Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер енгізу сұрақтары түсіндірілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер енгізу сұрақтары түсіндірілді

Департамент басшысы жанындағы кеңесте мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар мен бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер енгізу, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуына тыйым салу мәселелері түсіндірілді. Заңнамада мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуына тыйым салу белгіленген.

Мемлекеттік қызметшілер 4 бағыт бойынша 28 іс-шараны қамтитын Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен қалайылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 - 2026 жылдарға арналған кешенді жоспармен танысты:

1)лудоманияның алдын алуды ұйымдастыру; 2)халықтың әртүрлі топтары арасында құмар ойындарға тәуелділікті анықтау;  3)лудомандарды емдеу және медициналық-әлеуметтік оңалту; 4)ойын бизнесін мемлекеттік реттеу.