Қостанай ауданы білім бөлімінің Тобыл қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебінің педагогтерімен кездесу

Қостанай ауданы білім бөлімінің Тобыл қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебінің педагогтерімен кездесу

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында көшпелі іс-шаралар шеңберінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің Тобыл қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Департамент маманы мектеп әкімшілігімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау мәселелері талқыланды. Педагогтарға білім беру қызметіне өзін-өзі бағалау жүргізу бойынша ұсынымдар беріліп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.