
ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қостанай облысы департаменті 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында жеке мен заңды тұлғалардың жолданымдарын тіркеу және қарау кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларына сәйкестігі туралы оқу семинарларын Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің филиалында, Қостанай облысының Экология департаментінде, Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде өткізді.
Оқыту барысында құқықтық нормалар түсіндіріліп, әкімшілік органдардың жолданымдарды қарау кезінде жасаған жүйелі бұзушылықтары талқыланды.
Нәтижесінде аталған органдардың басшыларына қажетті шараларды қабылдау және орындаушылық тәртiбiне, жолданымдармен жұмысты ұйымдастыруға бақылауды күшейту ұсынылды.