Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2023 жылдың I-ші тоқсаны бойынша Білім беру қызметін лицензиялау мемлекеттік көрсетілетін қызметті бойынша.

2023 жылдың есепті кезеңінде электрондық үкімет веб-порталының www.egov.kz, www.elicense.kz ақпараттық жүйесі арқылы 16 мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш түсіп, 13 (81.2%) қызмет алушының өтініші қанағаттандырылды, оның ішінде лицензия мен лицензияға қосымша алуға – 6, лицензия мен қосымшаны қайта рәсімдеуге – 7.
3 (18.8%) қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартылды, оның себептері құжаттардың толық ұсынылмауы және біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.
Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес барлық қызмет алушыларға дәлелді бас тарту туралы хаттары берілді және талдау көрсеткендей бас тартудың басым бөлігі өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты болды.

Дата публикации
26 апреля 2023