Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 тамызда № 29329 болып тіркелді.

"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 5-бабының 1-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгілік қағидалары;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

      2. "Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) бекітілген 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшалары күші жойылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейiнгi және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
А. Аймағамбетов

 

 

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
20222 жылғы 31 тамыздағы
№ 385 бұйрығына
1-қосымша

 

Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) сәйкес әзiрленген және мектепке дейінгі ұйымдар қызметінiң тәртiбiн айқындайды.

      2. Мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттері:

      1) мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау;

      2) тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;

      3) сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;

      4) тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен тығыз ынтымақтастықта болу;

      5) ата-аналарға тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын сақтау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету;

      6) баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған өзгеретін ойын және тақырыптық зоналарды (аймақтарды), инклюзивті дамыту ортасын құру;

      3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен вариативтілігін қамтамасыз ету, қауіпсіз және жайлы білім беру жағдайларын жасау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында қарастырылған мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері құрылады.

      4. Мектепке дейінгі ұйымдар:

      1-3-ке, 10-ға дейін және одан да көп топтар санымен түрлі жас топтарының болуымен;

      5 күндік жұмыс аптасымен балалардың 4, 9, 10, 5, 12, 24 сағат болуымен;

      6 күндік жұмыс аптасымен балалардың 4, 9, 10, 12, 24 сағат болуымен ерекшеленеді.

      5. Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері:

      бөбекжай-бақша - бір жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі балаларға арналған бөбек жастағы және мектеп жасына дейінгі топтардың болуын қарастырады;

      балабақша - үш жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі балаларға арналған мектеп жасына дейінгі топтардың болуын қарастырады;

      отбасылық бөбекжай - отбасы мүшелерінің тікелей қатысуымен құрылады және әртүрлі жастағы топтардың (бір-үш жастағы балалар, үш-бес жастағы балалар) болуын қарастырады;

      санаториялық бөбекжай-бақша - бір жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі бөбек жастағы және мектеп жасына дейінгі топтардың болуын қарастырады және балалар ауруларының диагнозына байланысты дәрілік және физиотерапиялық емдеуді, сауықтыру-профилактикалық шараларды (шынықтыруды, емдік дене шынықтыруды, массажды) жүргізеді;

      мектепке дейінгі шағын орталық - бір жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі балаларға арналған бөбек жастағы және мектеп жасына дейінгі топтардың болуын қарастырады, балалардың толық немесе жарты күн болуымен білім беру ұйымдарының жанында жұмыс істейді;

      арнайы бөбекжай-бақша - бір жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту, күтім жасау және сауықтыру үшін арнайы жағдайлар жасайтын мектепке дейінгі ұйым;

      арнайы балабақша – үш жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту, күтім жасау және сауықтыру үшін арнайы жағдайлар жасайтын мектепке дейінгі ұйым.

      6. Мектепке дейінгі ұйымның негізгі құрылымдық бірлігі жас тобы болып табылады, топтар жас ерекшелігі бір немесе жас ерекшелігі әртүрлі қағидасы бойынша жасақталады.

      7. Жас ерекшелігі бір қағидасы бойынша жас топтарының толықтырылуы:

      1) ерте жас тобы (1 жастағы балалар) – 10 баладан артық емес;

      2) кіші топ (2 жастағы балалар) – 20 баладан артық емес;

      3) ортаңғы топ (3 жастағы балалар) - 25 баладан артық емес;

      4) ересек топ (4 жастағы балалар) – 25 баладан артық емес;

      5) мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастағы балалар) - 25 баладан артық емес.

      8. Жас ерекшелігі әртүрлі қағидасы бойынша жас топтарының толықтырылуы:

      1) топта жас ерекшелігі екі түрлі (1 жастағы балалар, 2 жастағы балалар) балалар болған жағдайда– 15 баладан артық емес;

      2) топта жас ерекшелігі үш түрлі (3 жастағы балалар, 4 жастағы балалар, 5 жастағы балалар) балалар болған жағдайда – 20 баладан артық емес.

      9. Мектепке дейінгі ұйымдарды жабдықтармен және жиһазбен қамтамасыз ету "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарының (заңды өкілдерінің) мүдделері ескеріле отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен оқыту:

      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша жас топтарында (үш тәрбиеленушіден артық емес);

      2) және (немесе) тәрбие мен оқытудың арнайы бағдарламасы бойынша бұзылыс түрлері негізіндегі арнайы топтарда қарастырылады.

      Топта ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілер болған жағдайда топтарды жинақтау бір тәрбиеленушіге тәрбиеленушілердің жалпы санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.

      11. Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Қағидалар мен мектепке дейінгі ұйымдар жарғысын және Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

      12. Мектепке дейiнгi ұйымдар бiр жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейін тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу, дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсету көлемін, оның ішінде тәрбиленушілерге инклюзивті білім беруді іске асыру үшін орындауды қамтамасыз етеді.

      13. Тәрбиеленушілерді мемлекеттік және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелген) (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары) жүзеге асырылады.

      14. Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметін келесі кезеңдер бойынша ұйымдастырады:

      1) 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығында – оқу жылы ("Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген бағдарламаның (бұдан әрі –Бағдарлама) мазмұнын меңгеру кезеңі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген);

      1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығында – мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптары үшін оқу жылы (Бағдарлама мазмұнын меңгеру кезеңі), оқу жылы бойы мектептің (лицейдің, гимназияның) ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес каникулдар белгіленеді;

      2) 1 маусым мен 31 тамыз аралығында – жазғы сауықтыру кезеңі;

      3) мектепалды даярлық бағдарламасын өткен тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі ұйымнан шығару жыл сайын 1 тамызға дейін жүзеге асырылады;

      мектепалды даярлық бағдарламасын өткен тәрбиеленушілерді мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарынан шығару жыл сайын 31 мамырда жүзеге асырылады;

      4) тәрбиеленушілерді бір жас тобынан басқасына ауыстыру тәрбиеленушінің ағымдағы күнтізбелік жылдағы толық жасын ескере отырып, ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады;

      мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарын жинақтау тәрбиеленушінің ағымдағы күнтізбелік жылдағы толық жасын ескере отырып, ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

      15. Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленушінің орны:

      1) тәрбиеленуші ауырған, денсаулық сақтау және басқа ұйымдарда емделген, сауықтырылған, денсаулығын түзеткен және оңалтылған (көрсетілімі бойынша анықтама және қорытынды ұсынған жағдайда) кезде;

      2) тәрбиеленушінің ата-анасының бірі немесе заңды өкілі тәрбиеленушінің жылына екі айдан артық емес мерзімде демалысқа немесе емделуге жазбаша өтініш ұсынған жағдайда;

      3) елді мекенде төтенше жағдай (әлеуметтік, табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар), карантин енгізілген кезеңде сақталады.

      16. Тәрбиеленушілер мектепке дейінгі ұйымдардан:

      1) мектепке дейінгі ұйым мен тәрбиеленушінің ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің арасындағы шарттың талаптары бұзылған;

      2) тәрбиеленуші бір айдан астам дәлелсіз себеппен және әкімшілікке ескертпей, мектепке дейінгі ұйымға келмеген;

      3) дәрігерлік консультациялық комиссия анықтамасының негізінде тәрбиеленушінің келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда шығарылады.

      17. Ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшері:

      1) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейiнгi ұйымдарда және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушінің жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды; жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша тәрбиеленушілерді тамақтандыруға кететін шығындар жергілікті бюджеттен ішінара немесе толығымен өтеледі;

      2) ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілерге арналған санаториялық балабақшаларда, мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілерді күтіп-бағу тегін негізде ұсынылады;

      3) мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылғандарды қоспағанда, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы белгілейді.

      18. Түрлеріне, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар, оның ішінде жаңадан құрылғандары, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары және педагогтері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аттестаттаудан өтеді.

2-тарау. Мектепке дейiнгі ұйымдар қызметінің тәртібi

      19. Мектепке дейінгі ұйымдар "Білім туралы" Заңның 41-бабы мен осы Қағидалар негізінде өз жарғысын әзірлейді.

      20. Мектепке дейінгі ұйымдар:

      1) өз жарғысында белгіленген функциялардың орындалуын;

      2) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының (бұдан әрі - Стандарт), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларының (бұдан әрі – Үлгілік жоспарлар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) және Бағдарламаның толық көлемде іске асырылуын;

      3) тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда қолданылатын нысандардың, әдістердің, тәсілдердің, құралдардың тәрбиеленушілердің жас, психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне, қабілеттеріне, қызығушылықтары мен қажеттілiктеріне сәйкестігін;

      4) мектепке дейінгі ұйымның штатына кіретін медициналық қызметкерлер тәрбиеленушілерді ағымдағы медициналық бақылауды, иммундау және профилактикалық тексерулерді алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің аумақтық медициналық ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастыруды;

      5) мектепке дейінгі ұйымның басшысы бекітетін және әр жас тобында ілінетін он күндік ас мәзірін құрастыруды;

      6) тәрбиеленушілерді теңгерімді тамақтандыру балалардың жас ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, мектепке дейінгі ұйымның жұмыс тәртібі, маусымдық азық-түліктердің болуы, оның жиілігі ескеріліп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына және мектепке дейінгі ұйымның жарғысына сәйкес айқындауды;

      7) тәрбиеленушілерде, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтану мен табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы тамақтану мәдениетін қалыптастыруды;

      8) білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматты түрде ақпараттармен алмасуды және мәліметтерді өзектендіруді;

      9) білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара әрекеттесудің регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.

      21. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы штат саны "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына сәйкес белгіленеді.

      Штаттық кесте және педагогтердің тарификациясы мектепке дейінгі ұйымдардың ресми сайттарында орналастырылады.

      22. Педагог қызметімен айналысуға педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және оқыту, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын тұлға жіберіледі.

      23. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптардың педагогтері кәсіптік қызметті жүзеге асыруда Стандарттың талаптарын сақтай отырып, тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың нысандары мен тәсілдерін өздері таңдайды.

      24. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптарының педагогтері өз қызметінде тиісті кәсіптік құзыреттерге ие болуы, өзінің кәсіби шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруі, оның ішінде кемінде бес жылда бір рет біліктілік санаты деңгейін арттыруы (растауы) тиіс.

      25. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптардың педагогтері "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зертттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулер өткізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) сәйкес жыл сайын медициналық зерттеп-қараудан өтеді.

      26. Мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс күндері және демалыс күндері осы мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған және қамтылмаған тәрбиеленушілер үшін білім беру, сауықтыру сипатындағы қосымша ақылы қызметтер көрсетеді.Ақылы қызметтер көрсетуден түскен қаражат мамандарға жалақы төлеуге, құралдар сатып алуға, "Білім туралы" Заңның 63-бабына сәйкес тиісті дамытушы орта құруға бағытталады.

      27. Отбасы мен тәрбиеленушіні әлеуметтiк-педагогикалық қолдау мақсатында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін білім беру ұйымдарында ата-аналардың қажеттіліктері ескеріліп, консультациялық пункттер құрылады.

      28. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан 1-2 жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін мектепке дейінгі ұйымдардың жанынан қысқа мерзімді топтар құрылады.

      29. Мектепке дейiнгi ұйымдарды басқару дара басшылық және алқалық басқару қағидаларына сәйкес құрылады. Алқалық басқару нысандары педагогикалық, әдістемелік, қамқоршылық кеңестер болып табылады.

      30. Мектепке дейінгi ұйымды тiкелей басқаруды басшы жүзеге асырады.

      31. Мектепке дейінгі ұйым мен заңды өкілдер арасындағы өзара қарым-қатынас баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде жасалатын шартпен реттеледі.

      32. Білім беру процесіне қатысушылар тәрбиеленушілер, тәрбиеленушілердің заңды өкілдері, педагогтер болып табылады.

 

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
20222 жылғы 31 тамыздағы
№ 385 бұйрығына
2-қосымша

 

Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінiң үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) сәйкес әзірленген және "Назарбаев зияткерлік мектептері" Дербес білім беру ұйымын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) қызметінің тәртібін айқындайды.

      2. Білім беру ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Қағидаларды және білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады.

      3. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

      1) бастауыш мектеп – бастауыш білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      2) негізгі орта мектеп – бастауыш және негізгі орта білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      3) жалпы білім беретін мектеп - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      4) бейін алды даярлық - білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау.

      5) гимназия - білім алушылардың бейiмділiгi мен қабiлеттерiне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және басқа бағыттар бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      6) лицей – білім алушылардың бейiмділiгi мен қабiлеттерiне сәйкес кеңейтілген және тереңдетілген жаратылыстану-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негiзгi орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      7) бейіндік мектеп – жалпы орта білімнің білім беру оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны;

      8) бейінді оқыту – оқытуды дифференциациялау және жекешелендіру, білім алушылардың қызығушылықтарын, бейімдері мен қабілеттерін есепке ала отырып білім беру процесін ұйымдастыру процесі. Бейінді оқыту бейіндік мектепте, бейінді сыныптарда іске асырылады;

      9) шағын жинақты мектеп – білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп;

      10) тірек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақталған мектеп білім алушылардың сапалы білім алуына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімді сессиялық сабақтарды және аралық әрі қорытынды аттестаттауды өткізу үшін базасында таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердің білім беру ресурстары шоғырланатын жалпы орта білім беру ұйымы;

      11) халықаралық мектеп – Халықаралық Бакалавриат ұйымында авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен өз бетінше әзірленген кіріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

      12) әскери мектеп-интернат – жалпы орта білім алуды және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген және дене шынықтыру даярлығының қосымша білім беру бағдарламаларын, әскери-техникалық мамандықтар бойынша білім берудің кейінгі деңгейлерінде оқуды жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, негізгі орта білім беру аяқталғаннан кейін медициналық куәландыру көрсеткіштері бойынша 15-16 жастағы еркек жынысты балаларды конкурстық негізде қабылдауды жүзеге асырады;

      13) жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат – тиісті білім беретін мектептері жоқ елді мекендерде тұратын білім алушылардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз ететін білім беру ұйымы;

      14) көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" № 320 қаулысына (бұдан әрі – № 320 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы) сәйкес мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылар балаларының, мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын отбасылар балаларының, ата-анасы немесе оларды алмастыратын тұлғалардың өмір сүру жағдайы, еңбегі, денсаулық жағдайы бойынша отбасыларға көмек берілетін, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен кіріс кіретін отбасылар балаларының жалпы орта білім алуын қамтамасыз ететін білім беру ұйымы;

      15) мектеп-интернат – аз тұрғыны бар елді мекендерде тұратын білім алушылардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз ететін білім беру ұйымы;

      16) санаториялық мектеп-интернат – белгіленген режимді сақтай отырып, білім алушылардың жалпы орта білім алуды, қалпына келтіру емін, медициналық оңалту мен демалысты, туберкулезге қарсы емдеу-профилактикалық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін білім беру ұйымы;

      17) тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат – білім беру ресурстарына сессиялық сабақтар және білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде тұрумен қоса жақын орналасқан шағын жинақты мектептер білім алушыларының сапалы білім алуын қолжеткізуді қамтамасыз етеді;

      18) әлеуметтік оңалту – кәмілетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің органдары мен мекемелері жүзеге асыратын, өмірлік қиын жағдайда жүрген кәмілетке толмағанды құқықтық, әлеуметтік, дене бітімі, психалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық емес қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені;

      19) кәмілетке толмаған баланы қамтамасыз ету - кәмілетке толмағанның ата-анасының немесе басқа да заңды өкілдерінің оның толыққанды дамуы, оның мүліктілік және мүліктілік емес құқықтарын, мүдделерін және мемлекеттің ең төменгі әлеуметтік стандарттарын қорғауы үшін жағдай жасауы;

      20) кәмілетке толмаған баланы тәрбиелеу – балаға қоғамда қабылданған және оның рухани, дене бітімі, психикалық, мәдени, адамгершілік тұрғыдан дамуына және әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғауға бағытталған мінез-құлық ережелері мен нормаларын дамыту бойынша ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметкерлері тарапынан ықпал етудің үздіксіз процесі;

      21) қосымша білім беретін мектеп-орталық – құрылымдық бөлімшесінде қосымша білім беру орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп;

      22) мектеп-интернат-колледж жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беретін, жататын орнымен қамтамасыз ететін дербес заңды тұлға болып табылады;

      23) оқу-өндірістік комбинаты (мектепаралық, курстық) – жергілікті атқарушы органдармен қаржыландырылатын, оқушыларды мамандықты саналы түрде таңдау арқылы қоғамдық өмірге бейімделуін қамсыздандыратын, мемлекеттік білім беру ұйымы.

      4. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлері:

      1) бастауыш;

      2) негізгі орта;

      3) жалпы білім беретін мектептерде іске асырылады.

      5. Білім беру ұйымдарының міндеттері:

      1) білікті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеру арқылы білім алушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға жағдайлар жасау;

      2) "Білім туралы" Заңның 5-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленген білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген ғылымдардың базистік негіздерін алуын қамтамасыз ету;

      3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкiндіктерін дамыту, адамгершіліктің және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;

      4) азаматтылықққа және патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және қазақ тілін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;

      5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттіліктерін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

      6) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу болып табылады;

      7) барлық оқушылардың ерекше білім беруге қажеттіліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге жағдайлар жасау.

      6. Білім беру ұйымдары өз қызметін "Білім туралы" Заңның 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.

      7. Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқыту, экстернат, қашықтықтан оқыту нысанында жүзеге асырылады.

      8. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда "Білім туралы" Заңның 37-2-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен барлық білім алушылар үшін қашықтан оқытуды енгізеді.

      9. Білім беру ұйымдарында ата-аналардың (заңды өкілдердің) мүдделері ескеріле отырып, ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту:

      1) үлгілік оқу бағдарламасы, оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша жалпы сыныпта (үш баладан артық емес);

      2) және (немесе) арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша даму бұзылыстарының түрлері негізіндегі арнайы сыныптарда қарастырылған.

      10. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды жалпы білім беретін ұйымнан арнайы білім беру ұйымына ауыстыру психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы мен ұсынымының негізінде ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен жүзеге асырылады.

      11. Денсаулық жағдайы бойынша дәрігерлік-кеңес комиссиясының (ДКК) қорытындысы негізінде ұзақ уақыт білім беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе тиісті үлгілік оқу жоспарларына сәйкес стационарлық көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.

      Үйде оқыту кезінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар психофизикалық мүмкіндіктеріне байланысты жалпы білім беретін, қысқартылған немесе арнайы бағдарламалармен оқиды.

      12. Мектепке қабылдау және бір орта білім беру ұйымынан басқасына ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 564 бұйрық) бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Бұрын шетелдік мектептерде оқыған білім алушылар Қазақстан Республикасына келгеннен кейін Қазақстан Республикасының мектептерінде оқуды жалғастырады. Мектептердің әкімшіліктері жергілікті білім беру басқармаларымен бірлесіп, олардың білім деңгейін анықтау үшін Комиссиялар құрады, оның жұмысының қорытындысы бойынша білім алушыны қазақстандық мектептің тиісті сыныбына қабылдау туралы шешім қабылданады.

      14. Білім беру ұйымдарында білім алушының, заңды өкілдерінің өзара қарым-қатынастары тараптардың құқықтары мен міндеттерін, оқу мерзімдерін, жекеменшік білім беру ұйымдарында оқу төлемінің мөлшерін айқындайтын шартпен реттеледі.

      15. Он алты жасқа дейінгі балаларды білім беру ұйымдарынан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымын мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.

      Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады.

      16. Білім беру ұйымдарынан шығарылған кәмелетке толмаған балалардың жалпы орта білім алуы жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жалғастырылады

      17. Білім беру ұйымдарында оқу процесі ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап келесі жылғы 31 мамырға дейін жүзеге асырылады. Оқу жылы ішінде каникулдар белгіленеді.

      18. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.

2-тарау. Білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі

      19. Білім алушылар, педагогтар, білім алушылардың заңды өкілдері білім беру процесінің субъектілері болып табылады.

      20. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды негізгі орта, жалпы орта білім беретін үлгілік оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымдары береді.

      21. Орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагогтерге тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе басқа да кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен адамдар жатады.

      22. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      23. Білім беру ұйымдарының педагогтары "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.

      24. Білім беру ұйымдары оқу процесін "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген), "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.

      Білім беру ұйымдары, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.

      25. Бастауыш білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен машықтарын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, коммуникативтік дағдылардың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

      26. Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылымдар жүйесінің базалық негіздерін меңгеруіне, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталған.

      Үлгілік оқу бағдарламасы білім алушылардың бейіналды даярлығын қамтиды.

      27. Жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары бейіндік оқытуды енгізе отырып, дифференциациялау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленген.

      28. Білім беру ұйымдарында оқу және тәрбие процесі үлгілік оқу бағдарламаларына және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Базистiк оқу жоспарының вариативтік бөлiгiнiң құрамына кiретiн және нақты ұйымның ерекшелігін көрсететiн оқу пәндерi бойынша оқу жұмыс жоспарын және бағдарламаларын әзiрлеудi білім беру ұйымы дербес жүзеге асыруға құқылы.

      Орта білім беру ұйымдары оқу жұмыс жоспарының үлгілік оқу жоспаларына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес қамтамасыз етеді.

      29. Білім беру ұйымдарында қосымша білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары іске асырылады.

      30. Білім беру ұйымдарында оқыту процесі үлгілік оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік оқу жұмыс кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттеледі.

      31. Білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етеді.

      32. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, санитариялық қағидалардың, үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру саласындағы денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.

      33. Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдерді медициналық қамтамасыз ету "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-76 бұйрық).

      34. Білім беру ұйымындағы сабақтар кестесін оның басшысы не оны алмастыратын тұлға бекітеді.

      Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі.

      Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілістерді көздейді.

      35. Жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде білім алушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде бес минут, үлкен үзіліс (екінші немесе үшінші сабақтан кейін) отыз минутты құрайды.

      Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы он бес минуттан екі үзіліс жасау қарастырылады.

      36. Жалпы білім беру ұйымдарында сабақтың ұзақтығы қырық бес минуттан аспайды. Бірінші сыныптарда оқу жүктемесін бірте-бірте арттыра отырып, оқу сабақтарының сатылы режимін қолданылады. Қыркүйекте үш сабақ отыз бес минуттан, қазаннан бастап қырық бес минуттан жоспарланады. Сабақтарда дене шынықтыру минуттарын және көзге арналған жаттығулар өткізіледі.

      Бірінші сынып білім алушылары үшін жыл бойы қосымша бір апталық каникул көзделеді. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізу қарастырылмайды

      37. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын білім алушылардың игеруін бақылау мақсатында білім беру ұйымдары "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 125 бұйрығы) білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды және қорытынды аттестаттауды жүзеге асырады.

      38. Білім беру ұйымдары бір күндегі ең жоғары оқу жүктемесін белгілеуде, өздерінің жарғыларында айқындалатын оқыту нысандарын, құралдарын және әдістерін таңдауда дербес болады.

      39. Білім беру ұйымдары, білім алушылардың бойында патриоттық тәрбиені, айналасындағыларға толерантты қарым-қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарт негізінде тамақтандыру объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолымен теңгерімді дұрыс тамақтануды және табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

      40. Орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында тиісті жағдайлар жасау үшін № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларына сәйкес оқу жайларымен бірге алаңы бар материалдық активтердің меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару, немесе жалға алу құқығына тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттерінің, жарақтандыру нормаларына сәйкес жабдықтар мен жиһаздардың, бастауыш білім беру деңгейі үшін жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың; компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен қамтылудың, оқу зертханалардың, спорт залдардың, медициналық пункттердің, асхана немесе буфеттің), ғимараттардың (оқу корпустарының) болуы, сондай-ақ орта білім беру ұйымының жайларында және (немесе) оған іргелес аумақтарда бейнебақылаудың болуы қажет.

      41. Орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді және ұлттық білім беру деректер қорындағы деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.

      42. Білім беру ұйымының басшысы "Білім туралы" Заңның 44-бабының 3 тармағына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      43. Білім беру ұйымдарында алқалық басқару органдары құрылады. Педагогикалық, қамқоршылық, әдістемелік кеңестер және педагогтік әдеп жөніндегі кеңес білім беру ұйымдарының алқалық басқару нысандары болып табылады.

      44. Оқу пәндерін тереңдетіп оқытатын білім беру ұйымдарына әр сыныпқа 4 сағат есебінен факультативтерді және оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыруға қаржы бөлінеді..

      45. Мемлекеттік мектептерде ақылы білім беру қызметі бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі шеңберінде және оның орнына көрсетіледі.

3-тарау. Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

      46. Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдарының негізгі түрлері мыналар болып табылады:

      1) гимназия;

      2) лицей;

      3) бейіндік мектеп;

      47. Гимназияның негізгі мақсаттары мен міндеттері:

      1) жоғары деңгейлі мәдениеттi, қоғам өмiрiне бейiмделген, кәсiптік білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және меңгеруге дайын зияткер тұлғаны қалыптастыру;

      2) жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеру үшін неғұрлым қабілетті және дайындығы бар оқушыларға оңтайлы жағдай жасау.

      48. Гимназия жалпы орта білім беретін 1-11(12) сыныптар базасында келесі құрылым бойынша ұйымдастырылады:

      1) бастауыш білім беру деңгейі (бастауыш мектептің 1-4 сыныптары) оқу қызметiнiң негiзгi дағдысы мен машығын, теориялық ойлау элементтерiн, өзiн-өзi бақылау және өзiн-өзi түзету дағдысын меңгеруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ баланың жеке қабiлетiн анықтауға бағытталған;

      2) негізгі орта білім беру деңгейі (негiзгi мектептiң 5-9 (10) сыныптары) базалық дайындықпен қатар оқушының бейіналды дайындығын қамтамасыз ететін негізгі мектептің негiзгi және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушы тұлғасының қалыптасуын қамтамасыз етедi. Осы сатыда ішкі және сыртқы дифференциация негізінде оқушының базалық дайындығының аяқталуын қамтамасыз етеді;

      3) жалпы орта білім беру деңгейі (жоғары мектептің 10-11(12) сыныптары) оқытудың бейіндік бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушының жалпы орта білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.

      Гимназияның негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі ұйымдары дербес білім беру мекемелері ретінде жұмыс істей алады.

      49. Гимназиялар (гуманитарлық, лингвистикалық, эстетикалық бейіндегі, көп бейінді) жоғары біліктi педагогтер, қажеттi ғылыми-әдiстемелiк, оқу, материалдық жағдайлар болған жағдайда дербес, жалпы білім беретін мектептердің құрамында немесе тиісті бейіндегі жоғары оқу орындарының жанында құрылады.

      50. Гимназия Жарғысын гимназия кеңесі (педагогикалық кеңес) қабылдайды және жергілікті атқарушы биліктің білім беруді басқару органдары бекітеді.

      51. Гимназия базасында ғылыми-әдістемелік ұсынымдарға, жаңа үлгідегі оқу-тәрбие мекемелерінің модельдеріне, оқу қызметін ұйымдастырудың құрылымдары, мазмұны мен нысандарына тәжірибелік тексеру жүзеге асырылады.

      52. Лицейдің негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:

      1) жоғары деңгейлі мәдениеттi, қоғам өмiрiне бейiмделген, кәсiптік білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және меңгеруге дайын зияткер тұлғаны қалыптастыру;

      2) жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеру үшін неғұрлым қабілетті және дайындығы жоғары оқушыларға оңтайлы жағдай жасау;

      3) білім алушыларды кәсіптік оқытуға бағдарланған пәндер бойынша дайындау.

      53. Лицей жалпы орта білім беретін мектептің 1-11 (12) сыныптарының базасында келесі құрылым бойынша ұйымдастырылады:

      1) бастауыш білім беру деңгейі (бастауыш мектептің 1-4 сыныптары) оқу қызметiнiң негiзгi дағдысы мен машығын, теориялық ойлау элементтерiн, өзiн-өзi бақылау және өзiн-өзi түзету дағдысын меңгеруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ баланың жеке қабiлетiн анықтауға бағытталған;

      2) негізгі орта білім беру деңгейі (негiзгi мектептiң 5-9 (10) сыныптары) базалық дайындықпен қатар оқушының бейіналды дайындығын қамтамасыз ететін негізгі мектептің негiзгi және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушы тұлғасының қалыптасуын қамтамасыз етедi;

      3) жалпы орта білім беру деңгейі (10-11(12) сыныптар) оқытудың бейіндік бағдарламаларын меңгеру негізінде білім алушының жалпы орта білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.

      54. Лицейлер жоғары біліктi педагогтер, қажеттi ғылыми-әдiстемелiк, оқу, материалдық жағдайлар болған жағдайда дербес, жалпы білім беретін мектептердің құрамында немесе тиісті бейіндегі жоғары оқу орындарының жанында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамада көрсетілген тәртіппен құрылады.

      55. Лицейдің Жарғысын лицей кеңесі (педагогикалық кеңес) қабылдайды және жергілікті атқарушы биліктің білім беруді басқару органдары бекітеді.

      56. Лицей базасында ғылыми-әдістемелік ұсынымдарға, жаңа үлгідегі оқу-тәрбие мекемелерінің модельдеріне, оқу қызметін ұйымдастырудың құрылымдары, мазмұны мен нысандарына тәжірибелік тексеру жүзеге асырылады.

      57. Бейіндік мектептің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

      1) білім алушыларға тиісті бағыттар бойынша жеке білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін беру;

      2) жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жалпы орта білім беру мазмұнының дифференциациялануын, интеграциялануын және кәсіби бағдарлануын қамтамасыз ету;

      3) кәсіптік оқытуға бағытталған пәндер бойынша білім алушыларды дайындау арқылы оқытудың алдағы траекториясын анықтау;

      4) білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында анықталған оқу пәндерінің базалық деңгейін арттыра отырып бейінді пәндер бойынша оқыту;

      5) білім алушыларды тиісті бейіндегі жоғары білім алуға бағыттау;

      6) жоғары деңгейлі мәдениеттi, қоғам өмiрiне бейiмделген, кәсiптік білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және меңгеруге дайын зияткер тұлғаны қалыптастыру.

      58. Бейіндік мектеп бағыттар бойынша білім беру оқу бағдарламаларын меңгеру негізінде білім алушының жалпы білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.

      59. Бейіндік мектептің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайды.

      60. Бейіндік мектепті құру және тарату жергілікті атқарушы органның құзырына жатады.

      61. Бейіндік мектептің базасында ғылыми-әдістемелік ұсынымдарға, жаңа үлгідегі оқу-тәрбие мекемелерінің модельдеріне, оқу қызметін ұйымдастырудың құрылымдары, мазмұны мен нысандарына сынақ жүзеге асырылады.

      62. Бейіндік мектеп тұлға, қоғам, мемлекет мүдделері үшін оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады, денсаулықты сақтауды және тұлғаның жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар жасауды, оның ішінде білім алушылардың өздігінен білім алуға және қосымша білім алуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

      63. Гимназиялар мен лицейлерге қабылдау № 564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      64. Оқушыларды қабылдау, сыныптан-сыныпқа көшіру, оқудан шығару оқу үлгерімінің нәтижесі бойынша (рейтингілік балмен) гимназия, лицей Кеңесінің (педагогикалық кеңес) шешіміне және гимназия, лицей Жарғысына сәйкес жүргізіледі.

      65. Оқудан шығарылған білім алушылар мектеп-гимназияның, мектеп-лицейдің жалпы білім беретін сыныптарында оқуын жалғастырады немесе аудандық (қалалық) білім бөлімімен тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беретін мектепке ауысады.

      66. Жалпыға міндетті негізгі және қосымша бағдарламалардың меңгерілуін іске асыратын гимназия мен лицейлерде, бейіндік мектептерде оқу және тәрбие процесін ұйымдастыру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленген оқу бағдарламаларына, оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

      67. Гимназия, лицей және бейіндік мектептердің жеке оқу жоспарларын білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді және өңірлік білім басқармаларымен (бөлімімен) келісіледі.

      68. Вариативті оқу бағдарламалары және гимназияның кәсіптік бағытталған арнайы курстары жоғары оқу орындарының тиісті кафедраларымен келісіледі.

      Гимназиялық компонент:

      1) әрбір гимназияның жеке таңдауымен бейіндік оқытуды, жеке дамыту бағдарламасын, инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын пайдаланумен;

      2) гимназияның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін жаңа оқу бағдарламаларын, бейіндік пәндерді енгізумен қамтамасыз етіледі.

      69. Гимназиялардың және лицейлердің вариативтік және кәсіптік бағдарланған арнайы курстарының оқу бағдарламалары жоғары оқу орындарының тиісті кафедраларымен келісіледі.

      Лицей компоненті:

      1) әрбір лицейдің жеке таңдауымен бейіндік оқытуды, жеке дамыту бағдарламасын, инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын пайдаланумен;

      2) лицейдің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін жаңа оқу бағдарламаларын, бейіндік пәндерді енгізумен қамтамасыз етіледі.

      70. Гимназияларда, лицейлер мен бейіндік мектептерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және оларды басқару осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      71. Оқуда жоғары нәтижеге жеткен, шығармашылық және ғылыми-зерттеу қызметіне бейімділік танытқан оқушыларға лицей қорынан, жоғары оқу орындарынан түскен және басқа да қаражаттан стипендия тағайындалады.

      72. Гимназияда, лицейде, бейіндік мектепте білім деңгейiн, оқу мерзiмiн, оқуға төленетiн ақы көлемін, басқа да жағдайларды анықтайтын гимназия мен білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң, олардың ата-аналарының (заңды өкiлдердiң) арасындағы шартпен реттелетiн оқу жоспарының пәндері бойынша оқушылардың жеке жұмысын ауыстырмайтын ақылы қосымша білім беру қызметін ұйымдастыру мүмкiн.

      73. Гимназия, лицей, бейіндік мектеп үлгілік штат негізінде құрылған жеке штаттық кесте бойынша жұмыс істейді.

      74. Гимназияға, лицейге, бейіндік мектепке жалпы басшылықты құрамына тиісті жоғары оқу орнының өкілдері кіретін гимназияның Кеңесі немесе педагогикалық кеңесі жүзеге асырады.

      75. Бейінді мектеп білім алушылардың контингентін қалыптастыру білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, білім алушылардың тұратын аумағын есепке алмай негізгі орта білім беру деңгейінде оқуды аяқтағаннан кейін жүзеге асырылады.

      76. Бейіндік мектептердің оқу жоспарлары жеке өзіндік дамуды, коммуникативті қабілеттерді, ақпараттар мен технологияларды қолдануды, мәселелерді шешуді, тапқырлық пен шығармашылықты қалыптастыратын білім алудағы дербестікті қамтамасыз ететін білім берудің вариативтілігін қарастырады.

      77. Үлгілік оқу жоспарының вариативті компонентін іске асыратын қолданбалы курстардың және таңдау бойынша курстардың оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган бекітеді.

      78. Бейіндік мектепте оқу-тәрбие процесі оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау және оның іске асырылуын бақылау негізінде ұйымдастырылады.

      79. Бейінді пәндерді жүргізу кезінде сынып оқушыларының саны бейіндік мектептерде 24 және одан көп болса, сыныпты 2 топқа бөлу жүзеге асырылады.

      80. Таңдау бойынша курстарды жүргізу кезінде білім алушылар тобы жеке 11 және 12-сынып білім алушыларының санынан жинақталады.

      81. Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуі керек. Бейіндік мектепте оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің жоспарын және сабақтар кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.

      82. Бейіндік мектептегі тәрбие жұмыстарының жүйесі отансүйгіштікті, азаматтықты, этникааралық толеранттылықты, жоғары адамгершілік пен өнегелікті қалыптастыруға, сондай-ақ функционалды сауаттылықты, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.

      83. Оқытудың формалары мен әдістері білім беру нәтижелеріне қол жеткізудің сәттілігін, алынған білімдерді оқу және практикалық қызметте қолдану қабілетін қамтамасыз ететін логикалық, сыни және құрылымдық ойлауды қалыптастыруға бағытталған.

      84. Бейіндік мектептер сынып ұжымын фронтальды оқыту формасынан интерактивті, инновациялық, жобалау-зерттеу технологияларын, сандық инфрақұрылымды пайдалана отырып, әр білім алушының жеке білім алу траекториясын іске асыруға көшуді қамтамасыз етеді.

      85. Бейіндік мектептегі жалпы орта білім беру мазмұны "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (бұдан әрі – МЖМБС) талаптарына сәйкес айқындалады.

      86. Жарғылық мақсаттар мен міндеттерге сәйкес бейіндік мектеп ақылы негізде ақылы қызметтерді көрсету туралы келісім жасай отырып, қосымша білім беру бағдарламаларын ұсынуға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес МЖБС талаптарынан тыс қосымша білім беру қызметтерін көрсетуге құқылы.

      87. Бейіндік мектептерде алқалық басқару органдары құрылады. Алқалық басқару нысандары: қамқоршылық кеңес, педагогикалық, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңестер, ата-аналар комитеті және т.б. болып табылады.

      88. Бейіндік мектептің ұйымдастыру құрылымы, басқару жүйесі және барлық қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мектептің білім беру үлгісінің ерекшеліктеріне сәйкес әзірленеді.

      89. Бейіндік мектепте жұмыс істеу үшін педагогикалық ұжым жоғары білікті педагогтерден: жоғары санатты мұғалімдерден, магистрлерден, сондай-ақ ғылым кандидаттары мен докторлардан құралады.

      90. Гимназия мен лицейлерге білім алушылардың таңдауы бойынша факультативтерге және қосымша курстар ұйымдастыруға әр сыныпқа 4 сағат есеппен, сондай-ақ әр сыныпқа үйiрмелер мен студиялар, ғылыми қоғамдар және т.б. ұйымдастыру үшiн мұғалімдерге 0,25 ставкада, және/немесе шарт негiзiнде жоғары білікті мамандарға жекелеген курстар мен дәрістерге ақы төлеу үшін мектепке жылына 1500 сағат есебiне қаражат бөлiнедi. Факультативтік сабақтар және таңдау бойынша курстар топтарда 10-нан астам адам болған жағдайда өткізіледі.

      91. Мемлекеттік гимназиялар мен лицейлерде ақылы білім беру қызметі бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі шеңберінде және оның орнына көрсетіледі.

      92. Гимназиялар, лицейлер және бейіндік мектептер:

      1) білім беру, ғылым, мәдениет салалары бойынша халықаралық қызметтерге қатысуға;

      2) ынтымақтастық туралы, оқытушылар мен оқушыларды алмастыру туралы шетелдiк білім беру орындарымен келісім жасауға. Шетелге жолдама беру үшін мұғалiмдер мен оқушыларды таңдауды лицей кеңесi жүзеге асырады;

      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бірлескен білім беру ұйымдарын құруға құқылы.

4-тарау. Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

      93. Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша ұйымдарының негізгі түрлері мыналар болып табылады:

      1) шағын жинақты мектеп ( бұдан әрі - ШЖМ), тірек мектеп;

      2) түзету мекеме жанындағы жалпы білім беретін мектеп;

      3) кешкі мектеп;

      4) девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы;

      5) ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған білім беру ұйымы;

      6) аурухана жанындағы мектеп.

      Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады.

1-параграф. Шағын жинақты мектептер, тірек мектептері қызметінің үлгілік қағидалары

      94. ШЖМ негізгі мақсаттары мен міндеттері:

      1) сапалы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету және кеңейту;

      2) оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану;

      3) сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында тірек мектептерінде (ресурстық орталықта) ШЖМ-ның білім беру ресурстарын біріктіру;

      4) ШЖМ білім алушылары үшін бейінеалды даярлау және бейіндік оқыту бойынша жағдай жасау;

      5) тірек мектебінде (ресурстық орталықта) нұсқаушы, аралық және қорытынды сессиялық сабақтар және магниттік мектеп оқушылары үшін сесияаралық кезеңді ұйымдастыру;

      6) біріктірілген сыныптарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру.

      95. Тұрғындарының саны аз әрбір елді мекенде бастауыш ШЖМ білім алушылардың саны 5-тен 40 адамға дейін; негізгі ШЖМ білім алушылардың саны 41-ден 80 адамға дейін; орта ШЖМ білім алушылардың саны 81-ден 180 адамға дейін болған жағдайда жұмыс істейді.

      96. ШЖМ-да сыныпты екі топқа бөлуге білім алушылар саны 16 және одан артық болғанда:

      1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;

      2) шетел тілі;

      3) көркем еңбек;

      4) информатике жүргізу кезінде жүзеге асырылады.

      ШЖМ-да сыныпты екі топқа бөлуге білім алушылар саны 16 және одан артық болғандаоқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – орыс тілі мен әдебиеті сабақтарын жүргізу кезінде болады.

      97. ШЖМ-да оқу-тәрбие процесі біріктірілген немесе жеке сыныптарда білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытуға сәйкес қамтамасыз етіледі.

      ШЖМ-дағы 2-11 сыныптардың толымдығына 3 және одан артық адамға дейін рұқсат беріледі.

      Әртүрлі жастағы оқыту әдістемелерін қолдану кезінде 1, 2 жас айырмасын ескере отырып, екі немесе үш сыныпты біріктіруге жол беріледі.

      Сыныптарды біріктіру кезінде оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзгермелі кестесі қолданылады.

      Бірінші сынып, бітіруші сыныптың білім алушыларын басқа сыныптарымен біріктіріп оқыту қарастырылмайды.

      98. Тірек мектебі мен магниттік ШЖМ-ның оқу қызметі тірек мектебі (ресурстық орталық) мен магниттік мектептердің бірлескен педагогикалық кеңесінде бекітілген бірыңғай оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады.

      99. Магниттік мектептердің 5-11 сынып білім алушылары үшін инвариантты компоненттің оқу пәндерін оқыту арқылы оқу сессияларын өткізіледі: бастапқы – қазанның бірінші онкүндігі (10 күн), аралық – ақпанның бірінші онкүндігі (10 күн), қорытынды – сәуірдің үшінші онкүндігі (10 күн).

      8-1-сыныптардың білім алушылары үшін тірек мектептер базасында оқу сессияларын өткізу міндетті, 5-7-сыныптар ұшін – білім беру ұйымының қалауы бойынша.

      100.Сессия кезеңінде тірек мектеп (ресурстық орталық) қосымша білім беру орталығы және толық күндік мектеп ретінде жұмыс істейді

      101. Магниттік мектептердің білім алушылары үшін тірек мектепте оқу сессияларын өткізу кезінде жергілікті атқарушы органдар білім беруді басқару органының тиісті бұйрығымен ресімделетін тасымалдауға, тамақтануға және тұруға қаражат қарастырады.

      102. Сессияаралық кезеңде білім алушылардың оқу-танымдық қызметі ШЖМ-да тірек мектеп (ресурстық орталық) пән мұгалімдерінің қашықтан қолдауымен өтеді.

      103. ШЖМ білім алушыларының оқу сессиялары әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға, аурудың алдын алу және емдеу, санитарлық- эпидемияға қарсы және санитарлық-алдын алу іс-шараларға байланысты, қолайсыз ауа райы кезеңінде қашықтан оқытуға ауыстырылады.

      104. Облыстық әдістемелік кабинеттер (орталықтар) оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, жеке оқыту бағдарламаларын жасау, қашықтықтан оқыту нысанының мазмұны, бейінді бағытты ескере отырып, оқыту әдістері мен арнайы курстар бойынша жұмысты үйлестіруді жүзеге асырады.

2-параграф. Түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін мектептері қызметінің үлгілік қағидалары

      105. Түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін мектептер (бұдан әрі - Мектеп) облыстардың және республикалық маңызды бар қалалардың білім басқармаларының келісуімен облыстардың және республикалық маңызды бар қалалардың қылмыстық-атқару жүйесі органдарының ұсынысына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылады.

      106. Мектептің құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылады.

      107. Мектептің негізгі мақсаты мен міндеттері:

      1) жасы отызға жетпеген сотталғандардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді міндетті алуы;

      2) отыз жастан асқан сотталғандардың қалауы бойынша жалпы орта білім алуы;

      3) кәсібі (мамандығы) жоқ сотталғандардың техникалық және кәсіптік білім алуы.

      108. Мектептің білім беру процесін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      109. Мектеп қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері Мектеп Жарғысымен және осы Үлгілік қағидалармен айқындалады. Мектептің қызметі Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.

      110. Мектепке негізгі орта және жалпы орта білімі жоқ сотталғандар білім туралы құжаттардың негізінде қабылданады.

      Сотталғандардың білім деңгейін анықтау үшін тестілеу өткізіледі.

      111. Қабылдау түзеу мекемесінің басшысымен келісілген Мектеп директорының бұйрығымен ресімделеді. Сыныптарды толықтыру оқу жылы бойы жүргізіледі.

      Білім алушылардың міндеттері Мектеп Жарғысымен және Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді.

      112. Мектепте оқу процесі қолданыстағы Үлгілік оқу жоспарларына және бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      113. Мектепке басшылық жасауды білім беру саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тағайындалған директор жүзеге асырады.

      114. Мектеп директоры түзеу мекемесі басшысының келісімі бойынша Мектептің басшы қызметкерлерін, педагогтерді тағайындайды және лауазымнан босатады. Оларды тағайындау және босату тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      115. Мектеп директорының, басшы қызметкерлердің, педагогтердің құқықтары мен міндеттері Мектеп Жарғысымен және түзеу мекемесінің ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді.

      116. Мектеп директоры мен педагогтер Жасақ тәрбиешілері кеңесінің құрамына кіреді, мекеме әкімшілігімен бірлесіп, сотталғандармен жүргізілетін тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарға қатысады.

      117. Түзеу мекемесінің әкімшілігі:

      1) міндетті жалпы білім беру және кәсіптік оқытуға жататын сотталғандардың есебін жүргізеді;

      2) Мектеп әкімшілігінің, педагогтердің және техникалық персоналдың сотталғандарды оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша мекеме бөлімдері мен қызметтерінің қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;

      3) Мектептің педагогикалық ұжымына мекеменің сотталғандарды оқыту, түзеу мәселелері жөніндегі қызметін реттейтін құқықтық және әдістемелік құжаттарды зерделеуде көмек көрсетеді;

      4) Мектеп қызметкерлерінің мекемеде белгіленген режимдік талаптарды сақтауына бақылау жасайды;

      5) Мектеп қызметкерлерінің түзеу мекемелерінің аумағында болған уақытында олардың қауіпсіздігі мен еңбегін қорғауды қамтамасыз етеді;

      6) Мектепте сотталғандардың сабаққа қатысуларына күнделікті бақылауды жүзеге асырады.

      118. Мектептің педагогикалық ұжымы:

      1) мекеме әкімшілігімен бірлесіп міндетті білім алуға жататын жасы отызға толмаған және жалпы орта білімі жоқ сотталғандарды толық қамтуды қамтамасыз ету жұмысын жүргізеді;

      2) сотталғандарды ұстау режимінің талаптарын ескере отырып, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес білім беру процесін ұйымдастырады;

      3) білім алушыларға сабақтарға дайындалуына, өз бетінше білім алу әдістерін меңгеруіне, мекеме әкімшілігіне сотталғандардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне, оларды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту жұмысына көмек көрсетеді;

      4) мекеме әкімшілігінің алдында оқудағы және тәртіп сақтаудағы жетістіктері үшін білім алушыларды көтермелеу туралы ұсыным жасайды;

      5) Мектеп қызметкерлерінің түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде белгіленген сотталғандармен өзара қарым-қатынасты сақтауын қамтамасыз етеді;

      6) оқу-әдістемелік құралдардың, жабдықтар мен басқа да мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді.

      119.Мектеп педагогтеріне түзету мекемелері қағидаларының талаптарын бұзған жағдайда мекеме аумағына қіруге тыйым салынады.

      120. Жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ мектеп орынжайларын ұстауға байланысты шығыстар (коммуналдық қызмет көрсетулер, ағымдағы жөндеу және өзге шығындар), қызмет көрсету персоналының еңбекақысын төлеу түзеу мекемелерінің қаражаты есебінен жүргізіледі. Басшы қызметкерлер мен педагогтердің, оқу-тәрбие қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу, оқулықтарды сатып алу және жеткізу білім беруге көзделген жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

3-параграф. Кешкі мектептері қызметінің үлгілік қағидалары

      121. Кешкі (ауысымды) мектеп Қазақстан Республикасының азаматтарына, жұмыс істейтін және жұмыссыз шетел азаматтарына (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары шеңберінде) негізгі орта және жалпы орта білім алуға мүмкіндік береді.

      122. Кешкі мектеп негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырады.

      123. Кешкі (ауысымды) мектеп мемлекеттік мекеме немесе коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ретінде құрыла алады.

      124. Мектеп бір уақытта бір білім беру ұйымының шегінде мынадай нысандар бойынша оқытуды жүзеге асырады: күндізгі, кешкі, сырттай, жеке, экстернат.

      125. Білім беру бағдарламаларын меңгеру шарттары мен тәртібі осы Қағидалармен және мектеп Жарғысымен белгіленеді.

      126. Мектепті құру, қайта құру және жою "Білім туралы" Заңына сәйкес, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалары білім басқармаларының келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жүзеге асырылады.

      127. Кешкі мектеп:

      1) үлкен қалаларда – кемінде 100 білім алушы,

      2) шағын қалаларда – кемінде 80 білім алушы,

      3) қала типіндегі кенттерде – кемінде 50 білім алушы;

      4) ауылдық жерлерде – кемінде 30 білім алушы болған жағдайда құрылады.

      128. Кешкі және сырттай оқыту нысандарында сыныптар кемінде 9 білім алушы болған жағдайда ашылады.

      129. Қажетті қаражат пен жағдайлар болған жағдайда жергілікті басқару органдарының шешімі бойынша кешкі мектептер жанынан оқу-кеңес беру пункттері, толықтығы аз (1-ден 8-ге дейін білім алушы) сырттай оқу сыныптары немесе топтары ашылады.

      130. Кешкі мектеп, білім беру кәсіпорындары мен ұйымдарында оқу-кеңес беру пункттерін, сыныптар, сырттай оқыту топтарын ашады.

      131. Күндізгі жалпы білім беретін мектептер жанында оқу-кеңес беру пункттері, сырттай оқыту сыныптары мен жеке топтар, сондай-ақ күндізгі жалпы білім беретін мектептерде кешкі бөлімдер:

      1) қалаларда кемінде 50 білім алушы;

      2) қала типіндегі кенттерде кемінде 30 білім алушы, ауылды жерлерде кемінде 15 білім алушы болған жағдайда ашылады.

      132. Күндізгі, сырттай оқу нысандары бойынша оқу-кеңес беру пункттерінің білім беру процесін ұйымдастыру осы Қағидалар негізінде жүзеге асырылады.

      133. Кешкі мектеп пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарды, өтемдік және түзете оқыту сыныптарын (топтарды) ашадығ

      134. Кешкі мектептің барлық деңгейіндегі сыныптардың толықтырылуы күндізгі оқыту нысаны бойынша төмендегі құрамда бекітіледі:

      1) қалалық білім беру ұйымдарында – 20 білім алушы;

      2) шағын қалаларда және қала типіндегі кенттерде – 15 білім алушы;

      3) ауылдық білім беру ұйымдарында – 10 білім алушы.

      135. Сыныпта 24 және одан да көп білім алушы болған жағдайда орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін, шет тілдерін, көркем еңбек, информатиканы кіші топтарға бөліп оқыту жүргізіледі.

      136. Кіші топтарға бөліп оқыту кешкі оқытудың сырттай нысанына қарастырылмайды.

      137. Кешкі мектепке 15 жасқа толған, төмендегі құжаттар негізінде оқуға тілек білдірген тұлғалар қабылданады:

      1) ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші;

      2) жеке өтініші;

      3) негізгі жалпы білім туралы куәлік;

      4) соңғы оқу жылындағы үлгерім табелі;

      5) білім беру ұйымының академиялық анықтамасы (аталған оқу орнында өтілген жалпы білім беретін пәндер бойынша сағаттар саны мен бағаларын міндетті көрсете отырып);

      6) жеке куәлік немесе туу туралы кәулік;

      7) жұмыс орнынан анықтама (жұмыс істейтіндер үшін);

      8) Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен ((Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысанындағы медициналық анықтама (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы);

      9) мекенжайы туралы анықтама.

      138. Ерекше жағдайларда кешкі мектепке қалалық және аудандық Әкімдіктер жанында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия шешімімен жіберілген тұлғалар қабылданады.

      139. Кешкі мектепке қабылдау оқу жылы басталғанға дейін жүргізіледі және мектеп директорының бұйрығымен ресімделеді.

      140. Басқа білім беру ұйымдарынан келген тұлғалар оқу жылының барысында тиісті сыныптарға қабылданады (қорытынды және ағымдық бағалары ескеріле отырып).

      141. Кешкі мектептегі білім алушылар контингенті жылына екі рет анықталады: әрбір жартыжылдық басында.

      142. Кешкі мектеп білім беру процесін екі сатылы жалпы білім беру бағдарламаларының деңгейлеріне сәйкес жүзеге асырады:

      1) II саты – негізгі орта білім (меңгеру мерзімі: 3 жыл: 7, 8, 9 (10) сыныптар).

      2) III саты – жалпы орта білім (меңгеру мерзімі: 2 жыл: 10, 11 (12) сыныптар).

      143. Кешкі мектепте білім беру процесін ұйымдастыру жалпы білім беретін оқу бағдарламаларымен, оқу жұмыс жоспарымен реттеледі.

      144. Кешкі мектеп жылдық күнтізбелік оқу кестесін белгілеуде, бағалау жүйесін, білім алушыларды аттестаттау тәртібі мен мерзімін таңдауда дербес.

      145. Оқу жылы 1 қыркүйектен 31 мамырға дейін жалғасады. Оқу жылының ұзақтығы – 36 апта, сырттай оқу нысанында – 38 апта.

      146. Кешкі мектеп, кәсіпорындармен уағдаластық бойынша, қосымша білім беру қызметі, оның ішінде ақылы қызмет ретінде білім алушылардың кәсіптік дайындық жұмысын жүргізе алады.

      147. Сырттай немесе кешкі оқыту сабақтарын сессиялық режимде ұйымдастыру кезінде сессиялардың уақытын Мектептің педагогикалық кеңесі белгілейді.

      148. Білім алушыларды кешкі мектепке қабылдау тәртібінің Заңда қарастырылмаған бөлігібілім беру ұйымының Жарғысымен белгіленеді. Оқушыларды мектепке қабылдау олардың мекенжайына, тұрғылықты ауданына және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан жүзеге асырылады.

      149. Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері мектептің Жарғысымен, мектептің ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді.

      150. Кешкі мектепте білім алушыларға жұмыстан қол үзбей қысқартылған жұмыс аптасына, жұмыс орны бойынша қосымша ақылы демалыс пен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларында белгіленген тәртіпте ұсынылатын басқа да жеңілдіктер алуға құқық берілген.

      151. Негізгі орта және жалпы орта білім беру курстары бойынша бағдарламаларды меңгеру бітірушілерді міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

      152. Кешкі мектеп бітірушілеріне олар қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін тиісті білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

      153. Кешкі мектепті жалпы басқаруды өкілдік орган – Педагогикалық кеңес жүзеге асырады, оның құзыреті мектеп Жарғысымен белгіленеді.

      154. Кешкі мектептегі білім беру процесін жетілдіру мақсатында Әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестіктер, психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық қызмет құрылады. Олардың қызметі мектеп Жарғысында және қолданыстағы білім беру саласындағы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      155. Кешкі мектеп өзінің Жарғысы, мөрі, банкте есеп шоты бар дербес заңды тұлға болып табылады.

      156. Мектеп жеке ғимаратта орналасуы тиіс. Ерекше жағдайларда, жергілікті Әкімдіктер жалға алған ғимаратта болуы қажет.

      157. Мектеп қызметін қаржылық қамтамасыз ету қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

4-параграф. Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы қызметінің үлгілік қағидалары

      158. Осы қағидалардағы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымдары – ол "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заң) 13-бабының 1-тармағында көрсетілген кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуді, оқытуды және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ететін арнайы білім беру ұйымдары (бұдан әрі – Арнаулы білім беру ұйымдары).

      159. Арнаулы білім беру ұйымы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банкте шоті болады және тәрбиеленушілердің психофизиологиялық ерекшеліктеріне, денсаулық сақтау, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау талаптарына сәйкес тәрбие бағдарламасын дербес әзірлейді.

      160. Арнаулы білім беру ұйымы өз жарғысын "Білім туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары және осы Қағидалар негізінде әзірлейді.

      161. Арнаулы білім беру ұйымының міндеттері:

      1) кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту;

      2) кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың және қоғамға жат қылықтардың алдын алу;

      3) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

      4) кәмелетке толмағандардың заңға бағыну мінез-құлықтарын қалыптастыру;

      5) оқыту және тәрбиелеу процесінің үздіксіздігі мен біртұтастығын қамтамасыз ету.

      162. Арнаулы білім беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие мекемелері болып табылады және әкімшілік ықпал ету шараларына әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде жасайтын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алудан қасақана жалтаратын, отбасынан және балалардың оқу-тәрбие ұйымдарынан өз бетінше жүйелі түрде кетіп қалатын, өзге де қоғамға жат іс-әрекеттер жасайтын он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуді, оқытуды және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

      163. Арнаулы білім беру ұйымдары кәмелетке толмаған әйел және ер жынысты бөлек орналастыруды қамтамасыз ету ескеріле отырып құрылады. Ер және әйел жынысты тәрбиеленушілердің, сондай-ақ 15-18 жастағы 11-14 жастағы тәрбиеленушілердің жатын корпустарын оқшаулау міндетті шарт болып табылады.

      164. Тәрбиеленушілердің тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен белгіленеді.

      165. Арнаулы білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ететін ғимараттар мен құрылыстар кешені: тәрбиеленушілерге арналған белгіленген нормативтер бойынша жабдықталған оқу және тұрғын үй-жайлар, ас блогы, изоляторы бар медициналық пунктке арналған үй-жай, клуб, спорт қалашығы, оқу-өндірістік шеберханалар, ауыл, бау-бақша немесе өзге де шаруашылық болады.

      166. Изоляторы бар медициналық пункттің қызметі арнайы білім беру ұйымының басшылығымен және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органымен реттеледі. Қажет болған жағдайда арнайы білім беру ұйымы денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының бейінді медициналық мекемелерінің көмегін пайдаланады.

      167. Арнайы білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.

      168. Арнаулы білім беру ұйымындағы кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін көрсету өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      169. Кәмелетке толмаған адам арнайы білім беру ұйымына бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сот шешімінің негізінде жіберіледі.

      Өмір сүру және тәрбиелеу жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерінде қалдыруға болмайтын кәмелетке толмаған күдікті қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы бойынша қорғаншы және қамқоршы органдардың қатысуымен қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезеңінде тұру үшін арнаулы білім беру ұйымына орналастырылуы мүмкін.

      170. Арнаулы білім беру ұйымына кәмелетке толмағандарды айқындау үшін құжаттар жинауды кәмелетке толмағандарды анықтауды және есепке алуды жүзеге асыратын білім беру, ішкі істер, денсаулық сақтау органдары қамтамасыз етеді.

      Арнаулы білім беру ұйымына жіберілетін әрбір кәмелетке толмаған адамға:

      1) кәмелетке толмаған адамды арнаулы білім беру ұйымына жіберу туралы сот шешімі;

      2) туу туралы куәлік (жеке куәлік);

      3) білім алушының жеке ісі;

      4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/е нысаны бойынша профилактикалық екпелердің картасы және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген № 026/у-3 есепке алу нысаны (бұдан әрі – толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулық);

      5) отбасының құрамы, отбасының әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтерді, ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне толық деректерді, олардың нақты тұратын жерін, жұмыс орнын, кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағу және тәрбиелеу үшін жағдайлардың бар-жоғын көрсете отырып, отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау актісі;

      6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері (түлектері) қатарынан кәмелетке толмағандарға ата-ана қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттар;

      7) оқу орнынан мінездеме;

      8) әскерге шақыру жасындағы адамдар үшін тіркеу куәлігі.

      9) қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

      Жеке істің құжаттары, сондай-ақ кәмелетке толмағандар туралы мәліметтер жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ баланы отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық дерекқорына (бұдан әрі-Республикалық дерекқор) кәмелетке толмағанды арнайы білім беру ұйымына қабылдаған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізіледі.

      171. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № ҚР ДСМ-17 бұйрығымен (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-17 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26931 болып тіркелген) бекітілген Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тізбесіне сәйкес денсаулық жағдайында ауытқулары бар кәмелетке толмағандар арнаулы білім беру ұйымына жіберілмейді.

      172. Алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдарын және психотроптық заттарды, сол тектестерді теріс пайдаланатын кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу туралы мәселені қарау кезінде оларға психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты психикалық, мінез-құлық бұзылуынан (ауруынан) емделуден өтуді тағайындаудың орындылығы міндетті түрде зерделенеді.

      173. Арнаулы білім беру ұйымдарының әкімшілігі:

      1) кәмелетке толмағандарды ұстаудың көрсетілген мекеменің аумағын күзетуді, тәрбиеленушілердің жеке қауіпсіздігін және олардың теріс әсерден барынша қорғалуын, көрсетілген мекеменің аумағына бөгде адамдардың еркін кіруін және тәрбиеленушілердің одан өз бетінше кетуін шектеуді, кәмелетке толмағандарды, оның ішінде ұйықтауға бөлінген уақытта тәулік бойы бақылауды, кәмелетке толмағандарды, олардың заттарын және жатын үй-жайларын жеке қарап-тексеруді қамтитын арнайы жағдайларын қамтамасыз етеді;

      2) көрсетілген мекеменің орналасқан жері бойынша және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарын олардың өз бетінше кету фактілері туралы хабардар етеді және оларды іздестіру мен қайтару бойынша тікелей қатысады;

      3) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға кәмелетке толмағанның тұрғылықты жері бойынша оны аталған мекемеден шығару туралы болу мерзімі аяқталғанға дейін бір айдан кешіктірмей хабарлама, сондай-ақ кәмелетке толмағанға мінездеме және онымен одан әрі жеке профилактика шараларын жүргізу және оған еңбекке және тұрмыстық орналастыруда жәрдем көрсету қажеттігі туралы ұсынымдар жібереді;

      4) кәмелетке толмаған бала мекемеге келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде оның ата-анасын немесе оларды алмастыратын адамдарды жазбаша хабардар етеді және өзінің заңды мекенжайын хабарлайды;

      5) кәмелетке толмаған адамның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының оның келу фактісі туралы жазбаша растауын сұратады;

      6) кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен хат алмасу, қоңырау шалу, жеке әңгімелесу, ата-аналар жиналыстарын өткізу арқылы жүйелі байланысты қолдайды.

      174. Кәмелетке толмағандарды арнаулы ұйымдарға жеткізу Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары немесе өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтары арқылы ювеналдық полиция қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жүзеге асырылады.

      175. Оқуға қабылдау арнайы білім беру ұйымы директорының немесе оның міндетін атқарушы лауазымды тұлғаның бұйрығымен ресімделеді. Кәмелетке толмағандар оқитын сыныпты анықтау білім туралы қолда бар құжаттардың негізінде жүргізіледі.

      176. Сот айқындаған тәрбиеленушілердің арнаулы білім беру ұйымдарында болу мерзімі арнаулы білім беру ұйымы әкімшілігінің өтінішхаты бойынша ұзартылуы мүмкін.:

      1) кәмелетке толмаған адамның өтініші бойынша, бірақ ол Кәмелетке толғанға дейін жалпы білім беретін немесе кәсіптік даярлығын аяқтау қажет болған жағдайларда;

      2) әкімшілік ықпал ету шараларына әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасау, орта білім алудан қасақана жалтару, арнаулы білім беру ұйымдарынан өз бетінше кетіп қалу, өзге де қоғамға жат іс-әрекеттер жасау қағидаттарына негізделеді.

      177. Тәрбиеленушілерді арнаулы білім беру ұйымынан шығару сот айқындаған мерзім аяқталғаннан кейін ұйым директорының бұйрығымен жүзеге асырылады.

      178. Кәмелетке толмағанның арнаулы білім беру ұйымында болуы оның кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ, егер мекеме әкімшілігінің ұсынуы негізінде сот кәмелетке толмаған адам өзінің түзелуі үшін бұдан былай осы шараны қолдануды қажет етпейді деген қорытындыға келсе, не медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

      179. Арнаулы білім беру ұйымының тәрбиеленушісі қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толғанға дейін қылмыс белгілері бар қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған жағдайда, ол "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңның 14-бабында белгіленген тәртіппен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберіледі. Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарынан ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына ауыстырудың орындылығы туралы шешімді сот ішкі істер органының ұсынуы бойынша қабылдайды.

      180. Кәмелетке толмағандарды бір арнайы білім беру ұйымынан екіншісіне ауыстыру ерекше жағдайларда тәрбиеленушілердің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәмелетке толмағандардың топтарын құқыққа қарсы немесе қоғамға қарсы бағыттаумен ажырату мақсатында білім беруді басқару органдарымен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      181. Арнаулы білім беру ұйымдарынан мерзімінен бұрын немесе сот айқындаған мерзімнің аяқталуына байланысты кететін кәмелетке толмағандар оларды одан әрі орналастыратын жерге ата - аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың ілесіп жүруімен, ал олардың келуі мүмкін болмаған жағдайда-арнаулы білім беру ұйымы қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жіберіледі.

      Кәмелетке толуына байланысты арнаулы білім беру ұйымдарынан шығатын кәмелетке толмағандар тұрақты тұратын жеріне өз бетінше бара алады.

      182. Арнаулы білім беру ұйымдарының әкімшілігі шығып қалудың барлық жағдайларында түлектерге мекемеде болған кезеңінде олардың пайдалануында болған маусымдық киім мен аяқ киім жиынтығын береді.

      183. Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарынан шығарған кезде оларды алып жүретін адамдарға: кәмелетке толмағанға тиесілі заттар, ақша, жеке құжаттар, аттестат немесе білімі мен еңбек даярлығы туралы анықтама, мінездеме, жүргізілген егулер туралы және эпидемиологиялық орта туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып, медициналық картадан үзінді беріледі.

      184. Кәмелетке толмағандар арнаулы білім беру ұйымдарынан:

      1) осы мерзім аяқталатын күні сот айқындаған мерзім аяқталған кезде;

      2) кәмелеттік жасқа толған күні мерзімінен бұрын;

      3) егер сот мекеме әкімшілігінің не кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссияның ұсынуы негізінде кәмелетке толмаған адам осы шараны одан әрі қолдануды қажет етпейді деген қорытындыға келсе, соттың тиісті шешімі келіп түскен күні, ал егер соттың шешімі жұмыс күні аяқталғаннан кейін алынса, келесі күні мерзімінен бұрын жасалуы мүмкін;

      4) кәмелетке толмаған адамды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу;

      5) "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңына сәйкес кәмелетке толмаған баланың осы мекемеде бола алмайтын мән-жайлар туындаған кезде тоқтатылады.

      185. Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмысы МЖМБС негізінде әзірленген білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

      186. Негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен тәрбиеленушілерге негізгі орта білім туралы немесе жалпы орта білім туралы аттестат беріледі, ол жеке істерінде сақталады және арнайы білім беру ұйымдарынан шыққан кезде қол қойғызып, олардың қолына беріледі. Қалған тәрбиеленушілерге бітіру кезінде барлық пәндер бойынша бағалары көрсетілген табель беріледі.

      187. Арнаулы білім беру ұйымында кәмелетке толмағандарды оқыту мен тәрбиелеу олардың жас және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, сараланып жүргізіледі.

      Білімдеріндегі олқылықтары бар тәрбиеленушілер үшін білімді теңестіру бағдарламасы қолданылады.

      188. Арнаулы білім беру ұйымында еңбекке баулу кәмелетке толмағандардың жасы мен дене бітімінің дамуын ескере отырып, оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу-тәжірибе учаскесінде және қосалқы шаруашылықта күніне екі сағаттан төрт сағатқа дейін жүзеге асырылады.

      189. Тәрбиеленушілерді арнаулы білім беру ұйымында кәсіптік даярлау Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      190. Біліктілік емтиханын тапсырған тәрбиеленушілерге нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік деңгейі беріледі және біліктілік беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.

      Технология оқытушысының немесе өндірістік оқыту шеберінің жоғары немесе орта кәсіптік білімі, нақты мамандық бойынша жоғары өндірістік біліктілігі және тиісті мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

      191. Өзін-өзі даярлау бойынша сабақтар күн тәртібінде арнайы бөлінген сағаттарда педагогтердің басшылығымен өткізіледі.

      192. Тәрбиеленушілерді оқу-тәрбие процесіне және әлеуметтік оңалтуға байланысты емес іс-шараларға тартуға тыйым салынады.

      193. Арнаулы білім беру ұйымдарында көтермелеу және жазалау шаралары қолданылады.

      194. Тәрбиеленушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хат алмасуға, сәлемдемелер, сәлемдемелер, бандерольдер (рұқсат етілген заттар мен өнімдер тізбесін сақтай отырып), ақша аударымдарын алуға рұқсат етіледі.

      195. Білім алушылардың ақшалай қаражатын жұмсауға арнайы білім беру ұйымы әкімшілігінің немесе педқызметкерлерінің рұқсаты бойынша және бақылауымен жол беріледі.

      196. Сақтауға тыйым салынған заттардың бар екендігі туралы деректер болған кезде арнайы білім беру ұйымының әкімшілігі оқушының заттарын, келіп түскен сәлемдемелерді, бандерольдер мен сәлемдемелерді тексеруді жүргізеді.

      197. Арнайы білім беру ұйымдарының аумағында сенбіліктер, толық тазалау, өзіне-өзі қызмет көрсету жұмыстары кезінде тәрбиеленушілерді денсаулығына қауіпті орындарды, сондай-ақ жалпы пайдалану орындарын жинау үшін тарту қарастырылмайды.

      198. Директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасарын, құқықтық тәрбие жөніндегі кезекшіні педагогикалық немесе заң білімі және балалармен жұмыс тәжірибесі бар адамдар арасынан арнайы ұйымның директоры тағайындайды. Құқықтық тәрбие бойынша кезекшілердің саны штат кестесіне сәйкес білім алушылар санының 10% есебінен айқындалады.

      199. Арнайы білім беру ұйымы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидаларды және білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады.

      200. Арнаулы білім беру ұйымына тікелей басшылықты Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес тағайындалатын директор жүзеге асырады.

      201. Арнаулы білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады.

      202. Арнаулы білім беру ұйымдарын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      203. Қосымша, демеушілік қаражатты есепке алу және жұмсау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

5-параграф. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы қызметінің үлгілік қағидалары

      204. Осы Қағидаларда ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған білім беру ұйымдары – "Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген ерекше тәрбиелеу, оқыту және арнайы педагогикалық тәсілді талап ететін кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуді, оқытуды және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ететін ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары болып табылады.

      205. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін еркек және әйел жынысты адамдарды бөлек орналастыру шартымен құрылады.

      206. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банкте шоты болады және тәрбиеленушілердің психофизиологиялық ерекшеліктеріне, денсаулық сақтау, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау талаптарына сәйкес тәрбиелеу бағдарламасын дербес әзірлейді.

      207. Ерекше режимде ұстайтын білім беруді шектеу Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарының, осы Қағидалардың негізінде өз Жарғысын әзірлейді.

      208. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының міндеттері:

      1) кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту;

      2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат іс-әрекеттердің алдын алу болып табылады;

      3) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады;

      4) кәмелетке толмағандардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыру;

      5) оқыту мен тәрбиелеу процесінің үздіксіздігі мен бірлігін қамтамасыз ету болып табылады.

      209. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілердің тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес белгіленеді.

      210. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ететін ғимараттар мен құрылыстар кешені: тәрбиеленушілерге арналған оқу және тұрғын үй-жайлар, ас блогы, изоляторы бар медициналық пунктке арналған үй-жай, клуб, спорт алаңы, оқу-өндірістік шеберханалар, ауыл немесе бау-бақша шаруашылығы болуға тиіс.

      211. Изоляторы бар медициналық пункттің қызметі арнайы білім беру ұйымының басшылығымен және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органымен реттеледі. Қажет болған жағдайда арнайы білім беру ұйымы денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының бейінді медициналық мекемелерінің көмегін пайдаланады.

      212. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.

      213. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін көрсету өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      214. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына тәрбиенің, оқытудың ерекше жағдайларын қажет ететін және арнайы педагогикалық тәсілді талап ететін он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар орналастырылады:

      1) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына не татуласуына байланысты өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған аса ауыр қылмыстар немесе екі және одан да көп қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған;

      2) егер олар ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған және сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 83-бабында көзделген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатқан жағдайларда, тоқтатыла тұрады.

      Қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толмаған кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберудің орындылығы туралы шешімді сот ішкі істер органының ұсынуы бойынша қабылдайды.

      215. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына кәмелетке толмағандар сот шешімі бойынша алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге жіберіледі.

      216. Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыру үшін қажетті құжаттарды жинауды ішкі істер органдары қамтамасыз етеді.

      Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберілетін әрбір кәмелетке толмаған балаға:

      1) кәмелетке толмаған адамды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу туралы сот шешімі; ;

      2) туу туралы куәлік (жеке куәлік);

      3) оқушының жеке ісі;

      4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес № 065/е нысаны бойынша профилактикалық екпелер картасы және Толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарымен бекітілген 026/у-3 есептік нысаны;

      5) отбасының құрамы, отбасының әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтерді, ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне толық деректерді, олардың нақты тұратын жерін, жұмыс орнын, кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағу және тәрбиелеу үшін жағдайлардың бар-жоғын көрсете отырып, отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау актісі;

      6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері (түлектері) қатарынан кәмелетке толмағандарға ата-ана қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттар;

      7) оқу орнынан мінездеме;

      8) әскерге шақыру жасындағы адамдар үшін тіркеу куәлігі.

      217. № ҚР ДСМ-17 бұйрығымен бекітілген арнаулы білім беру ұйымдарында және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандарды ұстауға және оқытуға кедергі келтіретін аурулар тізбесіне сәйкес денсаулық жағдайында ауытқулары бар кәмелетке толмағандар ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберілмейді.

      Алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдарын және психотроптық заттарды, сол тектестерді теріс пайдаланатын кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу туралы мәселені қарау кезінде оларға психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты психикалық, мінез-құлық бұзылуынан (ауруынан) емделуден өтуді тағайындаудың орындылығы міндетті түрде зерделенеді.

      Жеке істің құжаттары, сондай-ақ кәмелетке толмағандар туралы мәліметтер республикалық дерекқорға кәмелетке толмағанды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына қабылдаған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізіледі.

      Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру үшін қажетті құжаттарды жинауды және жеткізуді ішкі істер органдары қамтамасыз етеді.

      Өмір сүру және тәрбиелеу жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерінде қалдыруға болмайтын кәмелетке толмаған күдікті қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы бойынша қорғаншы және қамқоршы органдардың қатысуымен қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезеңінде тұру үшін ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастырылуы мүмкін.

      218. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының әкімшілігі:

      1) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағын күзетуді, тәрбиеленушілердің жеке қауіпсіздігін және олардың теріс әсерден барынша қорғалуын, бөгде адамдарды ұстаудың және одан тәрбиеленушілердің өз бетінше кетуінің ерекше режимі бар білім беру ұйымының аумағына еркін кіруін шектеуді, кәмелетке толмағандарды, оның ішінде ұйықтауға бөлінген уақытта тәулік бойы байқауды және бақылауды, кәмелетке толмағандарды, олардың заттарын және жатын үй-жайларын жеке қарап-тексеруді;

      2) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының орналасқан жері бойынша және тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарын олардың өз бетінше кету фактілері туралы хабардар етеді және оларды іздестіру мен қайтару бойынша тікелей қатысады;

      3) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға кәмелетке толмағанның тұрғылықты жері бойынша оны болу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір ай бұрын ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымынан шығару туралы хабарлама, сондай-ақ кәмелетке толмағанға мінездеме және онымен одан әрі жеке профилактикалық жұмыс жүргізу және оған жұмысқа және тұрмыстық жағдайда орналасуға жәрдем көрсету қажеттігі туралы ұсынымдар жібереді.

      4) кәмелетке толмағанның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының оның келу фактісі туралы жазбаша растауын сұратады.

      219. Кәмелетке толмаған адамның ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болуы адамның кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ егер ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы әкімшілігінің ұсынуы негізінде сот кәмелетке толмаған адам өзін түзеу үшін енді осы шараны қолдануды қажет етпейді деген қорытындыға келсе, мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

      220. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымынан шығатын тәрбиеленушілер тұратын жерлеріне ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жеткізіледі.

      Кәмелетке толуына байланысты ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан кететін кәмелетке толмағандар тұрақты тұратын жеріне өз бетінше бара алады.

      Шығып қалудың барлық жағдайларында ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының әкімшілігі түлектерге осы мекемеде болған кезеңде олардың пайдалануында болған маусымдық киім мен аяқ киім жиынтығын береді.

      221. Кәмелетке толмағандар ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан мынадай жағдайларда шығарылады:

      1) сот айқындаған мерзім аяқталған кезде;

      2) кәмелеттік жасқа толуына байланысты мерзімінен бұрын;

      3) егер сот мекеме әкімшілігінің не кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссияның ұсынуы негізінде кәмелетке толмаған адам өзін түзеу үшін осы шараны одан әрі қолдануды қажет етпейді деген қорытындыға келсе, мерзімінен бұрын жасалуы мүмкін;

      4) "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәмелетке толмаған адам осы мекемеде бола алмайтын мән-жайлар туындаған кезде тоқтатылады.

      222. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленген білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

      Негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен тәрбиеленушілерге негізгі орта білім туралы не жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

      Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін оқыту мен тәрбиелеу олардың жас және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, сараланып жүзеге асырылады.

      223. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандарды оқыту мен тәрбиелеу олардың жас және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, сараланып жүргізіледі.

      224. Арнайы білім беру ұйымында еңбекке баулу кәмелетке толмағандардың жасы мен дене бітімінің дамуын ескере отырып, оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу-тәжірибе учаскесінде және қосалқы шаруашылықта күніне екі сағаттан төрт сағатқа дейін жүзеге асырылады.

      225. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілерді кәсіптік даярлау Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      226. Біліктілік емтиханын тапсырған тәрбиеленушілерге нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік деңгейі беріледі және біліктілік беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.

      227. Өзін-өзі даярлау бойынша сабақтар күн тәртібінде арнайы бөлінген сағаттарда педагогтердің басшылығымен өткізіледі.

      228. Тәрбиеленушілерді оқу-тәрбие процесіне және әлеуметтік оңалтуға байланысты емес іс-шараларға тартуға тыйым салынады.

      229. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында көтермелеу және жазалау шаралары қолданылады.

      230. Көтермелеу және жазалау шараларын қолдану құқығын директор мен оның орынбасарлары пайдаланады. Мұғалімдер мен тәрбиешілер жазалау және көтермелеу шараларын ауызша алғыс, ескерту немесе ауызша сөгіс түрінде қолдана алады.

      231. Тәрбиеленушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хат алмасуға, сәлемдемелер, сәлемдемелер, бандерольдер (рұқсат етілген заттар мен өнімдер тізбесін сақтай отырып), ақша аударымдарын алуға рұқсат етіледі.

      Білім алушылардың ақшалай қаражатты жұмсауына арнайы білім беру ұйымы тәрбиешісінің рұқсатымен және бақылауымен жол беріледі.

      232. Сақтауға тыйым салынған заттардың бар екендігі туралы деректер болған кезде арнайы білім беру ұйымының әкімшілігі оқушының заттарын, келіп түскен сәлемдемелерді, бандерольдер мен сәлемдемелерді тексеруді жүргізеді.

      233. Арнайы білім беру ұйымдарының аумағында сенбіліктер, толық тазалау, өзіне-өзі қызмет көрсету жұмыстары кезінде тәрбиеленушілерді денсаулығына қауіпті орындарды, сондай-ақ жалпы пайдалану орындарын жинау үшін тарту қарастырылмайды.

      234. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Ережені және Орталықтың жарғысын басшылыққа алады.

      235. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына тікелей басшылықты Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес тағайындалатын директор жүзеге асырады.

      236. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады.

      237. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      238. Қосымша, демеушілік қаражатты есепке алу және жұмсау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

6-параграф. Аурухана жанындағы мектептер қызметінің үлгілік қағидалары

      239. Аурухана жанындағы мектептер Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес құрылады. Аурухана жанындағы мектеп ұзақ уақыт емделіп жатқан балаларға 1-11 (12) сынып аралығында білім алу құқығын береді.

      240. Аурухана жанындағы мектептің қызметі мектеп Жарғысымен және осы Үлгілік ережелермен реттеледі, ол Қазақстан Республикасының Лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.

      241. Аурухана жанындағы мектептің білім беру процесі бекітілген Үлгілі оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Базистік оқу жоспарының вариативтік бөлігінің құрамына кіретін және нақты ұйымның ерекшелігін көрсететін оқу пәндері бойынша оқу жұмыс жоспары мен бағдарламаларын әзірлеуді мектеп дербес жүзеге асыруға құқылы.

      242. Аурухана жанындағы мектепте сабақтар аптасына 5 рет (сенбі және жексенбіден басқа) өткізіледі, апталық оқу жүктемесі реттеледі (аптасына 3 сағаттан 20 сағатқа дейін).

      243. Аурухана жанындағы мектепте оқыту жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар айналысатын оқулықтар мен бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады. Аурухана жанындағы мектептерде оқулықтармен қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      244. Аурухана жанындағы мектепте оқыту нысаны білім алушының денсаулық жағдайына сәйкес анықталады: Жеке (негізгі аурудың ауырлығына қарай) немесе сыныптық-сабақтық.

      245. Аурухана жанындағы мектепте білім алушыларға жеке іс ресімделеді және оқуға қабылдау туралы бұйрық шығарылады.

      246. Ауруханалар жанындағы мектептерде сыныптық, өзіндік және бақылау жұмыстары жүргізіледі, білім алушылардың білімі бағаланады, ал тоқсан аяқталғаннан кейін тоқсандық бағалар қойылады.

      247. Оқу жылы аяқталғаннан кейін 1-8 (9) сынып білім алушыларына жылдық және қорытынды бағалар қойылады және мектеп бойынша бұйрықпен келесі сыныпқа ауыстырылады.

      248. 9, 11 (12) - сыныптардың білім алушылары қорытынды мемлекеттік аттестаттауға мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында қатысады. Емтихан және қорытынды бағалардың қорытындысы бойынша білім алушыларға мемлекеттік үлгідегі құжаттар беріледі.

5-тарау. Халықаралық мектеп қызметінің үлгілік қағидалары

      249. Халықаралық мектептер қызметінің негізгі мақсаты – қазіргі қоғамдағы өзгерістерге оңай бейімделе алатын және оның дамуына сындарлы үлес қоса алатын тұлғаның интеллектуалдық, физикалық және әлеуметтік дамуына ықпал ететін үйлесімді және перспективті білім беруді қамтамасыз ету.

      250. Халықаралық мектеп білім беру процесінде қазақстандық мектептердің және халықаралық мектептік білім берудің үздік педагогикалық тәжірибесін қолдану арқылы аталған мақсаттарға қол жеткізуді, білім беру бағдарламаларын жоғары ғылыми-әдістемелік жарақтандыруды, педагогикалық ұжымның тұрақты кәсіби дамуын қамтамасыз етеді.

      251. Халықаралық мектептердің қызметі мынадай қағидаттарда құрылады:

      1) мектептің білім беру бағдарламасын интернационалдандыру – білім беру процесінің оқушы бойында өз халқының мәдениетіне деген құрмет сезімін, мәдениетаралық түсінік пен толеранттылықты қалыптастыруға бағытталуы;

      2) интеграция – мектептің халықаралық білім беру қоғамдастығында толық құқылы мүше болуы, мектеп бітірушілерге халықаралық үлгідегі мектепті аяқтағандығы туралы құжат алу мүмкіндігін беру, халықаралық деңгейдегі педагогті қалыптастыру;

      3) академиялық еркіндік – мектептегі білім беру құрылымын (деңгейлерін) таңдау, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру, оқу қызметінің нысандары мен әдістері, дербестік және өзін-өзі басқару, қаржылық-экономикалық, әкімшілік басқарудағы дербестігі;

      4) автономдылық және өзін-өзі басқарушылық – қаржылық-экономикалық, әкімшілік басқарудағы дербестік;

      5) жариялылық және транспаренттілік – мектепті Халықаралық Бакалавриат ұйымының білім беру бағдарламаларын халықаралық авторландырудан және/немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден міндетті өткізу, мектептің халықаралық білім беру ұйымдарына мүше болуы, қызметтің барлық бағыттары бойынша ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету;

      6) әлеуметтік жауапкершілік – мектеп бітірушілеріне Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсу кезінде білім беру гранттарын алу үшін конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін білім беру деңгейін қамтамасыз ету.

      252. В своей деятельности международная школа руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законодательством Республики Казахстан, локальными документами учредителя (учредителями), настоящими Типовыми правилами и Уставом школы.

      253. Халықаралық мектеп жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүдделерінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, жеке тұлғаның денсаулығын сақтауды және жан-жақты дамуы үшін, оның ішінде өздігінен оқуда және қосымша білім алуда білім алушының қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктеріне қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

      254. Халықаралық мектептердің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны құрылтайшының (құрылтайшылардың) шешімімен анықталады.

      255. Халықаралық мектепте саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдастырушылық құрылымдарының құрылуына және қызмет ету қарастырылмайды.

      256. Халықаралық мектепті құрылтайшы (құрылтайшылар) осы Үлгілік қағидаларда көрсетілген шарттарды сақтаған жағдайда өзінің бастамасы бойынша құрады.

      257. Оқу орнын ашу туралы құрылтайшының (құрылтайшылардың) бұйрығы және мектептің Жарғысы халықаралық мектептің құрылтай құжаттары болып табылады. Мектеп қызметінің негізгі бағыттарын құрылтайшы (құрылтайшылар) реттейді.

      258. Заңды тұлға ретінде Халықаралық мектептің Жарғысы, банктік мекемелерде есептік және басқа да шоттары, мөрі, мөртаңбасы, өзінің атауы бар бланкілері болады

      259. Халықаралық мектеп білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алған сәттен бастап білім беру қызметін жүргізуге құқылы.

      260. Халықаралық мектеп өзінің қызметі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне үнемі ұсынып отырады.

      261. Халықаралық мектеп тиісті халықаралық білім беру ұйымдары белгілеген кезеңділікпен тұрақты негізде Халықаралық Бакалавриаттың бағдарламалары бойынша авторландырудан және/немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өтеді.

      262. Халықаралық мектеп қажет болған жағдайда білім беруді дамыту және жетілдіру мақсатында кешендер құруға, мекемелердің, кәсіпорындардың және қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысуымен қауымдастықтар, одақтар және өзге де бірлестіктер құруға және қызметіне қатыса алады.

      263. Халықаралық мектеп шетелдік кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен тікелей байланыс орнатуға, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға және банктік және басқа да кредиттік мекемелерде валюталық шоттары болады.

      264. Медициналық қызмет көрсетуді әкімшілік және педагогтермен қатар білім алушылардың денсаулығы мен дене дамуын, емдік-профилактикалық іс-шараларды жүргізуді, санитариялық-гигиеналық нормаларды, білім алушылардың тамақтану режимі мен сапасын қамтамасыз ететін штаттық медициналық персонал қамтамасыз етеді.

      265. Халықаралық мектепке қабылдау тәртібін мектептің құрылтайшысы белгілейді және бекітеді және білім алушылардың, олардың ата-аналарының (оларды алмастыратын адамдардың) құқықтары мен міндеттері мектептің Жарғысымен және Жарғыда көзделген өзге де жергілікті актілермен айқындалады.

      266. Халықаралық мектепте оқытуды жергілікті және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдары жалдаған шетелдік педагогтер жүзеге асырады.

      267. Қызметкер мен мектеп әкімшілігінің қарым-қатынасы, шарттары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес реттеледі.

      268. Халықаралық мектепті басқару мектептің Жарғысына сәйкес демократиялылық, ашықтық, жалпы адами құндылықтардың басымдығы, адамның денсаулығы мен өмірін қорғау, жеке тұлғаның еркін дамуы қағидаттарында жүзеге асырылады.

      269. Халықаралық мектептің ұйымдастырушылық құрылымы, басқару жүйесі және барлық қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мектептің білім беру моделінің ерекшеліктеріне сәйкес әзірленеді және мектеп Жарғысы және басқа да жергілікті мектеп актілерімен қарастырылған тәртіпте бекітіледі.

      270. Мектептің қаржы-шаруашылық қызметін құрылтайшы (құрылтайшылар) регламенттейді және меншік нысанына байланысты.

      271. Халықаралық мектеп Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен халықаралық білім беру бағдарламаларының талаптарын ескере отырып дербес әзірленген білім берудің біріктірілген оқу бағдарламаларын іске асырады.

      272. Негізгі мектептің білім алушылары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және мектептің Жарғысына сәйкес мемлекеттік және/немесе халықаралық сыртқы аттестаттауға қатысады. Негізгі мектептің курсы үшін қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен негізгі мектептің бітірушілеріне негізгі мектепті бітіргені туралы мемлекеттік және/немесе халықаралық үлгілердегі құжаттар беріледі.

      273. Халықаралық мектепті аяқтаған бітірушілерге жалпы орта білім туралы аттестат және (немесе) халықаралық үлгідегі құжат беріледі.

      274. Халықаралық мектепте оқыту мен тәрбиелеу жүргізілетін тілді (тілдерді) құрылтайшы (құрылтайшылар), мектептің Жарғысы және тіл саясаты айқындайды.

      275. Қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы мен географиясы мектептің білім беру бағдарламасына қосу үшін міндетті пәндер болып табылады.

      276. Халықаралық мектеп сыныптар мен топтардың қажетті санының жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасаумен оқушылардың оқу тілін таңдау құқығын іске асырады.

      277. Жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес халықаралық мектеп оның мәртебесін айқындайтын негізгі оқу бағдарламаларының шегінен тыс қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыруы және қосымша білім беру қызметтерін көрсетуі мүмкін.

      278. Халықаралық мектепте білім беру процесі халықаралық білім беру бағдарламаларын ескеріп МЖМБС сәйкес мектеп дербес әзірлейтін жұмыс оқу жоспарының және/немесе кіріктірілген білім беру бағдарламаларының негізінде ұйымдастырылады

      279. Халықаралық мектеп Қазақстан Республикасының заңнамаларына және мектептің Жарғысында белгіленген шектерде оқыту мен тәрбиелеудің нысандарын, құралдары мен әдістерін таңдауда дербес болады.

      280. Халықаралық мектеп оқушылардың оқудағы жетістіктерінің деңгейін бағалаудың біріктірілген қазақстандық және/немесе халықаралық жүйесін пайдаланады.

      281. Жылдық күнтізбелік оқу кестесін халықаралық мектеп дербес, құрылтайшымен (құрылтайшылармен) келісім бойынша әзірлейді және бекітеді.

      282. Халықаралық мектепте тәрбиелеу жұмыстарының жүйесі отансүйгіштікті, азаматтылықты, этникааралық толеранттылықты, жоғары адамгершілік пен өнегелікті қалыптастыруға, сонымен қатар функционалды сауаттылықты, оқушыларды, тәрбиеленушілердің жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.

      283. Халықаралық мектепті басқару осы Үлгілік қағидаларына, мектептің Жарғысына және құрылтайшылық құжаттарына сәйкес демократиялылық, ашықтық, жалпы адами құндылықтардың басымдығы, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, жеке тұлғаның еркін дамуы принциптерінде жүзеге асырылады.

      284. Халықаралық мектептің ұйымдастырушылық құрылымы, басқару жүйесі және барлық қызметкерлердің лауазымдық міндеттері мектептің білім беру моделінің ерекшеліктеріне сәйкес әзірленеді.

      285. Халықаралық мектепте жұмыс істеу үшін педагогикалық ұжым халықаралық емтихан алушыларды, тренерлерді, сарапшыларды қосқанда жоғары білікті қазақстандық және шетелдік педагогтер санынан құрылады.

      286. Халықаралық мектептің қызметін қаржыландырудың негізгі көзі ақылы білім беру қызметтерін көрсетуден түскен кіріс болып табылады.

      287. Білім беру ұйымы қызметкерлерінің инновациялық қызметін ынталандыру үшін халықаралық мектеп еңбекақы төлеудің нысаны мен жүйесін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дербес айқындайды.

6-тарау. Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

      288. Интернаттық білім беру ұйымдарының түрлері:

      1) әскери мектеп-интернат;

      2) жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат;

      3) көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат;

      5) санаториялық мектеп-интернат;

      6) тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат.

      289. Облыстық, қалалық туберкулезге қарсы диспансер жанындағы жергілікті денсаулық сақтау органдарының комиссиясы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім және денсаулық сақтау басқармаларының жолдамалары бойынша оқу жылы басталғаннан немесе жарты жылдан бастап алты жастағы балаларды қабылдауды жүзеге асырады. Бос орындар болған жағдайда оқу жылы басталғаннан кейін оқушыларды қабылдауға рұқсат етіледі. Сынып пен топтың толымдылығы 20 баладан аспайды, толық сауыққанға дейін (туберкулезге қарсы диспансерді есептен шығарғанға дейін) оқу жарты жылдығынан кем болмайды. Балалардың болу мерзімі медициналық көрсеткіштер бойынша 5-10 айға ұзартылуы мүмкін және оны Комиссия қарайды. 1-5-сыныптардағы сабақтардың ұзақтығы 35 минут, 6-11(12) – сыныптарда – 40 минут. Әр сабақтың алдында дене шынықтыру жаттығулары өткізіледі;

      290. Интернаттық білім беру ұйымдарының негізгі қызметі:

      1) балалардың білім алуы үшін жағдайлар жасау, зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік, дене, шығармашылық дамуын қамтамасыз ету;

      2) МЖМБС-ға сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленген қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру;

      3) жалпы орта білім алуда білім алушылардың жайлы және қауіпсіздік өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету болып табылады.

      291. Интернаттық білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесі Жалпы орта білімнің жалпы орта білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларына және осы Үлгілік қағидаға, ішкі тәртіптің жарғысы мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      292. Медицина қызметкері балалардың денсаулығын нығайту бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізуді, интернаттық ұйымдардың санитарлық-гигиеналық жай-күйі мен тамақтануды бақылауды, балалардың келуіне орай жұмыстың гигиеналық негізделген режимін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      293. "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 320 қаулысына сәйкес оқушылар киіммен, аяқ киіммен, жұмсақ мүкәммалмен, жеке гигиеналық заттармен, оқулықтармен, ойыншықтармен қамтамасыз етіледі.

      294. "Білім туралы" Заңының 6-бабына сәйкес балалардың ерекше жеке қажеттіліктерін ескере отырып, мектеп-интернаттарын материалдық-техникалық қамсыздандыру, жағдай тудыру, жарақтандыру және жабдықтау жергілікті атқарушы органдармен іске асырылады.

7-тарау. Біріктірілген білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

      295. Біріктірілген білім беру ұйымдарының негізгі түрлері:

      1) мектеп-гимназия;

      2) мектеп-лицей;

      3) қосымша білім беру мектеп-орталығы;

      4) мектеп-интернат-колледж;

      5) оқу-сауықтыру орталығы (кешені);

      6) оқу-өндірістік комбинаты (мектепаралық, курстық);

      7) оқу-тәрбие орталығы (кешені);

      9) дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.

1-параграф. Мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлері қызметінің үлгілік қағидалары

      296. Мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлердің мақсаты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын және білім алушыларға тереңдетіп, бейіндетіп, саралап оқытуды қарастыратын, сондай-ақ қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

      297. Аталған мақсатын жүзеге асыру үшін мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер келесі тапсырмаларды іске асырады:

      1) кәсіптік білім бағдарламасын игеруге және таңдауға дайын, қоғамдағы өмірге бейімделген, мәдениеті жоғары интелектуалды тұлғаны қалыптастыру;

      2) оқуға қабілетті, дарынды білім алушыларды анықтау;

      3) гимназия және лицей сынып білім алушыларын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт деңгейін арттыру арқылы оқыту;

      4) оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдану негізінде білім алушылардың өзіндік танымдық қызмет және шығармашылық қабілет дағдыларын дамыту;

      5) шығармашылық әлеуетін арттыруға қолайлы жағдайлар жасау;

      6) жалпы білім беру процесінде алдыңғы қатардағы шетелдік және отандық педагогикалық тәжірибені пайдалану, педагогтардың кәсіби құзіреттілігі мен шығармашылығын арттыру.

      298. Мектеп-гимназияның бағыттары: гуманитарлық, тілдік, эстетикалық және көпсалалық бағытта болуы мүмкін.

      299. Мектеп-лицейдің бағыттары: жаратылыстану-математикалық, экономикалық, сондай-ақ көпбейінді болуы мүмкін.

2-параграф. Қосымша білім беретін мектеп-орталықтары қызметінің үлгілік қағидалары

      300. Қосымша білім беретін мектеп-орталық (бұдан әрі – Орталық) қызметінің мақсаты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын жүзеге асыру.

      301. Аталған мақсатты жүзеге асыруда Орталықтың негізгі міндеттері:

      1) ұлттық және қоғамдық құндылық негізінде жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін жағдай жасау,ғылыми және әдістемелік жетістіктерге жеткізу;

      2) білім алушыларды кәсіби-бағдарлық жұмыспен қамтамасыз ету;

      3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани, дене бітімінің мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін ашу;

      4) адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралығын дамыту үшін жағдай жасау арқылы зердесін байыту;

      5) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;

      6) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

      7) білім алушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, оларды табиғатты қорғау қызметіне тарту;

      8) қоғамдық өмірге бейімдеу;

      9) бос уақытын мағыналы өткізуді ұйымдастыру;

      10) оқушылардың оқуы үшін қауіпсіз және ыңғайлы жағдай жасау.

      302. Орталық 1-11 сыныптардың сынып жетекшілерін, педагог-ұйымдастырушыларды, әлеуметтік педагогті, қосымша білім беретін педагогтарды және оқушыларды біріктіреді. Орталықты басқару жұмысын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары атқарады.

      303. Орталықтың жұмысы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқу жылына құрған мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес құрылады және мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.

      304. Орталық сабақтан тыс уақытта клубтар, студиялар, үйірмелер, секциялар ұйымдастырады.

      305. Орталықтың жоспарлаған жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

      1) тәрбие бағыты бойынша: денешынықтыру-спорттық, туристік-өлкетанымдық, көркем-эстетикалық, табиғи-ғылыми, экологиялық-биологиялық, әскери-отаншылдық;

      2) бейіндік бағыт бойынша: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық.

      306. Орталық барлық мектептерге қызмет етеді, барлық қалаушылар үшін, сондай-ақ өзге мектептердің оқушылары үшін де есігі ашық.

3-параграф. Мектептер-интернаттар-колледждер қызметінің үлгілік қағидалары

      307. Мектептер-интернаттар-колледждердің негізгі мақсаты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, кәсіптік және техникалық жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.

      308. Мектептер-интернаттар-колледждердің негізгі мақсатын жүзеге асыруда келесі міндеттерді атқарады:

      1) ұлттық және қоғамдық құндылық негізінде жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін жағдай жасау,ғылыми және әдістемелік жетістіктерге жеткізу;

      2) кәсіби бағытта оқушыларды жұмыспен қамсыздандыру;

      3) нарықтық еңбек талаптарына сай өндірісте оқыту, теориялық білім мен өндіріс арасындағы қарым-қатынасты байланыстыра отырып, білім жүйесін дамыту;

      4) еңбек нарқы және қоғамдық талаптардың өзгеруіне байланысты заманауи бейімделуге себеп болатын, білімде жаңа технологияларды тиімді қолдану және енгізу;

      5) оқушылардың интернатта тұруына қауіпсіз және ыңғайлы жағдай жасау.

      309. Мектептер-интернаттар-колледждер орта білім беру ұйымдары жоқ ауылды жерде тұратын білім алушыларды қабылдауды қамтамасыз етеді.

      310. Мектептер-интернаттар-колледждерде білім алушыларға академиялық демалыс тағайындау білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      311. Мектептер-интернаттар-колледждер "Білім туралы" Заңына сәйкес ұйымның оқу-тәрбие процесінде, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметтінде дербес.

      312. Медициналық персонал оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, алдын-алу іс-шараларын өткізу, мектептер-интернаттар-колледждердің санитарлы-гигиеналық жағдайын қадағалау, оқушылардың тәуліктік мекендеуін есепке ала отырып, гигиенаға негізделген жұмыс кестесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      313. Мектептер-интернаттар-колледждерді сәйкес құрал материалды техникалық жабдықтау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4-параграф. Оқу-сауықтыру орталықтары қызметінің үлгілік қағидалары

      314. Оқу-сауықтыру орталықтарының қызметі (бұдан әрі – ОСО) баланың жеке тұлға ретінде толық дене бітімінің, психологиялық және рухани-адамгершілік дамуына жағдай жасауға бағытталған.

      315. Ауысым ұзақтығы 15 және 20 күнді құрайды

      316. ОСО оқу процесіне қатысушылар – шығармашыл балалар, ұлтаралық, республикалық, аймақаралық, қалалық мектеп олимпиадаларының жеңімпаздары, шығармашылық байқауының қатысушылары.

      317. ОСО мақсаты денсаулық сақтау, білім, тәрбиелеу саласында бала құқығын, жеке тұлғаны дамыту және кәсібін анықтауды қамтамасыз ету болып табылады.

      318. Аталған мақсатқа жету үшін ОСО келесі міндеттерді жүзеге асырады:

      1) қоғам өміріне балалардың әлеуметтік бейімдеу, еңбек және басқа өмір дағдыларын қалыптастыру;

      2) балаларды тәрбиелеуде құқық бұзушылық пен қылмыстықтарды, жағымсыз әдеттерді, инфекциялық және басқа ауруларды алдын алу, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру;

      3) мәдени әлемдік көзқарас, белсенді азамматтық ұстанымды қалыптастыру;

      4) ғылыми-техникалық, көркем шығармашылықта, спортта, туризмде, өлкетану мен басқа да танымдық әрекеттерде инженерлік-техникалық құзыреттілікті арттыру және тереңдету.

      5) өмірлік дағдыларды тәжірибеде қолдану.

      319. ОСО қызметінің нысаны:

      1) сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша кешендік шараларды жүзеге асыру;

      2) жасөспірімдер мен балаларды сауықтыру және белсенді демалуы;

      3) жасөспірімдер мен балалардың демалуында, сауықтандыру уақыты кезеңінде білімдік бағдарламаларды игеруі үшін қажетті жағдай жасау;

      4) ОСО балалардың халықаралық және республикалық мәдени-бұқаралық, спорттық, ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар және басқа да жұмыс түрлерін жүргізеді.

      320. ОСО жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртіптемесінің ережесімен бекітіледі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшылық туғызбауы керек.

      321. ОСО материалдық-техникалық базасының дамуы мен құрылуы құрылтайшылардың қаржылық шотынан, ақылы қызмет көрсету негізінде түскен түсімнен жүзеге асырылады.

      322. Оқушылардың әлеуметтік бейімделу және білім беру процесінің үйлесімділігі мақсатында ОСО-нда әлеуметтік педагогикалық, психологиялық және медициналық қызмет құрылады.

      323. Балаларды медициналық көмек көрсетумен қамсыздандыру ОСО басшысына жүктеледі. ОСО-да медициналық қызметкерлердің қызметіне қажетті жағдайлар туғызу мен бөлме беру, сонымен қатар балалардың денсаулығын нығайту және қорғау мақсатындағы жұмыстарды бақылау ОСО басшысына жүктеледі.

5-параграф. Оқу-өндірістік комбинаты қызметінің үлгілік қағидалары

      324. Оқу-өндірістік комбинаты (бұдан әрі – Комбинат) "Көркем еңбек" пәнін, сондай-ақ қолданбалы курстардың, таңдау бойынша курстардың қосымша сағаттарын және еңбекке тәрбиелеу, кәсіптік бағдарлау және еңбек қызметіне білім алушыларды дайындау мақсатын көздейтін қосымша білім беру бағдарламаларын оқыту бөлігінде негізгі орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асырады.

      325. Комбинаттың қызметінің мақсаты:

      1) білім алушыларды еңбек және кәсіптік оқуына қажетті жағдайлар жасау;

      2) кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізу.

      326. Аталған мақсаттарға жету үшін комбинат келесі міндеттерді іске асырады:

      1) білім алушылармен кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізу;

      2) білім алушылардың мүдделеріне, медициналық-физиологиялық көрсеткіштеріне, бейімділіктеріне, қызығушылығына сәйкес, экономикалық білімдер негіздерін және кәсіби бағыттануды қалыптастыру, еңбекке саналы көзқарасын тәрбиелеу, нарық жағдайындағы өмір мен еңбекке дайындау;

      3) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының 7-11 (12) сынып білім алушыларының кәсіби мүдделерін айқындау, дамыту және бекіту, олардың қоғамдық пайдасы бар еңбектерін ұйымдастыру, техникалық шығармашылығын, жасампаздық пен өнертапқыштығын дамыту;

      4) мемлекеттік және басқа меншік түріндегі мекемелермен келісім-шарт және өзара тиімді әріптестік негізінде өндірістік қызметті іске асыру.

      327. Комбинат білім алушыларды оқытуға, тәрбиелеуге, еңбек және кәсіби дайындауға қажетті жағдайлар болған жағдайда құрылтайшылар тарапынан қалаулары бойынша жергілікті атқару органдарымен құрылады.

      328. Комбинаттың заңды тұлға құқығы жарғылық қаржы-шаруашылық қызметін жүргізу құқықтары мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, ал білім беру қызметін атқару лицензия алған уақыттан бастап күшіне енеді.

      329. Комбинаттың оқу процесі, бекітілген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі және сабақ кестесімен реттеледі.

      330. Комбинат орта білім беру ұйымдарымен бірлесіп және аудандық (қалалық) білім бөлімінің келісімі бойынша білім алушылардың контингентін анықтайды.

      331. Комбинат мынадай бағыттар бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады:

      1) орта білім беру ұйымдарының 7-9 (10) сыныптарына арналған "Көркем еңбек" пәнінің стандарттарына сәйкес;

      2) орта білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар жұмыстарын, 7-11 (12) сынып білім алушыларының кәсіби дайындығын жүзеге асыру.

      332. Өз таңдауы негізінде бейіні (бағыты) бойынша Комбинатта оқыған орта білім беру ұйымдарының түлектерін қорытынды аттестаттау № 125 бұйрығына сәйкес Комбинат жүзеге асырады.

      Мектепаралық оқу-өндірістік комбинатта кәсібі бойынша (мамандығы) біліктілік емтиханы, орта білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттау басталуына екі апта бұрын аяқталады.

      333. Комбинаттағы оқу процесінің қатысушылары білім алушылар, педагогтер және инженер-педагог қызметкерлер, өндірістік оқыту шеберлері (нұсқаушылары), ата-аналар (немесе заңды өкілдер) болып табылады.

6-параграф. Оқу-тәрбиелік орталығы қызметінің үлгілік қағидалары

      334. Оқу-тәрбиелік орталық (кешен) (бұдан әрі - ОТО) жалпы жалпы білім беретін орта мектептің құрылымына кіреді.

      335. ОТО негізгі міндеті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білімнің жалпы білім берудегі оқу бағдарламасын жүзеге асыру.

      336. Аталған мақсатқа жетү үшін ОТО келесі міндеттерді іске асырады:

      1) ұлттық және қоғамдық құндылық негізінде жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін жағдай жасау,ғылыми және әдістемелік жетістіктерге жеткізу;

      2) білім алушыларды кәсіби-бағдарлық жұмыспен қамтамасыз ету;

      3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани, дене бітімінің мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін ашу;

      4) адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралығын дамыту үшін жағдай жасау арқылы зердесін байыту;

      5) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;

      6) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

      7) қоғамдық өмірге бейімдеу;

      8) бос уақытын мағыналы өткізуді ұйымдастыру;

      9) оқушылардың оқуы үшін қауіпсіз және ыңғайлы жағдай жасау;

      337. ОТО бір немесе бірнеше ұқсас пәндердің мұғалімдерін біріктіреді. Әдістемелік бірлестіктердің басшылары ОТО басшылық етеді.

      338. ОТО білім алушыларға сабақтан тыс тәрбиелеу жұмысын ұйымдастырады, қосымша білім береді.

      339. ОТО ішінде мұғалімдер мен тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігі жұмыс істейді.

      340. Әр ОТО – ол өзіне оқу кабинеттерді, сондай ақ ОТО қызмет мазмұнына сәйкес рәсімделген рекреация мен кіреберістері бар дербес бөлімше.

      341. ОТО әдістемелік, анықтамалық әдебиетпен, сөздіктермен, теле-радиоаппаратурамен жабдықталған.

7-параграф. Оқу орталықтары қызметінің үлгілік қағидалары

      342. Оқу орталықтары білім басқармасының ақпараттандыру мен цифрландыру аясындағы құрылым бөлімшесі ретінде іске қосылады.

      343. Оқу орталықтарының негізгі мақсаты ақпараттандыру мен цифрландыруды енгізу процесін қолдау мен үйлестіруді қамтамасыз ету.

      344. Аталған мақсатқа қол жету үшін Оқу орталығы келесі міндеттерді жүзеге асырады:

      1) ақпараттандыру мен цифрландыру инфрақұрылымының қызмет етуі мен дамуын, сондай-ақ сәйкесінше территорияда үслестіруді қалыптастыру, қамтамасыз ету;

      2) электронды оқыту жүйесінде ақпараттық, аналитикалық, консалтингтік қызмет түрін көрсету, интерактивті сабақ өткізу;

      3) шағын кешенді мектептер мен тірек мектептерді бір білім беру кеңістігіне шоғырландыру және қашықтан оқытуда сессияаралық әрекеттесуін қамтамасыз ету.

      345. Оқу орталығы оқыту-ақпараттық, көрсету залдарымен, компьютерлік сыныптармен қамсыздандырылады.

      346. Оқу орталығы ақпараттандыру мен цифрландырудың тиімділігін жоғарлату және қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулықтар дайындайды, қашықтықтан оқу сұрақтары бойынша қажетті материалдарды белгіленген ретте білім мекемелерінен жинау және талдауды жүзеге асырады, тәжірибе алмасу бойынша басқа да ақпараттық материалдарды, қашықтықтан оқу мәселелері бойынша нұсқаулар, цифрландырудың тиімді енгізудің жағдайы мен деңгейін зерттеп, талдау жасайды.

      347. Оқу орталығының қызметі оған жүктелген міндеттерге сәйкес, дербес атқарылатын жұмыс жоспарының негізінде құрылады.

8-параграф. Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталықтары қызметінің үлгілік қағидалары

      348. Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталықтары (бұдан әрі – Орталық) дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау, қолдау, оқыту, дамыту, сүйемелдеу және әлеуметтендіру, сондай-ақ "Ел үміті" бастамасының жобаларын іске асыру үшін құрылады.

      349. Орталық қызметінің мақсаты білім алушылардың қабілеттерін диагностикалау, Дарынды балаларды анықтау, зияткерлік дайындық деңгейін арттыруға жәрдемдесу, отбасылардың әлеуметтік жағдайы мен қаржылық мүмкіндіктеріне қарамастан, зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру, кәсіби өзін-өзі анықтау үшін жағдай жасау болып табылады.

      350. Орталық келесі міндеттерді жүзеге асырады:

      1) дарынды балаларды анықтау және психологиялық-педагогикалық қолдау үшін жүйелі тәсілді әзірлеу;

      2) дарынды балаларға психологиялық-педагогикалық консультациялар;

      3) білім алушылардың кәсіптік бағдары;

      4) дарынды балаларды анықтау және қолдау үшін материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік база құру;

      5) желілік өзара іс-қимыл жүйесін және дарынды балалармен жұмыс бойынша бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру;

      6) дарынды балалардың бірыңғай тізілімі - дарынды балалардың электрондық дерекқорын құру;

      7) дарынды балаларды анықтау және қолдау бойынша жұмысты ұйымдастыруды әдістемелік қамтамасыз ету;

      8) дарынды балаларды дамытуға бағытталған жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;

      9) педагогтарға дарынды балалармен жұмыс әдістерін меңгеруге көмек көрсету;

      10) сауықтыру орталықтары мен лагерьлерде олимпиадалар, конкурстар, тренингтер, бейінді ауысымдарды ұйымдастыру және өткізу;

      11) дарынды балаларды, сондай-ақ педагогтарды атаулы қолдау тетігін құру;

      12) дарынды балаларды қолдау және дамыту үшін қосымша оқытуды ұйымдастыру;

      13) дарынды балалармен жұмысты жоспарлау, бақылау және талдау;

      14) дарынды балаларды анықтау және қолдау бойынша педагогтердің оң тәжірибесін тарату;

      15) республикалық және халықаралық деңгейдегі жалпы білім беретін пәндер бойынша зияткерлік іс-шаралар өткізу (турнирлер, марафондар, конкурстар, ойындар, фестивальдар, ғылыми жарыстар мен олимпиадалар).

      351. Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы қызметінің бағыттары дарынды балаларды анықтау және қолдау жүйесін ұйымдастыру-экономикалық қамтамасыз ету, дарынды балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, дарынды балалардың тізілімін жүргізу, дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогтарды әдістемелік сүйемелдеу.

      352. Орталық келесі қызметтерді көрсете алады – оқушылардың қабілеттерін диагностикалау; кәсіптік бағдарлау; дарынды балаларға және олардың заңды өкілдеріне психологиялық-педагогикалық кеңес беру; таланттар тізілімін жүргізу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да қызметтер.

 

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
20222 жылғы 31 тамыздағы
№ 385 бұйрығына
3-қосымша

 

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 41-бабына (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ ұйымы) қызметінің тәртібін айқындайды.

      2. Осы үлгілік Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

      2) колледж – жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны

      3) жоғары колледж – жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      4) училище – мәдениет саласындағы негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

      5) техникалық және кәсіптік білім беру – білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру.

      3. Техникалық және кәсіптік білім "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген), (бұдан әрі – Станндарт) техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес негізгі орта және (немесе) жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру базасында училищелерде, колледждерде және жоғары колледждерде жүзеге асырылады.

      4. ТжКБ ұйымдарының түрлері "Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.

      5. ТжКБ ұйымдарының міндеттері:

      1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

      2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;

      3) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

      4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

      5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ және республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу; қазақ, орыс, шет тілдерін меңгеру;

      6) педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

      7) білім беру ұйымдарының дербестігін, дербестігін кеңейту, білім беруді басқаруды демократияландыру;

      8) қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;

      9) кәсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеретін қажеттіліктеріне тез бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кредиттік, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;

      10) жалпы оқыту, жұмыс орны бойынша оқыту және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге білім мен құзыреттілікке негізделген қоғамда өзінің жеке әлеуетін барынша пайдалануға көмектесетін өмір бойы оқыту жүйесін дамыту;

      11) білім беруді, ғылымды және өндірісті интеграциялау;

      12) білім алушылардың кәсіби уәждемесін қамтамасыз ету;

      13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл жасау арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық дамуын қамтамасыз ету;

      14) білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы жағдайлар жасау болып табылады.

      6. ТжКБ ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы Қағидаларға және ТжКБ ұйымдарының жарғыларына сәйкес "Білім туралы" Заңның 41-бабына сәйкес жүзеге асырады.

      7. ТжКБ ұйымдары бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және білім алушыларға білім мен тәрбие беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар болып табылады.

2-тарау. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі

      8. ТжКБ ұйымдары "Білім туралы" Заңда, осы Қағидаларда және ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шекте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруда дербес болады.

      9. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ білім беру ұйымдары өз қызметін қолданыстағы "Білім туралы" Заңның 42-бабына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.

      10. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу болып табылады.

      11. ТжКБ білім беру бағдарламалары олардың мазмұнына және білім алушылардың даярлық деңгейіне қарай білім беру бағдарламаларына бөлінеді:

      1) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін жобалар жатады.

      Білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуді немесе базалық және кәсіптік модульдерге интеграцияланған жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, жұмыс біліктіліктерін бере отырып, өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуді көздейді;

      2) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін жобалар жатады.

      ТжКБ білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін, әлеуметтік-экономикалық, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуді немесе базалық және кәсіптік модульдерге интеграцияланған әлеуметтік-экономикалық, Жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, "орта буын маманы" біліктілігін және (немесе) жұмыс біліктіліктерін бере отырып, өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуді көздейді.

      ТжКБ білім беру бағдарламаларының тізбесі білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылған.

      ТжКБ білім беру бағдарламаларының тізілімі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектісінде қамтылған.

      12. Мәдениет және өнер мамандықтары бойынша ТжКБ білім беру бағдарламалары көрсетілген мамандықтар бойынша білім алушыларды ерте кәсібилендіру қағидаты мен даярлау ерекшеліктері ескеріле отырып әзірленеді.

      13. Оқыту ұзақтығы бағдарламалардың күрделілігі мен берілетін біліктілік деңгейіне байланысты және Стандартымен айқындалады.

      ТжКБ білім беру бағдарламалары жалпы орта білімі бар азаматтар үшін жалпы кәсіптік, әлеуметтік-экономикалық, арнайы пәндерді зерделеуді және таңдаған мамандығы бойынша болашақ кәсіптік қызметті айқындайтын оқу-өндірістік жұмыстарды орындауды көздейді.

      ТжКБ білім беру бағдарламалары теориялық және өндірістік оқыту бағдарламаларынан және кәсіптік практикадан тұрады.

      Дуальді оқытуды пайдаланылатын ТжКБ білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын (ұйым) базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, кәсіптік практиканы көздейді.

      Жалпы білім беретін пәндер бойынша сабақтар (қазақ тілі мен әдебиеті – оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін топтарда, орыс тілі мен әдебиеті – оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін топтарда, шет тілі, информатика, дене шынықтыру), жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер және (немесе) модульдер бойынша зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтар, сондай-ақ тізбесі жұмыс оқу жоспарына сәйкес айқындалатын шеберханаларда (зертханаларда, білім беру ұйымдарында, оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) өндірістік оқыту бойынша сабақтар өткізу кезінде оқу топтары саны 15 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлінеді.

      Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін шеберханаларда (зертханаларда, білім беру ұйымдарында, оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) өндірістік оқыту жүргізу кезінде және практикалық сабақтарда оқу топтары саны 8 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлінеді.

      14. Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

      Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған бекітілген оқу-тәрбие процесінің графигі мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесі негізінде жүзеге асырылады.

      15. Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын білім беру бағдарламалары және жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар әзірлейді.

      Білім беру бағдарламаларын Стандартқа сәйкес ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар әзірлейді және бекітеді.

      ТжКБ ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын "Білім туралы" Заңның 5-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді

      16. Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі және сырттай бөлім (сырттай, кешкі нысанда білім алу рұқсат етілмейтін мамандықтардың жекелеген біліктіліктерінен басқа).

      17. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, "Білім туралы" Заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес белгіленеді.

      Әскери мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнайы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      18. Білім алушыларды ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген). Білім алушыларды беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Әскери мамандықтар бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 37 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13239 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволар бағынысты әскери органдарына ауыстуру және қайта қабылдау Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      19. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10475 болып тіркелген) Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      20. Білім алушылардың үлгерімін бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5191 болып тіркелген) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      21. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      22. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, оқу жылы оқу процесінің графигіне сәйкес басталады және аяқталады.

      Білім алушылар үшін оқу жылы ішінде кемінде екі рет демалыс белгіленеді. Академиялық кезеңдер мен каникул ұзақтығын ТжКБ ұйымы дербес айқындайды.

      ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда сабақ кестесі оқу процесінің графигіне және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жасалaды.

      Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгіленеді.

      Педагогтер үшін сабақтар арасындағы үзілістер кезінде білім алушылармен бір мезгілде тынығу және тамақтану уақыты ТжКБ ұйымының ішкі тәртіп қағидаларымен айқындалады.

      ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында әскери мамандықтар бойынша аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін ұзақтығы кемінде 40 минут академиялық сағат белгіленеді.

      23. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары, білім алушылардың тамақтану мәдениетін, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтануды насихаттау арқылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

      24. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      25. ТжКБ бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сабақтар, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, әңгімелесулер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар (курстық және дипломдық жұмыстар) және практикалар түрінде өткізіледі.

      26. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқу процесінің қатысушылары студенттер, педагогтер және кәмелетке толмаған студенттердің заңды өкілдері болып табылады.

      27. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында бiлiм алушыларға студенттер, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар жатады.

      28. ТжКБ ұйымдарында қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

      Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды ТжКБ білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен ТжКБ білім беру ұйымдары береді.

      29. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагогтерге тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен адамдар жатады.

      30. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ білім беру ұйымдарындағы педагогтер саны және педагогтер лауазымдарының тізбесі "Білім туралы" Заңның 4-бабының 11) тармақшасына сәйкес айқындалады.

      31. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары педагогінің лауазымдарын алмастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      32. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай оқу-тәрбие процесін басқару үшін мамандықтар (кәсіптер) топтары, оқыту нысаны және тілдері бойынша бөлімдер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.

      33. Құрылымдық бөлімшелерде (құзіреттілік орталықтарда) басшылық етуді ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын меңгеруші жүзеге асырады.

      Құрылымдық бөлімшелерде (құзіреттілік орталықтарда) ерекше қызметтері ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының Жарғымен айқындалады.

      34. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында бөлімшелер (күндізгі, сырттай, кешкі) кадрлар даярлау кезінде бір немесе бірнеше мамандықтар бойынша құрылады.

      35. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ ұйымдарындағы оқу процесі білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды, сондай-ақ өндірістік оқыту шеберінің, оқу – өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында және оқу полигондарында практика жетекшісінің басшылығымен, кәсіпорындар (ұйымдар) базасында тәлімгердің, өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен орындалатын өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы қамтиды.

      Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны оқу жұмыс бағдарламаларымен және оқу жұмыс жоспарларымен айқындалады.

      ТжКБ ұйымдарының кәсіптік практикасын ұйымдастыру және өткізу "кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу қағидаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13395 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      36. Дуальды оқыту "мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығымен

Дата публикации
24 апреля 2023