Лисаков қаласының №4 жалпы білім беретін мектебінің әкімшілігімен кездесу өтті

Лисаков қаласының №4 жалпы білім беретін мектебінің әкімшілігімен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 6-наурызында көшпелі іс-шаралар шеңберінде Қостанай облысы әкімдігі білім баскармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің №4 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Департамент маманы мектеп әкімшілігімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында  білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау сұрақтары талқыланды, өзін-өзі бағалауды, талап етілетін құжаттарды рәсімдеу бойынша ұсынымдар берілді,  мектеп әкімшілігінің сұрақтарына жауаптар берілді.