Ағымдағы жылдың 12-ақпанында көшпелі іс-шаралар шеңберінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Департамент маманы мектеп әкімшілігімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау мәселелері талқыланды. Педагогтарға білім беру қызметіне өзін-өзі бағалау жүргізу бойынша ұсынымдар беріліп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.