Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарларымен кеңес өткізілді

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарларымен кеңес өткізілді

2025 жылдың 13 ақпанында Қостанай облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімімен Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 57-бабы 2-тармағына енгізілген өзгерістер бойынша «..техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау – білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша жүргізіледі..» лицензияны және (немесе)лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелері бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен кеңес өткізілді. Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны біліктіліктен мамандыққа қайта ресімдеудің негізгі мәселелері бойынша түсініктемелер мен ұсынымдар берілді.

Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны біліктіліктен мамандыққа қайта ресімдеуге өтініштерді қабылдау кестеге сәйкес 2025 жылғы 17 ақпаннан 28 ақпанға дейінгі кезеңде жүзеге асырылатын болады