждердің үлесі: 2023 ж.– 60%; 2024 ж. – 80%; 2025 ж. – 100%.
|
2023-2025 жж. |
Білім басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ |
WorldSkills стандарттары негізінде техникалық және технологиялық бағыттағы мемлекеттік колледждердің 60%-ы қорытынды аттесттаттауды демонстрациялық емтихан ретінде өткізеді. |
|
||||||||||
|
80. |
Ұлттық өнер түрлері бойынша «DalaSklills» чемпионатын өткізу |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ |
5-9 маусым аралығында 5 күнге созылған «DalaSkills» республикалық чемпионатына дайындық фестивалі өтті.
Фестивальде «Шебердің қолы ортақ» шеберлік сыныптарына қатысып,«Skills Camp» конкурсында алған дағдыларын, кәсіби шеберліктерін жақсы көрсете білген колледж студенттері, қосымша білім беру ұйымдары және мектеп оқушылары Маңғыстау облысының білім басқармасының дипломымен марапатталды.
Фестивалге қатысушыларға қатысқандығы туралы сертификаттар табысталды.
Фестивальге Түркістан облысынан -15, Атырау облысынан - 8, Ақтөбе облысынан - 11, Батыс Қазақстан облысынан - 3, Маңғыстау облысынан - 93 студенттер, оқушылар, сарапшылар, жетекшілері қатысты.
|
|
||||||||||
|
81. |
Жергілікті атқарушы органдарда көзделген қаражат шеңберінде колледждерде білім алушылардың академиялық ұтқырлығын енгізу: 2025 ж. – 10 білім алушы; 2026 ж. – 25 білім алушы; 2027 ж. – 35 білім алушы. 2028 ж. – 50 білім алушы; 2029 ж. – 70 білім алушы.
|
2025-2029 жж. |
Білім басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ |
2025 жылы ұйымдастыру қарастырылған |
|
||||||||||
|
82. |
ТжКБ ұйымдары педагогтерін біліктілік арттыру курстарымен қамту: 2023 ж. - 465 педагог; 2024 ж. - 200 педагог; 2025 ж. - 200 педагог; 2026 ж. - 460 педагог; 2027 ж. - 200 педагог; 2028 ж. - 200 педагог; 2029 ж. – 460 педагог. |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ «НЗМ» АҚ |
2023 жыл бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 491 (50%) педагог біліктілік арттыру курстарынан өтті. Оның ішінде - 161 педагог «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында; - 10 педагог Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығында; - 2 педагог «"Луара" қоғамдық қоры»; - 318 педагог «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан; |
|
||||||||||
|
83. |
ТжКБ ұйымдарының басшылары мен орынбасарларын менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқыту: 2023 ж. – 64 басшы; 2024 ж. – 15 басшы; 2025 ж. – 15 басшы; 2026 ж. – 64 басшы; 2027 ж. – 15 басшы.
|
2023-2027 жж. |
Білім басқармасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ |
ТжКБ ұйымдарының басшылары мен орынбасарларын менеджмент бойынша 64 басшы мен орынбасарлары біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оның ішінде - 14 басшылар (директорлар) үшін «Білім берудегі менеджмент: қазіргі білім беру жағдайында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының тиімді стилі»; - 34 басшының оқу жұмысы, оқу-әдістемелік жұмысы, ғылыми-әдістемелік жұмысы және оқу-әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасарлары үшін «Білім берудегі менеджмент: колледждің оқу процесінің сапасын басқарудың инновациялық стилі»; - 16 басшының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарлары үшін – «Білім берудегі менеджмент: колледждің оқу-өндірістік процесінің сапасын басқарудың инновациялық стилі»; |
|
||||||||||
|
84. |
ТЖКБ ұйымдары басшыларының кадрлық резервін құру 2023 ж. – 2 басшы; 2024 ж. – 2 басшы; 2025 ж. – 2 басшы ; 2026 ж. – 3 басшы; 2027 ж. – 3 басшы. |
2023-2027 жж. |
Білім басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ |
2 ТЖКБ ұйымдары басшыларының кадрлық резервіне жоспар жасақталды |
|
||||||||||
|
85. |
ТжКБ ұйымдарына педагог қызметіне өндірістен мамандарды тарту (арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің жалпы санынан,%): 2023 ж.– 38 (10,1%); 2024 ж. – 41 (12,1%); 2025 ж. – 46 (13,5%); 2026 ж.– 48 (13,8%); 2027 ж. – 50 (14,2%); 2028 ж. – 53 (14,6%); 2029 ж. – 56 (15%).
|
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша)) |
Өңірімізде 14 мемлекеттік ТжКБ ұйымдарында 341 арнайы пән оқытушысы және өндірістік оқыту шебері жұмыс істейді. Оның 38-і (11,14%) өндірістен тартылған мамандар. |
|
||||||||||
|
86. |
ТжКБ ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс есебінен оқитын студенттердің дуалды оқыту жүйесімен қамтылу үлесі: 2023 ж.– 25%; 2024 ж. – 28%; 2025 ж. – 35%; 2026 ж. – 38%; 2027 ж. – 39%; 2028 ж. – 39,5%; 2029 ж. – 40%.
|
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша) |
Мемлекеттік тапсырыс есебінен оқитын студенттердің дуальды оқыту жүйесімен қамтылу үлесі артып отыр. (2023 ж. – 25%) Қазіргі таңда 23 колледжде 4035 студент қамтылып, 58 мамандық негізінде білім берілуде. |
|
||||||||||
|
87. |
Халықаралық салалық талаптарға (стандарттарға) сәйкес құзыреттілік орталығын құру (Маңғыстау туризм колледжі) 2025 ж. – 1. |
2025 ж. |
Білім басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ |
2025 |
|
||||||||||
|
88. |
ТжКБ ұйымдарында шағын кәсіпорындар құру арқылы коммерцияландыруды дамыту: 2023 ж. – 1; 2024 ж. – 1; 2025 ж. – 1; 2026 ж. – 3; 2027 ж. – 3.
|
2023-2027 жж. |
Білім басқармасы
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша) |
Маңғыстау туризм колледжінің базасында ұн өнімдерін (бидай ұнынан ашытқан нан, бәліш өнімдері, жартылай фабрикаттар) өндіру қолға алынды. Осыған байланысты колледж өнімдерін сатуға сертификатциялау жұмыстары жүргізілуде. “Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы”АҚ Маңғыстау филиалына сертификатциялауды жүзеге асыру негізінде ұсыныстар мен сұраныстар жолданды |
|
||||||||||
|
89. |
Студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту үшін ТжКБ ұйымдарының жанынан бизнес-инкубаторлар құру: 2024 ж. – 1; 2025 ж. – 1; 2026 ж. – 1; 2027 ж. – 1.
|
2024-2027 жж. |
Білім басқармасы
Жастар саясаты мәселелері басқармасы
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша) |
2023-2024 оқу жылынан бастап 2 колледжде студенттік бизнес Start up жұмысы басталды. Қазіргі таңда өз өнімдерін шығару және бизнес Start up жобаларын қорғау жұмыстары жүргізілуде. |
|
||||||||||
|
90. |
Өзінің жеке кәсібін ашқан студенттер саны: 2023 ж.– 12; 2024 ж. – 18; 2025 ж. – 22; 2026 ж. – 28; 2027 ж. – 31; 2028 ж. – 35; 2029 ж. – 40.
|
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы
Жастар саясаты мәселелері басқармасы
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша) |
Өз кәсібін ашқан Қарақия кәсіптік колледж студенттері: -Салатова Гүлдана ЖК "Салатова" Тігін өндірісі" ателье ашты. -Базарбаева Арайлым ЖК "Базарбаева" Киім салоны -Сембаева Куляш ЖК "Сембаева" Тігін өндірісі" ателье -Сабытай Жанболат ЖК "Сабытай" Ауыл мал шаруашылығына арналған дайын жем шөп өндіру -Иманғалиева Дәмелі ЖК "Несібе" Тігін өндірісі -Керімханқызы Рысты ЖК "Рысты" Киім мен аксессуарлардың өзге түрлерін өндіру Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі - Уалиева Марина Қазіргі таңда жеке кәсібін ашып, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы бойынша қолөнерге қызығушылығы бар балаларға «Қолөнер» үйірмесін және шағын баспахана ашып, қазіргі таңда өз кәсібімен айналысып отыр. - Меңдіғалиева Әсел жеке кәсібін ашып, оқудан бос уақытында Форт-Шевченко қаласы бойынша тапсырыспен киім тігіп, кәсібін айналдырып отыр. Wolldskills Ақтау-2023 өңірлік кезеңінің 3 орын иегері. Жаңаөзен политехникалық колледжі - Бабабаджанов Токтар ИП Машина бөлшектерді сату - Бердіғали Гаухар Әлеуметтік желі арқылы(SMM) табады Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды технипкалық корлледжі - Рзаева Асия ИП «Викалина Өзенә дүкені - Тлеукулов Наурызбек ИП «Тлеуколов» кафе - Жайланова Акбопе ИП Акбопе сұлулық салоны Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі - Оспанова Жанар Тігін өндірісі ИП «Ж. Оспанова» - Мұханов Ермекбай Тоңазытқыш-Компрессорлық машиналар мен қондырғыларды пайдалану мен монтаждау ИП «Е.Мұханов» |
|
||||||||||
|
91. |
ТжКБ ұйымдары түлектерінің жұмысқа орналасу үлесі: 2023 ж. – 70%; 2024 ж. – 72%; 2025 ж. – 75%; 2026 ж. – 75 %; 2027 ж. – 77%; 2028 ж. – 78%; 2029 ж – 80%. |
2023-2029 жж. |
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Білім басқармасы
Жастар саясаты мәселелері басқармасы
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша) |
2023 жылы түлек саны 4736 жұмысқа орналастыру үлесі - 71% (3365) |
|
||||||||||
|
|
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ |
|
|||||||||||||
|
92. |
Маңғыстау облысының құқық қорғау және мемлекеттік органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум (Маңғыстау облысының прокуратурасы, Маңғыстау облысының әкімдігі және Маңғыстау облысының полиция департаменті) аясында 145 мектепке бекітілген Прокуратура және полиция қызметкерлерімен бірлесе ақпараттық, құқықтық шаралар ұйымдастыру |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Облыстық прокуратура Полиция департаменті |
|
|
||||||||||
|
93. |
Білім беру ұйымдарының басшыларымен, педагог қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша ай сайын семинарлар өткізу, арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерге жариялау |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті |
Барлық басшылардың қаржылық тәртібі мен жауапкершілігі бойынша міндеттемелері туралы білім басқармасының «Қаржылық тәртіпті күшейту туралы» бұйрығы бекітілді. 2023 жылдың шілдесі мен 2024 жылдың ақпан айлары аралығында сенбі күндері Департаментпен келісе отырып, басқарма мен білім бөлімдерінің қызметкерлерін, есепшілерін, білім беру ұйымдарының басшыларын кесте бойынша бас бостандығынан айыру орындарына апарып, мекеменің қызметімен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Басшылық бақылау» жобасын жүргізіліп бастады 2024 жылы әлеуметтік грант аясында үкіметтік емес ұйымдар арқылы 400-ге жуық басшылық құрамды құқықтық оқыту басталады |
|
||||||||||
|
94. |
Білім беру ұйымдары басшыларының қамқоршылық кеңес, педагогтер мен ата-аналар ұжымы алдында білім беру ұйымын ұстауға бюджеттен бөлінген қаржы қаражатын жұмсау бойынша тоқсан сайын есепті кездесулерін өткізу |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті |
Білім беру ұйымдары басшыларының қамқоршылық кеңес, педагогтер мен ата-аналар ұжымы алдында білім беру ұйымын ұстауға бюджеттен бөлінген қаржы қаражатын жұмсау бойынша есеп беру кездесулерін тоқсан сайын өткізіп, сайттарына жарияланып отырады |
|
||||||||||
|
95. |
Білім саласы басшылары, ұстаздары және ата-аналарымен жиналыс өткізу барысында заңсыз ақшалай қаражат жинаудың алдын алу мақсатында НҚА таныстыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті |
Білім саласы басшылары, ұстаздары және ата-аналарымен жиналыстарында заңсыз ақшалай қаражат жинауға тыйым салынғандығы ескертілді. |
|
||||||||||
|
96. |
Білім беру ұйымдарының фоелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық стендтерді әзірлеу және жаңарту
|
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы |
Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық стендтерді әзірленді және жаңартылды |
|
||||||||||
|
97. |
Білім беру ұйымдарындағы «Adal urpaq» ерікті клубтары мен «SANALY urpaq» студенттік клубтарының қызметіне мониторинг жүргізу, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті |
«Sanaly urpaq» жобасы аясында барлық 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында еріктілер клубы бар, жауапты жетекшілері тағайындалған. Клубта барлық қамтылған студенттер саны 1735. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында көптеген шаралар ұйымдастырылып өткізілді. «Саналы ұрпақ» клубы аясында бейнероликтер түсіру, студенттермен мұғалімдерден сауалнама алу, дөңгелек үстелдер, Адалдық сағаты, кездесулер, топ сағаттары, таза сессия акциясы өткізіліп, оған 59072 оқушы қамтылды. |
|
||||||||||
|
98. |
Азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау жөніндегі республикалық кең ауқымды акцияларға қатысу |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті |
Уақытында қатысу жоспарланды |
|
||||||||||
|
99. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде арнайы іс-шаралар жоспарын бекіту |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті |
Іс-шара жоспары бекітілді |
|
||||||||||
|
100. |
Білім басқармасының ресми интернет-ресурсында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" бөлімін өзектендіру |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы |
Білім басқармасының ресми интернет ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттар жарияланып отырады (сілтеме: https://www.gov.kz/). |
|
||||||||||
|
101. |
Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерінің TEDx форматында әртүрлі салаларда жетістікке жеткен спикерлерді шақыра отырып кездесулер өткізу, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті |
Кездесулерді өткізу жоспарға сәйкес ұйымдастырылады |
|
||||||||||
|
102. |
Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер жұмысына мониторинг жүргізу, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы |
Маңғыстау облысында 145 күндізгі мектеп бар, аталған барлық мектептерде қамқоршылық кеңес бар. Мектептің оқу-тәрбие ісіне белсене араласады. Қамқоршылық кеңесінің отырыс хаттамары мектеп сайтында орналасқан. |
|
||||||||||
|
103. |
Агенттіктің аумақтық департаменті өкілінің білім беру саласы қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз кеңесінде кездесуі, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті |
Тамыз айында қатыстырылады. |
|
||||||||||
|
104. |
Адалдық пен Академиялық адалдық мәселелеріне арналған "Адалдық сағаты" бірыңғай сағатын өткізу, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті |
Білім беру ұйымдарында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы», «Адалдық – азаматтық белгісі», «Болашақ - жастардың қолында» тақырыптарында сурет байқаулары, сынып сағаттары, дебаттар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, оған 3700 оқушы, 1800 педагог, 530 ата-ана қамтылды. |
|
||||||||||
|
105. |
Республика күніне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта оқушылар мен студенттер арасында дебат турнирін өткізу, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау
|
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіv |
||||||||||||