2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымдарын (мектепке дейінгі, жалпы білім, техникалық және кәсіптік білім) мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы.
ҚР «Білім туралы» Заңында мемлекеттік аттестаттауға берілген анықтамаға сәйкес, мемлекеттік аттестаттау-білім беру ұйымдарының білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінде мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім.
Мемлекеттік аттестаттаудан білім беру ұйымдары қай мезгілде өтеді, қалай өтеді, кім өткізетіндігі туралы Заңның білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау деп аталатын 59-бабында көрсетілген.
Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылауды білім саласындағы уәкілетті орган, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері, жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады және ол мемлекеттiң бiлiм алуға құқықты қамтамасыз етуіне және оқу және білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлердің өздерi жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiнiң Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сақтауға бағытталады.
Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауына да бағытталған және оны білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының сақталуын жоспардан тыс тексеру;
2) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау;
3) осы Заңда айқындалатын тәртіппен бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау.
Мемлекеттік аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау арқылы бес жылда бір рет Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Білім туралы Заңға сәйкес жүргізеді. Тек бірінші мемлекеттік аттестаттау жаңадан құрылған, мынадай:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында үш жылдан кейін;
2) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында төрт жылдан кейін;
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру жылынан кешіктірілмей өткізіледі.
Денсаулық сақтау саласында білім беретін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, оның аумақтық бөлімшелерінің, мемлекеттік аттестаттау жүргізу кезінде мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.
Мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезінде комиссияның құрамы білім беру, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары, мамандары және педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін консультанттар, сарапшылар қатарынан қалыптастырылады.
Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша:
1) білім беру ұйымының білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына толық сәйкес келген жағдайда, аттестатталды;
2) білім беру ұйымының білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, аттестатталмады, деген қорытындылардың бірі беріледі.
Күн тәртібіндегі мәселені екіге бөліп қарастыруға болады, яғни 2022 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығы және 2023 жылдың қаңтар айы мен осы кезге дейінгі аралық.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын (бұдан әрі - Заң) басшылыққа ала отырып, «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі - Бағалау өлшемшарттары) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы 124 бұйрығымен бекітілген Бағалау өлшемшарттарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен (бұдан әрі – Департамент) бекітілген 2022 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі негізінде 2022-жылдың қыркүйек -қараша айларында 10 мектеп /9- мемлекеттік, 1 жекеменшік/, 13 балабақша /8 мемлекеттік, 5 жекеменшік/, 1 колледж /1 жекеменшік/, барлығы 24 білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде бірінші рет аттестаттаудан өтпеген 1 колледжде, 7 мектепте, 1 балабақшада 2022 жылдың аяғына дейін қайта аттестаттау жүргізіліп, кемшіліктер жойылғандықтан аттестатталды.
Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң), «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығын (бұдан әрі-Бағалау өлшемшарттары) басшылыққа ала отырып, Департаментпен «10» қараша 2022 жылы бекітілген 2023 жылға арналған білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау тізбесі негізінде аттестаттау жүргізуде.
Бекітілген тізбе бойынша 2023 жылы мемлекеттік аттестаудан 103 білім беру ұйымы өтеді, оның ішінде 20 (8 жекеменшік) колледж, 35 мектеп (5 жекеменшік), 48(20 жекеменшік) мектепке дейінгі ұйым бар.
2021 жылдан бастап мемлекеттік аттестаттау жаңа форматта өткізіле бастады. Аттестаттау білім беру ұйымына бармай өткізіледі. Білім беру ұйымы өзін-өзі бағалап, бағалау материалдарын білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне аттестаттаудан өтетін уақыттан бір ай бұрын ұсынады. Бұрын электронды түрде, яғни флешка арқылы ұсынса, 2023 жылдан бастап, білім беру ұйымының сайтына орналастырады.
Осы кезге дейін 56 білім беру (20 колледж, 33 мектеп, 3 балабақша) ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізді. Мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде 20 колледждің 14-і аттестатталды, 6-уы аттестатталмады, 33 мектептің 6-уы (18%-ы) аттестатталды, 82%-ы аттестатталмады (мемл 83,3%,жекеменшік 67%). Бірінші рет аттестаттаудан өтпеген 6 колледжде, 27 мектепте қайта аттестаттау жүргізіліп, колледждің 6-уы да, 27 мектептің 25-і аттестатталды. Маңғыстау облысы білім басқармасының «Жаңаөзен білім инновация лицейі», Халықаралық «Eton House Kazakhstan» мектептері кемшіліктерді жойылмағандықтан қайта аттестаттаудан өткен жоқ.
ҚР «Білім туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағы бойынша «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды:
1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары береді, деп көрсетілген. Соған сәйкес, Маңғыстау облысы білім басқармасының «Жаңаөзен білім инновация лицейі» КММ-сі биылғы бітірген түлектеріне мемлекеттік үлгідегі құжатты Ақтау қаласындағы БИЛ атынан берді.
Мемлекеттік аттестаттау кезінде анықталған кемшіліктер.
Жалпы орта білім беру бойынша:
- Білім беру ұйымының басшысымен бекітілген оқу жұмыс жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына және МЖМБС талаптарына сәйкестігі 8 мектепте (Жаңаөзен қаласы №3;№6, Маңғыстау ауданы Жармыш мектебі, Мұнайлы ауданы №2, Бейнеу ауданы Ж.Қалдығараев атындағы мектеп, Тәжен мектебі, Бейнеу мектебі, «EtonHouse Kazakhstan» жекеменшік мектебі.);
- білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру 5 мектепте (Ақтау қаласы №29,Жаңаөзен қаласы №6; Маңғыстау ауданы А.Өтепбергенов, Жармыш, «EtonHouse Kazakhstan» жекеменшік мектебі.);
- Баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектепалды жастағы тәрбиеленушілерді оқыту нәтижелерінің болуы 12 мектепте (Ақтау қаласы №21, Жаңаөзен қаласы №1,№3, №6,№7, Жаңаөзен гимназиясы, Жаңаөзен білім инновация лицейі, Бейнеу ауданы Бейнеу мектебі, Маңғыстау ауданы Е.Айшуақұлы, Т.Жалғасбайұлы атындағы мектеп, Жармыш мектебі, Мұнайлы ауданы №2 мектеп);
- ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру 9 мектепте (Ақтау қаласы №3, №29; Жаңаөзен қаласы №6, Жаңаөзен білім инновация лицейі, Бейнеу ауданы Бейнеу мектебі, Маңғыстау ауданы А.Өтепбергенов, Е.Айшуақұлы, Жармыш мектебі, Қарақия ауданы №3 мектеп.);
- «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» міндетті оқу курсы 3 мектепте (Ақтау қаласы №3, №6, №11, Жаңаөзен қаласы №6.);
- білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтау 10 мектепте (Ақтау қаласы №6,№11,№29, Обл. дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Жаңаөзен қаласы №7. Бейнеу ауданы Бейнеу мектебі, Маңғыстау ауданы Жармыш мектебі, Бейнеу гимназиясы, Ж.Қалдығараев атындағы мектеп, Мұнайлы ауданы №2.);
- білім беру ұйымдарының басшылары, басшыларының орынбасарлары мен педагог кадрларды аттестаттаудан өткізу және біліктілік арттыру курстарынан өткізу мерзімін сақтау 10 мектепте (Ақтау қаласы №6,№12,№21,№29, Бейнеу ауданы Тәжен мектебі, Маңғыстау ауданы Жармыш мектебі,Т.Жалғасбайұлы атындағы мектеп, Мұнайлы ауданы №2; Қарақия ауданы №3 мектеп.);
- тиісті бейіндер бойынша педагогикалық білімі бар жұмыс оқу жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы 3 мектепте (Ақтау қаласы №29, Жаңаөзен білім инновация лицейі, «EtonHouse Kazakhstan» жекеменшік мектебі.);
- каникул уақытын сақтау 4 мектепте (Ақтау қаласы №12, Бейнеу ауданы Бейнеу, Тұрыш мектебі, Маңғыстау ауданы А.Өтепбергенов.)сәйкес емес.
Оқушыларды кешенді тестілеу барысында 3 мектепте (Жармыш мектебі Маңғыстау ауданы шектік деңгейден өтпеген 62 %, №3 мен Қарақия ауданы 65 %, №2 мектеп Мұнайлы ауданы 68 %) 9 сынып оқушылары) төмен нәтиже көрсетті.
Мемлекеттік аттестаттау жаңа форматта өтетін болғандықтан білім беру ұйымдарымен бірнеше рет семинар кеңестер өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізілді, әдістемелік көмектер көрсетілді. Аттестаттаудан өтетін колледждер, мектептер, балабақша басшылары үшін арнайы уатцап арқылы чат ашылып, басшылыққа алатын құжаттар, ақпарламалар, хабарламалар жіберіліп, қойылған сұрақтарға жауап беріліп отырды.
Мемлекеттік аттестаттау барысында қандай қиындықтар кездесті, қандай мәселелерге назар аудару керек?!
1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 4-1-тармағына сәйкес білім беру ұйымдары жыл сайын білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүргізеді және өзін-өзі бағалау материалдарын білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынуға тиіс. Осы процесті оңтайландыру үшін өзін-өзі бағалау материалдарын білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарына орналастыру ұсынылады.
Бұдан басқа, ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №719 және ҚР Ұлттық экономика минстрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №843 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру бөлігінде білім беру жүйесінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» бірлескен бұйрығында өзін-өзі бағалау материалдарын білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарына орналастырмау өрескел бұзушылық болып табылады. Өрескел бұзушылық болса, білім беру ұйымы жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылып, профилактикалық бақылаудан өтеді. Бұл жөнінде, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 27.06.2023 ж. №17-3/3884-И хаты білім басқармаларына жіберілді. Осы хат әрбір білім беру ұйымына жеткізілуі керек және Департамент тарапынан бақылауда болады.
2. Білім беру ұйымдарының веб-сайттарының толыққанды жұмыс жасамауы. Көптеген білім беру ұйымдарының сайттары жыл сайын жаңартылады екен. Себебі, жыл сайын конкурсқа салынып, бұрынғы емес басқа кәсіпкер ұтып алып, сайтты қайта жасайды екен. Жоғарыдағы айтылғандай өзін-өзі бағалау материалдарын интернет-ресурста орналастыру кезінде қиындық туындайды. Бұл мәселені де реттеу керек.
3. Мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдарының басшыларымен бірнеше рет жиналыстар, семинар кеңестер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, әдістемелік көмектер көрсеттік. Соның өзінде білім беру ұйымдары тарапынан кемшіліктер кетті, оны аттестаттау қорытындысында көріп отырсыздар. Аудандық, қалалық, облыстық әдістемелік орталықтар осы бағытта семинар-кеңестер өткізіп, аттестаттаудан өткен мектептің мамандарын, аттестаттауға тартылған сарапшыларды сөйлетіп, практикалық көмектер көрсетсе, дұрыс болар еді. Бұл жұмысқа ПШО мен «Өрлеу» АҚ да қатысуға болады. Ал, Департамент өз тарапынан әдістемелік көмек көрсетіп отырады деп сендіремін.
Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
01 шілде 2023 жыл.