Қостанай қаласының №1 мектеп-лицейі педагогтерімен кездесу өтті

Қостанай қаласының №1 мектеп-лицейі педагогтерімен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 19 ақпанында көшпелі іс-шаралар шеңберінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 1 мектеп-лицейі» КММ-де Департамент маманы мектеп әкімшілігімен кездесу өткізді.

         Кездесу барысында білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау мәселелері талқыланды. Педагогтарға білім беру қызметіне өзін-өзі бағалау жүргізу бойынша ұсынымдар беріліп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.