Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің өкілімен кездесу

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің өкілімен кездесу

Департаментте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің өкілімен кездесу өткізілді. Кездесуге қатысушы, Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Айтмағамбет Азамат Талғатұлы қызметкерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша түсініктеме берді, атап айтқанда, мемлекеттік қызметті дамытудың басымдықтары, сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет моделі туралы айтып берді. Сондай - ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары түсіндірілді. Кездесуде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.