2023 жылдың I тоқсанында білім беру ұйымдарында жүргіз Білім сапасын сыртай бөлімінің басшысының мемлекеттік аттестаттау қорытындылары туралы есеп.

2023 жылдың I тоқсанында білім беру ұйымдарында жүргіз Білім  сапасын сыртай   бөлімінің басшысының мемлекеттік аттестаттау қорытындылары туралы есеп.

Маңғыстау  облысының білім саласында сапаны қаматамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң), «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығын (бұдан әрі-Бағалау өлшемшарттары) басшылыққа ала отырып, Департаментпен «10» қараша 2022 жылы бекітілген 2023 жылға арналған білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау тізбесі негізінде аттестаттау жүргізді.

2023 жылдың І-тоқсанында 32 білім беру (12 мектеп, 20 колледж) ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізді. Мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде  12 мектептің 2-і аттестатталды, 10-ы аттестатталмады, 20 колледждің 14-і аттестатталды, 6-уы аттестатталмады. Мемлекеттік аттестаттауға білім беру ұйымдарынан білікті, тәжірибелі педагогтерді сарапшылыққа тартылды. Әрбір мемлекеттік аттестаттау алдында Департамент басшысы мен Әдеп жөніндегі уәкілдің басшылығымен мемлекеттік қызметшілер мен сарапшыларға кеңес өткізілді. Онда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және барлық қызметті адал атқару түсіндірілді және бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жүргізуге жауапты тұлғалардың әдеп нормалары ережесімен танысқандығы туралы қолдары қойылды. Мемлекеттік аттестаттау кезінде Департамент қызметшілері мен сарапшылар тарапынан әдеп нормаларын бұзу, сыбайластық тәуекелдерге бару фактілері орын алған жоқ.

Дата публикации
24 апреля 2023