
ҚР Оқу-ағарту Министрлігі өткен жылдан бастап Барлығына қолжетімді сапалы білім беру ұлттық баяндамасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізіп келеді Қостанай облысы бойынша 2024-2025 оқу жылына 15 мақсатты мектеп анықталды. Жобаның басты мақсаты-мақсатты мектептерді жоғары деңгейге көтеру. Бағдарлама аясында әдіскер-тәлімгерлер таңдалған мектептерге жетекшілік етеді және сүйемелдейді. Олардың міндеті-әдістемелік көмек көрсету және білім беру сапасын арттыру. Жобаның мақсаттары мен міндеттерін шешу ағымдағы жылдың 25-27 қыркүйегі аралығында Қостанай қаласында өткен «Мектептегі білім беру сапасының менеджменті: стратегиядан практикаға семинарының тақырыбына айналды. Семинарға мектеп басшылары мен олардың орынбасарлары, әдіскер-кураторлар, қалалық және аудандық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері қатысты. Семинар бағдарламасы мектептің даму стратегиясын әзірлеу, білім беру процесін ұйымдастыру, білім беру сапасын басқару бойынша теория мен практиканы зерделеуді қамтыды.
Семинар жұмысына департамент қызметкерлері - білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы А.Қайралапов, лицензиялау бөлімінің басшысы Е.Галухина, білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы А.Игисинова да қатысты. Департамент қызметкерлері өз сөздерінде «Білім беру ұйымының жұмыс істеуі шеңберінде білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын сақтау» (Е.Галухина), МЖМБС іске асыру арқылы білім сапасын басқару» (А. Игисинова), Әкімшілік практиканы іске асыру (А. Қайралапов) мәселелерге баса назар аударды.
Департамент қызметкерлері семинарларға кеңестерге білім басқармасының алқасының жұмысына тұрақты қатысады, өйткені білім беру қызметтерінің сапасын және білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру білім беру жүйесінің ортақ міндеті болып табылады