Ағымдағы жылдың 6 ақпанында көшпелі іс-шаралар шеңберінде Қостанай облысы әкімдігі білім баскармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің Майкөл жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Департамент маманы педагогтармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Департамент қызметкері білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын сақтау, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын іске асыру, педагогтардың біліктілігін арттыру және т.б. мәселелер бойынша түсініктемелер берді. Сонымен қатар, педагогтер мектепке дейінгі, орта білім беру саласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі белгілеген міндеттермен таныстырылды.