GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Департамент туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Все материалы
02 октября 2026
Азаматтарды жеке қабылдау
01 октября 2026
2026 жылғы 1 тоқсандағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

2026 жылдың 3 тоқсанында 55 өтініш түсті. Департаментпен 25 өтініш қаралды, оның ішінде 9 – әкімшілік рәсім тәртібімен (қолайлы Әкімшілік акт – 8 қабылданды, ауыртпалық актісі - 1 қабылданды). Жеңілдетілген әкімшілік рәсім тәртібінде 9 өтініш қаралды. Тоқтатылды-7. Құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға 39 өтініш жолданды.

Басшы азаматтарды жеке мәселелері бойынша 2 қабылдау өткізді.

Білім саласындағы мемлекеттік бақылау
01 октября 2026
2026 жылғы 3 тоқсандағы мемлекеттік бақылау қорытындылары

2026 жылғы үшінші тоқсанда Қостанай облысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында 17 мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Оның қорытындысы бойынша 9 ұйым мемлекеттік аттестаттаудан өтті деп танылса, 8 ұйым мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді деп танылды.

Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша үлгілік оқу бағдарламасының талаптарын сақтау, бастапқы және қорытынды мониторингтерді жүргізу, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне сәйкес топтарды қалыптастыру талаптарының бұзылғаны анықталды.

2026 жылғы үшінші тоқсанда Қостанай облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті орта білім беру саласында – 3 ұйымда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында – 1 ұйымда, қосымша білім беру саласында – 1 ұйымда, техникалық және кәсіптік білім беру саласында – 1 ұйымда жоспардан тыс тексерулер жүргізді.

Жоспардан тыс тексерулердің қорытындылары бойынша орта білім беру ұйымдарының 2-еуінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталып, оларды жою туралы нұсқамалар енгізілді. Сондай-ақ 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2026 жылғы үшінші тоқсанда Қостанай қаласы білім бөлімінің қызметіне жоспарлы тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталды.

2026 жылғы үшінші тоқсанда Департамент тексерулердің нәтижелері және басқа да мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар негізінде заңды және жеке тұлғаларға қатысты 11 әкімшілік іс қозғады.

2026 жылғы үшінші тоқсанда әкімшілік істерді қарау нәтижелері бойынша жалпы мөлшері 355 айлық есептік көрсеткішті (1 535 375 теңге) құрайтын әкімшілік айыппұлдар салынды.

 

Мемлекеттік қызметтер
01 октября 2026
2026 жылғы 3-тоқсанда мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат

-Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2026 жылғы 3-тоқсанда келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетті:

- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру;

- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу;

- Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынуды қамтымайтын, мектепке дейiнгi тәрбие беру мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.

2026 жылдың 3 тоқсанында «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру ...» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 15 мемлекеттік қызмет оң нәтижемен көрсетілді.

 Оның ішінде:

- лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар берілді – 12, оның ішінде 1 мектепке және 11 маусымдық балалар лагеріне;

- лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар қайта рәсімделді – 3 (3 мектеп).

2026 жылғы 3-тоқсанда мемлекеттік қызмет көрсетуден 1 бас тарту тіркелді.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметі бойынша 2026 жылғы 3-тоқсанда 122 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

жалпы орта білім туралы құжаттар – 59;

негізгі орта білім туралы құжаттар – 18;

табельдер – 18;

техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттар – 24;

өзге құжаттар – 3.

Аталған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту болған жоқ.

Құжаттар келесі елдерде пайдалану үшін апостильденді: Грекия – 2, Словакия – 1, Польша – 5, Австрия – 4, Германия – 4, Испания – 4, Италия – 28, Бельгия – 1, Нидерланд – 1, Сербия – 1, Оңтүстік Корея – 9, Ресей – 2, Түркия – 27, Чехия – 24, Қытай – 6, АҚШ – 2, ПЭП – 1.

2026 жылғы 3-тоқсанда мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және қызмет алушылардан түскен шағымдар тіркелген жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 2026 жылғы 3-тоқсанда 4 іс-шара өткізіліп, 453 адам қамтылды.

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қостанай облысында 446 мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде:

170 бөбекжай, оның 111-і мемлекеттік, 59-ы жекеменшік;

276 шағын орталық, оның 275-і мемлекеттік, 1-і жекеменшік;

267 мектепалды тобы.

Барлық ұйымдар қызметті бастау туралы белгіленген хабарлама тәртібін сақтаған.

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі
01 октября 2026
2026 жылдың 3 тоқсаны бойынша әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы

Есепті кезеңде Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға жеке консультативтік көмек көрсетті: барлығы 6 жеке консультация өткізілді, оның ішінде 2 – мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет және бейінді мәселелер бойынша, 4 – азаматтарға бейінді мәселелер бойынша берілді.

Әдеп жөніндегі уәкілге жүгінген азаматтарға олардың өтініштері бойынша (бейінді мәселелер, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған шаралар туралы) түсіндірмелер берілді.

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар белсенді қолданылады. Есепті кезеңде интернет-ресурстарда барлығы 7 жарияланым орналастырылды, оның ішінде 4 жарияланым – мемлекеттік органның ресми сайтында, 3 жарияланым – әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда.

Интернет-парақшаларға тұрақты мониторинг жүргізіледі: Департамент қызметкерлеріне қатысты БАҚ-та жағымсыз жарияланымдар анықталған жоқ.

Департаментте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларындағы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау мәселелері бойынша бейнеконференция форматында өткен кеңеске қатысты.

2026 жылғы 25 тамызда профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Департаменттің мемлекеттік қызметшілері аумақтық департаменттерге арналған бейінді министрлік ұйымдастырған кеңес жұмысына қатысты. Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша Департаментінің өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізудің қажеттілігі туралы баяндама жасады.

2026 жылғы 28 тамызда профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Департаментте басшының төрағалығымен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Кеңес барысында мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдеп нормаларын сақтауға, мінсіз беделін қалыптастыруға және сақтауға, қоғамда теріс резонанс тудыруы немесе мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттер мен мінез-құлықтардан аулақ болуға, Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтауға міндетті екендігіне назар аударылды.

2026 жылғы 28 тамызда Департаменттің барлық 8 (100%) мемлекеттік қызметшісі құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан ерікті түрде бас тартуды рәсімдеді (мобильді «eGov mobile» қосымшасы арқылы – құмар ойындар мен бәс тігуге онлайн форматта қатысуды ерікті түрде шектеу сервисі).

2026 жылғы 15 қыркүйекте басшының төрағалығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Департамент ұжымында мемлекеттік органдағы қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін айқындау мақсатында сауалнама жүргізілді.

Мемлекеттік қызметшілер елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты қабылдауға әсер ететін факторларды зерделеу мақсатында анонимді сауалнамаға қатысты.

Қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша тоқсан сайынғы мониторинг нәтижесінде құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.

         Мемлекеттік қызметшілер арасында ұжымда оң ахуал қалыптастыру мақсатында этикалық құндылықтарды нығайтуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.

Мемлекеттік қызметшілер «Кітап оқитын ұлт» атты алғашқы республикалық кітап оқу марафонына тіркелді.

Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурстарында Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің оң тәжірибесі туралы материалдар жарияланды.

         Сондай-ақ халықты мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша оң тәжірибені көрсету мақсатында бейнероликтер орналастырылды.

Департаменттің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.

Департаменттің мемлекеттік қызметшілері өз құзыреттері шегінде білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне білім беру қызметі мәселелері бойынша жеке консультативтік және әдістемелік көмек көрсетуде.

Департаменттің мемлекеттік қызметкерлері білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне білім беру қызметінің мәселелері бойынша жеке кеңес беру және әдістемелік көмекті жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне сәйкес мінез-құлық стандарттарын (әдеп нормаларын) ілгерілету жөніндегі қызмет мемлекеттік органдарға қоғамның сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепке жат мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Этика мен жоғары біліктілік қазіргі қазақстандық мемлекеттік қызметшінің кәсібилігінің негізі болуы тиіс.

Мемлекеттік қызметте әдептілік нормаларды насихаттау және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде бекітілген әдеп қағидаттарының түсіндіру жұмыстары жалғасады.

Педагог мәртебесі және педагогикалық әдепті сақтау
01 октября 2026
Департаменттің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің 2026 жылғы ІІІ-тоқсандағы жұмысының есебі

ІІІ-тоқсанда Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің 1 жоспарлы отырысы өтті. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысына өткізілген мониторинг қорытындылары қаралды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысындағы оңды тәжірибе аталды. Сонымен қатар, Кеңестердің құрамын жасақтаудағы, құжаттарды рәсімдеуге, Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысын жетілдіруге бағытталған ұсынымдар шығарылды.  

Мемлекеттік қызметтер
30 сентября 2026
Департамент қызметкерлері мен Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы өкілдерінің жұмыс кездесуі

Қостанай облысында өңірдің дарынды жас спортшылары үшін тартылыс және даму орталығына айналатын облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттың ашылуы жоспарлануда.

Жаңа білім беру ұйымының сәтті іске қосылуын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы 30 қыркүйекте Департамент қызметкерлері мен Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.

Кездесудің басты тақырыптары:

-Рұқсат құжаттарын алу: Жаңа білім беру ұйымының қызметін заңды түрде бастау үшін қажетті рәсімдерді егжей-тегжейлі талқылау.

-Біліктілік талаптары: Мектептердің білім беру қызметіне қойылатын міндетті стандарттар мен шарттар бойынша сараптамалық түсініктемелер.

-Тәжірибелік кеңестер: Басқарма өкілдерінің өзекті сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

Білім саласындағы мемлекеттік бақылау
28 сентября 2026
«Солнышко» Балабақша» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік аттестаттау қорытындысы туралы

2026 жылдың 24-25 қыркүйегі аралығында «Солнышко» Балабақша»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатысты Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкессіздіктердің жойылуына бағалау өткізілді.

Аттестаттау комиссиясының шешімімен «Солнышко» Балабақша»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес деп танылды.

«Солнышко» Балабақша»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша білім беру ұйымының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі туралы мемлекеттік аттестаттау қорытындысы берілді.

Қостанай облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бұйрығымен «Солнышко» Балабақша»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  мемлекеттік аттестаттаудан өтті деп танылды.

Педагог мәртебесі және педагогикалық әдепті сақтау
28 сентября 2026
Департамент жанындағы педагогикалық әдеп кеңесінің отырысы өтті

23 қыркүйекте Департаментте Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысына өткізілген мониторинг қорытындылары қаралды. Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.Мальгаева мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысындағы оңды тәжірибені атап өтті. Сонымен қатар, Кеңестердің құрамын жасақтаудағы, құжаттарды рәсімдеудегі кемшіліктер аталынды. Департамент кеңесі жұмысының қорытындысы бойынша Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысын жетілдіруге бағытталған ұсынымдар шығарылды.

Педагог мәртебесі және педагогикалық әдепті сақтау
28 сентября 2026
Педагогикалық әдеп нормалары туралы

         

Қостанай облысының білім саласында сапасын қамтамасыз ету департаменті педагогтардың назарын педагогикалық әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығына аударады.

            Педагогикалық әдеп - білім беру ұйымдары педагогтарының басшылыққа алатын педагогикалық әдептің жалпы қағидаттары мен нормаларының жиынтығы.

            «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, педагогикалық әдепті бұзу тәртіптік құқық бұзушылық болып табылады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғады.

            2025 жылдан 2026 жылдың наурызына дейін Департамент Білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестерінің жұмысына өткізген мониторинг көрсеткендей, Қостанай облысындағы 16 білім беру ұйымында педагогикалық әдепті бұзудың 20 фактісі қаралған, оның ішінде 6-сы педагогтардың академиялық адалдығына, 5-і оқушылардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрметсіздік көрсетуге, 4-і кәсіби ынтымақтастықты сақтамауға, 3-і мұғалімнің жоғары атағына нұқсан келтіруге, 2-і - қызметтік міндеттерін немқұрайлы орындағаны және еңбек тәртібін сақтамағанына байланысты.

            «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданылу кезеңінде Департамент педагогтардың құқықтарын қорғаудың бірнеше ісін қарады, соның ішінде педагогтарды кәсіби міндеттеріне қатысы жоқ жұмысқа тарту; педагогтардан заңнамамен бекітілмеген есептер талап ету; мұғалімдерге тауарлар мен қызметтерді сатып алу міндетін жүктеу. Бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің нормалары қолданылды.

            «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес, педагог құқықтарын бұзу ескертумен жазаланады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап бұзу лауазымды тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш, шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдарға 60, орта бизнеске 80 және ірі бизнеске 120 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.

          Педагогтардың кәсіби әдебі олардың кәсіби қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады және ең алдымен, ол жалпы адамзаттық құндылықтардың басымдығын мойындайды. Педагогикалық әдепті сақтау - мұғалімнің кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейінің көрсеткіші болып табылады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы