Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік қызметшілердің, білім беру саласы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы мәселелері бойынша бейнеконференция режимінде ұйымдастырған семинар жұмысына қатысты.
Семинар Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі офицері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі Жазира Жақсылыққызы Жылқышиеваның қатысуымен өтті.
Кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндірме алды.
Семинарда мемлекеттік қызметшілер арасында алдын алу жұмыстарын жүргізу, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу үшін мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау (ішкі және сыртқы) жүргізу қажеттігіне назар аударылды.